Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

Теңге қалай басылады: банкнот фабрикасынан эксклюзивті репортаж

Теңге қалай басылады: банкнот фабрикасынан эксклюзивті репортаж

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Отыз жылдың ішінде теңге әлемдегі ең әсем, қорғанысы мықты әрі көпшілікке танымал валюталардың біріне айналды. «Saka Style» атты жаңа серия халықаралық сыйлыққа да ие болды. Ал 10 000 теңгелік қағаз ақша High Security Printing нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік банкнота атанды.

Цифрлық технологиялар қарқынды дамып, электрондық төлемдер кеңінен қолданыла бастаса та, қолма-қол ақша ұстайтындар да аз емес. Сондықтан ақшаны қорғау мен жалған қағаз ақшамен күресу әлі де өзекті мәселе. Ұлттық банктың мәліметінше, бір миллион купюраға шаққанда жасанды ақша саны біреуден де аз.

Фото: Видеодан алынған скрин

– Әр банкнот номиналының өз қорғаныс элементтері бар. Номиналы жоғарылаған сайын қорғаныс деңгейлері де күрделене береді. Біз оларды үш деңгейге бөлеміз. Бірінші деңгей – қарапайым. Яғни адам банкнотты арнайы құралдарсыз, тек көзбен қарап, түпнұсқа екеніг анықтай алады. Мысалы, банкнотты жарыққа қаратқанда арнайы таңба көрінеді. Банкнотты әртүрлі бұрыштан қарағанда жіптің түсі өзгереді, ал суреттер әр бұрыштан әртүрлі көрінеді. Кейбір қорғаныс элементтері банкнотты басып шығару кезінде енгізіледі, яғни арнайы басып шығару әдістері арқылы жасалады, - дейді ҚР Ұлттық банкі банкнот фабрикасының бас директоры Жомарт Қажымұратов.

Екінші деңгейде де ультракүлгін сәулесі немесе инфрақызыл жарық секілді қарапайым құралдар қолданылады. Арнайы карталар арқылы жіптегі бейненің өзгерісін көруге болады. Мысалы, супермаркеттегі кассирлер банкноттағы UV элементтердің бар-жоғын тексеретін құралдарды пайдаланады.

– Үшінші деңгей – бұл эксперттік-криминалистикалық деңгей. Мысалы, бір қалта күлдің арасына банкнот болды ма, жоқ па, соны анықтай аламыз. Сондай-ақ бұл қорғаныс деңгейі ақшаны өңдеу кезінде қолданылады. Егер бірнеше банкнотты әмиян ішінде тексеру керек болса, оны бір сәтте жасауға болады. Ал күнделікті тоннаға немесе бір жарым тоннаға дейін ақша өңделетін болса, әр банкнотты арнайы ірі сұрыптағыштар тексереді. Олар қағаздың сапасын, жіптің түстерін және арнайы құрылғылар арқылы тексерілетін белгілерді анықтайды, - деп қосты Қажымұратов.

Жаңа «Saka Style» сериясындағы банкноттар қорғаныс стандарттарын жаңа деңгейге көтерді. Серия аты – «Saka Style», себебі дизайнде сақ дәуірінің көркем ою-өрнектері қолданылған. Банкноттардың бейнесінде өмір ағашы, самғаған бүркіт, шексіздіктің символы ретінде ДНҚ спиралі сияқты көріністер бар. Ал келесі бетінде жануарлар, қар барысы және табиғи мотивтер бейнеленген. Сондай-ақ Заилий Алатауының таулары және символдық қалқан-оюлар көрсетілген. Серияның дизайны жәй ғана жаңартылмаған. Онда ұлттық болмыс, табиғат, тарих және мәдени мұраны визуалды символдар арқылы терең бейнелейді. Жаңа теңгелерде жарқын дизайнмен қатар, қолмен сипағанда сезілетін бүдірлі элементтер де бар.

«Saka Style» сериясындағы банкноттардың өлшемі де өзгерді. Биіктігі бұрынғыдай қалғанымен, ұзындығы номиналына қарай ұлғая береді. Енді бұл банкноттарды қолдану бұрынғыдан да ыңғайлы болмақ. Сонымен қатар өндірісті тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. Осы әдемі және сенімді банкноттарды шығару үшін ең заманауи жабдықтар қолданылады. Банкнот фабрикасының бас инженері Андрей Шевченко осы жылы жаңартылған жабдықтың мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Фото: видеодан алынған скрин

— Бұл жабдық банкноттарды жеке-жеке сұрыптау үшін арналған. Машина банкнотты алады да, оны арнайы тексеру құрылғысынан өткізеді. Содан кейін банкноттағы бейнені және мәліметтерді салыстырып, сәйкестігін тексереді. Егер банкнот қандай да бір параметр бойынша талапқа сай келмесе, алынып тасталады. Сұрыптау машинасы сапасы мен арнайы тексерілетін белгілері бойынша талапқа сай келмейтін банкноттарды айналымға шығармайды. Машина түсінбей қалған банкноттар арнайы қалтаға түседі. Егер банкнота қандай да бір параметр сәйкес келмесе, ол әлгі қалтаға түсіп, кейін қайта өңделуі мүмкін. Ал параметрлерге мүлде сай келмейтін банкноттар дереу жойылады. Олар миллимерден де кішкентай майда бөлшектерге ұсақталады. Сапалы банкноттар бірден орау процесінен өтеді. Оларға белгі жапсырылып, қапталғаннан кейін дайын болады, - деді Андрей Шевченко.

Банкнот машинаға кірген сәттен бастап шыққан уақытқа дейін ешбір қызметкер оған қол тигізбейді. Теңге басатын машинаның ең жоғары жылдамдығы – секундына 44 банкнот. Бір ауысымда шамамен миллион банкнот шығара аламыз, деді банкнот фабрикасының бас инженері Андрей Шевченко.

Бір ауысымда шығарылған миллион банкноттың әрқайсысы бірнеше деңгейлі сапа тексеруінен өтеді. Банкноттарда 10-нан астам қорғаныс элементтері бар: арнайы таңбалар, микробаспа мер оптикалық белгілер. Сондықтан бұл банкноттардың жалған түрін жасау өте қиын.

Сот сараптамалары орталығының Институтында нақты теңге мен жалған банкноттардың айырмашылығын жақсы біледі. Сапалы жасалған жалған банкноттарды қарапайым адам шынайы ақша деп қабылдауы мүмкін. Оны жылдам тексерудің жолы банкнотты қолмен сипап, қағазының тығыздығын анықтау, оны жарыққа ұстап қарап шығу, арнайы таңбасын және қорғаныс жібінің бар-жоғын тексеру. Қалған барлық мәліметтерді Астанадағы Сот сараптамалары орталығының бас сарапшысы Анара Жалғабекова айтып берді.

– Шын теңге ерекше дыбыс шығарады. Бұл ерекше шиқыл қағаздың жоғары сапасының белгісі. Банкноттардың арғы беті жарқырайды және динамикалық эффектісі бар. Суреттердің орны өзгеріп көрінеді. Шынайы теңге тығыз болады әрі ультракүлгін сәулеге жалған банкноттан өзгеше әсер береді. «Saka Style» жаңа дизайндары ең соңғы қорғаныс элементтерімен жабдықталған. Екі түсті микроталшық, микробаспа жіп, банкнотты еңкейткенде діріл әсерін береді. Жаңа сериядағы 10 000 теңгелік банкнотта алтын түсті бедерлеу бар. Қазақстан елтаңбасы арнайы бояумен бейнеленген. Теңге жасалатын қағаздың сапасы өте жоғары екенін атап өткен жөн. Сондай-ақ нашар көретіндерге арналған элементтер де бар. Жалпы, бұл серия қорғаныс стандарттарын жаңа деңгейге көтеріп, визуалды және қолмен сезілетін элементтерді біріктірген, сондықтан жалған банкнот жасау өте қиын, - дейді ол.

Сарапшы Анара Жалғабекованың теңгемен жұмыс істеп жүргеніне 32 жыл толды. Ол аралықта 2 000 және 10 000 теңгелік банкноттардың жалған түрі жиі жасалатынын байқаған. Бір кездері 10 000 теңгелік банкноттардың жалған түрі көбейіп кеткен. Ал 2 000 теңгелік банкноттардың жағдайы ерекше: жалған ақша жасаушылар банкнотты екіге бөліп, екінші бөлігін қолдан жасаған. Мұны не үшін жасағанын Сот сараптамалары орталығының Институтының бас сарапшысы осылай түсіндірді.

Фото: видеодан алынған скрин

– Мүмкін, осылайша бір 2 000 теңгелік банкноттан 4 000 теңге жасап, мүмкіндігінше көп жалған ақша сатуға тырысқан болар. Жалпы, менің ойымша, теңгенің сапасын үнемі жақсарту қажет. Және біздің мемлекет дәл солай істеп жатыр. Дизайн мен қорғаныс элементтерін үнемі жаңартып отыру қажет, өйткені алаяқтар тынбайды, — деді ол.

Фото: видеодан алынған скрин

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, миллион шынайы банкнотқа шаққанда тек 0,5 банкнот қана жалған болады. Қазіргі уақытта айналымда 6 номиналды банкнот бар. Жақында 500 теңгелік банкнот жаңа дизайнда шығарылмақ, ал 2026 жылы 20 000 теңгелік банкнот ең соңғы қорғаныс технологияларымен дайындалады. Бұл ең үлкен номинал болғандықтан, онда 20-дан астам қорғаныс деңгейі болады. Бизнес пен халық үшін қолма-қол ақша төлем жүйесінің маңызды бөлігі болып қала бермек. Ал жаңартылған дизайн мен қорғаныс банкноттарға деген сенімділікті арттырады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:115
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қараша 2025 01:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see149

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see147

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see145

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see143

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see130

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see127

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see127

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see127

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see126

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see125

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see125

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see121

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see119

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see119

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see118

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see117

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see116

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see116

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see116

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

29 Тамыз 2026 21:13see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары