Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Биыл Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді

Ирак әлем чемпионатымен қоштасты, Сенегал рекорд жаңартты

Бельгия Жаңа Зеландияны тас талқан етіп, топ жеңімпазы атанды

Миссиясы жауапты мамандық

журналисі BAQ Open турнирінің жеңімпазы атанды

Қостанайда жөндеу кезінде атылған оқ көрші пәтердің есігіне тиген

Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына қатысты ескерту жасады

Ресей наразылық білдірді: Молдова әуежайында дипломатиялық курьерлер ұсталды

Солтүстік Қазақстанда алғашқы цифрлық музей ашылды

Жібек Құламбаева Польшадағы ITF турнирінің чемпионы атануға бір қадам жетпей қалды

Биыл Президент атынан медиа саласы өкілдеріне барлығы 66 пәтер берілді

Көкмайса этнофестивалі: Ұлытау облысында бір мезетте 500 бие сауылды

Ақтауда ер адам 30 келіден астам есірткіні жеткізу үшін жүк тасымалдау қызметін жалдаған

Израиль Ливан: Келісімге қол қойылды

100 ге жуық бірегей жәдігер: Шанхайда Алматы музейлерінің көрмесі ашылды

Жасанды интеллект Екібастұз ГРЭС 1 жұмысын тәулік бойы бақылауда

Бірлескен іс қимыл берекеге жеткізеді

Ақмола облысында екі пәтерлі жеке тұрғын үйден өрт шықты

Ермұхамет Ертісбаев қызметінен кетті

ТЖМ азаматтарға судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырады

Цифрлық емхананың онлайн кеңесі

Цифрлық емхананың онлайн кеңесі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

«Digital Business» пен «Astana Hub» бірлескен «Орталық Азияның 100 стартап тарихы» жобасы үздік бастамаларды таныстырып келеді. Солардың ішінде Нұрәли Исмағұлов негізін қалаған «Metaclinic.kz» жүйесі айрықша көзге түсті. Бұл цифрлық емхана арқылы дәрігерден онлайн кеңес алуға болады. Пайдаланушы сайтқа кіріп, мазалаған мәселесіне қарай дәрігерді таңдайды. Содан соң уақытын белгілеп, төлем жасайды. Кейін мамандар қоңырау шалып, кеңес береді. Бұл жай ғана «чат­тағы кеңес» емес, заңды әрі жүйелі медициналық қызмет ретінде ұсынылады. Айтпақшы, қызмет бағасы – бар болғаны мың теңге. Сапалы әрі қолжетімді жоба қазірдің өзінде көпшілік көңі­лінен шығып отыр.

Коллажды жасаған – Амангелді Қияс, «EQ»

Қалай басталды?

Нұрәли Исмағұлов «Metaclinic.kz» идеясы өз қажет­­тілігінен туын­да­ғанын айтады. Ол созылмалы аурудың салдарынан ауруханаға жиі баратын болыпты.

Бірде ол дәрігерден: «Кейін түсін­бе­генімді «WhatsApp» арқы­лы нақтылауға бола ма?» деп сұ­райды. Дәрігер келіседі. Бірақ «Мұндайға аурухана әкімшілігі рұқсат етпейді», деп жауап береді. Яғни кеңес берудің өзі бар, бірақ ол көбіне бейресми, заңды мәртебесі анық емес кеңістікке кіріп кетеді.

Осы әңгімеден кейін Нұрәли «Егер адамдарға онлайн кеңес керек болса, оны неге заңды әрі жүйелі қыз­­­­мет­ке айнал­дыр­маймыз?» деп ойланады. Себебі мәсе­ле тек дәрігер кеңе­сінің қолжетімді болуын­­да ғана емес. Бұл – пациент қауіп­сіз­дігі, дәрі­гер­дің заң алдында қор­ғал­уы және қызмет сапасының бір стандартқа түсуі деген сөз.

Жобаны ол бизнес-серікте­сі­мен бірге бастаған. Екеуі де коммерциялық медицина саласынан. Нұрәли цифрлық өнім жасауға, маркетингке және бизнес құруға жауап береді. Ал әріп­те­сі медициналық басқару мен кли­никалық үдерістерді жолға қоя­ды. Себебі олардың өз офлайн клиникасы да бар. Яғни бұл стартап сырттан қарап жасалған идея емес, медицинаның ішкі жұ­мысын түсінетін адамдардың прак­тикалық қажеттілігінен туған жоба. Содан кейін стартап «Astana Hub» қатысушысы ре­тін­­де тіркеліп, жүйелі дамуға кіріс­кен. 

Қазір қай кезеңде?

Қазір «Metaclinic.kz» – дәрі­гер­дің онлайн-қабылдауын заңды фор­матқа түсірген цифрлық емхана ретінде жұмыс істеп тұр. Сервис арқылы пайдаланушы маманды таңдап, ыңғайлы уақытқа жазы­лады, төлем жасайды, кейін дәрігер қоңырау шалып кеңес береді. Қажет болса, ресми ме­­­ди­­циналық қорытынды да жібе­рі­­леді.

Жобаның негізгі бағыты екі арнаға сүйенеді. Біріншісі – бір реттік консультация, екіншісі – жазылым жүйесі. Қолданушылар үшін ең қолжетімді қызмет ре­тін­де кезекші терапевт немесе педиатрдың 15 минуттық кеңесі 1000 теңгеге ұсынылады. Мұндай консультацияға жазылғаннан кейін дәрігерлер әдетте 10 минут­тың ішінде байланысқа шығады. Ал басқа мамандардың онлайн-қабыл­дауы дәрігердің бағыты мен тәжірибесіне қарай орта есеппен 5–10 мың теңге аралығында.

«Біздің дәрі­гер­лердің шама­мен төрттен бірі – декреттегі әйелдер. Олар кли­никаға күн­де барып жұ­мыс істей ал­майды. Бірақ біліктілігін де, табысын да жоғалтқысы келмейді. Сондықтан қашықтан кеңес беру форматы олар үшін өте ыңғайлы. Кейбір мамандар аптасына небәрі бір-ақ сағат уақыт бөледі. Мысалы, екі рет 30 минуттық қа­былдау қо­йып, онлайн кеңес беріп отырады. Жұмыс ба­ры­сында біз­­ді ерекше қуант­қан жағ­­­дай­лар да бол­ды. Соның бірі – алыс ауыл­­­да тұ­ра­тын егде жас­тағы дә­­рі­гер. Плат­фор­маға қосылғаннан кейін ол бір айдың ішінде табысын екі есе арттырды. Бұл жай ғана статис­тика емес. Ол кісі арнайы хабарласып, алғысын айтты. Мұндай мысалдар бізді шабыттандырады. Өйткені сервис жас маманға ғана емес, жасы үлкен дәрігерге де түсінікті, қолдануға жеңіл екенін көрсетеді», дейді Нұрәли Исмағұлов.

«Metaclinic.kz» жұмысында ең басты талап – заңдылық пен сапа бақылауы. Платформаға кез келген дәрігер қосыла салмайды. Алдымен қатаң тексеріс жүргізіледі. Олардың дипломы қаралады, сертификатының жарамдылығы ресми дереккөздер арқылы анықталады, құжаттар рәсімделеді. Бұдан кейін дәрігер оқыту кезеңінен өтеді. Тек стан­дарт­тарға сай болған маман ғана пациент қабылдауға кіріседі. Команда «лицензиясы жоқ мекемемен» және «сертификаты ескірген дәрігермен» жұмыс істемейтінін ашық айтады.

Бүгінде жүйеде шамамен 370 дәрігер тіркелген. Оның 100–150-і күн сайын белсенді қабылдау жүргізеді. Осы уақытқа дейін плат­фор­маны 3 мыңнан астам пациент пайдаланған. 

Ендігі меже қандай?

«Metaclinic.kz» командасы ендігі кезеңде өнімді кеңейтуді және сервисті үлкен жүйелермен біріктіруді басты мақсат етіп отыр. Соның бірі – дәрігерге және пациентке арналған екі бөлек мобильді қосымша жасау. Тәжірибе көрсеткендей, дәрігерлерге веб-нұсқа әрдайым ыңғайлы бола бермейді. Көп маманға қабылдауды телефоннан жүргізу жеңіл. Сондықтан команда уақытша бейімделген нұсқамен шектелмей, толыққанды жеке қосымша әзірлеуді жоспарлаған.

«Біздің байқа­ғанымыз – адамдарды онлайн ме­ди­цинаға әкеле­тін бас­ты себеп қашық­тық емес, уа­қыт тап­шы­­лығы. Алға­шын­да не­гізгі фактор ауыл мен қала арасы, жолдың алыстығы бо­лады деп ой­­­­ла­дық. Бірақ деректер керісінше шықты. Клиенттеріміздің басым бөлігі – қала тұрғындары. Емханасы бар, дәрігері бар. Бірақ кептелістің, қар­балас жұмыстың салдарынан қала тұрғындарында уақыт тығыз. Адам ауырған кезде оған дәл сол сәтте жылдам кеңес керек. Онлайн-қабылдау осы сұраныстың қажет­тілігін өтейді», дейді жоба жетекшісі.

Екінші үлкен бағыт – серіктестік арқылы өсу. Команда сервисті тек жеке сайт ретінде емес, ірі экожүйелердің ішіне кіретін өнім ретінде қарастырады. Бұдан бөлек, фитнес индустриясындағы ірі компаниямен келіссөз басталған. Мұндай әріптестік «Metaclinic»-тің аудиториясын кеңейтіп қана қоймай, медициналық кеңесті басқа қызметтермен біріктіретін жаңа өнімдерге жол ашуы мүмкін.

Үшінші мақсат – жаңа нарықты байқап көру. Команда жақын уақытта Өзбекстан нарығында қанатқақты жоба жасауды жос­парлап отыр. Бұл бастама сырт­тан ұсыныс ретінде келген. Деген­мен негізгі назар әзірге ел ішінде қала береді. Команда алдымен ішкі нарықта өсіп, қызметтің сапасын күшейтіп алуды маңызды санайды.

Төртінші, ең күрделі мақсат – жасанды интеллектіні сапаны бақылауға пайдалану. Команда ЖИ-ды «дәрігердің орнына» емес, дәрігер шешімдерін клиникалық хаттамалармен салыстыратын көмекші ретінде қарастырады.

«Қай бағытта өссек те, біз үшін ең маңыздысы – «Metaclinic» арқылы пациент алатын меди­циналық көмектің сапасы. Сон­дықтан қазір дәрігер­­дің қабыл­дауын жасанды интеллект кө­ме­гімен қосымша бақылап көру­ге кірістік. Жүйе дәрігер қабылдаған шешімдерді ұлттық клиникалық хаттамалармен және халықаралық ұсынымдармен салыстырады. Яғни ЖИ «дәрігердің орнына» шешім шығармайды. Ол тек қабылдаудың талапқа сай екеніне назар аударып, сапаны тұрақты деңгейде ұстауға көмектесетін көмекші құрал болады», дейді Нұрәли Исмағұлов. 

Соңғы жаңалықтар

Көктайғақ, тұман, жел: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райы • Бүгін, 09:47

Қаңтардағы ҰБТ: Тестілеу ережесін бұзған 120 адамның нәтижесі жойылды

Білім • Бүгін, 09:39

Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:20

Қысқы Олимпиада: Бүгін Михаил Шайдоров еркін бағдарламада өнер көрсетеді

Қысқы спорт • Бүгін, 09:06

Рухани дипломатияның маңызы арта түсті

Саясат • Бүгін, 09:00

Қызылша науқасына қатысты мәселе талқыланды

Саясат • Бүгін, 08:58

Халық пен салықтың есебін түгендеген жоба

Қоғам • Бүгін, 08:55

Жалпыұлттық коалиция құрылды

Саясат • Бүгін, 08:53

Жетісудың бал қымызы

Өндіріс • Бүгін, 08:50

Сенат халықаралық келісімдерді мақұлдады

Саясат • Бүгін, 08:48

Дрон жасаған инженерлер

Технология • Бүгін, 08:45

Орталық референдум комиссиясының ҮНДЕУІ

Референдум • Бүгін, 08:43

Экологиялық түйткілдің түйіні қашан тарқайды?

Экология • Бүгін, 08:40

Референдум өткізу жоспары бекітілді

Референдум • Бүгін, 08:38

Цифрлық емхананың онлайн кеңесі

Digital • Бүгін, 08:35

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:84
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Ақпан 2026 10:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Биыл Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді

27 Маусым 2026 15:54see118

Ирак әлем чемпионатымен қоштасты, Сенегал рекорд жаңартты

27 Маусым 2026 02:49see117

Бельгия Жаңа Зеландияны тас талқан етіп, топ жеңімпазы атанды

27 Маусым 2026 10:45see112

Миссиясы жауапты мамандық

27 Маусым 2026 09:05see109

журналисі BAQ Open турнирінің жеңімпазы атанды

28 Маусым 2026 13:14see108

Қостанайда жөндеу кезінде атылған оқ көрші пәтердің есігіне тиген

28 Маусым 2026 11:04see108

Қорғаныс министрлігі әскери техниканың қозғалысына қатысты ескерту жасады

28 Маусым 2026 18:15see103

Ресей наразылық білдірді: Молдова әуежайында дипломатиялық курьерлер ұсталды

27 Маусым 2026 13:14see102

Солтүстік Қазақстанда алғашқы цифрлық музей ашылды

28 Маусым 2026 13:08see102

Жібек Құламбаева Польшадағы ITF турнирінің чемпионы атануға бір қадам жетпей қалды

28 Маусым 2026 11:41see100

Биыл Президент атынан медиа саласы өкілдеріне барлығы 66 пәтер берілді

28 Маусым 2026 11:47see100

Көкмайса этнофестивалі: Ұлытау облысында бір мезетте 500 бие сауылды

28 Маусым 2026 06:32see99

Ақтауда ер адам 30 келіден астам есірткіні жеткізу үшін жүк тасымалдау қызметін жалдаған

27 Маусым 2026 17:11see98

Израиль Ливан: Келісімге қол қойылды

27 Маусым 2026 19:32see98

100 ге жуық бірегей жәдігер: Шанхайда Алматы музейлерінің көрмесі ашылды

27 Маусым 2026 19:18see98

Жасанды интеллект Екібастұз ГРЭС 1 жұмысын тәулік бойы бақылауда

27 Маусым 2026 10:22see97

Бірлескен іс қимыл берекеге жеткізеді

27 Маусым 2026 09:08see97

Ақмола облысында екі пәтерлі жеке тұрғын үйден өрт шықты

28 Маусым 2026 17:33see96

Ермұхамет Ертісбаев қызметінен кетті

27 Маусым 2026 17:22see95

ТЖМ азаматтарға судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырады

27 Маусым 2026 11:38see90
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары