Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Әкімшілік кедергілерсіз өткен науқан: ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясы сайлауға өз бағасын берді

Талдықорғанда Ұлттық ұлан сарбаздары пышақпен қаруланған тәртіп бұзушыны ұстады

Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен құттықтады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс түйіс болды

Президент кімдерді біздің заманымыздың нағыз кейіпкерлері санайтынын айтты

Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы болып қайта тағайындалды: 24 тамыз 15:04 жаңалықтар

Кішкентай Сарыбұлаққа үлкен жоспар: Астана орталығындағы өзеннің қазіргі жай күйі қандай?

Жасанды интеллекті өшіріп тастайтын kill switch қажет

Арменияның экс президенті Роберт Кочарян Антикорға жеткізілді

“Мемлекеттік нөмірге қағаз жабыстырған“ туысының қалжыңы үшін қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылды

Президент халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне қаржылай сыйақы сертификатын табыстады

Жеңіл несиенің де жүгі бар

Apple жаңа iPhone бағасын көтеруі мүмкін сомасы аталды

30 жыл сахнадан түспеген: Қазақстанға келе жатқан Энрике Иглесиас туралы не білеміз?

Жазғы саяхаттан кейін автокөліктің несін тексеру керек сарапшы кеңестері

Электр станциялары газ бен көмір үшін 71 миллиардтан астам теңге қарыз

Алматыда үш бірдей көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті

Сан Францискода соңғы шетелдік сайлау учаскесі жабылды

Қазақстанның заңнамасы сайлауды демократиялық тұрғыда өткізуге жеткілікті жағдай жасайды ТМД миссиясы

Інісін құтқарғысы келген: ағайынды екі жігіт Сырдария өзенінде суға кетті

Дара кәсіпкерлер дағдармасын

Дара кәсіпкерлер дағдармасын

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Бұған дейін олар көптеген салықты төле­мей, басы артық есептіліктің бәрінен босатылып келсе, биыл «қой үстіне бозторғай жұмырт­қала­ғ­ан» бейғам заман олар үшін аяқталды. Көбі ЖТС, тіпті КТС пен ҚҚС төлеуге көшеді, тиісінше, са­лық ауыртпалығы еселеп артады. Сондай-ақ бұрын болмаған есеп-декларацияның жаңа түр­лері енгізілді.

Жеңілдіктен жауапкершілікке ойысу

Үкімет тарапынан либерал­ды көз­­қарас, заңнамадағы жеңілдік­тер және мемлекеттік қолдау тәуел­­сіздіктің өткен 34 жы­лында Қа­зақстанды ШОБ үшін нағыз жерұйыққа айналдырды. Кәсіп­­кер­лікпен айналысасыз ба, бірақ дара кәсіпкер ретінде тір­ке­ліп, дек­ларация тапсыруға бас қа­тыр­ғы­ңыз келмей ме, онда тір­кел­мей-ақ қойыңыз! Тек 1 АЕК-ті құ­рай­тын бірыңғай жиынтық тө­лем (БЖТ) төлесеңіз жетеді. Бұл ме­­ди­циналық сақтандырусыз жә­не қар­тайғанда зейнетақысыз қал­­мауы­ңыз үшін керек. Алайда БЖТ ре­жимі 2024 жылы жойылды және оны төлеп келген азамат­тардан са­лықшылар дара кәсіпкер болып, тиіс­ті салық режимін таң­дау­ды та­лап етті.

Десек те, мемлекеттің ұзақ жыл­­ғы салықтық кеңпейілділігі мен демеуі игі нәтижесін берді. Ұлт­­тық статистика бюросының де­­ре­гінше, 20 жыл бұрын, 2005 жы­­­лы республикада 394 672 дара кә­сіпкер (ДК) ғана болыпты. Ал 2025 жылдың қорытындысында тір­келген ДК саны 1 899 141-ге, со­­ның ішінде нақты жұмыс істеп тұр­ғаны – 1 820 909-ға жетті.

Жеке кәсіпкерлер жұмыспен қам­­тыған азаматтардың саны да есе­леп артты. 2005 жылы ДК-лар­да 571 620 адам еңбек етсе, 2025 жы­лы 2,5 миллионнан асқан. Мұ­ның сыртында дара кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнімінің кө­лемі де ғаламат өсті. Мысалы, 2005 жылы елдегі барлық ДК 222,9 мил­лиард теңгенің өнімін шыға­рып, нарыққа өткізсе, 2024 жылы (2025 жыл қорытындысы әзірге жарияланбады) бұл көрсеткіш 55 есе ұлғайып, 12 триллион 347 мил­лиард теңгеден асты! 

Дара кәсіпкерлерінің саны жө­нінен Қазақстан бүкіл Орталық Азия елдерін артқа тастады: Өз­бек­стан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Түрікменстандағы бүкіл ДК са­нын қоса алғанда, қазақ еліне жет­педі. Бұл қарқынмен Қазақ­стан тіпті Ресейді басып оза ала­тын еді: 140 миллионнан аса хал­қы бар РФ-та 2025 жылы 4,5 мил­­лионға жуық ДК болды. Бірақ жаңа Салық кодексінің тала­п­та­рына сәйкес республикадағы жеке кә­сіпкерлердің біразына жабылуға тура келеді.

Жаңа Салық кодексіне Мем­ле­­кет басшысы 2025 жылғы 18 шіл­­­деде қол қойды. Содан соң көп­­теген бизнес нысаны жаңа та­лап­­тардың жүктемесін көтере ал­­майтынын түсініп, жабыла бас­тапты. Ұлттық статистика бюро­сы­­ның мәліметіне жүгінсек, 2025 жыл­ғы 1 желтоқсандағы жағдай бойын­ша 191 984 бизнес субъектісі қыз­метін уақытша тоқтатуға мәж­бүр болған, тағы 4 664-і жойылу үс­тін­де. Салықшылар, сарапшы­лар бұл үдерістің биыл күрт кү­шейе­тінін жасырмады. 

Осы орайда Қаржы министр­лі­гінің Мемлекеттік кірістер ко­ми­теті жаңа Салық кодексіне сәй­кес арнаулы салық режимде­рі­нің жойылуына және B2B келі­сім­шарт­тарда салықтық шегерімді қол­дануға тыйым салынуына бай­­­ла­нысты биыл бизнесті қалай жауып тастауға болатынын түсін­дірді. 

Ведомство 1 қаңтардан бастап қол­данысқа енгізілген Салық ко­дек­сінде енді тек 3 жеңілдікті «ар­нау­лы салық режимі» (АСР) көздел­генін еске салды. Бұлар – өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арналған режим; оңайлатылған дек­ларация негізінде арнаулы салық режимі; шаруа немесе фер­мер қожалықтарына арналған ар­­н­аулы салық режимі. Сондай-ақ B2B келісімшарттарда, яғни жеке кәсіпкерлердің өз өнімін ком­па­ния­ларға өткізуі кезінде салықтық ше­герімді қолдануға тыйым са­лын­ды. Олар тек B2C форматында іс­тей алады, яғни өз өнімін тек  же­ке тұлғаларға, халыққа сататын дара кәсіпкерлер оңайлатылған декларация негізіндегі АСР-да қа­ла алады. 

Қалғаны тегіс «жалпыға бірдей бел­гіленген салық салу тәртібіне» кө­шуге тиіс (Салық кодексінің орыс­­ша нұсқасында – «общеус­та­нов­ленный порядок налогооб­ло­же­ния» немесе ОУПН, оны ауы­зе­кі тілде қысқаша «ОУР» деп қате атап жүр). Яғни, «режим» ұғымы тек салықтық жеңілдікті пайда­ла­на­тын жоғарыдағы 3 АСР үшін қал­­дырылды, басқасының бәрі «тәр­­тіпке» көшіріледі. 

Салықтың салмағы бар

Бұдан бөлек, салықшылар бөл­­­­шек сауда салығы негізіндегі, сон­дай-ақ тіркелген шегерімді (фик­сированный вычет) пай­да­ланатын жеңілдетілген деклара­ция негізіндегі арнаулы салық ре­жим­дері 2026 жылдың 1 қаңта­ры­нан бастап жойылғанын мәлім­деді.  

– 2026 жылғы 1 қаңтар мен 28 ақ­пан аралығында кәсіпкерлік субъектісін таратуға, жабуға ше­шім қабылдаса, онда 2025 жылы бөл­шек салықты немесе тіркелген шегерімді пайдаланатын жеңіл­де­тіл­­ген декларация негізіндегі ар­нау­лы салық режимдерін (АСР) қол­данып келген салық төлеу­ші­лер биылғы жылғы 1 қаңтардан бас­тап аталған режимдердің жойыл­ғанын ескеруі қажет. Тиісінше, олар бойын­­ша салық есептілігі фор­ма­лары (ФНО) енді қолжетімсіз бо­­­лады. Осыған байланысты қыз­ме­тін тоқтатқан кәсіпкерлік су­бъек­­тілері келесі әрекеттерді қа­дам-қадаммен жасауы керек, – деді мемкірістер органының маман­дары.  

Бірінші қадам: салық есепті­лі­гін ұсынуыңыз қажет. Қолданған ре­жиміңізге байланысты 2025 жыл­ғы 4-тоқсан немесе 2025 жыл­ғы 1 жартыжылдық үшін «Кезекті-Очередная» аталатын түрін таң­дап, декларация тапсырыңыз. 

Екінші қадам: қолданылатын са­лық салу режимі туралы хабар­ла­ма жіберу керек. Онда 2-бөлімде ке­лесінің бірін белгілеу талап еті­леді: «А. Оңайлатылған дек­лара­ция негізіндегі АСР-ға» немесе «С.Жалпыға бірдей белгіленген са­лық салу тәртібіне» ауысу тура­лы. Бұған қоса, себебін көрсе­те­сіз: «А.Ерікті түрде шешім қабылдау». Хабарламаны қаңтар-ақпанның қай күні жіберсеңіз де, таң­далған режим не тәртіпті қол­данудың басталу күні 2026 жылғы 1 қаңтар болып есептеледі.

Үшінші қадам: қызметті тоқ­та­ту рәсімін жүзеге асыру қажет. Атап айтқанда, біріншіден, «қыз­метті тоқтату туралы салықтық өті­ніш» беру қажет. Екіншіден, оңай­латылған декларация негізін­дегі АСР үшін – 2026 жылғы 1- жар­тыжылдықтағы тарату салық есеп­тілігі (форма 910.00), ал жал­пы­ға бірдей белгіленген салық салу тәртібі үшін – 2026 жылдың 1 тоқсанына (2026 жылға) арнал­ған тарату салық есептілігі ұсыны­ла­ды.  

«Үшіншіден, қажет болған жағ­­дайда қызметті тоқтату үшін қа­жетті басқа да тиісті құжаттар сұ­ралады. Салық салудың қолда­ны­латын режимі туралы ха­бар­ла­маны уақытылы бермесеңіз, қыз­мет­ті тоқтату туралы салықтық өті­­нішіңіздің де қабылдан­байты­ны­на назар аудартамыз! Бұл жағ­дай­да жүйе мынадай хабарлама бере­ді: «Қызметті тоқтату үшін 2-бө­­лімде «А. Ерікті түрде шешім қа­­былдау» себебі бойынша «А. Оңайлатылған декларация не­гізін­дегі АСР-ға» немесе «С. Жал­пы­ға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне» ауысу белгісін соға отырып, қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама беруіңіз қажет. Осыдан кейін ғана сіз қызметті тоқтатуды жүзеге асы­ру­ға құқылысыз», – деп түсін­дірді Мемлекеттік кірістер коми­теті. 

Қорыта айтқанда, былтыр жеңіл­детілген режимді (упрощён­ка) немесе бөлшек сауда салығын қолданған кәсіпкерлер бизнесін жапқысы келсе, кәсібін жоюдың жаңа ережелерін мүлтіксіз сақ­тауға тиіс. Әйтпесе, кәсіпкерлік ны­саны «жойылды» деп таныл­май­ды, тиісінше ары қарай алым-са­лықтар есептеледі, қосымша айып­пұлдар жазылады, опера­ция­лары, банк шоттары және кар­та­лары бұғатталады, ісі жеке сот орын­даушыларына беріліп, олар­дың да қызмет ақысын (өндірі­ле­тін соманың 25%-ы көлемінде) тө­леуге тура келеді. 

Бизнесін жаппай, одан әрі қалу­ға шешім қабылдаған дара кә­­сіпкерлер e-Salyq business моби­ль­ді қосымшасын жүктеп алып, сонда жойылған салық режимін жаңа Салық кодексіне сай оңай­ла­тылған режимге немесе жалпы тәр­тіпке көшіруі қажет. Мем­ле­кеттік кірістер комитеті маман­да­рының түсіндіруінше, біріншіден, e-Salyq business қосымшасында авторизациялану талап етіледі. 

Екіншіден, басты беттегі «Сер­­вистер» мәзіріне кіру керек. Үшін­шіден, «ДК салық режимін ауыс­тыру-Смена налогового ре­жима ИП» бөлімін таңдаңыз. Төр­тіншіден, бастапқы арнаулы са­лық режимін толтыру сұралады. Таңдауға жеке кәсіпкерлер үшін қа­зіргі қалған 3 түрінің бірі ұсы­нылады: өзін-өзі жұмыспен қам­ту­ш­ыларға арналған режим; оңай­латылған декларация негізінде АСР; шаруа немесе фермер қожа­лықтарына арналған АСР.

Бесіншіден, түрді таңдаған соң «Арнаулы салық режимін қолдану тәртібімен таныстым» дегенге бел­гі соғу керек. Алтыншыдан, «Жі­беру» батырмасын басасыз. Же­тіншіден, осыдан кейін қалқып шық­қан сұрау-ескертпеде салық ре­жимін ауыстырғаныңызды рас­тау үшін «Жалғастыру» батыр­ма­сын басу қажет. Сегізіншіден, қол­данылатын салық салу режимі не­месе тәртібі туралы хабарлама та­бысты өңделсе, қате-ақау туын­дамаса, онда «табысты өңделді» деген жауап келуге тиіс. 

Сарапшылар жұмысын жал­ғастыратын жеке кәсіпкерлерге бух­галтер, тіпті заңгер жалдауға ту­ра келетінін ескертті. Себебі жал­пыға бірдей салық салу тәр­ті­бінде 200.00 және 220.00 нысан­да­рын­дағы стандартты есептілік бар. Бұ­дан өзге, биылдан бастап жаңа есеп түрлері қосылып жатыр. Бух­гал­тер Асылым Қарауылованың мәліметінше, биыл алғаш рет дара кәсіпкерлер «1-Қызметтер–1-Услу­ги» статистикалық нысанын тапсыруға міндеттелді. 2025 жыл­ғы статистикалық есептілікті қа­лып­тастыру аясында бірінші рет «1-Қызметтер» статистикалық ны­саны бойынша респондент­тер­дің қатарына жеке кәсіпкерлер ен­гізіліп отыр. Мұны Ұлттық ста­тис­тика бюросы растады. 

Сондықтан негізгі қызметі Эко­­номикалық қызмет түрлерінің жал­пы жіктеуішіне сәйкес 85, 86, 87 және 88 кодтарына сәйкес ке­ле­тін, яғни «Білім беру» және «Ден­­саулық сақтау және әлеу­мет­тік қызметтер» салаларына жата­тын дара кәсіпкерлер осы нысан бойынша деректерді белгіленген мерзімге дейін тапсыруға тиіс. Тапсырмаса, үлкен айыппұлдар салынады. ДК бүкіл күнтізбелік жыл үшін жылдық деректерді тек 4-тоқсанда тапсырады. Бұған дейін ол 2025 жылдың 20 желтоқ­са­нынан 2026 жылдың 15 қаң­тары­на дейін тапсырылған. 

Сонымен бірге бұдан былай ЖШС және басқа заңды тұлғалар қа­тарында дара кәсіпкерлер де «Са­лықтық есеп саясаты» (СЕС, орыс­шасы НУП) міндетті құжа­тын қалыптастыруға тиіс болады. Салықшылар тексерумен келсе немесе сұратса, бірден ұсынуға міндетті. СЕС-тің болмауы немесе қате рәсімдеу айыппұлдарға, қо­сымша есептер тапсыруға және өзге салықтық тәуекелдерге соқ­тырады. 

Есептіліктің, қағазбас­ты­лық­тың ұлғаюы, айыппұлдардың өсі­рілуі, жеке кәсіпкерлердің жеңіл­діктерден жаппай айырылуы, са­лықтық әкімшілендірудің күр­де­лендірілуі, мемкірістер органы­ның түсіндіру жұмыстарын жан-жақ­ты жүргізе алмауы, соның ішін­де «Тегін бухгалтер» науқанын кең ауқымда жолға қоймауы биз­несті делдалдарға жем етуі мүмкін. Бұ­дан кім ұтты? Түрлі формадағы есептілікті кәсіпкердің орнына тап­сырып беретін, бухгалтерлік сүйемелдеумен айналысатын бел­гілі жекеменшік порталдар қызмет ақы­с­ын күрт көтеріпті. Олардың СЕС қалыптастыру, есептілік тап­сыру тарифтері айына 150 мың тең­геден жоғарылады. Ал осының бә­рін өз бетінше тапсырамын деу­шілерді оқытуы, ақылы вебинарға қа­тыстыруы, түсіндірме материал­дар­ға қол жеткізу құны енді 500 мың теңгеден басталады.

Айхан ШӘРІП

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:157
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қаңтар 2026 05:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Әкімшілік кедергілерсіз өткен науқан: ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясы сайлауға өз бағасын берді

24 Тамыз 2026 20:33see128

Талдықорғанда Ұлттық ұлан сарбаздары пышақпен қаруланған тәртіп бұзушыны ұстады

25 Тамыз 2026 16:42see127

Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды әлем чемпионатындағы тарихи жеңіспен құттықтады

24 Тамыз 2026 09:52see122

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыс түйіс болды

24 Тамыз 2026 19:03see119

Президент кімдерді біздің заманымыздың нағыз кейіпкерлері санайтынын айтты

24 Тамыз 2026 14:41see116

Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы болып қайта тағайындалды: 24 тамыз 15:04 жаңалықтар

24 Тамыз 2026 15:09see115

Кішкентай Сарыбұлаққа үлкен жоспар: Астана орталығындағы өзеннің қазіргі жай күйі қандай?

25 Тамыз 2026 11:13see114

Жасанды интеллекті өшіріп тастайтын kill switch қажет

24 Тамыз 2026 10:24see114

Арменияның экс президенті Роберт Кочарян Антикорға жеткізілді

25 Тамыз 2026 11:01see113

“Мемлекеттік нөмірге қағаз жабыстырған“ туысының қалжыңы үшін қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылды

25 Тамыз 2026 14:44see113

Президент халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне қаржылай сыйақы сертификатын табыстады

24 Тамыз 2026 14:53see112

Жеңіл несиенің де жүгі бар

25 Тамыз 2026 06:47see112

Apple жаңа iPhone бағасын көтеруі мүмкін сомасы аталды

24 Тамыз 2026 18:59see112

30 жыл сахнадан түспеген: Қазақстанға келе жатқан Энрике Иглесиас туралы не білеміз?

25 Тамыз 2026 13:21see112

Жазғы саяхаттан кейін автокөліктің несін тексеру керек сарапшы кеңестері

24 Тамыз 2026 08:43see111

Электр станциялары газ бен көмір үшін 71 миллиардтан астам теңге қарыз

25 Тамыз 2026 15:22see111

Алматыда үш бірдей көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті

25 Тамыз 2026 13:05see111

Сан Францискода соңғы шетелдік сайлау учаскесі жабылды

24 Тамыз 2026 09:27see110

Қазақстанның заңнамасы сайлауды демократиялық тұрғыда өткізуге жеткілікті жағдай жасайды ТМД миссиясы

24 Тамыз 2026 13:00see110

Інісін құтқарғысы келген: ағайынды екі жігіт Сырдария өзенінде суға кетті

25 Тамыз 2026 16:41see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары