Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Қазақстандық суррогат аналардың арқасында байып жатқан кімдер арнайы репортаж

Қазақстандық суррогат аналардың арқасында байып жатқан кімдер арнайы репортаж

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Әлемде суррогат ана қызметінің нарығы бүгінде 15 миллиард доллар шамасында. БҰҰ болжамынша, 2033 жылы 100 миллиард долларға жетуі мүмкін. Бірақ суррогат аналарға көл-көсір қаржыдан тиетін үлес болмашы ғана. Табыстың көбін делдалдар мен агенттіктер алады.

Фото: Видеодан скрин

БҰҰ мәліметінше, әйелдерге төленген ақының небәрі 10%-дан 27,5%-ға дейінгі бөлігі ғана беріледі. Кей жағдайларда тіпті суррогат аналар дүниеге әкелген сәбилердің ішкі ағзалары заңсыз трансплантология үшін алынады.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымованың сөзінше, елімізде шетелдіктердің қатысуымен іске асатын заңсыз суррогат ана қызметі жөнінде нақты есеп жүргізілмейді.

— Қанша шетелдік Қазақстандағы суррогат аналар қызметіне жүгінгенін ешкім дөп басып айта алмайды. Мұндай жүздеген жағдай болған болуы ықтимал, — дейді ол.

Еліміздегі ахуал қалай: тіркелген фактілер

Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз суррогат ана қызметінің трансұлттық жүйесін анықтады. Оған қазақстандықтар да қатысты болған. Тергеу дерегінше, қылмысты ұйымдастырушылар делдалдар арқылы төрт әйелді тартып, олардың жатырына оңтүстік-шығыс Азия елдерінің бірінде эмбриондар салынған. Мұның бәрі ресми келісімшартсыз және қажетті заңды кепілдіксіз жүзеге асқан.

Нәрестелер өмірге келген соң, шетелдіктер оларды Қазақстаннан алып шықпақшы болғанда, ұсталды. Үш бала биологиялық ата-аналарына тапсырылды. Ал төртінші сәбиді туған әйел оны шетелдіктерге беруден бас тартып, болған жайтқа қатысты толық және бейтарап тергеуді талап етіп отыр.

Заңгер Саида Тәуекелованың айтуынша, Қазақстанды трансшекаралық қылмыс схемалары алаңы ретінде пайдалану қаупі бар. Болашақта заңдық даулар мен балалардың құқығын бұзу жағдайлары туындауы мүмкін.

Фото: Видеодан скрин

— 2025 жылдың соңында Алматы әуежайында суррогат аналар туған шақалақтарды шекарадан алып өтудің жолы кесілді. Құжаттарды рәсімдегенде, біздің заңнамамыз бұзылғаны анықталды. Қазір бұл жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, — деді заңгер.

Өкінішке қарай, соңғы жылдары мұндай фактілердің тіркелуі жиілеп барады. Мысалы, өткен жазда екі әйелдің арыз-талабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Делдалдар оларды шетелдік ерлі-зайыптылар үшін бала көтеріп, дүниеге әкелуге көндірген. Басында әділ шарт пен кепілдік жөнінде уәдені үйіп-төккен. Әйтсе де, келіншектер қамқорлық-қорғаусыз және келісілген сыйақысыз қалып, бұл істің зардабын тартқан. Ақыр аяғында полицияға шағым түсіріп, құқығын заңды жолмен қорғауға мәжбүр болған.

— Кей жағдайларда ақша басты орынға шығып, суррогат ана қызметі түрлі заңсыздықтарға себеп болып жатады. Әйелдер (әсіресе, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққандар) кейде қаржыдан қиналып, суррогат ана болуға шарасыздықтан келіседі, — дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова.

Қыз-келіншектер заңсыз қадамға неге барады?

7 миллион теңге сыйақы беріледі және ай сайын 300 мың теңге төленеді. TikTok-та осындай хабарландырулар мен видеолар өріп жүр. Аз уақытта көп ақша табуға қызыққан әйелдер осылайша қақпанға түсіп, заңсыз суррогат ана қызметі схемаларына атсалысуға өз еркімен келіседі. Әккі рекрутерлер еліміздің түрлі қалаларында осындай ұсыныстарын жариялап, бұрымдыларды құқық бұзушылыққа баурап жүр.

Ал шетелдік делдалдар одан да жоғары сома ұсынады. Мәселен, Грузияда суррогат ана бағдарламасына қатысқан әйелге 27 мың доллар төленеді.

Алайда тәтті уәденің ар жағында көбіне бақай есеп, арсыз алаяқтық, қысым көрсету, қыз-келіншектердің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін қоқан-лоқы жатады. Жеңіл ақшаның соңына түскендер, осылайша, құқығы қорғалмайтын қиын жағдайға тап болуы ықтимал.

Фото: Видеодан скрин

— Бізге келіп, өз еркімен суррогат ана болғысы келетін әйелдер, ең алдымен, осы арқылы материалдық мәселелерін шешіп алғысы келеді. Екіншіден, өздері өмірге сәби әкеле алмайтын отбасыларға көмектесуді қалайды, — дейді суррогат ана және донорлық агенттігінің директоры Тілеуқабыл Байғожин.

Алматылық әйелдің оқиғасы баршаға сабақ боларлықтай. Ол оңтүстік-шығыс Азия елдерінің біріне барып, жатырына эмбрион салдырған. Содан соң, Алматыға оралып, жүктілік кезеңін сонда өткізген. Заңсыз схеманы ұйымдастырушылар үй жалдап, әлгі әйелмен қоса өзге де суррогат аналар бірге тұрған. Қыз-келіншектердің көбі ресми келісімшарт жасаспапты. Босанған соң, олар уәделі сыйақыны алмаған. Керісінше, түрлі шығындар солардың мойнына жүктелген.

ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің жедел уәкілі Әміржан Ағелеуовтың сөзінше, бұл фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Рәсімделген құжаттардың заңдылығы ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен және Азаматтық хал актілерін тіркеу органдарымен бірлесіп тексеріліп жатыр.

— Бұл жерде әңгіме делдалдық схемалар жөнінде. Олар ғаламтор ресурстары мен әлеуметтік желілер арқылы суррогат ана болатын әйелдерді іздейді. Сондай-ақ медициналық процедураларды ұйымдастыру және құжаттарды рәсімдеу қызметтерін ұсынады. Кей жағдайларда құжаттарды рәсімдеу үшін жалған келісімшарттар мен түрлі заңсыз тәсілдерді қолданады, — деді Ә. Ағелеуов.

Мынадай да жағдай болған: құрсақтағы сәбиден Даун синдромы анықталады. Делдалдар сыйақы төлеуден бас тартып, нәрестенің аталған ауруға шалдыққаны үшін жауапкершілікті суррогат анаға арта салған. Салдарынан не уәделі сыйақы жоқ, не әлгі әйелдің құқығын қорғайтын заңды кепілдік жоқ. Соңы сотқа ұласып, әуре-сарсаңға түсірген.

Фото: Видеодан скрин

Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің мәлімдеуінше, бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу жүріп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Заңға қандай өзгерістер енгізу керек?

Заңгер Саида Сүлейменованың сөзінше, шетел азаматтары Қазақстаннан суррогат ана табуға бейіл. Өйткені, мұнда аталған қызмет анағұрлым арзан.

— Кей шет мемлекеттер суррогат ана мәртебесін мойындамайды. Өкінішке қарай, мұндай жағдайда суррогат ана туған сәбидің тағдыры бұлыңғыр, — дейді ол.

Сондықтан депутаттар заңнаманы қатаңдатуды ұсынып отыр. Барлық тараптың құқығы мен міндеттерін егжей-тегжейлі белгілейтін кешенді заң жобасы қарастырылып жатыр. Агенттіктердің қызметін қадағалауды күшейту, лицензиясы бар клиникалардың ашық тізілімін жасау және нотариалды келісімшарттардың цифрлық есебі жүйесін енгізу жоспарланып отыр. «Неке және отбасы туралы» Кодекс пен «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүесйі туралы» Кодекске енгізілетін түзетулер дайындалған.

Өзгерістерге сай, енді суррогат ана қызметі тек қана Қазақстан азаматтарына көрсетіледі. Сондай-ақ бір әйел әрі кетсе үш рет суррогат ана болуға құқылы. Мұндай түзетулердің мақсаты — саладағы ашықтықты қамтамасыз ету, қылмыстық схемалардың алдын алу және балалар мен ата-аналардың құқығын басты орынға қою.

— Сарапшылар біздің нормативтік-құқықтық базаны тым жұмсақ деп бағалайды. Көптеген мәселе туындауының себебі сол болса керек. Бүгінде суррогат ана қызметімен айналысатын агенттіктер өте көп. Кейбірінің кеңселері Қазақстанда, кейбірінікі шетелдерде. Медициналық ұйым болмағандықтан, барлығын бірдей бақылап, жұмысын реттеп отыру мүмкін емес. Өйткені, уәкілетті органдардың, мысалы, Денсаулық сақтау министрлігінің оларды тексеріп отыруға құзіреті жоқ. Сол себепті, аталған агенттіктер назардан, қадағалаудан тыс қалып жатады, — деді Гүлдара Нұрымова.

Медициналық қоғамдастық та суррогат ана қызметіне бақылауды күшейтіп, салада тәртіп орнатуды қолдайды. Сондай-ақ сарапшылардың пікірінше, оған толықтай тыйым салу мәселені одан сайын ушықтырады. Қатаң тыйымнан гөрі нақты ережелер, ашық келісімшарт жүйесін және тиімді мемлекеттік бақылау енгізу қажет. Сонда әйелдер мен балалардың құқығы қорғалмақ.

— Суррогат ананың қауіпсіздігі жөнінде де ұдайы айтамыз. ҚР азаматы ретінде оның да құқықтары мен міндеттері бар. Кей кісілер бұл қызметті елімізде мүлде жауып тастау керек деген пікірде. Меніңше, бұл түпкілікті қате шешім болар еді. Суррогат ананың қызметін пайдаланғысы келетіндер әрдайым табылады. Оған тыйым салсақ, азаматтарымыз шетелдердегі агенттіктерге жүгінуі мүмкін, — дейді репродуктолог Ислам Ерғалиев.

Оның сөзінше, медицинада ғана емес, кез-келген салада мамандықтың беделіне нұқсан келтіретін пайдакүнем әрі салғырт қызметкерлер бар. «Битке өкпелеп, тоныңды отқа жақпа» демекші, ондайларға бола, бүкіл саланы жоққа шығаруға болмайды. Әйтпесе, халық зардап шегеді. Мәселен, суррогат ана қызметі бедеу ерлі-зайыптыларға немесе басқа жағдайға байланысты өмірге бала әкеле алмайтын азаматтарға үлкен үміт әрі мүмкіндік.

— Біздің технологияларымыз өте жоғары деңгейде. Мамандарымыз оң, тиімді әрі жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Тіпті кей дамыған елдерден озық тұрмыз. Қазір Қазақстан деректерін еуропалық тіркелімге береді. Тізімде қызметтің тиімділігі жағынан біз алтыншы, жетінші орындамыз. Бізде қажетті технологиялардың бәрі бар, — дейді Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының директоры Алмагүл Ахметова.

Әлем елдерінде суррогат ана қызметіне көзқарас әртүрлі. Ресейде ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасушалары қолданылған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Қытайда коммерциялық суррогат ана қызметіне мүлде тыйым салынған. Ал альтруистік түрі заңмен реттелмеген.

Қырғызстанда бұл салада анағұрлым еркіндік бар. Қызмет ел азаматтарына да, шетелдіктерге де көрсетіледі. Ал Грузияда коммерциялық суррогат ана қызметі заңдастырылған және заңмен реттеліп отырады.

Канадада, Аустралияда және Ұлыбританияда шетелдіктерге тек альтруистік суррогат ана қызметі рұқсат етіледі. Үндістанда 2015 жылдан бастап бұл салаға шетелдіктердің араласуына тыйым салынған. Италиядағы заң одан да қатаң: мемлекеттік және шетелдік суррогат ана бағдарламаларына тыйым салынған. Заңды бұзғандарға ірі көлемде айыппұл салу және бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Айта кетейік бұған дейін шетелдіктердің Қазақстан аумағында суррогат ана қызметіне тапсырыс беруіне тыйым салынатынын жазғанбыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:183
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Наурыз 2026 11:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see171

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see163

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see162

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

20 Қыркүйек 2026 22:21see159

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

20 Қыркүйек 2026 22:21see158

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

20 Қыркүйек 2026 22:22see154

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

21 Қыркүйек 2026 10:06see147

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

21 Қыркүйек 2026 12:41see146

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

21 Қыркүйек 2026 13:04see143

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

20 Қыркүйек 2026 22:21see140

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

21 Қыркүйек 2026 12:42see139

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

21 Қыркүйек 2026 15:55see137

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

20 Қыркүйек 2026 22:18see136

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

21 Қыркүйек 2026 18:03see135

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

21 Қыркүйек 2026 17:58see132

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

22 Қыркүйек 2026 02:22see132

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

22 Қыркүйек 2026 02:22see125

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

21 Қыркүйек 2026 14:36see123

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

21 Қыркүйек 2026 17:46see123

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары