Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Тарихи мәдени мұра нысандарын қорғау мәселесі қаралды

Тарихи мәдени мұра нысандарын қорғау мәселесі қаралды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Тарихи-мәдени мұраны қорғауға қатысты заңнамалық түзетулер жөнінде Мәжілістегі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов баяндады. Құжат Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай отырысында берген археологиялық қызметті ретке келтіру жөніндегі тапсырмасын іске асыру үшін депутаттардың бастамасымен әзірленген.

Комитет төрағасы саладағы негізгі проблемалар мен оларды шешуге бағытталған нормаларға тоқталды. Соның бірі – лицензиялау жүйесінің тиімсіздігі екенін атап өтті. Енді салада археология мен реставрацияға екі бөлек лицензия болады. Оның нақты мерзімі 5 жыл деп белгіленіп, әр лицензия үшін арнайы біліктілік талаптары енгізіледі.

– Қазбаның есептері, ескерткіштердің паспорты, археологтар тізімі, барлығы бір цифрлық жүйеде болады. Сондай-ақ Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының базасында енді Ұлттық археологиялық қызмет құрылады. Бұл қызмет нағыз археологиялық «ойлау орталығы» болады. Музей үшін құндылығы бар жеке жәдігерлер заңда бекітелгендей, музейге беріледі. Ал жаппай табылған жәдігерлер мен материалдар депозитарийде, ғылыми ортаға ашық, қауіпсіз жағдайда сақталады. Бұдан бөлек, құжатта қазбадан кейін жерді қалпына келтіру, яғни консервация-рекультивация жұмыстарын жүргізу бойынша талаптар нақтыланады, – деді А.Аймағамбетов.

Депутаттың айтуынша, енді археологиялық жұмыстар ғылыми зерттеу үшін – жоспарлы, құрылыс алдында алдын ала экспертиза және шұғыл қазбалар жүргізу үшін жоспардан тыс болып екіге бөлінеді. Тарихи мұраларды тонаудан қорғау үшін металл іздегіштер мен арнайы құрылғыларды лицензиясыз пайдалануға тікелей тыйым салу ұсынылған.

Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі Ринат Зайыт қосымша баяндамасында археологиялық жұмыстар кезінде техникалық құралдарды (металл іздегіштер, радарлар мен магниттік құрылғылар) заңсыз пайдалануға тыйым салынатынын айтты. Ал тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалану кезінде бүлінуге, қирауға және залал келтіруге жол берілмейді.

Заң жобасын талқылау барысында депутаттар археологиялық қызметті реттеуге және тарихи-мәдени мұраны қорғауға қатысты мәселелерді көтерді. Ескерткіштерді мемлекеттік қорғауға беру процесін ұйымдастыруға, Ұлттық археологиялық қызметке берілетін жаңа өкілеттіктерге қызығушылық танытты. Олар археологиялық жұмыстарды лицензиялауға, мамандарға қойылатын біліктілік талаптарын нақтылауға және бұл өзгерістердің университеттер мен археологиялық орталықтардың қызметіне қалай әсер ететініне ерекше назар аударды.

Сондай-ақ заңсыз қазба жұмыстары мен тарихи олжаларды ұрлауға қарсы күрес шаралары, соның ішінде қылмыстық жауапкершілік мәселелері талқыланды. Нақты мәселелер қазба жұмыстары кезінде жер иелерінің құқықтарын қорғауға және залалды өтеу тәртібіне, сондай-ақ құнды артефактілерді тапқан жеке тұлғаларды ынталандыруға және олардың есімін мұражай экспонаттарында атап өту мүмкіндігіне қатысты болды.

Талқылау қорытындысында депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдау жөнінде шешім қабылдады. Оны екінші оқылымға дайындау жұмыс тобының отырыстарында жалғасады.

Сонымен қатар Мәжіліс «Жасанды интеллект туралы» заң мен оған ілеспе түзетулерге Сенат енгізген өзгерістермен келісті. Жұмыс тобының жетекшісі Екатерина Смышляеваның айтуынша, Сенат барлығы 16 түзету ұсынды. Олар Мәжіліс қабылдаған заңдардың мазмұнын өзгертпейді.

– Оның барлығы редакциялық және нақтылау сипатында. Бұл түзетулер құқық қолдану жүйесіне ешқандай әсер етпейтіндіктен, біз Парламент Сенаты енгізген өзгерістер мен толықтыруларға келісуге болады деп санаймыз, – деді Мәжіліс депутаты.

Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады. Олар: энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер; 1993 жылғы 22 қаңтардағы және 2002 жылғы 7 қазандағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттамалар; 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Қазақстанға мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақ­тастық туралы келісімнің қолданылуын қайта бастау және оған өзгеріс енгізу туралы хаттаманы рати­фикациялау жобасы.

Жалпы отырыс соңында мәжілісмендер мемлекеттік органдарға өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша 15 депутаттық сауал жолдады. Олар Мә­жілістің ресми сайты мен телеграм арнасында жария­ланды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:161
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 03:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары