Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Цифрлық мәдени мұра

Цифрлық мәдени мұра

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында халықтың тарихи жады мен ғылым-білімін жүйелейтін «Ұлттық цифрлық мұра» қорын құру бас­тамасын қолдайтынын айтқан еді. Бұл жоба ұлттық құндылықтарды сақтап, оны терең зерделеуге мүмкіндік береді. Жаңа қор e-archive, e-kitaphana, e-culture, e-museum секілді қолданыстағы жүйелермен, сондай-ақ мемлекеттік, ғылыми және білім беру ұйымдарының дерекқорларымен біріктіріледі. Айта кетейік, бүгінде Ұлттық архив қорының 2 миллион 600 мыңнан аса құжаты цифрландырылған. Ал «Qazaq Culture» платформасы сегіз тілде жұмыс істеп тұр.

Коллажды жасаған – Зәуреш Смағұл, «ЕQ»

Иә, бүгінде қай сала болсын түгел дерлік цифрлық форматқа көшіріліп, ауқымды жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылып жатыр. Осы ретте мәдени-тарихи құн­дылықтардың, архивтік құжаттардың сақталып, заманға сай қолжетімді бола түсуі де маңызды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметіне сүйенсек, «Ұлттық цифрлық мұраға» қойылатын негізгі талаптар айқындалған. Яғни кириллица мен қазақ тілін OCR және сөйлеуді тану технологиялары арқылы қолдау, әлемдік жүйелермен үйлесімділікті қамтамасыз ету мақсатында халықаралық стандарттарды (Dublin Core, ISO 15489) пайдалану, отандық деректерді өңдеу орталықтары (ЦОД) мен бұлтты сервистер негізінде гибридті сақтау архитектурасын енгізу, мемлекеттік және халықаралық ақпараттық жүйелермен интеграциялау үшін JSON және XML форматтарын міндетті түрде қолдау жоспарланып отыр.

«Ұлттық цифрлық мұра» бастамасы аясында қалыптастырылатын деректер кең ауқымды пайдаланушыларға – азаматтарға, зерттеушілерге, сондай-ақ жасанды интеллект жүйелері мен ана­литикалық шешімдерді әзірлеушілерге қолжетімді болады. Платформа мәдени, тарихи және ғылыми мұраны зерделеу, сақтау және қайта пайдалану мақсатында ашық цифрлық орта ретінде құрылады. Мәдени мұра объектілерінің цифрлық көшірмелерінің айналымына қатысты нақты құқықтық режімді қалыптастыру негізгі шарт екенін айта кетейік. Бұл архивтер, музейлер мен кітапханалардың цифрлық деректерін беру, пайдалану және қайта қолдану тәртібін айқындауды қамтиды», дейді Мәдениет және ақпарат министрлігі Цифрлық трансформация және жобалық менеджмент департаменті директорының орынбасары Нұркен Сыздығалин.

Яғни зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, материалдарды рұқсатсыз пайда­лануға жол бермеу, сондай-ақ оларды цифрлық және жасанды интеллект жүйе­лерінде қолдану кезінде еліміздің деректер дербестігін қамтамасыз ету мәселе­леріне ерекше назар аударылмақ.

«Мәдениет саласын цифрлық трансформациялау шеңберінде кезең-кезеңімен іске асырылатын тәсілді жүзеге асырып жатырмыз. Бірінші кезекте мемлекеттің тарихи және басқарушылық жадын қалып­тастыратын негізгі дереккөз ретінде архивтік деректерді цифрландыру жүргізіледі. Осы мақсатта мемлекеттік және ведомстволық архивтердің қызметін автоматтандыруды қамтамасыз ететін е-Архив ақпараттық жүйесі енгізілді. Келесі кезеңде музейлік, кітапханалық және тарихи-мәдени құндылықтарды қамтитын мәдени және тарихи мұраны цифрландыру жұмыстары жалғасады», дейді Нұркен Сыздығалин.

Министрлік өкілінің айтуынша, цифр­лық архивтерді құруда халық­аралық тәжірибе де (Оңтүстік Корея, Фран­ция) зерттелген. Табысты архивтер мультиформаттылыққа (мәтіндер, бейнелер, аудио, видео, 3D-модельдер), мета­деректердің халықаралық стандарттарына, көптілді мазмұнға және деректерді қатаң верификациялауға негізделетіні анықталды.

«Қазір Ұлттық архив қоры құжаттары-ның 2,6 миллион сақтау бір­лігі цифрландырылды, бұл архивтік құжаттардың жалпы көлемінің 10,7 пайызын құрайды. Орталық мемлекеттік органдар мен өңірлер тарапынан е-Архив ақпараттық жүйесіне 5,5 миллион элек­трон­дық құжат көшірілді», деді министрлік өкілі.

Сондай-ақ ол ұлттық электрондық кітапхана жүйесінде 80 мыңнан астам кітаптардың, диссертациялардың, газет­тердің және өзге де материалдардың электрондық көшірмелері жинақталғанын атап өтті. Былтыр аталған порталдың пайдаланушылар саны 800 мыңнан асқан.

Байқасақ, қазір бірқатар мұражай­ларды онлайн «аралай» алатын мүмкіндік туды. e-Museum веб-порталы да музейлерде сақталған мәдени мұрамен виртуалды түрде танысуға ыңғайлы бірыңғай цифрлық кеңістікке айналып отыр. Қазіргі уақытта портал үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жұмыс істейді, онда 285 музей туралы ақпарат ұсынылып, 65 мыңнан астам экспонат цифрландырылған. Сондай-ақ Алма­ты қаласындағы Орталық мемлекеттік музейінің виртуалды 3D-туры қолжетімді екенін көріп отырмыз.

Соңғы жаңалықтар

Әңгіме арқауы – руханият мәселесі

Қоғам • Бүгін, 08:05

Жақсының жары

Тұлға • Бүгін, 08:00

Шеңгелді ауылында мал сою пункті іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 00:40

Елена Рыбакина Дубайдағы турнирді сәтті бастады

Теннис • Кеше

Ұлттық банк 2 жаңа коллекциялық монетаны сатылымға шығарады

Банк • Кеше

Астанадағы жылы аялдамалар «Сергек» жүйесіне қосылды

Елорда • Кеше

Ертең елімізде ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Кеше

«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы референдумға тәуелсіз байқаушылар ретінде қатысады

Референдум • Кеше

Қызылорда облысында жаңа Конституция жобасын қолдау бойынша үгіт-насихат жұмыстары өтті

Ата заң • Кеше

Шаңғы қоссайысы: Шыңғыс Ракпаров 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады

Олимпиада • Кеше

Аида Балаева мәдениет және ақпарат салаларын жаңғыртудың басым бағыттарын белгіледі

Қоғам • Кеше

Шымкент қаласының тұрғындары Әділетті Қазақстан бағытына қолдау білдірді

Ата заң • Кеше

Ақпанда туған айтыс жанашыры

Қоғам • Кеше

Отандық көліктердің бағасы төмендей ме?

Қоғам • Кеше

Маңғыстауда алғашқы инновациялық логопедия және цифрлық білім кабинеттері ашылды

Аймақтар • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:159
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Ақпан 2026 08:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары