Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Зеленский Ресейдің жауап соққысынан кейін Батысқа үндеу жасады

Қазақстанда алғаш рет құтқарушыларға арналған демалыс кешені салынып жатыр

Тастап кетпейсіз бе? : бір ауыз сөзімен елді елжіреткен Айсұлтан жайлы анасы айтып берді

Алматыда бір бағытты көшелердің саны артады

Пәкістанда жанкешті пойызды жарып жіберді, кемінде 20 адам қаза болды

Оралда 96 жастағы тыл еңбеккері 9 мамырға арналған төлемді ала алмай, тіркеусіз қалды

Қарағандыда алаяқ бір біріне жақын тұратын зейнеткерлерді алдап кеткен

Эбола вирусына қарсы вакцина дайындалып жатыр

Қайрат пен Қайсар ҚПЛ 2026 матчында жеңімпазды анықтай алмады

Старобельск колледжіне жасалған шабуыл: қаза болғандар саны артты

Алматыда жаңа қозғалыс схемалары сыналуда: қала көшелерінде не өзгереді

Алаяқтар жасөспірімдердің аккаунтын өз мақсаттарына пайдаланады: министрлік ескерту жасады

Саясаткерлер халыққа қызмет етуді ойлауы керек : Мажарстанда шенеуніктердің айлығы екі есе қысқармақ

Жетісуда ауылға кіріп кеткен аюдың қонжығы іздестіріліп жатыр

Құнды қазынаның жоқшысы

Желідегі видео: Өлген аюдың суретіне қатысты аудан әкімдігі түсініктеме берді

Келісім ұзартылды: Барыс хоккей клубы америкалық Райли Уолшқа қанша ақша төлейді

Астанада ерекше қажеттілігі бар оқушыны қатарластары соққыға жыққан

Ақ үй маңында атыс болып, күдікті қаза тапты

Жас теннисші Айым Қанағатова Албаниядағы турнирде жеңіске жетті

Қазақстандықтарды тасжолдарда кімдер және қалай құтқарады? Апаттар медицинасы орталығынан репортаж

Қазақстандықтарды тасжолдарда кімдер және қалай құтқарады? Апаттар медицинасы орталығынан репортаж

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жаз мезгілінде Қазақстан тасжолдарында қауіп күшейе түседі. Демалыс маусымы, көл мен тауға сапарлар, қалааралық көлік ағынының артуы – осының бәрі жол апатының көбеюіне әсер етеді.

Жаз мезгілінде Қазақстан тасжолдарында қауіп күшейе түседі. Демалыс маусымы, көл мен тауға сапарлар, қалааралық көлік ағынының артуы – осының бәрі жол апатының көбеюіне әсер етеді.

Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы және Алматы бойынша Апаттар медицинасы орталығының пункттерінде болып қайтты. Мұнда жол-көлік оқиғасына, өртке немесе төтенше жағдайға кез келген минутта шығуға дайын бригадалар тәулік бойы кезекшілік етеді.

Біз реанимобильдердің ішін аралап, құтқарушылардың жабдықтарын көріп, орталық пен құтқару пункттері жұмысының ішкі барысымен таныстық.

Бұл фоторепортаж – жүргізушілердің өмірін арашалауға бірінші болып жететін мамандармен таныстыру ғана емес, сонымен қатар жазғы маусым алдында жол жүру қауіпсіздігін тағы бір мәрте еске салу.

Біз бет алған алғашқы нысан – Апаттар медицинасы орталығының Алматы медициналық-құтқару пункті. Ол қаладағы №14 өрт сөндіру бөлімінің аумағында орналасқан.

Апаттар медицинасы орталығының Алматы медициналық-құтқару пункті. Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

Мұнда бізді қарсы алған – Алматы облысы бойынша Апаттар медицинасы орталығының шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің басшысы Самат Қайырқұбенов:

Самат Қайырқұбенов – Алматы облысы бойынша Апаттар медицинасы орталығының шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің басшысы. Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

Ол өз міндеттеріне бригадалар жұмысын ұйымдастыру мен бақылау, шақыртуларды үйлестіру, 103, 112 қызметтері және медициналық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау кіретінін айтты.

"Сондай-ақ жеке құрамды даярлау, техника мен жабдықтардың дайындығын қамтамасыз ету, ең бастысы – төтенше жағдайларда адамдарға жедел көмек көрсетумен айналысамыз", - деп тізбеледі ол.

"Жұмысыңыздағы ең қиын нәрсе не?" деген сұраққа ол: жоғары жауапкершілік пен тасжолдардағы төтенше жағдайлар кезінде шешімді тез қабылдау қажеттілігі, деп жауап берді.

"Әр минуттың маңызы зор, - деп толықтырды орталық басшысы. - Кейде ауыр ауа райы жағдайында, түнде, зардап шеккендер көп болған кезде жұмыс істеуге тура келеді. Бірақ ең бастысы – адам өмірін сақтап қалу және көмекті уақтылы көрсету".

Солдан оңға қарай: София Маар, психолог; Сая Нұрқасымова, фельдшер; Арна Әбілдаев, дәрігер; Ақсұңқар Көміршеев, құтқарушы-санитар, жүргізуші. Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

Тасжолдағы құтқару пункті

Әрбір облыстық Апаттар медицинасы орталығының бірнеше трассалық медициналық-құтқару пункті (қысқаша – ТМҚП) бар. Атауы айтып тұрғандай, олар тікелей тасжол бойында – "алдыңғы шепте" жұмыс істейді. Әр пунктте өз бригадасы бар. Таныстықтан кейін сондай ТМҚП-лардың біріне жол тарттық.

Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

Жолшыбай "Жаңа Арна" пункті бригадасының дәрігері Мәулет Мақұлжановпен әңгімелестік. Одан жол-көлік оқиғасына шақыртулар қай маусымда жиі түсетінін сұрадық. Күткеніміздей, бұл қыс мезгілі емес екен. Мәулеттің айтуынша, алғашқы қар жауып, жол тайғақ болғанда да жол апаттары көп болады. Бірақ тасжолдардағы жол-көлік оқиғаларының ең көбі жазда – адамдар жаппай демалысқа шыға бастағанда тіркеледі.

Тәуліктің қай мезгілі ең қауіпті екенін сұрадық.

"Ең ауыр апаттар көбіне түнде және таңғы уақытта, жүргізушілердің зейіні төмендеген кезде болады", - деп тәжірибесін бөлісті дәрігер.

Көп ұзамай медициналық-құтқару пунктіне дейін бір шақырым қалғанын хабарлайтын белгіден өттік. Бұл жүргізушілерге де арналған ақпарат – мұндай белгілерге мұқият болу керек:

Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

Бұл арақашықтықты тез өтіп, жолдың дәл іргесінен трассалық медициналық-құтқару пунктін көрдік:

Алматы облысындағы трассалық медициналық-құтқару пункті. Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

Ол жол апатынан зардап шеккендерге жедел көмек көрсетуге, сондай-ақ өздігінен жүгінгендерге арналған. Қыста ол жылыну пункті ретінде де пайдаланылады. Яғни, қиын жағдайға тап болған кез келген жүргізуші мұнда көмек сұрап келе алады.

Әрбір мұндай пункттің қызмет көрсету аймағы – 50 шақырым. Қажет болған жағдайда бұл қашықтық ұлғаюы мүмкін.

Жеке құрам вахталық әдіспен кезекшілік етеді – бригада 15 тәулік бойы демалыссыз жұмыс істейді, содан кейін оларды келесі ауысым алмастырады.

Олар осында, мынадай бөлмелерде түнейді:

Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

Жұмысын аяқтағандар 15 күндік демалысқа кетеді, ал олардың орнына әріптестері келеді.

ТМҚП бригадаларының құрамы және оқиға орнында кім немен айналысады?

Әрі қарай трассалық медициналық-құтқару пункті бригадаларының бірімен танысамыз. Оларды "жеке құрам" деп атайды - мұндағы жүйе көбіне әскерилендірілген принцип бойынша құрылған: тәртіп, нақты иерархия және кез келген сәтте шұғыл жолға шығуға дайын болу маңызды.

Медициналық-құтқару реанимобилі бригадасының құрамына әдетте мыналар кіреді:

дәрігер, екі фельдшер, құтқарушы, жүргізуші-құтқарушы.

Кейбір бригадаларға қосымша психолог қосылған - психологиялық көмек зардап шеккендерге де, олардың туыстарына да қажет болуы мүмкін.

Әркім өз міндетін атқарады:

дәрігер мен фельдшер шұғыл медициналық көмек көрсетеді; құтқарушы зардап шеккендерді көліктен шығару жұмыстарын жүргізеді және
ЖКО болған жердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді; жүргізуші эвакуациялауға көмектеседі және емдеу мекемесіне пациенттерді жедел жеткізуді қамтамасыз етеді.

Бірақ олар біртұтас команда ретінде әрекет етеді.

Жол апаты болған жағдайда құтқару бригадасы қалай әрекет етеді?

Егер жол апаты болса, 103 немесе 112 қызметтерінен ақпарат осындай ТМҚП диспетчерлік бөліміне, шұғыл әрекет ету бригадасының аға маманына жедел түрде беріледі. Үш минут ішінде бригада оқиға орнына аттанады.

Олар жабдықталған медициналық-құтқару реанимобильдерімен шығады.

Бұл ретте қызметкерлер зардап шеккендердің саны, жарақаттардың сипаты және ЖКО-ның ықтимал салдары туралы алдын ала мәлімет алады.

Оқиға орнына келген соң жағдайды бағалау, көмек көрсету, құтқару жұмыстары жүргізіледі және қажет болған жағдайда зардап шеккендерді медициналық мекемелерге эвакуациялау жүзеге асырылады, деп түсіндіреді құтқарушылар.

Құтқару реанимобилінің кәдімгі жедел жәрдем көлігінен айырмашылығы неде?

Әрі қарай медициналық-құтқару реанимобилін көруге барамыз. Алматы маңындағы трассаларда олардың төртеуі бар.

Алматы облысы бойынша Апаттар медицинасы орталығының медициналық-құтқару реанимобилі. Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

Реанимобильдің ішкі салоны бір қарағанда жақсы жабдықталған жедел жәрдем көлігіне ұқсайды. Тек мұнда екі қабатты жату орны бар.

Алматы облысы бойынша Апаттар медицинасы орталығының медициналық-құтқару реанимобилінің іші. Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

Яғни, мұндай көлікпен жатқан күйдегі екі пациентті тасымалдауға болады - "екінші сөре" пойыз купесіндегідей жоғарыдан ашылады. Тағы үш адамды орындыққа отырғызуға болады.

Реанимобиль іші. Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

Мұнда дефибриллятор, түрлі мониторлар, оттегі баллондары бар.

Реанимобиль іші. Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

Бірақ негізгі айырмашылық - міне, осында - реанимобиль бөліктерінің бірінде арнайы құтқару құралдары орналасқан:

Реанимобильдегі құрал-саймандар бөлімі. Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

"Біздің бригадалар тек медициналық қызмет қана емес, сонымен қатар трассалардағы төтенше жағдайлар мен ЖКО кезінде шұғыл әрекет ету қызметі ретінде де жұмыс істейді, - деп түсіндіреді Алматы облысы бойынша Апаттар медицинасы орталығының шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің басшысы Самат Қайырқұбенов. - Бригадалар құрамында арнайы авариялық-құтқару жабдықтарымен жарақтанған құтқарушылар бар".

Біздің өтінішіміз бойынша бригада осы құтқару жабдықтарының барлығын шығарып, көрсетіп берді:

Құтқарушылар командасы және құтқару құралдары. Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

Бұлар - гидравликалық авариялық-құтқару құралдары, олар әрі кергіш, әрі кескіш қызметін атқарады. Олар жол апатында майысқан көліктің темірін керіп немесе кесіп, қысылып қалған адамды шығарып алу қажет болғанда қолданылады:

Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

Ал мына ерекше циркулярлы ара металл және бетонды кесуге арналған:

Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

Видеодан құралдың арматураны қаншалықты оңай әрі тез кесіп түсетінін көруге болады:

Тасжолдарда қазақстандықтарды құтқарып жүрген тұлғалар

Бірақ құрал-сайманнан да маңыздысы - әрине, құтқарушы адамдар. Біз келген күні ТМҚП-да кезекшілікте тұрған бригада қызметкерлерімен танысамыз.

- Жұмысыңыздың ерекшелігі мен негізгі қиындығы неде? - деп сұрадық жоғары санатты дәрігер-нейрохирург Мәулет Мақұлжановтан.

Мәулет Мақұлжанов - дәрігер-нейрохирург. Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

Ол біріншіден, шақыртудың қашан түсетінін ешқашан болжай алмайтыныңды айтады. Екіншіден, науқастардың жарақаттары өте ауыр болады. Дәрігерлер сынықтарды таңып, қан кетуді тоқтатады және тыныс алу функциясын қалпына келтіреді.

"Жұмысымыздағы ең қиыны - соққыдан майысқан көліктің ішінде жатқан адамды көру және ол шығарылғанша оған көмектесе алмау".

"Ал оны шығарып алып, өз жұмысымызға кіріскен кезде - бәрі үйреншікті жұмыс тәртібімен жалғасады", - деп түйіндеді дәрігер.

Ал бұл - жүргізуші Абай Моятдинов:

Абай Моятдинов - жүргізуші/санитар-құтқарушы. Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

Абайдың мұнда жұмыс істеп жүргеніне бесінші жыл. Мұндай бригадаларда жүргізуші де адамдарға көмек көрсетуге белсенді қатысады. Сондықтан да оның лауазымы ресми түрде "санитар-құтқарушы" деп аталады.

"Көлік айдаудан бөлек, мен құтқарушыларға көмектесемін, менің де апаттық-құтқару жұмыстарына рұқсатым бар".

Фельдшер Ақниет Сайпырханов құтқару бригадасында алты жылдан аса уақыттан бері жұмыс істейді.

Ақниет Сайпырханов - фельдшер. Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

"Біз адамдарға көмектесеміз. Әріптестеріме тек жақсылық тілеймін, - дейді ол. - Біз шақыртуларға дәрігермен бірге шығамыз. Жұмысымыз оңай емес, шақыртулар әртүрлі болады: сынықтар, ауыр жарақаттар. Мұндай жағдайда алғашқы көмек көрсетпес бұрын, күрделілік санатын анықтап, содан кейін ғана әрекет ету керек. Біз ең алдымен қан кетуді тоқтатуға тырысамыз, әрі қарай жағдайға қарай қимылдаймыз. Біздің миссиямыз - науқасты ауруханаға тірі және артық зақым келтірмей жеткізу".

Бригаданың келесі мүшесі - құтқарушы Айбол Нұрғазиев. Оның тәжірибесі бес жылдан асады.

Айбол Нұрғазиев - құтқарушы. Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

Оның негізгі міндеті - ЖКО кезінде фельдшерлерге көмектесу және зардап шеккендерді арнайы техниканың көмегімен көліктен ұқыпты шығарып алу.

"Бұл өте қиын, өйткені мұны барынша тез жасау керек, бұған уақытымыз өте аз. Үлгеру - ең жауапты сәт, ал қалғанын өзіміз реттейміз", - дейді Айбол Нұрғазиев.

Ал мынау - бригадаға шақыртуларды қабылдайтын маман, фельдшер-диспетчер Ділшат Дауыдов:

Ділшат Дауыдов - фельдшер-диспетчер. Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

Шақырту түскеннен кейін ол басшылыққа баяндайды, содан соң барлық қажетті ақпаратты бригадаға береді:

шақырту орны, апат түрі, зардап шеккендер саны, адам қандай жарақаттар алғаны.

Осыдан кейін бригада үш минут ішінде жолға шығуы тиіс - сондықтан олар әрдайым толық дайындықта болады.

Олар жолда келе жатқанда, Ділшат ЖКО-ның егжей-тегжейін нақтылай түседі.

Біз ұжымның басым бөлігі медиктер екеніне назар аудардық. Неге мұндай бригадада тіпті диспетчердің де медициналық білімі болуы керек?

"Өйткені фельдшер-диспетчер, біріншіден, ақпаратты дәл жеткізу үшін ықтимал жарақаттардың сипатын кәсіби тұрғыдан түсінуі керек. Сондай-ақ, егер бригада шақыртуда жүргенде медициналық-құтқару пунктіне зардап шегуші келсе, ол көшпелі фельдшерді алмастыра алады", - деп түсіндіреді Ділшат.

Статистика: 2026 жылы Алматы облысы бойынша Апаттар медицинасы орталығының ТМЖК бригадалары тасжолдарға 50 рет шықты. Медициналық көмек көрсету қорытындысы бойынша 25 зардап шегуші ауруханаға жатқызылды. Ауруханаға жатудан бас тартудың екі жағдайы, 16 өздігінен жүгіну және үйге үш рет бару тіркелді.

Алматы - Өскемен тасжолының ең қауіпті учаскесі

Жұмыстың қиындықтары туралы егжей-тегжейлі әңгімеден кейін құтқарушылардан өздеріне бекітілген аймақтағы ең көп шақырту түсетін, апат жиі болатын жол бөлігін көрсетуді сұрадық.

Сол жерге аттандық. Бұл Алматы - Өскемен тасжолының (оның Алматы - Қонаев бөлігіндегі) 64-шақырымы екен.

Мұның себебі - бұл жердегі бұрылыстың айтарлықтай еңіске түсуінде. Ал қарсы жолақ үшін, тиісінше, бұрылыс алдында өрлеу болады.

Апаттардың басым бөлігі дәл осы жерде болады, дейді ТМЖК қызметкерлері.

Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

Жолдың ерекшелігіне байланысты зейінсіз немесе жылдамдықты асырған жүргізушілер бұл жерде көбіне рөлге ие бола алмай қалады.

Бұл учаскеде тіпті қаза болғандарға арналған шағын ескерткіштер орнатылған. Ал жақын маңдағы жол жиегінен осындай апаттардың бірінен қалған іздерді көруге болады:

Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

Біз құтқарушы дәрігерлерден тасжолдардағы ЖКО-ға көбіне не себеп болатынын сұрадық. Олар былай деп жауап берді:

"Жол-көлік оқиғаларының басты себептері - жылдамдықты асыру, қарсы бетпе-бет жолаққа шығу, жүргізушілердің шаршауы, қашықтықты сақтамау, рөлде телефон пайдалану және басып озу ережелерін бұзу".

Осымен трассалық бекет ұжымымен қоштасып, Алматының жоғарғы бөлігіне қарай бет алдық. Келесі баратын жеріміз - Шымбұлақ.

Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

"Біз қазір "Шымбұлақ" тау шаңғысы кешені аймағында орналасқан № 23 әмбебап құтқару бөлімшесінің аумағындамыз. Неге "әмбебап" деп аталады? Өйткені мұнда өрт сөндіру бөлімшелері, құтқарушылар мен медиктер бір жерде шоғырланған", - деп түсіндірді бізге.

Бұл, бәлкім, ең көрікті құтқару бөлімшесі шығар:

№ 23 әмбебап құтқару бөлімшесі. Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

Мұндағы техника да ерекше - тау жағдайына бейімделген:

Тау жағдайына арналған арнайы техника. Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

Ангар ішінен өрт сөндіру көлігін және GMC Sierra базасындағы қуатты реанимобильді көрдік - нағыз "америкалық амбуланс".

Өрт сөндіру көлігі және реанимобиль. Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

Іші - нағыз қарқынды терапия палатасы: дефибрилляторлар, ӨЖЖ аппараттары, инфузоматтар бар. Көлік үш жатқан пациентке дейін сыйдыра алады (жоғарғы сөрелері де пойыздағыдай түседі). Мұнда тіпті ЭКГ аппараты да бар.

Құтқарушылардың реанимобиль салонында. Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

Құтқарушылардың реанимобиль салонында. Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

Әрі қарай  жабдықтарды көрсетті - құтқарушының жұмыс киімі осындай:

Құтқарушы жабдығы. Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

Дәл осы жерден трассалық бекетте көргенімізге ұқсас құтқару құралдарын жолықтырдық:

Құтқарушының гидравликалық құралы. Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

Бұл құтқару бекетінің қызмет көрсету аймағы - тау жолдары. Арнайы бұйрық бойынша олар Алматының жоғарғы аудандарындағы ірі апаттарға да шыға алады.

Сонымен қатар бұл бөлімше қызметкерлері адасқан туристерді іздейді, жарақат алған шаңғышыларды эвакуациялайды. Жазда өрт сөндіреді.

Солдан оңға қарай: қарауыл бастығы Оразбек А., Апаттар медицинасы орталығының (АМО) Алматы бойынша филиалының басшысы Қозыбахов Ж., филиал басшысының орынбасары Жұмақанов Е., № 23 ӘҚБ жүргізушісі Сұлтанбеков Е., шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің фельдшері Райысов М. Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

Мұнда бригадалар вахталық әдіспен емес, тәулік бойы кезекшілік етеді. Қалаға жақын болғандықтан, құтқарушыларға жұмысқа жету оңайырақ - айтпақшы, олар ауысымға аспалы жолмен келеді, бұл олар үшін тегін.

Сондай-ақ қуатталып тұрған дронды көрсетті, ол сағат сайын өздігінен аспанға көтеріліп, айналада оқыс оқиғалар бар-жоғы тексеріп отырады:

Қуатталып жатқан дрон. Фото: © Tengrinews.kz / Юлия Колмогорова

Жолдар мен трассалардағы оқиғалар мен жағдайлар туралы Апаттар медицинасы орталығының Алматы облысы бойынша шұғыл медициналық көмек бөлімінің басшысы Самат Қайырқұбеновпен оның бекетінде болған кезде егжей-тегжейлі сөйлескен едік.

- Самат, бүгінде ең қауіпті тасжолдар қайсы? Жүргізушілер ерекше назар аударуы тиіс жерлер бар ма?

- Алматы маңындағы жол апаты қаупі ең жоғары бағыттардың бірі - Алматы - Бішкек, Алматы - Өскемен, Алматы - Екатеринбург трассалары, сондай-ақ қозғалыс қарқынды және жүк көліктері көп учаскелер. Жүргізушілер көріну деңгейі шектеулі, бұрылыстары көп, жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқан және ағын жылдамдығы жоғары учаскелерге ерекше назар аударуы керек.

- Соңғы 3–4 жылда апаттар азайды ма, әлде көбейді ме? Егер өзгеріс болса, бұл немен байланысты?

- Кейінгі жылдары трассалардың кейбір учаскелерінде жол апаттары саны өзгеріп отырады. Бұған автомобильдер санының артуы, қозғалыс қарқындылығы, ауа райы жағдайлары, жолдардың күйі және жүргізу мәдениеті әсер етеді. Жоғарыда айтқанымыздай, жазғы кезеңде және демалыс уақытында трассаларға түсетін салмақ едәуір артады. Бірақ жалпы алғанда, жолақтар арасына бөлгіштер орнатылған учаскелерде ЖКО саны айтарлықтай азайды.

- Барлық қазақстандық жүргізушілерге не айтар едіңіз?

- Алда жазғы маусым және белсенді сапарлар кезеңі келе жатыр. Барлық жүргізушіге айтарым: жылдамдық режимін сақтаңыздар, алыс жолға шаршап шықпаңыздар, міндетті түрде қауіпсіздік белдігін тағыңыздар және жолдағы жағдайды мұқият қадағалаңыздар.

Талай апат пен қасіреттің куәгері болып жүрген бұл құтқарушы тасжолдағы қауіпсіздік әрбір қозғалыс қатысушысының жауапкершілігіне байланысты екенін бәрінен жақсы біледі. Ол әрбір жанды осыны есте сақтап, өзі мен жақындарына абай болуға шақырады.

Авторы: Юлия Колмогорова

Дайындаған: Дина Шәріпхан

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:96
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Мамыр 2026 10:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Зеленский Ресейдің жауап соққысынан кейін Батысқа үндеу жасады

24 Мамыр 2026 19:34see110

Қазақстанда алғаш рет құтқарушыларға арналған демалыс кешені салынып жатыр

23 Мамыр 2026 13:55see109

Тастап кетпейсіз бе? : бір ауыз сөзімен елді елжіреткен Айсұлтан жайлы анасы айтып берді

24 Мамыр 2026 16:44see107

Алматыда бір бағытты көшелердің саны артады

23 Мамыр 2026 18:58see106

Пәкістанда жанкешті пойызды жарып жіберді, кемінде 20 адам қаза болды

24 Мамыр 2026 18:45see106

Оралда 96 жастағы тыл еңбеккері 9 мамырға арналған төлемді ала алмай, тіркеусіз қалды

23 Мамыр 2026 12:20see105

Қарағандыда алаяқ бір біріне жақын тұратын зейнеткерлерді алдап кеткен

24 Мамыр 2026 20:11see105

Эбола вирусына қарсы вакцина дайындалып жатыр

24 Мамыр 2026 11:25see104

Қайрат пен Қайсар ҚПЛ 2026 матчында жеңімпазды анықтай алмады

23 Мамыр 2026 20:47see104

Старобельск колледжіне жасалған шабуыл: қаза болғандар саны артты

23 Мамыр 2026 16:37see104

Алматыда жаңа қозғалыс схемалары сыналуда: қала көшелерінде не өзгереді

25 Мамыр 2026 09:41see103

Алаяқтар жасөспірімдердің аккаунтын өз мақсаттарына пайдаланады: министрлік ескерту жасады

25 Мамыр 2026 09:38see102

Саясаткерлер халыққа қызмет етуді ойлауы керек : Мажарстанда шенеуніктердің айлығы екі есе қысқармақ

25 Мамыр 2026 09:57see101

Жетісуда ауылға кіріп кеткен аюдың қонжығы іздестіріліп жатыр

24 Мамыр 2026 19:11see101

Құнды қазынаның жоқшысы

25 Мамыр 2026 09:56see101

Желідегі видео: Өлген аюдың суретіне қатысты аудан әкімдігі түсініктеме берді

24 Мамыр 2026 16:05see100

Келісім ұзартылды: Барыс хоккей клубы америкалық Райли Уолшқа қанша ақша төлейді

23 Мамыр 2026 11:26see99

Астанада ерекше қажеттілігі бар оқушыны қатарластары соққыға жыққан

25 Мамыр 2026 10:34see99

Ақ үй маңында атыс болып, күдікті қаза тапты

24 Мамыр 2026 09:43see99

Жас теннисші Айым Қанағатова Албаниядағы турнирде жеңіске жетті

24 Мамыр 2026 19:21see98
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары