Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Энергетик ішемін деп денсаулығымды құрттым: Алматыда науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы өзінің қай рудан шыққанын айтты

Алматыда энергетикалық сусыннан жүрек ауруына шалдыққан науқасқа ота жасалды

Egov Chatgpt сияқты жұмыс істейді

Алатау қаласына арнайы мәртебе берілмек

Севоран препаратын қолдану мәселесі қайта қарала ма ДСМ жауабы

Зеленский Трамппен жақын арада кездесетінін мәлімдеді

Қазақстандық Аян Тұрсын чемпиондық титул үшін жапониялық спортшымен жекпе жек өткізеді

Үкіметте балалардың құқығы мен қауіпсіздігіне қатысты мәселе көтерілді

Доллар бағамы бірнеше күннен бері құбылып тұр

Украина келесі жылы АҚШ тан 400 млн доллар ғана әскери көмек алады

Президент ерекше күтімді қажет ететін балалар мәселесіне назар аударды

Арменияда шіркеу арнасын көрсеткен телерадиокомпания таратылды

Елордада балалар әкім шыршасына қатысты

Маң дала, маңғаз мекен

Биыл магниттік дауылды күндер саны рекорд жаңартты

Алматыға ұшып шыққан Air Astana ұшағы Фукуокқа оралуға мәжбүр болды

Астанада тіркеуге тұруға шектеу қойылды

Ұжымдық тұзақ: TikTok пен Instagram нан неге шыға алмай жүрміз?

Риддер қаласында көпсалалы аурухана кешенінің құрылысы аяқталды

Дархан Ахмед Заки: Президент реформасы жоғары білімге тың серпін береді

Дархан Ахмед Заки: Президент реформасы жоғары білімге тың серпін береді

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Білім мен ғылым мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айқындауда үлкен маңызға ие. Сондықтан еліміз осы салаға айрықша көңіл бөліп отыр. Кейінгі жылдары Мемлекет басшысының бастамасымен осы бағытта кешенді реформалар жүзеге асып жатыр. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің басқарма төрағасы-ректоры Дархан Ахмед-Закимен ғылым, жоғары білім саласының дамуы жөнінде әңгіме өрбіттік.

– Дархан Жұмақанұлы, қазір университетте білім берумен қатар тұлғалық дамуға ықпал ететін қандай жүйелі өзге­рістер жүзеге асып жатыр? Жал­пы, жоғары оқу орындары қолданбалы дағдыларды мең­герту мен жүйелі ойлауды қалыптастырудың қайсысын көбірек назарға алуға тиіс?

– Мемле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбе­гейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында: «Еліміз білім экономикасына көшіп жатыр. Сондықтан ғылым, білім және инновация саласын басқару тәсілдерін өзара байланыстыру өте маңызды» деді. Президент айтқандай, жоғары білімнің стратегиялық мақсаты – бүгінгі заманға бейімделген, қазіргі сынақтарға төтеп бере алатын сапалы ұрпақ қалыптастыру. Сонымен қатар ғылым мен жоға­ры білім еліміздің әрі қарайғы серпілісінің қозғаушы күшіне айналуы керек.

Ұлы Абай айтқан «ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстайтын» білімді буынды қалыптастыру игі­лікті іс болмақ. Бұл сөзсіз уни­вер­ситеттердің негізгі миссиясы. Отандық жоғары оқу орындарын – «келешектің фабрикасы» деуге болады. Университетте оқумен қоса зерттеу жұмыстарына, жастардың әлеуметтік дамуына көп көңіл бөлінеді.

Ең бастысы, жастарға зерттеу әдістерін көп үйрету керек деп сана­й­­мын. Өйткені алған білімді дұрыс пайдаланып, күнделікті келген ақпаратты өңдеп, өзіне керекті жаңаша шешімге қол жеткізу үшін адам­да аналитикалық ойлау қабі­леті мықты болуы қажет. Біздің уни­верситет осы бағытта «ROS – research oriented study» методоло­гиясын пайдаланады. Яғни студент әр пән шеңберінде зерттеу әдістерін меңгеріп, нақты қолданып көреді.

– Елімізде бірнеше жетекші шетелдік университеттің фи­­лиалы ашылды. Сіздің ойыңыз­ша, бұл өзгеріс ұлттық білім беру жүйесін түбегейлі жаң­ғыр­та ала ма? Әлде тек шек­теулі студенттер тобына ар­нал­­­ған элиталы оқу орны сияқ­ты бола ма?

– Қазір Президент тап­сырмасына сай елімізде жетек­ші шетелдік универ­ситеттер­дің 33 филиалы ашылып, қар­қынды жұмыс істеп келе­ді. Тек осы жылдың өзінде «Cardiff», «Coventry», «Woosong» және «Anhalt» университеттерін қос­қанда 9 жаңа кампус пайда­лануға берілді. Мұндай реформа таланттарды сыртқа жібер­меудің бір амалы, сондай-ақ бәсекеге қабілетті адам капиталын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Әрі жас ұр­паққа шетелге шықпай-ақ білім­нің жаһандық стандарттарына қол жеткізуге жағдай жасайды. Сөзіміздің дәлелі, биыл сәуірде Arizona State University (АҚШ) уни­верситетімен біздің оқу ордамыз стратегиялық серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойды.

Arizona State University (ASU) — АҚШ-тағы ең ірі және беделді жоғары оқу орындарының бірі. Университет Аризона штатының Темпе қаласында орналасқан және 1885 жылы негізі қаланған. ASU инновацияларға, зерттеулерге және студенттердің жан-жақты дамуына үлкен көңіл бөледі. Оқу ордасы АҚШ-тағы ең үздік оқу орындарының қатарына кіреді және әлемнің түкпір-түкпірінен келген мыңдаған студентті қа­былдайды.

Arizona State University-дің Әуезов университетінде филиалын ашу Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрлігінің жоғары білім берудегі халық­ара­лық ынтымақтастық пен академия­лық озықтықты арттыру бастамасы аясында іске асып жатыр. Екі жо­ғары оқу орны арасындағы әріптестік осы жылдың сәуір айында уни­верситеттік делегацияның Ари­зонаға ресми сапары кезінде өзара меморандумға қол қоюдан басталды. Бұл ынтымақтастық жаһандық академиялық әріптес­тікті кеңейте түседі. Меніңше, еліміздің білім беру жүйесіндегі инновацияны дамытудың маңыз­ды қадамы саналады.

– Бүгінде елімізде 35 мың­нан астам шетелдік студент білім алып жатыр. 2029 жылға қарай олардың саны 100 мың­ға жетпек. Бұл студенттер оқуын аяқтағаннан кейін ел эко­­номикасының дамуына, Қа­зақ­станның халықаралық дең­гейдегі орнығуына қандай септігін тигізе алады?

– Бұл да соңғы жылдардағы Қазақстанды толыққанды білім орталығы етудің әрі шетел студенттері үшін тартымды хабқа айналдыру бағытындағы жүйелі трансформацияның көрінісі.

Осы күнде отандық білімнің экспорттық әлеуеті де артып келе­ді. Мәселен, соңғы үш жыл ішінде шетелде еліміздің 5 университетінің филиалы ашылды. Оның бірі – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Омбы қаласындағы филиалы. Қыр­ғыз­стандағы Ош мемлекеттік уни­верситеті базасында Л.Н.Гу­милев атындағы ЕҰУ филиалы ашылды. Одан бө­лек, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыз­станда бірлес­кен факультеттер мен бағдар­ламалар іске қосылған.

Осынау маңызды жоспарды орындауда жоғары оқу орын­дарымыздың әлемдік рей­тинг­тегі беделі айқын көмек беріп жатыр. Мәселен, еліміздің 20 университеті «QS World University Rankings 2026» және «Times Higher Education 2026» рейтингтеріне енгені біз үшін үлкен мақтаныш.

Сондай-ақ Әуезов универ­си­тетінде қазір алыс-жақын мемлекеттерді қоса алғанда, жал­пы саны 1 706 шетелдік студент білім алып жатыр. Олардың басым көпшілігі Түрікменстан, Өзбекстан, Ресей, Түркия елдері­нен келгендер. Бұл – біздің жаһандық білім нарығындағы сұранысқа ие екенімізді дәлел­дейтін көрсеткіші.

Сондай-ақ Әуезов универ­ситетінің Шыршық қаласында­ғы филилалы табысты жұмыс істеп келеді. Филиалды ашу Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің екі мемлекет арасындағы дипло­матиялық қарым-қатынастың құ­рыл­ғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Бауырлас қос ел президенттері кездесуі нәти­жесінде Үкімет басшылары­ның 2023 жылғы 5 мамырдағы екіжақ­ты ынтымақтастық жөнін­дегі 20-шы бірлескен үкіметаралық комиссиясы отырысында келісім жасалып, ол бүгінде орындалу үстін­де. Филиалда техникалық, IT-тех­но­логиялар, химия және тамақ өнеркәсібі кадрлары даяр­ланады.

– Кейінгі жылдары жүзе­ге асқан «Ұлттық қор – бала­ларға» және «Келешек» бағдар­ла­малары білімге қолже­тім­­ді­лікті арттыра түскені бел­гілі. Осы тұрғыдан келгенде мемлекет жастарды оқы­туда «біржол­ғы әлеуметтік кө­мектен» қоғам­ға ортақ жауап­кершілікті жүктей­тін тәсілге ауысып жатыр деп айтуға бола ма?

– Президент өз Жолдауын­да: «Ғылым-білімге ұмтылған, елін-жерін көркейтуді ойлаған жастарға әрдайым жан-жақты қолдау көрсете береміз. Біз қолға алған ауқымды жұмыстың бәрі жастардың жарқын болашағы үшін жасалып жатыр. Өскелең ұрпақ ертең соның игілігін көреді, оны еселеп, лайықты жалғастырады» деген еді. Осы ретте Мемле­кет басшысының тапсырмаларын орындау мақ­сатында төрт негізгі құрал енгі­зілді. Ол – «Ұлттық қор – бала­ларға» бағдарламасы, «Келе­шек» бірың­ғай жинақтау жүйесі, сараланған  гранттар мен арзан білім несиесі бас­тамалары.

Мәселен, «Ұлттық қор – бала­ларға» бағдарламасы бойынша әр бала мемлекеттен инвестиция­лық кірістің 50 пайызын алады. Ал «Келешек» жүйесінде – мемлекет бастапқы жарна ретінде 60 АЕК мөлшерін қамтамасыз етеді, банк­тер табыстылықты кемінде 8 пайыз деңгейінде кепілдейді, мемлекеттік сыйақы 7 пайызға дейін жетеді. Жүйеге 6 жастан 18 жасқа дейін қатысқан жағдай­да 5 миллион теңгеден астам қар­жы жинақтауға мүмкіндік бар. Оған қоса, Ұлттық қордан бөлінетін қара­жат та есепке алынады. Бұл қар­­жылық ресурстар, кейін колледж немесе университетте оқуға пайдаланылады. Қазір шамамен 133,9 мың шот ашыл­ған. Жиналған қаражат жоғары білім алуға ғана емес, тұрғын үй жағдайын жақсар­туға да жұмсалуы мүмкін.

Қажет болған жағдайда арзан несие немесе сараланған грант қарастырылған. Мұнда мемлекет шығыстың бір бөлігін өтейді, ал студент толық, яғни, 100 пайыз стипендия алады. Биыл жоғары білімге жауапты министірліктен 300 осындай грант бөлінді. Президент қолдауымен жаңа модель қалыптасты. Ол мемлекет пен ата-ана білімге бірлесіп инвестиция салады деген сөз. Нәтижесінде, жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік артады. Ата-ана әр баланың болашағын жоспарлай алады.

– Президент ғылым мен эко­номиканы өзара сабақ­тас­тырудың маңызы жөнінде көп айтады. Бүгінгі таңда ғылы­ми әзірлемелерді коммерция­ландыру жолында қандай ке­дер­гі бар? Оларды еңсеру ба­ғы­тында қандай іс-шара атқа­рылып жатыр?

– Мемлекет басшысы биылғы Ғылым және технологиялар жөнін­дегі ұлттық кеңес отырысында сөйлеген сөзінде: «Дамыған елдер ғылымға да, технологияға да баса мән беріп жатыр. Заманның беталысын баршаңыз көріп отырсыздар. Жаһандық геосаяси ах­уал тұрақсыз, құбылмалы, сын-қатер­лер аз емес. Бірақ қытай хал­қы­ның белгілі пайымдауы­на сенсек, дағдарыс кезінде жаңа мүмкіндіктер туады. Қазір – инвестицияның, ғылым мен жоғары технологияның уақыты. Бүгінде кез келген елдің әлемдегі орны ғылымның даму деңгейіне қарай анықталады. Экономикалық өсім ғылымға тікелей байланыс­ты, бұл – ак­сиома» деп маңызды мәселеге мән берген еді.

Сондықтан бұл күнде Ғы­лым дамуының жаңа дәуірі бас­талды. Тиісті министрлік құ­рылғалы бері Мемлекет басшысы ғылымның экономикалық тиімділігін арттыру және оны инновациямен байланыс­тыру, жақындастыру міндетін қойды.

2022 жылы Ғылым академия­сының мерейтойлық сессиясында Президент ғылым саласын жаңа деңгейге шығаратын бірқатар нақты тапсырмалар берді. Бұл тап­сырмалар министрліктің бағдар­ламалық құжатына айналып, 2023–2029 жылдарға ар­налған жоғары білім мен ғылым дамуының тұжырымдамасы­ның негізі болып қалыптасты. Сондай-ақ елімізде «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заң қабылданды. Оған қоса, соңғы жылдары ғылым­ды қаржыландыру 3,3 есеге өсті. Бұл 809 ғалымды әлемнің же­тек­ші ғылыми орталықтарына тағы­лымдамаға жіберуге және материалдық-техникалық базаны кең көлемде жаңартуға мүм­кіндік берді.

Бір ғана мысал, Мұхтар Әуезов атын­дағы Оңтүстік Қазақстан зерт­теу университеті 2025–2027 жыл­дарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында гранттық қаржы алу үшін «Ғылым қорының» конкурсына 8 жоба ұсынды. Сөйтіп, 2 жобаның грантын ұтып алдық. Оның бірі – «Агроөнеркәсіптік кешені. АӨК өнімдерін қайта өңдеу жобасы». Жоба жетекшісі техника ғылымдарының кандидаты Б.Қалымбетов. Грант құны 479 миллион теңгені құрайды. Екіншісі – «Топырақтың құнар­лылығын жақсартатын және ауыл шаруа­шылығы дақылдарының өнімді­лігін арттыратын ауыл шаруашы­лығы техникасын, техникалық құралдарды өндіруді ұйымдастыру жобасы». Оның авторы, техника ғылымдарының кандидаты Н.Манабаев. 437 миллион теңге көлемінде грант ұтып алған.

– Ғылымды коммерцияландыру және оның экономиканы дамытуға қосатын үлесі туралы көп айтылып жүр. Отандық ғалымдар әзірлеген табысты кейстер бар ма?

– Әлбетте, ғылым өзінің эконо­микалық әлеуетін көрсетіп отыр. Біз теориялық зерттеулерден нақ­ты коммерцияландыруға өтіп жатырмыз. Нақты нәтижелерге келсек, мәселен, металлургия және кен байыту институты технологиясы бойынша алғаш рет 99,5 пайыз тазалықтағы техникалық се­лен алынды. 100 тоннадан астам та­зар­тылған селен Қытай Халық Рес­­пуб­ликасына экспортталды. «Қаз­гидромедь» ЖШС базасында «Kazakhmys R&D» орталығы іске қосылды. Аризона мен Қозыбаев университеттері бірлесіп жоғары қосымша құнға ие күкірт өңдеу технологияларын әзірлеу үстінде. NU ғалымдары отандық шикізаттан литий-ион аккумуляторларының катодтық материалдарының прекурсорларын алу технологиясын меңгер­ді. Сол арқылы өндіріс әлеуеті 40 млрд АҚШ долларына дейін өсті.

Бүгінгі таңда 267 ғылыми жоба жүзеге асырылу кезеңінде тұр. Биыл ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру бойынша 62 жаңа келісімшарт жасалды. Ғылымға жеке инвестициялар көлемі 20,4 млрд теңгеге жетті, қосымша тағы 8,8 млрд теңге инвестиция тартылады деп кү­тіліп отыр. Жобаларды аяқтауға жеке қаржыландыру үлесі 32 пайызға дейін өседі деген жоспар бар.

– Жасанды интеллект бар­лық салаға өзгеріс әкел­ді. Оның ішінде жоғары білім жүйесі де бар. Сіздің ойыңыз­ша, еліміз бұл өзгеріске дайын ба? Бұл бағытта қандай жұ­мыс­тар қол­ға алынып жатыр?

– Жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғырту қажеттігін Мемлекет басшысы атап тапсырды. Осыған сай қазір азаматтарды цифр­лық даму дағдыларына оқыту жұмыстары басталды. Яғни біз ұлтты жасанды интеллект сын-қатерлеріне саналы түрде дайын­­дап жатырмыз. Осының аясында Президент әлемнің жетекші уни­верситеттерінің акселерация тәжірибесін ескере отырып, жасанды интеллект саласындағы мамандарды даярлау үшін «AI-Sana» бағдарламасын кезең-кезеңімен іске асыру мәселесін пысықтауды тапсырды.

«AI-Sana» бағдарламасы қазір­дің өзінде 600 мыңдай студентті қамтыса, «AI Literacy» курсы жоғары білім берудің базалық стандартына айналды. Біздің түлек­теріміз еңбек нарығына жай ғана дипломмен емес, эконо­миканың болашағы үшін аса маңызды саналатын цифрлық ортада жұмыс істеудің қолданбалы дағдыларын меңгеріп шығады.

Бағдарлама шеңберінде «Huawei» компаниясы ЖИ база­лық дағдылары бойынша екі курс­ты оқшаулап, қазақ тіліне аударды. Ол «Search and AI» курсы мен «Жасанды интеллектіге шолу – AI Overview» деп аталады. Бағдарламаның бірінші кезеңінде «Huawei ICT Academy» курстары орнығып енгізілді. Нәтижесінде, бұл олар бойынша 240 мыңнан астам сертификат берілді.

«Coursera» компаниясы 95 жоғары оқу орнына 36 890 лицензия бөлді. Coursera білім беру платформасында студенттерге барлық курстар қолжетімді. Оның ішінде жасанды интеллект бо­йынша сарапшылары ірік­теп алған 2 курс бар. Ол «Бар­шаға арналған генеративті ЖИ» мен «ChatGPT үшін prompt-инжиниринг» курс­тары. Соның негізінде 87 мыңдай сертификат алынды.

Сондай-ақ Мұхтар Әуезов универси­тетінде «AiSana Huawei» бойынша жалпы 21 194 студент сертификатқа ие болса, «Cour­sera»-мен 2 882 білім алушы сер­тификатқа қол жеткізді. Бұл бағытта университетімізде бір­қатар табысты жұмыстар атқа­рылу үстінде. Дәлірек айтқанда, Әуезов университеті AI технологиялар негізінде трансформациялауды бастады. Жасанды интеллектіні оқыту, ғылымға енгі­зу­ге бағытталған жобаларды «Білім берудегі жасанды интеллектіні дамыту қоғамы» РҚБ-мен бірлесіп жүзеге асырудамыз. Осы жұмыстар аясында жақында «Басқарылатын цифр­ландыру және өзгерістерге жүйелі көзқарас» тақырыбында екі күндік стратегиялық сессия өтті. Іс-шараға университеттің басшылық құрамы, факультет және жоғары мектеп декандары, құрылымдық бөлім басшылары қатысып, «AI-first» қағидаты мен цифрлық дәуірдегі университеттің рөліне қатысты біліктіліктерін арттырды.

Әрине, жасанды интеллекті­ні дамыту үшін сапалы мамандарды даярлау маңызды. Неге десеңіздер, біріншіден «Ақ­параттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінде жасанды интеллект, деректер ғылымы, машиналық оқыту, үлкен деректерді өңдеу бойынша арнайы пәндер енгізілді. Сонымен қатар «6B06121 – Жа­санды интеллект технология­лары» атты жаңа білім беру бағдарламасы негізінде студенттер қабылданды.

Екіншіден, университет база­сындағы зертханаларда бейнені тану, табиғи тілді өңдеу, интеллектуалды роботтехника пәндері бойынша зерттеулер жүргізіліп, қанатқақты бастамалар қолға алынды.

Үшіншіден, университет ха­лық­аралық серіктестермен байланыс орнатып, ЖИ саласында бірлескен жобалар жүзеге асыруға кірісті. Студенттер «Coursera», «edX», «Kaggle» секіл­ді платформалар арқылы әлемдік деңгейдегі білім көзде­ріне қол жеткізіп, халық­ара­лық байқауларға қаты­сып жүр. Жалпы, бағдарлама кезең-ке­зеңі­мен іске асады. Бұл жерде базалық дағдылардан бас­тап, стартаптар құруға дейінгі мүм­кіндіктері қамтылады. Жоба салалық міндеттерді орын­дау­ға, сондай-ақ аграрлық, энерге­тикалық және инженерлік ба­ғыт­тардағы нақты проблемаларды ЖИ көмегімен шешуге бағытталған.

– Әлеуметтік қамтамасыз ету мәселесінде жас ғалымдар қандай қолдауға үміт артады? Мәселен, Ғылым және жоға­ры білім министрлігі ынта­ландырудың қандай тетігі мен механизмін ұсынып отыр?

– Қазір елімізде жастардың ғылыммен айналысуына барынша жағдай жасау ісі жан-жақты атқарылып жатыр. Осы орайда 2024–2025 жылдары алғаш рет 576 жас ғалымға пәтер кілті табыс­талды. 482 пәтер «Отбасы банкі» арқылы, 94 пәтер Президент тапсырмасымен берілді. Біздің университет­тің жас ға­лымдары да мемлекет қол­­дауын айқын сезінді. 16 жас ғалым мемле­кеттік бағдарлама аясында баспаналы болды.

– 2026 жылға арналған стра­тегиялық міндет аясында ғы­лым мен білімді дамытудың Пре­зи­денттік моделінің тиім­ді­лігін дәлелдейтін негізгі өл­шем қандай болмақ?

– Келесі жылдағы біздің негіз­гі мақсатымыз – құрылған инфра­құрылымды тұрақты экономи­калық өсімге айналдыру. Әрине, мамандарды даярлау барысында сапаға аса көңіл бөлумен қатар, өзекті оқу бағдарламаларын енгі­зіп, жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатамыз. Ғылыми мектеп­тердің әлеуетін арттыру үшін аға буын мен жас ғалымдар қауымдастығымен бір­лесіп, Шым­кент қаласының дамуына қажетті жобаларды жүзеге асырамыз. «Цифрлық университеттер» тұжы­рымдамасы жал­ға­сын табады. Эко­жүйе­лерді құру арқы­лы нарық­та мойын­далған маңызды маман­дық­тар моделіне көше­міз. Жер қой­науын пайдала­ну­шылардың зерттеу және тәжі­рибелік-конс­трукторлық жұмыс­тарға бөле­тін 1% аударымын өнді­ріспен бірлесіп шикізат секторын ғылы­ми-технологиялық дамуға бағыт­таймыз. Бұл мақсатта ERG компаниясымен бірлескен арнайы жобаларымыз бар. Мұндай бас­та­маны басқа компаниялармен де жалғастырамыз. Біздің бас­ты мұ­ра­­тымыз – жеке гранттық қар­жы­лан­­дыру үлесін 32 пайызға жеткізу.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен –

Әнуар ЖҰМАШБАЙ,

«Egemen Qazaqstan» 

Соңғы жаңалықтар

Міндетті таңбалауға тағы бір өнім қосылды

Экономика • Бүгін, 09:23

ӘКК кәсіпкерлерге қорған бола алмай тұр...

ЖОЛДАУ • Бүгін, 09:20

Көлік нарығы көңіл көншіте ме?

Сараптама • Бүгін, 09:18

Саламатты қоғам құрудың түп негізі

Денсаулық • Бүгін, 09:15

Ауылға қамқор азамат

Еңбек • Бүгін, 09:12

Білікті жандарға ел риза

Қоғам • Бүгін, 09:10

Су қауіпсіздігі өзара сенімге тәуелді

Мәселе • Бүгін, 09:08

Алғаш рет жүрек алмастырды

Медицина • Бүгін, 09:05

Халықаралық рейтингте мәртебеміз айқындалды

Экономика • Бүгін, 09:00

Жастарды жасқаған баспана

Пікір • Бүгін, 08:55

Құмарпаз болма әрнеге...

Қоғам • Бүгін, 08:50

Дархан Ахмед-Заки: Президент реформасы жоғары білімге тың серпін береді

Сұхбат • Бүгін, 08:45

Микология майталманы

Тұлға • Бүгін, 08:40

Дәрігерлерге алғыс айтамын

Қоғам • Бүгін, 08:38

Ізденіс өндірісті қуаттандырады

Инфографика • Бүгін, 08:35

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:87
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Желтоқсан 2025 09:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Энергетик ішемін деп денсаулығымды құрттым: Алматыда науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды

26 Желтоқсан 2025 13:48see122

Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы өзінің қай рудан шыққанын айтты

25 Желтоқсан 2025 14:20see111

Алматыда энергетикалық сусыннан жүрек ауруына шалдыққан науқасқа ота жасалды

26 Желтоқсан 2025 11:06see110

Egov Chatgpt сияқты жұмыс істейді

27 Желтоқсан 2025 00:13see110

Алатау қаласына арнайы мәртебе берілмек

25 Желтоқсан 2025 12:29see110

Севоран препаратын қолдану мәселесі қайта қарала ма ДСМ жауабы

25 Желтоқсан 2025 15:48see110

Зеленский Трамппен жақын арада кездесетінін мәлімдеді

26 Желтоқсан 2025 17:12see109

Қазақстандық Аян Тұрсын чемпиондық титул үшін жапониялық спортшымен жекпе жек өткізеді

26 Желтоқсан 2025 11:52see108

Үкіметте балалардың құқығы мен қауіпсіздігіне қатысты мәселе көтерілді

25 Желтоқсан 2025 14:11see108

Доллар бағамы бірнеше күннен бері құбылып тұр

25 Желтоқсан 2025 17:29see108

Украина келесі жылы АҚШ тан 400 млн доллар ғана әскери көмек алады

25 Желтоқсан 2025 18:58see108

Президент ерекше күтімді қажет ететін балалар мәселесіне назар аударды

25 Желтоқсан 2025 16:48see108

Арменияда шіркеу арнасын көрсеткен телерадиокомпания таратылды

25 Желтоқсан 2025 14:13see108

Елордада балалар әкім шыршасына қатысты

26 Желтоқсан 2025 15:54see107

Маң дала, маңғаз мекен

25 Желтоқсан 2025 14:20see107

Биыл магниттік дауылды күндер саны рекорд жаңартты

25 Желтоқсан 2025 17:29see107

Алматыға ұшып шыққан Air Astana ұшағы Фукуокқа оралуға мәжбүр болды

26 Желтоқсан 2025 18:04see107

Астанада тіркеуге тұруға шектеу қойылды

26 Желтоқсан 2025 17:12see106

Ұжымдық тұзақ: TikTok пен Instagram нан неге шыға алмай жүрміз?

25 Желтоқсан 2025 14:17see106

Риддер қаласында көпсалалы аурухана кешенінің құрылысы аяқталды

26 Желтоқсан 2025 20:50see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары