Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қарағандыда көлік студент қызды қағып кетті: Бойжеткен оқиға орнында көз жұмды

Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты: Қазақстан топтық көпсайыста қола жүлдеге ие болды

Петропавлда ағашқа өрмелеп шыққан ер адам өздігінен түсе алмай құқарушылардың көмегіне жүгінді

Зеленский Ресейдің жауап соққысынан кейін Батысқа үндеу жасады

Тастап кетпейсіз бе? : бір ауыз сөзімен елді елжіреткен Айсұлтан жайлы анасы айтып берді

Атырау мен Маңғыстау тұрғындары: Мұнайдың пайдасы бар, бірақ экология мен денсаулыққа зияны басым

Пәкістанда жанкешті пойызды жарып жіберді, кемінде 20 адам қаза болды

Қарағандыда алаяқ бір біріне жақын тұратын зейнеткерлерді алдап кеткен

Қазақстандықтар Алматыда жиі концерт өткізетін ресейлік әншіге бойкот жариялады

Эбола вирусына қарсы вакцина дайындалып жатыр

Алматыда жаңа қозғалыс схемалары сыналуда: қала көшелерінде не өзгереді

Астанадағы аптап ыстық пен Алматыдағы нөсер жаңбыр 26 28 мамырға арналған болжам

Құнды қазынаның жоқшысы

Алаяқтар жасөспірімдердің аккаунтын өз мақсаттарына пайдаланады: министрлік ескерту жасады

Денесіне 1 келі есірткі жасырған: Қазақстанға апиын өткізбек болған шетелдік ұсталды

Атырау облысында сумен қамтудың маңызды нысаны жөндеуден өтті

Астанада ерекше қажеттілігі бар оқушыны қатарластары соққыға жыққан

Әділетмин: Газпром және Нафтогаз ісі бойынша АХҚО сотының шешімі Қазақстан аумағында орындалмайды

Алабай 45 қойды жарып кетті фермер ветқызметтен миллиондаған теңге өндіріп алды

Саясаткерлер халыққа қызмет етуді ойлауы керек : Мажарстанда шенеуніктердің айлығы екі есе қысқармақ

Атырау облысындағы отбасының қазасына дейін және кейін: атышулы іс туралы арнайы репортаж

Атырау облысындағы отбасының қазасына дейін және кейін: атышулы іс туралы арнайы репортаж

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Былтыр Атырау облысының Жангелдин ауылында тұтас бір отбасы: зейнеткер ерлі-зайыпты мен олардың ересек балалары жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен болатын. Туыстары олардың жоғалғаны туралы 2025 жылғы желтоқсанның аяғында хабарлаған. Күдікке отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиев ілінді. 18 мамырда оған қатысты сот процесі басталды.

Былтыр Атырау облысының Жангелдин ауылында тұтас бір отбасы: зейнеткер ерлі-зайыпты мен олардың ересек балалары жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен болатын. Туыстары олардың жоғалғаны туралы 2025 жылғы желтоқсанның аяғында хабарлаған. Күдікке отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиев ілінді. 18 мамырда оған қатысты сот процесі басталды.

Tengrinews.kz тілшілері мән-жайды анықтау үшін еліміздің батысына барып қайтты.

Нәсіп дайындаған май. Ол әлі тоңазытқышта тұр 

Марқұм Қарабалиндер отбасы тұрған үйге тергеу амалдарына байланысты сот процесі басталғанға дейін шектеу қойылған болатын.

Сот басталғаннан кейін Tengrinews.kz тілшілері ол үйге кіріп, жантүршігерлік қылмыс болған сарайды көріп қайтты. Осы репортажда редакция эксклюзив кадрларды ұсынады.

Бұл - Жангелдин, Атыраудан 400 шақырымға жуық қашықтықта, иен даланың ортасында орналасқан шағын ауыл.

Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Ауылда адам қарасы аз және өте тыныш. Бірақ дәл осы жерде бір жыл бұрын бүкіл елді дүр сілкіндірген қылмыс болды.

Жангелдин ауылы. Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Қарабалиндер отбасының үйіне жақындап, оны әуеден түсіріп алдық.

Қарабалиндер отбасының үйі. Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Қатты желден кейін қоршаудың бір бөлігі құлап, аулаға сиырлар кіріп кететін болған.

Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Аула мен үй біртіндеп қаңырап, бос қалып барады.

Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Бұл материалдың видео нұсқасын мына жерден көре аласыздар: Tengri TV YouTube-арнасы.

Үйдің ішінде бәрі трагедияға дейін қалай болса, солай қалған. Тек қазір мұнда тіршілік нышаны жоқ.

Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Бұл - зейнеткер ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның бөлмесі:

Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Қабырғада Мақсот Қарабалиннің 60 жас мерейтойына жұбайы жағынан туыстары сыйға тартқан портреті ілулі тұр. Жанында - оның той-томалаққа, құдалыққа және басқа да маңызды отбасылық жиындарға киіп баратын костюмі.

Мақсот Қарабалиннің қарындасы Әсила Мұқанғалиева костюмді шығарып, көрсетіп жатыр. Ол бізге үйдің ішін көрсетіп, оқиғаға дейінгі отбасының өмірін еске алды.

Мақсот Қарабалиннің қарындасы Әсила Мұқанғалиева ағасының костюмін көрсетіп жатыр. Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Оның айтуынша, бұл бөлмеде Қарабалиндер демалып, теледидар көретін болған.

"Бұл бөлме екеуінікі болатын. Жеңгем өте ұқыпты, таза адам еді. Бұл үй ешқашан шашылып жатпайтын, бір түйір шаң болмайтын. Ол бәрін өзі реттеп, үйді үнемі әктеп отыратын. Біз оған "Әктей бергенді қойсаңшы" дейтінбіз, бірақ ол бәрібір тоқтамайтын. Айына екі рет бүкіл үйдің әгін жаңартатын. Соңында жиі әктемесін деп, ұлы Наурыз бүкіл үйге тұсқағаз жапсырып берді".

Содан кейін ас үйге бет алдық. Мұндағы тоңазытқышта Мақсоттың жұбайы Нәсіп Өтешқалиева дайындаған қолдың сары майы әлі күнге дейін сақтаулы тұр.

Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

"Қазір тоңазытқыш бос десе болады, - дейді туысы. - Бұрын ол үнемі толы болатын. Жеңгем қаймақ жасап, май шайқап, бәрін ұқыптап жинап қоятын. Мынау - оның өз қолымен жасаған майы".

Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Әсиланің айтуынша, Қарабалиндер таза еңбегі, мал шаруашылығы және зейнетақысымен күнелткен қарапайым орташа отбасы болған. Оның сөзінше, олар айналасына көмектесіп жүретін жуас, сабырлы жандар болған.

Қайғылы оқиға

Бұл отбасының басына мұндай трагедия қалай келгені тіпті таңғалдырады.

Олар жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. Туыстары олардың жоғалғаны туралы 2025 жылғы желтоқсанның аяғында хабарлады. Ол кезде олардың үйден шығып кеткені және содан бері қайда екені белгісіз екені айтылған болатын. Екі айға созылған белсенді іздеу жұмыстарынан кейін олардың зорлықпен өлтірілген денелері табылды. Бұл іс өңірдегі ең атышулы қылмыстардың біріне айналды.

18 мамырда Атырауда 29 жастағы Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты сот басталды. Ол - Мақсот пен Нәсіптің бұрынғы күйеу баласы, кіші қыздарының бұрынғы күйеуі және төрт адамды өлтірді деген басты айыпталушы.

Еске сала кетейік, 66 жастағы Мақсот Қарабалин мен оның 64 жастағы жұбайы Нәсіп Өтешқалиевадан бөлек, олардың тағы екі баласы өлтірілген:

35 жастағы қызы Мейрамгүл Қарабалина, 32 жастағы ұлы Наурыз Мұқанғалиев. Отбасының кіші қызы мен күйеу баласының оқиғасы

Отбасының туысы Әсила Мұқанғалиева Қарабалиндердің кіші қызы мен іс бойынша басты күдікті деп танылған бұрынғы күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиевтің қалай танысқанын айтып берді.

Ақбаян туған ауылында 11 сыныпты бітіріп, одан кейін Ақтөбеде "құқықтану" мамандығы бойынша бес жыл оқыған. Кейін Атырау облысының Миялы ауылында жарты жылдай хатшы болып жұмыс істеген.

Сол жақта - Сұлтан Сәрсемалиев, фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол. Оң жақта - Ақбаян Мұқанғалиева, отбасының жеке мұрағатынан алынған сурет

Кейінірек ол Атырауға көшіп, жәрмеңкеге жұмысқа орналасады. Ол жерде Сұлтан Сәрсемәлиевпен танысып, 2016 жылдың 20 мамырында оған тұрмысқа шыққан.

Туысының айтуынша, Ақбаян мен Сұлтанның үйлену тойы болмаған: күйеу жағы салтанатты шара өткізбеген. Сәрсемәлиев іс жүзінде қызды алып қашқан. Кейінірек оның туыстары Ақбаянның ата-анасына татуласу шайына келген.

Олар некеде көп жыл тұрды, бес баласы дүниеге келген: үш қыз және екі ұл, қазір олардың жасы тоғыз бен бір жарым аралығында.

Ажырасу және бәрін қайта бастауға тырысу

Келесі мәліметтер қылмыстық іс материалдарынан белгілі болды.

2022 жылдың жазында Ақбаян Мұқанғалиева үш баласымен күйеуінен кетіп, төркініне барады. Оның анасы Нәсіп қызының Махамбет ауданында қайын жұртында қалуына қарсы болып, олардың Атырауға көшіп, бөлек тұруын талап еткен. Сәрсемәлиев ата-анасын қалдырмайтынын айтып, бұған келіспеген.

Осы келіспеушіліктер аясында ерлі-зайыпты арасында жанжал туындап, содан кейін Ақбаян некені бұзу туралы сотқа арыз түсірген.

2022 жылғы 22 қарашада олар ресми түрде ажырасып, балалар анасымен қалған.

Ажырасқанына қарамастан, 2023 жылдың қаңтарында Сәрсемәлиев Атыраудағы Ақбаян жалдап тұрған пәтерге көшіп барады. Кейінірек олар тұрғылықты жерін ауыстырған. 2024 жылғы сәуірде Ақбаян бесінші баласына жүкті болады.

"Бір жағдайға, жанжалға байланысты олар шынымен де ажырасқан болатын. Кейін қайта қосылды. Бәрі реттеліп, одан әрі қалыпты өмір сүретін шығар деп ойладық. Бірақ бұл ұзаққа созылмады", - дейді туысы.

Ауру, кома және шетелдегі ем

2024 жылғы 10 тамызда олар төрт баласымен бірге Мұқанғалиеваның ата-анасына Жангелдин ауылына барады. Сол күні жүкті Ақбаянның денсаулығы сыр беріп, дәрігерлер оған пневмоторакс (плевра қуысына, яғни өкпе мен кеуде қабырғасы арасындағы кеңістікке ауа немесе газ жиналуы) диагнозын қояды. Оған ота жасалған.

Ота ауыр өтті: Ақбаян 20 күндей комада жатты. Осы кезеңде оның ата-анасы Сәрсемәлиевті қалаға, қыздарының жанына жібермей, балалармен бірге болуын талап еткен. Тергеу мәліметтері бойынша, бұл оның әйелінің туыстарына деген ренішіне себеп болған.

2024 жылдың қыркүйегінде ауруханадан шыққаннан кейін Ақбаянның жағдайы нашарлап, бойынан психикалық бұзылу белгілері байқала бастайды. 18 желтоқсанда ол бесінші баласын дүниеге әкеледі.

Осыдан кейін Сәрсемәлиев әйелін балаларымен бірге Махамбет ауданындағы ата-анасына жібереді. Іс материалдары бойынша, бұған оның балаларға тиісті күтім жасай алмауы себеп болған. Бұл жағдай Ақбаянның туыстарымен қайтадан қақтығысқа әкеліп, араздық өрши түскен.

Кейінірек отбасы Атыраудағы жалдамалы үйге көшеді. Тергеу мәліметтері бойынша, Ақбаянның денсаулығына байланысты Сәрсемәлиев бала күтіміне үнемі үлгере алмай, оларды уақытша ата-анасына жіберіп отырған, бұл да екі жақ арасында келіспеушілік тудырған.

Ақбаянның жағдайы нашарлап бара жатқанын түсінген ол әйелін шетелге апаруды ұйғарады. 2025 жылдың 28 ақпаны мен 7 наурызы аралығында олар Ақбаянның ағасы Наурыз Мұқанғалиевпен бірге Ыстамбұлда болып, ол жақта ем қабылдаған. Алайда емнен оң нәтиже болмаған.

"Жуас, үндемейтін жігіт"

Әсила Мұқанғалиева іс материалдарындағы ақпаратты өз естеліктерімен толықтырды. Оның айтуынша, Ақбаянның ата-анасы жастарға үнемі көмектесіп тұрған:

"Ағам мен жеңгем Ақбаянға шаруашылықтан ет, сүт, қаймақ сияқты азық-түлікті үнемі әкеліп тұратын. Бәрін өздері жинап, апарып беретін. Қажетті нәрсенің бәрімен толық қамтамасыз етті".

Әсиланың айтуынша, ол Сұлтан Сәрсемәлиевпен бірнеше рет қана кездескен. Алғаш рет - олардың үлкен қызы дүниеге келгеннен кейін, отбасылық жиында көрген.

"Бізді ол кезде жақсы қарсы алды, дастарқан жайып, шай беріп, ет асып, шығарып салды. Бірақ Сұлтан бізбен бірге дастарқан басында отырған жоқ. Үнемі бөлмеде қызының қасында болды, сыртқа шықпаған да сияқты. Шынын айтсам, Ақбаянға қонаққа барғанда Сұлтанды көрмейтін де едік".

Келесі жолы Әсила оны Ақбаян ауырып, ауруханадан үйге оралғанда көрген. Ол кезде Сәрсемәлиев ас үйде болған, әңгімеге араласпаған және туыстарымен мүлдем тілдеспеген.

Мінезі қандай деп сұрағанымызда, ол былай деді:

"Ол өте қарапайым, салмақты жігіт еді. Жуас болғаны соншалық, мұндай адамнан осындай нәрсе шығады деп тіпті ойламаппыз. Ол жалпы адамдармен көп сөйлесетін жан емес еді - тұйық, үндемейтін".

Сұлтан Сәрсемәлиев 2026 жылғы 18 мамырдағы сот отырысында сотталушылар орындығында. Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Тұтас бір отбасы бір пышақпен өлтірілген

Айыптау нұсқасы бойынша, Сұлтан Сәрсемәлиев барлық эпизодта өзімен бірге алып жүрген бір ғана ас үй пышағын қолданған. Бұл ретте, іс материалдарына сәйкес, кісі өлтіру оқиғалары әртүрлі күндері болған.

Алдымен отбасының ұлы Наурыз Мұқанғалиев, одан кейін оның ата-анасы, ең соңында олардың қызы Мейрамгүл Қарабалина өлтірілген.

Іздеу жарияланған бағыттамадағы фотосуреттер

Қарт ерлі-зайыпты өлтірілген жердің көрінісі

Қарабалиндер үйінің ауласында үлкен шаруашылық құрылысы орналасқан, ол қылмыстық іс материалдарында сарай ретінде көрсетілген.

Тергеу нұсқасы бойынша кісі өлімі болған шаруашылық құрылысы. Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Туыстарының айтуынша, бұл сарайды Мақсот Қарабалин ұлы Наурыз Мұқанғалиевпен бірге өздері салған.

Мұнда отбасы мүшелері үй шаруасымен айналысып, үлкен дастархан басында қонақ күтетін болған.

Қарабалиндер отбасы туыстарымен бірге шаруашылық құрылыста отырған сәті. Фотоны Tengrinews.kz редакциясына марқұмдардың туыстары ұсынды

Шаруашылық құрылысы екі бөлмеден тұрады. Біріншісінде газ плитасы, тоңазытқыш және үстелі бар асүй орналасқан.

Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Туыстарының сөзінше, қарт ерлі-зайыпты дәл осы жерде ет мүшелеп, тамақ әзірлеген және басқа да тұрмыстық шаруалармен айналысқан.

Сарайда әлі күнге дейін отбасының заттары тұр: беті газетпен жабылған ыдыс-аяқтар, ұн салынған қаптар. 

Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Екінші бөлмеде - төсектер, сервант және үстелдер.

Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Мұнда да әлі күнге дейін отбасы мүшелерінің жеке заттары: төсекжапқыштар, киімдер, ойыншықтар жатыр.

Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Тұғырда отағасы Мақсот Қарабалин мен оның қызы Мейрамгүлдің аяқ киімдері тұр.

Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Осы шаруашылық құрылысы ішінен Мақсот Қарабалин мен оның әйелі Нәсіп Өтешқалиеваның сүйегі табылды. Іс материалдары бойынша, еден астында күдікті қазған тереңдігі шамамен 1,3 метр болатын шұңқыр бар.

Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Тергеушінің айтуынша, алдымен Мақсот Қарабалиннің, содан кейін Нәсіп Өтешқалиеваның денесі табылған.

Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

"Бұл жерде әрдайым жарық еді"

Әсила Мұқанғалиева бұл жердің қасіретке дейін қандай болғанын қинала еске алады. Оның айтуынша, шаңырақтан береке үзілмейтін, үй іші адамға толы, жып-жылы болатын. Туыстар жиі бір дастархан басына жиналатын. Оның үстіне бұл үйдің есігі әрдайым ашық еді: мұнда шақырусыз-ақ келе беретін, қожайындар қонақтарды жайылған дастарханмен қарсы алып, ешқашан құр қол қайтармайтын.

Қаза болған ерлі-зайыптының көршісі Серікбай Ақмешіт Жангелдин ауылында Қарабалиндер отбасымен жылдар бойы көрші тұрған - олардың үйлері бір-бірінен екі-үш жер телімінен кейін орналасқан.

Оның айтуынша, қарт ерлі-зайыпты сабырлы әрі мейірімді жандар болған, ауылда мамыражай өмір сүріп жатқан.

"Ол жерде жақсы, мейірімді қарттар, зейнеткерлер тұратын. Зейнетақылары болды, өз шаруашылығын дөңгелетіп, мал ұстады - өздерін өздері асырап отырған жандар еді. Қарапайым, сабырлы адамдар, олар туралы жаман ештеңе айта алмайсың. Өз беттерінше тыныш өмір сүрді: мал бақты, сиыр сауды, шаруашылықпен айналысты".

Серікбай Ақмешіт, Қарабалиндердің көршісі. Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

"Өте ауыр жағдай. Бәрі қиындап кетті... бір отбасы жоқ болды, үйлері қаңырап бос қалды. Мұны қабылдау өте қиын. Біз есеңгіреп қалдық, қатты қорықтық", - дейді ер адам.

Қаза болған ерлі-зайыптының тағы бір көршісі Аманжол Абдуллин де Қарабалиндерді солай сипаттайды: тыныш өмір сүрді, ешкіммен жанжалдаспады.

Аманжол Абдуллин, Қарабалиндердің көршісі. Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Ол бұл хабар ауыл тұрғындары үшін үлкен соққы болғанын айтады:

"Бұл оқиғаның олардың үйінде және сарайында болғанын естігенде, қатты қорықтық. Он шақты күн бойы тіпті жайбарақат ұйықтай алмадық. Олар жуас адамдар еді, зейнетақылары бар болатын, еңбек етті, шаруамен айналысты. Ешкімге зияны тимеген, адал өмір сүрген жандар".

Отбасының туысы Әсила Мұқанғалиева ерлі-зайыптының балалары - Наурыз бен Мейрамгүлді де еске алады. Ол сотта айтылған сөздерге сенбейді.

"Наурыз төбелесті бірінші бастады немесе ашулы болды дегенге сенбеймін. Оның мінезі ондай емес еді".

Әйел оны ашық, еңбекқор және өте көпшіл адам ретінде сипаттайды. Наурыздың өз шайханасы болғанын, ол жерге жиі жақындарын шақыратынын, бірақ тек мекемедегі кездесулермен шектелмей, туыстарының үйіне де барып тұратынын айтады. Ол тәттіні жақсы көретін, сондықтан әрдайым вафли, кәмпит сияқты тәттілерін ала келетін.

Ал Мейрамгүлді Әсила Мұқанғалиева салмақты, сабырлы және эмоцияға берілмейтін жан ретінде сипаттайды. Оның өте қарапайым әрі қанағатшыл болғанын айтады: оған үйінде жайлы болса, тамағы мен шай ішіп отыратын мүмкіндігі болса жеткілікті еді.

Әпкесі мен інісі қай жерде өлтірілген?

Қарабалиндер отбасының мүшелері әртүрлі уақытта өлтірілген. Наурыз Мұқанғалиев - бір жылдан аса уақыт бұрын, 2025 жылдың 14 мамырында, Атырау түбіндегі Геолог мөлтек ауданындағы жалдамалы үйде.

Сол жақта - Наурыз Мұқанғалиев, оң жақта - Мейрамгүл Қарабалина. Отбасы архивінен алынған фото

Отбасы жалдап тұрған үй облыс орталығынан шамамен 20 минуттық жерде орналасқан. Мұнда Сәрсемалиев бұрынғы әйелі Ақбаян Мұқанғалиевамен және балаларымен бірге тұрған.

Сәрсемалиев әйелімен және балаларымен тұрған жалдамалы үй. Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Тергеу мәліметтері бойынша, сол күні Наурыз осы үйде болған, олардың арасында жанжал шығып, Сәрсемалиев ас үй пышағын алып, қайын інісінің іш тұсына бірнеше рет соққы жасаған. Алған жарақаттарынан Наурыз оқиға орнында көз жұмған.

Бұдан кейін, іс материалдарына сәйкес, мәйіт осы үйдің ауласындағы іргетас қасынан алдын ала қазылған шұңқырға көмілген.

Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Кейінірек осы жерге Наурыздың әпкесі - Мейрамгүл Қарабалинаның да денесі жасырылған.

Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Айта кететін жайт, Мейрамгүл жарты жыл өткен соң, 2025 жылдың 6 қарашасында өлтірілген. Сол күні ол да сіңілісі мен күйеу баласының үйінде қонақта болған.

Тергеу нұсқасы бойынша, Сәрсемалиев тоңазытқыштың үстінен ас үй пышағын алған. Бұл қару бұған дейін басқа да эпизодтарда қолданылуы мүмкін екені айтылған. Іс материалдарына сәйкес, ол әйелдің кеуде, арқа және іш тұсына бірнеше рет пышақ салған. Мейрамгүл құлаған кезде де ол соққы жасауды тоқтатпаған. Осыдан кейін мәйіт кілемге оралып, көмілген.

Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Сұлтан мен Ақбаян тұрған бұл үй екі отбасына арналған. Қазір терезеден қарасаңыз, үйде әлі де адам тұратындай әсер қалдырады: іште балалардың киімдері, төсек және тұрмыстық заттар жатыр.

Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Бірақ бізге ішке кірудің сәті түспеді - есік жабық. Көршілердің айтуынша, үйде көптен бері ешкім көрінбеген.

Осыған орай мөлтек аудан тұрғындарының бірі Маралбек Сатыбалдиев ешқандай күдікті жағдайды байқамағанын айтады. Оның сөзінше, отбасы сырттан келген, үйді жалдап тұрған, сондықтан ешкіммен де араласпаған.

Геолог мөлтек ауданының тұрғыны Маралбек Сатыбалдиев. Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Басқа жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар бұл үйге адамдардың қашан және қалай көшіп келгенін немесе кеткенін көрмеген, бұған мән бермеген. Оқиға туралы тек жаңалықтардан білген.

Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

"Атыраулық Шерлок"

Оқиғаның осы айтылған барлық мән-жайын желіде "атыраулық Шерлок" деген атпен танымал аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші Темірхан Хажмұратов анықтаған.

Аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші Темірхан Хажмұратов. Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Соңғы бір жылда ол қоғамда үлкен резонанс тудырған төрт істі ашқан. Оның ішінде: Құлсарыдағы 7 жасар қызды зорлау және өлтіру ісі, NCOC мұнай компаниясының бөлім бастығын өлтіру және 23 жастағы Яна Легкодимованың өлімі бойынша іс.

Тергеуші Сәрсемалиевтің іс-әрекеттері келесі баптар бойынша сараланғанын түсіндірді: бөтеннің мүлкін ұрлау, сенімді теріс пайдалану арқылы жымқыру, құжаттарды заңсыз иемдену, ерекше қатігездікпен адам өлтіру және бірнеше адамды өлтіру.

Қарабалиндер отбасының бұрынғы күйеу баласына 13 эпизод бойынша айып тағылып отыр. Қылмыстық іс материалдары 15 том болған.

Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Ал Сәрсемалиевтің ісін судья Зарема Хамидуллина қарап жатыр - дәл осы судья былтыр күзде Яна Легкодимованың өліміне күдіктілерге өмір бойына бас бостандығынан айыру үкімін шығарған болатын.

Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Отбасының кенже қызы Ақбаян Мұқанғалиева қазір қайда?

Тергеу нұсқасы бойынша, күдіктінің бұрынғы жұбайы әрі отбасының кенже қызы Ақбаян Мұқанғалиеваның ата-анасы мен аға-әпкесінің өліміне қатысы жоқ. Дегенмен, ол қылмыс туралы хабарламау дерегі бойынша қылмыстық істе күдікті мәртебесінде.

Тергеуші Хажмұратовтың мәліметінше, ол бойынша түпкілікті процестік шешім кешенді сот психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысы алынғаннан кейін қабылданады.

Ақбаян Мұқанғалиева. Бұған дейін жарияланған ІІМ видеосынан үзінді

Қазіргі уақытта Ақбаян Атыраудағы Психикалық денсаулық орталығында жатыр. Туысы Әсила Мұқанғалиеваның айтуынша, оларға онымен көрісудің сәті түспей жүр.

"Біз оны әлі көрмедік. Тек барамыз, азық-түлік тастап, бірден қайтамыз. Оның жағдайы қандай екенін білмейміз", - дейді ол.

Бірақ мекеме қызметкерлерінің сөзіне сүйене отырып, әйел Ақбаян өз отбасымен не болғанын түсінбеуі мүмкін екенін айтады:

"Одан сұрағанда, ол ата-анасы бар екенін, оларды сағынғанын және соларға барғысы келетінін айтқан. Ал оған тамақ беріп, оны ағаң әкелді дегенде, қызметкерлердің айтуынша, ол: "Мұны менің ағам Наурыз әкелді" деп жауап беріпті".

Сұлтан Сәрсемалиев пен Ақбаян Мұқанғалиеваның бес баласы, тергеушінің айтуынша, қазір мемлекет қамқорлығында. Бұған дейін олардың үшеуі балалар үйінде болған. Әсиланың айтуынша, ол балаларға бірнеше рет барып, киім-кешек пен азық-түлік апарып тұрған. Алғаш барғанда шектеу болмаған, бірақ кейінірек, оның айтуынша, балаларға кіруге тыйым салынған. Туыстарына арнайы рұқсатсыз көрісу мүмкін емес екені хабарланған.

"Үйде өткен соңғы туған күн"

Отбасының туысы Әсила Мұқанғалиева 2022 жылы атап өтілген Мақсот Қарабалиннің 63 жасқа толған туған күнін ерекше жылумен еске алады.

Оның айтуынша, мерекеге алдын ала дайындалып, оны ерекше жылы әрі есте қаларлықтай өткізуді жоспарлаған.

Қарабалиндер отбасы. Фотоны Tengrinews.kz редакциясына қаза болғандардың туыстары берді

Әсиланың айтуынша, отбасының кенже қызы Ақбаян ата-анасына арнап ән айтпақ болған, ал басқа туыстары өлең жаттап, құттықтаулар жазған.

Мереке дәмханада өтіп, бәрі бірге әрі бақытты болған ең жылы отбасылық кештердің бірі ретінде есте қалған.

Қазір, Әсила Мұқанғалиеваның айтуынша, бұл күн мүлдем басқаша қабылданады.

"Қазір бұл олардың бізбен соңғы қоштасуы болғандай көрінеді - сол кезде олар сондай қуанышты, бақытты еді. Бәрі осылай болып кеткеніне сену қиын".

Қарабалиндер отбасы қай жерде жерленген

Қарабалиндер отбасының төрт мүшесі де Атырау облысының Жангелдин ауылындағы бір зиратта жерленген.

Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Қаңтарда отағасы - 66 жастағы Мақсот Қарабалин мен оның жұбайы, 64 жастағы Нәсіп Өтешқалиева жерленді.

Кейінірек, 11 наурызда Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаны жерлеу рәсімі өтті.

Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Зират басына Мақсот Қарабалиннің туған қарындасы Фаризат Кенжеғалиевамен бірге келдік. Ол көзіне жас алып былай деді:

"Біз сот шешімін күтіп жүрміз. Бірақ ол қандай болса да, ағам мен оның отбасы енді жоқ. Бұл - орны толмас қаза..."

Мәтінді дайындаған Аружан Дәрібай

Аударған: Дина Шәріпхан

Фото: Әлімжан Аманжол

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:47
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Мамыр 2026 09:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қарағандыда көлік студент қызды қағып кетті: Бойжеткен оқиға орнында көз жұмды

25 Мамыр 2026 11:14see179

Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты: Қазақстан топтық көпсайыста қола жүлдеге ие болды

25 Мамыр 2026 18:30see161

Петропавлда ағашқа өрмелеп шыққан ер адам өздігінен түсе алмай құқарушылардың көмегіне жүгінді

25 Мамыр 2026 12:14see123

Зеленский Ресейдің жауап соққысынан кейін Батысқа үндеу жасады

24 Мамыр 2026 19:34see117

Тастап кетпейсіз бе? : бір ауыз сөзімен елді елжіреткен Айсұлтан жайлы анасы айтып берді

24 Мамыр 2026 16:44see115

Атырау мен Маңғыстау тұрғындары: Мұнайдың пайдасы бар, бірақ экология мен денсаулыққа зияны басым

25 Мамыр 2026 15:54see114

Пәкістанда жанкешті пойызды жарып жіберді, кемінде 20 адам қаза болды

24 Мамыр 2026 18:45see114

Қарағандыда алаяқ бір біріне жақын тұратын зейнеткерлерді алдап кеткен

24 Мамыр 2026 20:11see113

Қазақстандықтар Алматыда жиі концерт өткізетін ресейлік әншіге бойкот жариялады

25 Мамыр 2026 15:49see113

Эбола вирусына қарсы вакцина дайындалып жатыр

24 Мамыр 2026 11:25see112

Алматыда жаңа қозғалыс схемалары сыналуда: қала көшелерінде не өзгереді

25 Мамыр 2026 09:41see112

Астанадағы аптап ыстық пен Алматыдағы нөсер жаңбыр 26 28 мамырға арналған болжам

25 Мамыр 2026 14:48see112

Құнды қазынаның жоқшысы

25 Мамыр 2026 09:56see111

Алаяқтар жасөспірімдердің аккаунтын өз мақсаттарына пайдаланады: министрлік ескерту жасады

25 Мамыр 2026 09:38see111

Денесіне 1 келі есірткі жасырған: Қазақстанға апиын өткізбек болған шетелдік ұсталды

25 Мамыр 2026 12:33see111

Атырау облысында сумен қамтудың маңызды нысаны жөндеуден өтті

25 Мамыр 2026 18:16see111

Астанада ерекше қажеттілігі бар оқушыны қатарластары соққыға жыққан

25 Мамыр 2026 10:34see111

Әділетмин: Газпром және Нафтогаз ісі бойынша АХҚО сотының шешімі Қазақстан аумағында орындалмайды

25 Мамыр 2026 11:59see111

Алабай 45 қойды жарып кетті фермер ветқызметтен миллиондаған теңге өндіріп алды

25 Мамыр 2026 11:48see111

Саясаткерлер халыққа қызмет етуді ойлауы керек : Мажарстанда шенеуніктердің айлығы екі есе қысқармақ

25 Мамыр 2026 09:57see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары