Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Халықаралық сарапшылар Қазақстанның конституциялық реформасын талқылады

Халықаралық сарапшылар Қазақстанның конституциялық реформасын талқылады

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

2026 жылдың 17 наурызы күні қазақстандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен «Қазақстанның жаңа конституциялық моделі: орнықты әрі заманауи мемлекет жолында» атты халықаралық сараптамалық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) мен Maqsut Narikbayev University (MNU) бірлесіп ұйымдастырды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кездесу барысында елдегі саяси және институционалдық трансформацияның негізгі бағыттарына арналған талдамалық баяндама таныстырылды. Құжатта конституциялық реформаның логикасы, оның институционалдық параметрлері, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері және Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының құндылықтық бағдарлары талданады.

Баяндаманың авторлары саяси және институционалдық жаңғырту жағдайында Қазақстанның конституциялық моделінің даму келешегіне қатысты өз көзқарастарын ұсынды. Баяндаманың тең авторлары ретінде бірқатар қазақстандық және шетелдік сарапшылар: халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Альберто Туркстра; Грузияның бұрынғы сыртқы істер министрінің орынбасары, Төтенше және Өкілетті Елші Давид Апциаури; Халықаралық салықтар және инвестициялар орталығының Энергетика, өсім және қауіпсіздік бағдарламасы директорының орынбасары Уэсли Александр Хилл (АҚШ); Орталық Азия бойынша сарапшы, Нархоз университетінің профессоры Андрей Казанцев; «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығы қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова, ҚСЗИ-дің өңірлермен жұмыс жөніндегі бөлімінің жетекшісі Әмина Үрпекова және басқа да сарапшылар қатысты.

Шараның модераторы ретінде Maqsut Narikbayev University университетінің басқарма төрағасының ғылым, инновациялар және жасанды интеллект жөніндегі орынбасары Сергей Пен алғысөз сөйледі. Өзінің алғысөзінде ол конституциялық реформаның басқару жүйесін нығайтуға, саяси жүйені жаңғыртуға және мемлекеттік институттарды дамудың жаңа сын-қатерлеріне бейімдеуге бағытталған институционалдық өзгерістерді бекітетінін атап өтті.

Баяндаманы таныстыра отырып, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов конституциялық реформаның елдегі саяси және институционалдық трансформацияның кең ауқымды үдерісінің бір бөлігі екеніне тоқталды.

«Қазақстан дамудың жаңа – сандық өсімнен сапалы дамуға көшу кезеңіне қадам басып отыр. Бұл кезеңді қамтамасыз ету үшін неғұрлым мықты әрі бейімделгіш институттар қажет», – деді Ж. Шаймарданов.

Реформаның институционалдық аспектілері туралы айта отырып, Альберто Туркстра бұл өзгерістер тек жекелеген институционалдық өзгерістермен шектелмейтініне тоқталып өтті. Оның айтуынша, реформа мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға және сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған кеңірек шеңберді қалыптастырады.

«Реформа екі мақсатты көздейді: мемлекеттің жұмыс істеу тиімділігін арттыру және конституциялық жүйеде азаматтардың орталық рөлін нығайту», – деп атап өтті сарапшы.

Өз сөзінде Қарлыгаш Жаманқұлова Қазақстандағы конституциялық реформа адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтіп, цифрлық дәуірдің сын-қатерлерін ескеретін адамға бағдарланған құқықтық жүйені қалыптастыратынын атап өтті.

«Заманауи конституциялық жүйелер цифрлық дәуірдің сын-қатерлерін ескеріп, технологиялық прогрестің адамның негізгі құқықтарына нұқсан келтірмеуін қамтамасыз етуі тиіс», – деген пікір білдірді Қ. Жаманқұлова.

Әмина Үрпекова конституциялық реформаны қоғамдық қабылдауға арналған әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелерін таныстырды.

«Жалпы алғанда, деректер азаматтарды абстрактілі институционалдық құрылымдардан гөрі, күнделікті өмірге маңызы бар, ықпал ететін реформаның нақты ережелері көбірек қызықтыратынын көрсетеді», – деді Ә. Үрпекова.

Давид Апциаури конституциялық референдумдардың халықаралық тәжірибесіне салыстырмалы талдау жасады.

«Қазақстан негізгі институционалдық реформалар азаматтардың тікелей қатысуы арқылы бекітілетін жаһандық үрдістерді ұстанып отыр», – деді Давид Апциаури.

Ал Уэсли Александр Хилл конституциялық реформаларды бағалау барысында халықаралық сарапшылар әдетте бірнеше негізгі факторларға: өзгерістерді дайындаудың инклюзивтілігі, референдум өткізудің нормативтік-құқықтық базасы, медиаорта және реформалардың жалпы саяси контекстіне назар аударатынын айтты.

«Конституция қайта қаралған кезде, қоғам іс жүзінде мемлекеттік биліктің архитектурасын – өкілеттіктердің бөлінуін, институттардың жұмыс істеуін және мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастарды қайта пайымдайды», – деп атап өтті Хилл.

Өз сөзінде Андрей Казанцев Қазақстандағы конституциялық реформа елдің өнімділіктің өсуіне, технологиялық жаңғыртуға және адами капиталды нығайтуға негізделген жаңа даму моделіне көшуін көрсететінін атап өтті.

«Қазақстан біртіндеп негізінен сандық экономикалық өсімге бағытталған модельден өнімділіктің артуына, технологиялық жаңғыртуға және адами капиталды нығайтуға негізделген сапалы даму моделіне көшіп келеді», – деген ойымен бөлісті сарапшы.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар ұсынылған талдамалық баяндама бойынша пікір алмасты. Сарапшылар конституциялық реформаны халықаралық сарапшылық қауымдастық аясында одан әрі талқылау Қазақстандағы саяси және институционалдық жаңғырту үдерістерін тереңірек түсінуге ықпал ететініні туралы ойларымен бөлісті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:173
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Наурыз 2026 17:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары