Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Үйде ойнап отырып, кенеттен тұншыға бастады Алматыда дәрігерлер 10 айлық қызды аман алып қалды

Конституциялық Сот ҚПК дегі норманы Конституцияға сәйкес емес деп таныды

Елімізде электромобильдерге жасыл нөмір беріледі

Жеңіл табыс көзі арты үлкен қылмысқа апаруы мүмкін полиция

Жамбылдағы фосфор зауытында жұмысшылар жаппай наразылыққа шықты

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі дәрмектерге баға белгілеу жүйесінің тиімділігін арттыруды жоспарлап отыр

Тегеран Трамптың бейбіт келісімге қол қою туралы мәлімдемесіне түсініктеме берді

Шегірткемен күрес: Ел аумағында 954 мың гектар жер өңделді

Құрманғазының Адай күйі мен Бозжыраның сұлулығы әлеуметтік желіні баурап алды

Шымкентте жыландар мен шаяндар қаптап кетті

Әл Фарабидегі жол апаты: Сот отырысы кейінге шегерілді

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 12 маусым барлық зодиак белгілеріне арналған махаббат болжамы

ҚазТАГ бас редакторы сотқа келген жоқ: сот Қасенов пен Қаппароваға қатаң ескерту жасады

Астанада тарологтың жатын бөлмесіндегі тінту қылмыстық іспен аяқталды

Қазақстанда ірі айналма жолдардың бірінің техникалық жағдайы тексеріледі

Жанәбіловтер амнистияға ілікпей ме? ІІМ басшысы орынбасарының жауабы

Алматыдағы баланың аяусыз өлімі жақындары 13 жастағы күдікті жазадан құтылып кете ме деп қауіптенеді

Сенат Қазақстандағы амнистияны мақұлдады: 1 468 сотталған азамат бостандыққа шығуы мүмкін

МӘМС тегі жаңа қызметтер 1 шілдеден бастап не өзгереді

Дархан Қызайбаев: Спорттың дамуы мемлекеттің абыройын асқақтатады

Дархан Қызайбаев: Спорттың дамуы мемлекеттің абыройын асқақтатады

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Клубтың брендке айналуына 5 жыл қажет

– Дархан Еркінұлы, жақында ғана «Integra Construction kz» компаниясы «Ордабасы» клубының иесі атанды. Неліктен таңдау дәл осы клубқа түсті?

– Бізге клубты емес, өңірді таңдау маңызды болды. Барлық факторды саралай келе, таңдау Шымкенттің «Ордабасы» клубына түсті. Біріншіден, мұнда халық көп, қарқынды дамып келе жатқан мегаполис. Бүгінде шамамен 1,5 миллионға жуық тұрғыны бар қала – үлкен жанкүйерлік база. Екіншіден, халықтың фут­­болға қызығушылығы өте жоғары. Шымкентте футбол мә­дениеті бұрыннан қалыптасқан. Шымқалалықтар клубқа шын жанкүйер бола алады. Бұл – кез келген командаға маңызды фак­тор. Үшіншіден, біз дайын инфра­құ­рылымға, кадрлық әлеуетке, ұйым­дастыру мүмкіндіктеріне назар аудардық. Осы тұрғыдан алғанда Шымкенттің әлеуеті жоғары.

– Болашақта «Ордабасыны» қандай жоба ретінде көресіздер?

– Әрине, бізге бұл – тек клуб емес, үлкен жоба. Футболға жай қаржы құюға ғана келмегеніміз түсінікті деп ойлаймын. Бұл – инвестиция. Ал кез келген инвестицияның қайтарымы болуы керек. Сол себепті клубтың спорттық көрсеткіштері ғана емес, коммерциялық дамуы да маңызды. Клубтың брендке айналуына, жанкүйерлердің эмоция алуына, балалар осы команданың жейдесін киіп жүруіне жағдай жасауымыз керек. Сонда ғана футболдың экономикасы қалыптасады.

– Осы айтқандарыңыздың нәти­жесін қашан көреміз?

– Кемінде 5 жыл.

– Тым ұзақ емес пе?

–  Қазір спортты үлкен жүйе, индус­трия, экономика, тәрбие, идеология ретін­де қарау керек. Бізде талантты жастар, жана­шыр жанкүйерлер бар. Алайда осы­ның бәрін біріктіретін тұрақты жүйе жетіс­пейді. Инфрақұрылым, инвестиция, жас­тардың даярлығы, ұлттық мектеп, менеджмент пен маркетинг бәрі қатар жүргені жөн. Бірінші лига мен екінші лиганы айтпағанның өзінде премьер-лига командаларының көбісінде мұндай жүйе жоқ. Сондықтан осы сияқты көптеген түйт­кілді ескерсек, 5 жыл деген көп уақыт емес.

Қуантатыны, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен соңғы кезде футболға ерекше көңіл бөлініп жатыр. Президент бірнеше рет футбол инфрақұрылымын дамыту, балалар футболын күшейту, клубтардың тиімділігін арттыру мәселесін көтерді. Бұл бағыттағы өзгерістер енді нақты нәтижеге ұласады деп ойлаймын. Негізгі мәселе тек қаржыда емес. Маңыздысы – сол қаржыны тиімді игеру. Бұрын бізде футболға бөлінген қаражат көбіне шығын ретінде қарастырылды. Ал әлемдік тәжірибеде футбол – үлкен индус­трия. Яғни футболға салынған қаржы ертең экономикалық, әлеуметтік, имидждік пайда әкелуі тиіс.

– Сөзіңізге қарасақ, сіз футболды дамытып қана қоймай, одан қаржы табудың тетігін ойластырып жатқан секілдісіз. Жоғарыда айтқаныңыздай, осы мәселелерді шешкен әлемдік фут­болдағы қандай үлгілерді мысал етуге болады?

– Мысалы, Англия премьер-лигасын немесе Испания ла-лигасын алайық. Олар тек спорттық нәтиже арқылы емес, мықты менеджмент, маркетинг, телеқұқық, жанкүйер мәдениеті арқылы дамып келеді. Әр клуб өзін жеке бренд ретінде қалыптастырған. Клубтың академиясы, дүкені, медиа бөлімі, әлеуметтік желідегі жұмысы – бәрі бір жүйе. Біз де біртіндеп осы бағытқа көшуіміз керек. Клубтарымыз бюджетке қарап отырмай, өздері қаржы табуды үйренуі қажет. Сонда ғана тұрақты даму болады.

– Сіз  тілге тиек еткен жүйені «Орда­басыда» жүзеге асырып жатырсыздар ма?

– Іске асып жатыр десем де болады. Ең алдымен стадионымыз жан­күйер­лерге толды. Билеттер екі-үш күнде толық сатылады. Сырттағы ойын­дарда да жанкүйерлер анағұрлым көбейді. Өз алаңымыздағы әрбір матчта әншілер өнер көрсетеді. Жанкүйерлер арасында түрлі сыйлық, тіпті автокөлікке дейін ұтыс ойнаттық. Сондай-ақ танымал тұлға­ларға арнайы құрмет көрсетіп, оларды ешқашан ұмыт­пайтынымызды футболсүйер қауым арқылы жеткіздік. Мысалы, ойын барысында жанкүйерлер бақиға озған Мұхтар Шахановтың, Амангелді Сейітхановтың бейнесі бар үлкен баннерді биікке көтеріп, құрмет көрсетті.

– Соңғы кезде команда атауы өзгереді деген әңгіме айтылып жүр...

– Иә, рас. Клубтың атауын «Orda» Шым­кент деп өзгертеміз. Еу­ропа мен Түр­киядағы бірнеше клубтың жұмыс жүйесін қарап жатырмыз. Соған сәйкес, бола­шақта жаңа стадион маңында толыққанды футбол қалашығын салу жоспарда бар. Жобаның атауы – «Orda City». Оның құрамында жаңа стадион, жаттығу базасы, қонақүй, балалар академиясы және футболға қажетті барлық инфрақұрылым салынады. Бір нәрсе анық – академия міндетті түрде болады. Балалар көп болған сайын таланттар да көбейеді. Болашақта өз академиямыздан шыққан ойыншылар негізгі командада ойнауы керек.

– Бүгінде командада 10 легионер бар екен. Бұл тым көп емес пе?

– Легионерлерге қарсы емеспіз. Футбол – бүкіл адамзатқа ортақ ойын. Бірақ басты назар жергілікті таланттарды дамытуға аударылады. Біз Еуропа мен АҚШ-тағы спорт мәдениетінен үлгі аламыз. NBA, NHL, америкалық футбол немесе бейсбол болсын, ол жақта спорт халықтың күн­делікті өмірінің маңызды бөлігіне айнал­ған. Батыста да легионерлер жетіп арты­лады. Бірақ олар өзге елдің спортшы­лары көп деп шағымданбайды. Кез келген ойыншыны сүйікті командасымен байланыстырады. Арнайы дайындалып, отбасымен, достарымен бірге стадионға барып, командаларына қолдау көрсетеді. 

Қазақ бокс мектебін қайта қалыптастырамыз

– Сізді жұрт тек «Ордабасы» клу­бы­ның президенті ғана емес, бокс федерациясының бірінші вице-пре­зиденті ретінде таниды. Енді әңгімемізді бүгінгі боксқа бұрсақ. Қазақ боксының жағдайын қалай бағалайсыз?

– Бүгінде боксқа деген жауапкершілікті қайта күшейту кезеңінде тұрмыз. Мойындау керек, соңғы жылдары аталған салада белгілі бір деңгейде босаңсу болды. Бұрын біздің боксшылар техникасымен, жылдамдығымен, мінезімен ерекшеленетін. Олимпиадада, әлем чемпионаттарында тұрақты нәтиже көрсетіп жүрді. Бұл кездейсоқ жетістік емес, үлкен мектептің жемісі. Сол мектепті сақтап қана қоймай, оны ары қарай дамытуымыз керек.

– Үлкен нәтижеге жету үшін не маңызды?

– Ең алдымен бұқаралық спортты күшейту қажет. Неғұрлым көп бала спортпен айналысса, соғұрлым мықты спортшылар шығады. Сондықтан ауылдағы, аудандағы спорт мектептеріне дейін көңіл бөлуіміз керек. Болмаса, боксты мектеп бағдарламасына енгізу керек. Бұрын біздің бірінші және екінші құрам жүйесі өте мықты болған. Кей жылдары екінші құрамның өзі Азия ойындарында чемпион атанған кездер болды. Бұл – жүйелі дайындықтың нәтижесі.

– Кейінгі жылдары өзбек боксы үлкен серпіліс жасады. Оның сыры неде деп ойлайсыз?

– Өзбекстан бірнеше құраммен қатар жұмыс істейді. Әр салмақта үлкен бәсекелестік бар. Соның арқасында барлық деңгейде жоғары нәтиже көрсетіп жүр. Бізге де сондай жүйе қалыптастыру қажет. Ол үшін қаржы, дұрыс ұйымдастыру, ортақ мақсатқа жұмыс істеу маңызды. Бокс федерациясы, бапкерлер, спортшылар – бәрі бір бағытта жұмыс істеуге тиіс. Сонда ғана нәтиже болады. Қазір қыздар боксы да жақсы дамып келеді. Бұл бағытта да үлкен мүмкіндік бар. Елімізде талантты қыздар өте көп. Оларға жағдай жасап, халықаралық деңгейге шығаруымыз керек.

– «Істеу керек», «жасауымыз қажет», «жүйе қажет» осындай сөздер көбейіп кетті. Сонда біздің бокс сіздер келгенге дейін құрдымға кеткен бе?

– Олай деуге келмейді. Бірақ кейінгі екі олимпиададан,  екі Азия ойындарынан боксшыларымыз алтынсыз қайтты емес пе? Бұл ойланатын жайт. Әйтпесе, елімізде бокс спорты әрдайым ерекше орынға ие. Тіпті кей жағдайда оны ұлттық спорт деңгейінде қабылдаймыз. Оның да өзіндік себебі бар. Бұған дейін Олимпиадада, әлем чемпионаттарында боксшыларымыз талай мәрте топ жарып, ел абыро-йын асқақтатқанның арқасында еліміз әлемге бокс державасы ретінде танылды. Қазақ боксының қалыптасуына әр кезеңде өз үлесін қосқан чемпиондар мен бапкерлер ұлттық спорттың беделін көтеріп, әлемдік аренада еліміздің көк туын талай мәрте биікте желбіретті.

Алайда жоғарыда айтқандай, кейінгі жылдары Олимпиада мен Азия ойындарында алтын жүлденің болмауы бұл салаға серпіліс қажет екенін көрсетті. Осыған байланысты 2024 жылдан бастап Қазақстан бокс федерациясы ұлттық құраманы жаңғыртуға, жастарды боксқа баулуға, спорт­шыларға қолайлы жағдай жасауға басымдық бере бастады. Федера­цияның басты мақсаты – қазақ боксының бұрынғы беделін қайтарып, жаңа буын чемпиондарын тәрбиелеу.

– Сөзіңізді бөлейін, нақты қандай жұмыс жүргізіліп жатыр? Соған тоқ­талсаңыз.

– Қазіргі таңда боксшыларға тәжі­рибелі бапкерлер, сапалы оқу-жаттығу бағдарламалары, дие­тологтер мен қалпына келтіру мамандары қызмет көрсетеді. Спортшылардың тек жаттығу жасап, шеберлігін шыңдауына толық мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар халықаралық жарыстарға қатысу, шетелдік оқу-жаттығу жиындарын өткізу, әлемдік деңгейдегі бокс мектептерімен тәжірибе алмасу жұмысы күшейтілді. Бүгінде осы өзгерістердің нәтижесі де байқала бастады. Құрамамыз World Boxing ұйымы аясындағы алғашқы әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте бірінші орын алып, әлемдік бокс аренасындағы көшбасшы елдердің бірі екенін тағы дәлелдеді. Әсіресе турнир барысында қазақ-өзбек боксшылары арасында үлкен бәсекелестік өрбіді. Финалдық жекпе-жектерде алтын медальдар тағ­дырын шешкен сәттер жанкүйерлердің есінде қалды. Шешуші кездесуде Айбек Орал­байдың жеңісі Қазақстан құрамасын бірінші орынға шығарды. Бұл жеңіс қазақ боксының қайта жанданып келе жатқанын көрсеткен тарихи сәттердің біріне айналды.

Отандасымыз Геннадий Головкиннің World Boxing ұйымының президенті болып тағайындалуы – ел спорты үшін үл­кен мәртебе. Бұл оқиға еліміздің әлемдік бокстағы беделін арттырып қана қоймай, халықаралық деңгейдегі ықпалын да күшейтті. 

Негізгі мақсат – мықты құрам жасақтау

– Көп спортшы қаладан емес, ауылдан шығатыны белгілі. Өңір  боксын дамытуға қаншалықты көңіл бөліп жатырсыздар?

– Бүгінде өңірлердегі бокс мектептерінің жұмысы тұрақты бақылауда. Қай аймақта бокс жақсы дамып жатыр, қай өңірде кемшіліктер бар – бәрі сараланып отырады. Кейінгі уақытта өңірлік федерация­ларда да үлкен өзгеріс жасалып, жаңа буын басшылар келіп жатыр. Соның арқа­сында көптеген аймақта серпіліс байқа­лады. Егер аймақтарды атап айтсақ, Қарағанды – тарихи бокс мектебі қалып­тасқан облыс. Сарыарқадан әлемдік деңгейдегі көптеген чемпион шықты. Қарағанды боксының өзіндік стилі мен мектебі бар. Ал Шымкентте кейінгі жылдары бокс өте қарқынды дамыды. Халық санының көптігі, жастардың спортқа қызығушылығы, мықты бапкерлердің болуы бұл өңірдің әлеуетін арттырды. Қазіргі таңда Шымкент бокс мектебі еліміздегі ең мықты мектептердің бірі саналады.

– Сонда өзге өңірлердің боксы тұралап тұр  ма?

– Жоқ, олай деуге келмейді. Қазіргі таңда өзге аймақтық федерациялар да бокс­шыларға белсенді қолдау көрсетіп келеді. Олар тек ұлттық құраманың бірінші нөмірлі спортшыларын ғана емес, екінші және үшінші құрамдағы жас боксшыларды да халықаралық жарыстарға жіберіп, тәжірибе жинауына мүмкіндік жасап отыр. Бұл – болашақ чемпиондарды қа­лыптастырудағы аса маңызды қадам. Халықаралық жарыстарда бап­керлер спортшылардың артық­шылықтары мен кемшіліктерін саралап, болашақтағы дайындық бағытын анықтайды.

– Азия чемпионаты қар­саңында ұлттық құраманың бір­лескен оқу-жаттығу жиындары ұйымдастырылды. Қазақстанға Өзбекстан, Қырғызстан, Түрік­менстан құрамалары келіп, дайындығын өткізгенін көрдік. Өзбек боксшыларының деңгейі жоғары, ал қырғыздар мен түрік­мен былғары қолғап шебер­лерінің әлеуеті қандай?

– Өзінен мықты немесе деңгейі сәл төмендеу боксшымен бірге жаттығу жасау керісінше, көмегін тигізеді. Бұл – кездейсоқ шешім емес, нақты жоспар негізінде жүзеге асқан жұмыс. Себебі кейінгі жылдары әлемдік әуесқой бокс­та Қазақстан мен Өзбекстанның деңгейі ерекше байқалып келеді. Әсіресе Ливерпульдегі әлем чемпио­натында екі елдің бокс­шылары алтын жүл­делерді өзара бөлісіп, әлемдегі ең мықты құрамалардың бірі екенін дәлел­деді. Өткен жылы мұндай жиын Таш­кент­те өтсе, биыл Түркістан қаласында ұйым­дастырылды.

Ал Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы да жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте бірінші орын алды. Дегенмен кейбір боксшылар күтпеген жерден жеңіліп жатса, енді бірі жанкүйерлерді жарқын жеңісімен қуантты. Бұл – әуесқой бокстың басты ерекшелігі. Себебі Азия чемпионатының өзінде әлем чемпионатына пара-пар бәсекелестік бар. Бүгінде Үндістан, Жапония, Қытай, Корея, Моңғолия секілді елдердің де мықты бокс­шылары көп.

– Қазіргі таңда ұлттық құраманың басты мақсаты – күзде Жапонияда өтетін Азия ойындары екені белгілі. Со­ған дайындықтарыңыз қалай?

– Дұрыс айтасыз, бүгінгі таңда басты мақсатымыз – Азия ойындарында топ жару. Себебі, боксшыларымыз соңғы үш Азия ойын­дарында алтын медаль ала алмаған. Сон­дықтан биылғы жарысқа ерекше жауапкершілікпен дайындық жүргізіліп жатыр. Біз аталған додада тек жүлде алып қана қоймай, алтын медальдар санын арттыруды көздейміз. Осы бағытта федерация құрамында да бірқатар өзгеріс жасалды. Тәжірибелі маман Қайрат Сәтжанов вице-президент қызметіне тағайындалып, өңірлердегі жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру, төрешілер жүйесін дамыту және аймақтардағы жұмысты бақылау бағытында еңбек етеді. Ал бас бапкер қызметін Нұржан Насанов ұстағаннан кейін, ең алдымен ұлттық құрама Испанияда арнайы дайындық жиынын өткізді. Сонымен қатар әйелдер құрамасына да ерекше көңіл бөлініп, жас спортшылардан резерв қалыптастыру жұмысы күшейтілді.

Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан бокс федерациясының басшысы Шахмұрат Мүтәліп бастаған команда боксшылардың мате­риалдық-техникалық жағдайына, халықаралық жарыстарға қаты­суына, дайындық сапасына ерекше көңіл бөліп отыр. Негізгі мақсат – 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпия ойындарына мықты құрам жасақтау.

Келесі жылы Астана қаласында лицен­зиялық әлем чемпионаты өтеді. Бұл турнирде Олимпиада жолдамалары са­рап­қа салынады. Сондықтан федерация, бапкерлер штабы және спортшылар қазір бір мақсат жолында еңбек етіп жатыр – қазақ боксының абыройын қайтадан әлемдік деңгейге көтеру.

Әңгімелескен –

Алмас МАНАП,

«Egemen Qazaqstan» 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:91
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Маусым 2026 08:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Үйде ойнап отырып, кенеттен тұншыға бастады Алматыда дәрігерлер 10 айлық қызды аман алып қалды

11 Маусым 2026 15:09see123

Конституциялық Сот ҚПК дегі норманы Конституцияға сәйкес емес деп таныды

11 Маусым 2026 10:41see117

Елімізде электромобильдерге жасыл нөмір беріледі

11 Маусым 2026 18:16see115

Жеңіл табыс көзі арты үлкен қылмысқа апаруы мүмкін полиция

11 Маусым 2026 16:08see115

Жамбылдағы фосфор зауытында жұмысшылар жаппай наразылыққа шықты

11 Маусым 2026 15:16see114

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі дәрмектерге баға белгілеу жүйесінің тиімділігін арттыруды жоспарлап отыр

12 Маусым 2026 15:17see114

Тегеран Трамптың бейбіт келісімге қол қою туралы мәлімдемесіне түсініктеме берді

12 Маусым 2026 08:21see112

Шегірткемен күрес: Ел аумағында 954 мың гектар жер өңделді

11 Маусым 2026 18:17see112

Құрманғазының Адай күйі мен Бозжыраның сұлулығы әлеуметтік желіні баурап алды

12 Маусым 2026 13:25see112

Шымкентте жыландар мен шаяндар қаптап кетті

12 Маусым 2026 08:25see112

Әл Фарабидегі жол апаты: Сот отырысы кейінге шегерілді

12 Маусым 2026 13:39see111

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

11 Маусым 2026 09:57see111

Бүгінгі жұлдыз жорамал: 12 маусым барлық зодиак белгілеріне арналған махаббат болжамы

12 Маусым 2026 09:21see111

ҚазТАГ бас редакторы сотқа келген жоқ: сот Қасенов пен Қаппароваға қатаң ескерту жасады

11 Маусым 2026 16:07see111

Астанада тарологтың жатын бөлмесіндегі тінту қылмыстық іспен аяқталды

11 Маусым 2026 12:31see110

Қазақстанда ірі айналма жолдардың бірінің техникалық жағдайы тексеріледі

11 Маусым 2026 09:40see110

Жанәбіловтер амнистияға ілікпей ме? ІІМ басшысы орынбасарының жауабы

11 Маусым 2026 19:20see109

Алматыдағы баланың аяусыз өлімі жақындары 13 жастағы күдікті жазадан құтылып кете ме деп қауіптенеді

12 Маусым 2026 15:20see108

Сенат Қазақстандағы амнистияны мақұлдады: 1 468 сотталған азамат бостандыққа шығуы мүмкін

11 Маусым 2026 17:46see107

МӘМС тегі жаңа қызметтер 1 шілдеден бастап не өзгереді

12 Маусым 2026 15:33see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары