Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Цифрлық активтермен төлем жасайды

Цифрлық активтермен төлем жасайды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Банк картасымен төлеу жүйесі енді ескі жүйеге айналады. Себебі оның орнын цифрлық активтер мен криптовалюта баспақ. «Bybit Kazakhstan», Ұлттық банк және Ұлттық төлем корпорациясы бірлесіп іске қосқан қанатқақты жоба цифрлық активтермен төлем жасауға жол ашып отыр. Мамандардың айтуынша, жоба тәжірибеден сәтті өтсе, алдағы жылдары банк карталары біртіндеп қолданыстан шығып, цифрлық әмияндар мен криптовалюталар негізгі төлем құралы болады.

Кейінгі жылдары әлемдік қар­жы нарығында цифрлық активтер мен криптовалютаның үлесі айтарлықтай артты. Бірнеше жыл бұрын баламалы инвестиция құ­ралы саналатын криптовалюта бүгінде жаһандық экономиканың маңызды бөлігіне айналып отыр. Жыл басындағы мәлімет бойын­ша криптовалюталардың жалпы нарықтық капитализациясы шамамен 3,28 триллион АҚШ долларына жеткен. Бұл көрсеткіш 2023 жылы 2,5 триллион доллар шамасында болғанын ескерсек, нарықта­ғы өсу қарқынының қаншалық­ты жоғары екенін аңғаруға бола­ды. Ал Қазақстан нарығына кел­сек, елдегі криптовалютаға иелік ету деңгейі әзірге орташа шамамен 5–8 пайыз аралығында. KPMG зерттеуінде 2024 жылдың соңына қарай 1,5 миллионға жуық отандық цифрлық активтер айналымына қатысуы мүмкін деген дерек кел­тірілген. Бұл нарықтың енді ғана қалыптасып келе жатқанын көр­сетеді. Дегенмен Ұлттық банк криптовалюта мен цифрлық активтер нарығын дамытуға ден қойып отыр.

Жаңа жоба «Digital Bridge 2025» форумында Ұлттық банк пен Ұлттық төлем корпорациясының стендінде таныстырылды. «Bybit Kazakhstan» компаниясы Ұлттық банк пен Ұлттық төлем корпора­циясымен бірлесе отырып, цифр­лық активтер арқылы төлем жасау­ға мүмкіндік беретін қанатқақты ­жобаны іске қосты. Жүйенің ­жұ­­мыс істеу қағидасы өте қарапа­­йым. Сатып алушы кассадағы стандартты QR-кодты сканер­лей­ді де, «Bybit Kazakhstan» қосым­ша­сы арқылы төлемді растай­ды. Осы сәтте криптовалюта сомасы автоматты түрде теңгеге айналып, мысалы, «Банк ЦентрКредит» арқылы сатушы шотына түседі. Аталған банк – алғашқылардың бірі болып криптовалюталық платформалармен заң талаптарын сақтай отырып интеграция жасаған қаржы институты. Тұтынушы «Bybit Kazakhstan» криптоәмия­­нын кез келген банк арқылы толты­ра алады. Мәселен, bcc.kz мобильді қосымшасында арнайы бөлім бар, онда ақша ауда­ру үшін деректерді енгізудің не сыртқы қызметтерге жүгінудің қажеті жоқ. Яғни криптовалютаны ақшаға айналдырудың қажеті жоқ. Барлық үдеріс ашық әрі толық бақылауда болады.

Сынақ кезеңінде пайдалану­шы­ларға арнайы есеп беру жүйесі, шектеулер мен пайдаланушы­ларға арналған түсіндірме нұсқаулық­тар ұсынылады. Дегенмен әзірге бұл шешім жалпы қолданысқа енгізілмеген. Себебі цифрлық активтерді күнделікті өмірде пайдалану бойынша заң жүйесі толық қалыптаспаған. Сарапшылар­дың айтуынша, бұл мәселе жыл соңына қарай шешімін табуы мүмкін.

Криптоәмиянсыз жүретін тұты­нушылар үшін де жақсы жаңа­лық бар. Енді сатып алу кезінде кез келген банктің мобильді қосым­шасын пайдалана беруге болады. Бұрынғыдай бір шоттан екіншісіне ақша аударып әуре болудың еш қажеті жоқ. Жақында Ұлттық төлем корпорациясы банк аралық QR-төлемдер қызметін ресми түрде іске қосты. Бұл бастамаға қазірдің өзінде «Банк ЦентрКредит», «Freedom Bank», «Home Credit Bank» қосылып үлгерген. «Мысалы, тұтынушы­ның телефонында «Freedom Bank» қосымшасы бар делік, бірақ ол BCC терминалы арқылы да төлем жасай алады. Бұл – әрі пайдаланушыға, әрі банкке, әрі бизнеске тиімді шешім», деп түсіндірді «Банк ЦентрКредит» өкілі.

Жоғарыда айтқанымыздай, цифр­­­­­лық активтермен немесе крип­­­то­валютамен  төлем жаса­ғы­ңыз келсе, келесі 3 қадамды жасау жеткілікті:

Кассада немесе сайтта QR арқылы төлеуді таңдау; Өз банк қосымшасы арқылы кодты сканерлеу; Төлемді растау.

Осыдан кейін жүйе банктер арасындағы деректерді автоматты түрде сәйкестендіріп, сатушыға төлемді аударады. Түбіртек те сол сәтте шығады. Барлық іс-әрекет экранда көрініп тұрады. Сынақ мерзімінде пайдаланушылардың айтуынша, бұл – өте ыңғайлы жүйе.

Кәсіпкерлер үшін де елеулі өзгеріс жоқ. Касса мен терминалдар бұрынғы тәртіппен жұмыс істейді. Барлық жаңарту банктердің техникалық жүйесінде орындалады. Ал деректердің қауіпсіздігін және төлемдерді маршруттау жүйесін Ұлттық төлем корпорациясы қамтамасыз етеді. «Қазір кәсіпкерлердің таңдауы шектеулі. Ал жаңа жүйе банктер арасында бәсеке туғызады. Бұл дегеніміз – бизнес өкілдері үшін шектеу азаяды деген сөз», дейді корпорация өкілі.

Қанатқақты жоба бүгінде «Банк ЦентрКредит», «Freedom Bank», «Home Credit Bank» терминалдары бар сау­да нүктелерінде сәтті жұмыс істеп тұр. Жыл соңына дейін тағы төрт қаржы ұйымы қосылмақ. Техни­ка­лық тұрғыда жүйе толық дайын. Ендігі кезекте оның жаппай енгі­зілуі банктердің бейімделу жыл­дамдығына байланысты болады.

Осылайша, еліміздің қаржы на­ры­ғы қазір цифрлық дәуірдің жаңа кезеңіне аяқ басып келеді. Крип­товалюта мен ұлттық төлем инфра­құрылымының бірігуі – ел экономи­касын болашақ цифрлық эко­жүйеге бейімдеудің маңызды қадамы.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:193
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2025 08:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары