Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

Иран армиясының қолбасшысы әрбір өлтірілген немесе тұтқынға алынған АҚШ сарбазы үшін сыйақы жариялады

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Ән ағасы Шәмші челленджі басталды

Подполковник 50 млн теңге алу үшін жалған неке қиып, алаяқтық жасаған

Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды

“Мұнысы масқара, айтарға сөз жоқ“. Маңғыстауда демалушылар көрікті жағажайды қоқыс полигонына айналдырды

Құқық бұзушылықтардың фотосы мен видеосы үшін ақша оны Астана мен Алматыда қалай алуға болады

БЖБ және ТЖБ ны тоқтату 1 қыркүйектен бастап қазақстандық оқушылар үшін не өзгереді

Алимент төлеуден жалтарған Алматы тұрғыны көлік жүргізіп ұсталды

Күрес тәулік бойы жүріп жатыр: Қарағанды облысындағы өртке 200 ге жуық адам мен 60 техника жұмылдырылды

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

Higgsfield негізін қалаушы қазақстандықтар долларлық миллиардер атануы мүмкін

Дала аңы һәм дәліз заңы

Дала аңы һәм дәліз заңы

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Табиғат сақшыларын даярлау аңшылық қауымдастықтар құзырына өтпек. Кейбір сарапшы мен қоғамдық ұйым бұған қарсы. Қаупі түсінікті: жануарлар дүниесін қорғаушы мен қолға түсіруші арасындағы шекара шайылып кетпей ме? Демек, біріншісі екіншісіне тәуелді болмаса жөн. Бұл қадам кадр тапшылығын жоя ма, әлде «қасқырға қой бақтырғанның» кері ме?

Қарсылық пен қайшылық: екі оттың арасы

Экология ведомствосы осы бас­таманы заңдастыру үшін «Кей­бір заңнамалық актілерге аңшылық саласы және жануарлар дүниесін сақтау мәселелері бо­йын­ша өзгерістер мен толық­тыру­лар енгізу туралы» заңының жобасын жазды. Түсіндіруінше, оған сәйкес, аңшылық алқап­тар­да жануарлар дүниесін қорғауды жүзеге асыратын қорықшыларды уәкілетті орган бекіткен тәртіп­пен, республикалық аңшылар­дың қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылығы субъек­тілерінің қауымдас­тық­тары ар­найы даярлықтан өткіз­бек.  

Экология және табиғи ре­сурс­тар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруа­шылығы басқармасы дәл осы тетіктің саладағы сеңді қозғап, мейлінше көп қорықшыны кәсіби деңгейге көтеруге қабі­летті екеніне сенімді. Жалпы, Қазақстанда қорықшы болу үшін арнайы орта білім де жеткілікті. Алайда аға қорықшы немесе одан да жоғары лауазымға дейін өсу, мансап сатысында жоғарылау үшін жоғары білім қажет-ақ. Айтпақшы, аңшылар арасынан да қорықшы болғандар бар екен.

Тәжірибелі экс-қорықшы, бүгінде зейнеткерлікке шыққан Ақәділ Құралбайұлы қазір сала үшін кадр даярлауда еш қиындық жоғына назар аудартты. Оның мәліметі бойынша бұл кәсіп иелері үшін бейінді жоғары бі­лімді Қазақ ұлттық аграрлық зерт­теу университеті, С.Сей­фул­лин атындағы Қазақ агро­тех­никалық зерттеу университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті сияқты біраз жо­ғары оқу орны береді. Олар сала­ға қажетті мамандарды «орман ресурстары және орманшылық», «орман ресурстары, аңшылық­тану және аң шаруашылығы», «экология», «биология» және басқа мамандықтар аясында даяр­лайды. Бұл іске колледждер де үлес қосып жатыр. 

«Басты мәселе – салаға жас­тардың қызықпайтынында. Қорық­шылардың жалақысы өте аз: 150-250 мың айналасында. Оның өзі толық қолға тимейді. Кейде көлік, квадрацикл, қайық сынып қалса, оның жабдығын өз қаржымызға алуға тура келеді. Өйткені қажетті бөлшектерді айлап күтесің. Оның жеткізілуін күтіп жатып алсаң, рейдке шық­пасаң, лауазымдық міндетін орындамады деп тәртіптік жауап­кершілікке тартады. Әлеуметтік қолдау жағы да әлсіз. Комму­налдық баспана кезегіне тұрудың қамын жасап едік, «қалада тұрақ­ты өмір сүрмейсіз», – деген сыл­таумен бас тартылды», – дейді А.Құралбайұлы. 

Оның айтуынша, бір топ қорықшы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне хат жазып, өздерін ауыр және зиянды жұмыс істейтін кәсіп ие­лері санатына жатқызуды сұрап­ты. Сонда олар 55 жаста бейне­тінің зейнетін ерте көре бастар еді. Зиянды еңбек жағдайларында кемі 7 жыл істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем 2024 жылдан бастап ен­гізілген. Содан бері 2026 жылдың наурызына дейінгі аралықта ол 21 мыңнан аса жұмыс­шыға тағайындалды. АӘТ бюджет, БЖЗҚ, сақтандыру компаниялары мен жұмыс беру­шіден түсетін қаражаттан құра­лып, адам зейнеткерлікке шық­қанша, 63 жасқа дейін төленеді. 

«Еңбекмині мамандығы­мызды «зиянды» деп танымайды. Біздің кәсіп ауыр ғана емес, өмірге қауіпті. Браконьерлер, заңсыз орман кесушілер, есірткі тасушылар атып кетуі, не соққыға жығуы мүмкін. Көлігі сынып, байланыссыз қалып, қыста дала үсіген әріптестер бар. Содан жақ­сы жалақысы, мықты әлеуметтік пакеті болмаса, бұл кәсіпте жас мамандар байласа да қалмайды», – деп күйінеді қорықшы. Ма­манның пікірінше, саланың суалған кадрлық «тамырына» қан жүгірту үшін тек оқыту тетігін өзгерту жеткіліксіз. Мәселе дип­ломның жоғында емес, сол дипломын ар­қалап түзге аттанар жастың табыла бер­мейтінінде. Ендеше қорықшының әлеуметтік мәртебесін көтеру кезек күттірмес шаруа.

Тауқымет тасасындағы тағдырлар

Экология және табиғи ресурс­тар министрлігінің Орман шаруа­шылығы және жануарлар дүниесі комитетінің тоқтамы басқа. «Қорықшыларды арнайы даярлау оларды жануарлар дүниесін са­палы қорғауға, сондай-ақ аңшы­лық алқаптарды тиімді басқаруға қажетті дағдылар мен білімге үй­­­ре­туге мүмкіндік береді. Бұл қо­­­рықшы­лардың құзыреттілік дең­гейін арттыруға ықпал етеді», – деп хабарлады ведомство. 

Ол әңгіме мектепті жаңа бі­тірген талапкерлерді қорықшыға оқыту туралы емес, іс басындағы қорықшыны аңшылық бірлес­тіктерде қосымша оқыту туралы екенін нақтылады. Курстарда қорықшыларға нақты міндет­терінде қажетті бағыттарда, мы­са­лы, биология, экология, сала­лық заңнамалық база және жа­нуарлар дүниесін қорғау әдіс­тері бойынша білім берілмек. 

                                                                    © коллаж: Елдар ҚАБА

Бірақ онсыз да қорықшы бо­лып жұмыс істеп жүрген, тә­жірибе жинақтаған маманды қайта даярлау не үшін қажет? Ол Салық кодексі жаңадан қабыл­данған сайын бүкіл білген-түй­генін қайта жаңартуға мәжбүр бухгалтер не заңгер емес қой. Әйтсе де, шенеуніктер қорықшы­лардың үлкен бөлігінің біліктілігі төмен деп есептейді. Кейбірінің тіпті орманды төл қоймасындай көріп, жануарларды атып алып, жеп қоятынын алға тартты. Бі­ріншіден, ведомствоның тұжы­рым­дауынша, дайындықтың жет­кіліксіздігі жануарлар санын реттеуге қатысты бұрыс шешім­дерге, табиғаттағы теңгерімді бұзуға әкелуі мүмкін. 

«Қажетті білімі болмаса, қо­рықшылар қолданыстағы заңдар­ды, аң аулау және табиғатты қор­ғау ережелерін білмеуі мүм­кін, бұл олардың заңсыз қызметке арандауына соқтырып жатады. Екіншіден, білім деңгейі төмен қорықшылар браконьер­ліктің және басқа да экологиялық қауіпті іс-әрекеттердің алдын алу бағытында тиімді шаралар қабыл­дай алмауы ықтимал. Үшіншіден, тиісті біліктілігі болмаса, қорық­шылар сондай-ақ жұртшылық арасында табиғатты қорғаудың маңыз­дылығы мен табиғи ресурс­тарды орнықты пайдалану туралы тиімді түсіндірме жұмыстарын жүргізе алмайды», – делінген комитет түсініктемесінде.

Бақылау болбыр ма, әлде шындығы сол ма, қорықшы­лардың браконьерлікпен айна­лысу фактілері көп тіркелмеген. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі коми­тетінің дерек­теріне сәйкес, 2022 жылдан бері жыл сайын қорықшыларға қа­тысты заң бұзушылықтардың бар-жоғы 1-3 дерегі тіркеледі. Қо­рықшыларға жануарлар дү­ниесін қорғау, браконьерліктің алдын алу, табиғат қорғау заң­намасын сақтау, аңшылық ре­сурс­­тарын ұтымды пайдалану және басқа да қызметтік мін­деттер жүктелген. 

Мысал ретінде комитет сонау 2020 жылғы 13 қаңтарда Ереймен­тау ауданының жергілікті учас­келік инспекторының Ақсуат ауылының маңында аңшылық шаруа­шылы­ғының 40 жастағы қорықшысын ұстағанын еске салды. Полицияның мәлім­деуінше, ол браконьерлікпен айналысқан. Одан беріде СҚО-ның Есіл ауданында табиғат қорғау полициясы браконьерлік жасады деген күдікпен екі ер адамды қолға түсірді: олардың «Нива» автокөлігінің тіркемесі­нен екі маралдың ұшасы табылды. Екеуі де қорықшы әрі жануар­ларды атуға рұқсаты болмаған. Осы және өзгесіне қатысты Қылмыстық кодекстің 337-бабы («Заңсыз аң аулау») бойынша іс қозғалып, жазасы берілген. 

Қағаздағы сан мен даладағы аңның арасы

Қалай болғанда, аңшы мек­те­бінен өткен қорықшы түз тағы­сын қорғай ма, әлде «ұстазы­ның» олжасын түгендей ме? Мәселе ашық қалып тұр. Жаңа Парламент – Құрылтай тілге тиек етілген жаңа заң жобасын қабыл­даса, онда республикалық аңшы­лар­дың қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылығы субъек­тілері бюджет есебінен қорықшы­ларды арнайы даярлап, табыс таба алады. Экология ми­нистрлігі олардың бұл қызметі мемлекет үшін ақылы болатынын күні бұ­рын ескертті. Олардың дайындау тәртібін аталған коми­тет бекітеді, ал оқыту курстары мен бағдар­ламаларын аңшы­лардың ұйым­дары өзі жазуы мүм­кін.

Оның есеп-қисабы бойынша 1 қорық­шыны даярлау 44 сағатқа созылады. Елде 3 084 қорықшы бар, сондықтан бизнестің табысы 93,5 миллион теңгеден жоғары болуы мүмкін. Сөйтіп, жаңа заң жобасы экология саласындағы ескі түйткілдердің бетін ашып қана қоймай, жаңа «нарықтың» есігін айқара ашқалы тұр.

Жалпы, сарапшылар аңшы­лық қауым­дастықтар мен шаруа­шылықтарға бұған дейін де сал­мақты өкілеттіктер берілгенін атап өтеді. Мысалы, жыл сайын дәл осы ұйымдар өз жауапкер­шілігіндегі аумақта тіршілік ететін аң-құстың есебін тапсыра­ды екен. Міне, соның негізінде уәкілетті орган қай облыста қан­ша қанатты, табанды мен тұяқ­тыны атуға болатынын белгілеп, лимит бекітеді. «Табиғат» эко­логиялық қауымдастығының сарапшылары аңшы­лардың («аң пайдаланушылардың») беретін есептік мәліметтерін аумақтық инспек­циялардың ішінара, үстірт қана тексеретінін жеткізді. Ал жабайы жануар­ларды есепке алудың күрделілігіне байла­нысты есептер жиі субъективті сипатқа ие.

«Сондықтан аулау лимитін анықтау үшін олардан жабайы жануарларды есепке алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуді, фото, видеомен растауды талап еткен жөн. Осы талаптарды орындаған және мемлекеттік аумақтық инспекциядан ескертулері жоқ аң пайдаланушыларға ғана лимит берілуге тиіс. Мысалы, еліміздің бірқатар облысында КСРО ыды­ра­ғаннан кейін қалған, қолас­тында миллиондаған гектар аң­шылық ал­қап­тары бар облыстық аңшылар қо­ғамдарына негіздел­ген олигополиялар пайда болды», – дейді қауымдастық сарап­шы­лары. 

Сонымен бірге республикада бірде-бір жеке аңшылық шаруа­шылығы жоқ облыстар бар. Мұ­ның бәрі бәсекелестік ортаға және жалпы аңшылық шаруа­шылығының дамуына теріс әсер етіп отырған көрінеді.  «Табиғат­тағыларды» мазалайтын тағы бір жайт – шенеуніктердің жыл сайын аңдардың аналықтарын (ұрғашысын) атуға беретін ли­миті. Экологтар мұның соңы жан-жануардың жаппай дегра­дация­сына, тұқымының азуына соқтыра бастағанын айтып, да­был қағып жүр. 

Сондай-ақ квота облыстарда қалыптасқан нақты климаттық, азықтық және эпи­зоотиялық жағдайды: індетті, қуаңшылықты, алапат орман өрттерін ескермейді екен. Өйткені аңшылар квота алуға қажетті мәліметтерді бір жыл бұрын өткізеді. Онда алда тілсіз жаудан қашқан немесе дерт пен шөлден қырылған аң мен құстың көрші елдерге ауа көше­тінін дөп баса алмайды. Маусым басталғанда жануарлардың нақты саны өтінімдегіден үш-төрт есе аз болуы да ықтимал екен. Квота болса, бұрынғы мөлшерде қа­лады.

Салада қордаланған, шешімі табылмаған проблема жетерлік. Оның бәрі ресурстарды ұтымсыз пайдалануға әкеледі. Оның алдын алу үшін мемлекет тек аңшылық қауым­дастықтардың құзырын күшейтумен шектелмеуі керек. Салаға кешенді реформа қажет: жалақыны өсіру, әлеуметтік қол­дауды нығайту, заңнаманы жетіл­діру және мемлекеттік бақы­лау­дың тәуелсіздігін сақтау. Әйтпесе, даланың аңы дәліз заңына жем болып, табиғаттың теңгерімінен айы­рылып қалуы­мыз кәдік.

Елдос СЕНБАЙ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:70
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Мамыр 2026 07:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:25see129

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

15 Тамыз 2026 23:23see122

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

15 Тамыз 2026 21:54see119

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

16 Тамыз 2026 11:48see116

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

16 Тамыз 2026 10:07see115

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

16 Тамыз 2026 13:08see113

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

15 Тамыз 2026 18:53see110

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:19see110

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

16 Тамыз 2026 17:15see110

Иран армиясының қолбасшысы әрбір өлтірілген немесе тұтқынға алынған АҚШ сарбазы үшін сыйақы жариялады

17 Тамыз 2026 11:33see108

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Ән ағасы Шәмші челленджі басталды

15 Тамыз 2026 19:16see108

Подполковник 50 млн теңге алу үшін жалған неке қиып, алаяқтық жасаған

17 Тамыз 2026 14:08see107

Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды

17 Тамыз 2026 11:35see107

“Мұнысы масқара, айтарға сөз жоқ“. Маңғыстауда демалушылар көрікті жағажайды қоқыс полигонына айналдырды

17 Тамыз 2026 11:34see107

Құқық бұзушылықтардың фотосы мен видеосы үшін ақша оны Астана мен Алматыда қалай алуға болады

17 Тамыз 2026 12:08see106

БЖБ және ТЖБ ны тоқтату 1 қыркүйектен бастап қазақстандық оқушылар үшін не өзгереді

17 Тамыз 2026 15:56see105

Алимент төлеуден жалтарған Алматы тұрғыны көлік жүргізіп ұсталды

17 Тамыз 2026 14:53see105

Күрес тәулік бойы жүріп жатыр: Қарағанды облысындағы өртке 200 ге жуық адам мен 60 техника жұмылдырылды

17 Тамыз 2026 11:42see104

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

16 Тамыз 2026 09:40see104

Higgsfield негізін қалаушы қазақстандықтар долларлық миллиардер атануы мүмкін

17 Тамыз 2026 15:20see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары