Халықаралық сарапшылар: Құрылтай сайлауы Қазақстанның болашағы үшін маңызды қадам
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Азия бойынша Италия институтының (ISIA) Бас хатшысы Доменико Палмиери Қазақстандағы сайлауды бақылауға қатысу тәжірибесі жайлы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Техникалық ұйымдастыру тұрғысынан бүгін таңертең дауыс беру мінсіз өтті. Адамдар өз таңдауын жасауға ниетті екенін көрсетті. Әрине, бүгін – Қазақстан азаматтары үшін маңызды күндердің бірі. Бұл – 1 шілдеде күшіне енген жаңа Конституцияны іске асыру жолындағы алғашқы қадам. Бұл Қазақстанның болашағы үшін өте маңызды қадам деп ойлаймын», – деді спикер Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында.
Ал Германияның Berliner Zeitung басылымының геосаясат бөлімінің басшысы Николас Бутылин Қазақстанға бұған дейін бірнеше рет келгенін, алайда сайлауға алғаш рет байқаушы ретінде қатысып отырғанын айтты.
«Меніңше, бұл – Қазақстанның даму жолындағы жаңа қадам. Адамдар қуана келіп жатыр, позитивті нарративті байқауға болады», – деді спикер.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:89
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Тамыз 2026 19:18 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















