Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Екі финал, екі рекорд: Қазақстан жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

Жаңа салынған үйлердің бағасы өзгеріссіз қалды, бірақ Алматыдағы вторичка арзандап жатыр пәтер бағасына талдау

Тоқаев Заң және тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

Әлеуметтік сауалнама Қазақстан Президентіне деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетті

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай біле алады

Шанхайға рекордтық нөсер жауын жауды желіде тайфун зардаптарының кадрлары пайда болды

Ақтау тұрғыны чатта жанжалдасып қалып, бүкіл қаланы дүрліктірген кек дайындады

73 жасында арманын орындауды ұйғарды қазақстандық әйелдің ерекше хоббиі Қазнеттің назарын аударды

Ауыл партиясы: отандық ғылымды өндіріспен ұштастыру басты міндет

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

Татарстанда дрон шабуылынан жеті өзбекстандық қаза тапты

Алматыда қарбызды қалай сату керек полиция жаңа сауда ережелерін түсіндірді

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

Түрік лоукостері Қазақстаннан екі жаңа бағыт қосты, бірақ маңызды мәселе бар

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

Баспана берекелі отбасының басты тірегі

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

Су добының үздіктері

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

Отандық спорттың олжалы көрсеткіштері

Отандық спорттың олжалы көрсеткіштері

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Елордада ел спортының қорытынды жиыны өтіп, он екі айдағы орасан жетістіктер сараланды. Спорт түрлерінен түрлі додаларда мерейімізді асырған майталмандарға лайықты құрмет көрсетілді. Саңлақтарға «Үздік – 2025» марапаты берілді.

Біз «балапанды күзде санайтын» халықпыз. Биыл қазақ спортының жылнамасы орасан мол олжамен бедерленді. Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде жылдың қорытынды шарасы өтті. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов құттықтау сөзінде сайыпқыран саңлақтардың толайым табысына зор алғысын білдірді.

Отандық спортшылар биыл жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен жыл барысында өткен әлем чемпионаттарында тәуір нәтиже көрсетіп, жүлде жеңіп алуда рекорд жаңартты. Жыл қорытындысында ұлттық құрама спортшылары жаһандық додаларда спорттың сегіз түрінен 32 медаль жеңіп алды. Оның 14-і алтын, 5-еуі күміс, 13-і қола. Атап айтқанда, отандас­тарымыз бокс, дзюдо, семсерлесу, грек-рим күресі, еркін күрес, таэквондо, садақ ату мен нысана көздеу спортынан үздіктер қатарынан көрінді. Бұл – тәуелсіздік жылдарында тіркелген ең жоғары нәтиже. Салмақтар болсақ, бұған дейінгі үздік нәтиже 2023 жылы тіркелген еді. Сол жылы ұлттық құрама спортшылары 22 медаль (7 алтын, 5 күміс, 10 қола) жеңіп алған. Осылайша, 2025 жылы жалпы жүлде саны 10 медальға өсіп, алтын медаль саны екі есеге артты.

Әлем чемпионаттарында үздік нәтиже көрсеткен спортшылар қатарында бокс­тан Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Наталья Богданова, Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Төрехан Сабырхан, Айбек Оралбай, грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғали, дзюдодан Әбиба Әбу­жақынова, семсерлесуден ерлер құрамасы (Эльмир Әлімжанов, Руслан Құрбанов, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов), садақ атудан әйелдер құрамасы (Вик­тория Лян, Адель Жексенбинова, Роксана Юнусова), сондай-ақ таэквондодан Айдана Құмартаева мен Нодира Ахмедова бар.

2025 жылғы әлем чемпионаттарының қорытындысында Азия елдері арасында жалпыкомандалық есепте Қытай құрамасы (42 алтын, барлығы 120 медаль) топ жарса, Жапония (22 алтын, 67 медаль) екінші, Оңтүстік Корея (14 алтын, 46 медаль) үшінші орынға тұрақтады. Еліміз Азияда 4-орынға ие болды. Отандастарымыз 11 әлем чемпионатында 32 жүлде, оның ішінде 14 алтын медаль еншілеп, құрлықтағы көшбасшы елдердің бірі екенін паш ете білді.

Спортшыларымыз олжалаған 32 жүл­дені жазғы олимпиадалық спорт түр­леріне енген 8 спорт түрінен жеңіп алғанын ескерсек, 2026 жылы Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарынан да күтер олжамыз қомақты. Азия ойындары Олимпиададан кейінгі ең маңызды кешенді жарыс, елдің халықаралық спорттық мәртебесінің негізгі көрсеткіші екені белгілі. Биылғы нәтиже ұлттық құрамалардың жүйелі дамуын, негізгі спорт түрлеріндегі орындардың нығаюын әрі жаңадан енгізілген бағдарламалардан тұрақты нәтиже шыққанын айқындай түседі.

Осы жылы еліміздің спортшылары халықаралық аренада 50-ден астам тарихи жетістікке қол жеткізді. Сондай-ақ еліміз ірі халықаралық спорттық жарыстар өтетін алаңға айналды. Биыл шорт-тректен ұлттық құрама Азия ойындарындағы алғашқы алтын жүлдені жеңіп алса, фристайл-акробатика мен семсерлесу спорт түрлерінен тұңғыш рет медаль бұйырды. Сонымен қатар дзюдо, бокс, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау, садақ ату мен парабиатлон сайыстарынан жоғары нәтижелер тіркелді.

«Қайрат» футбол клубы өз тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шыққанын айрықша атап өтуге болады. Сондай-ақ 2025 жылы қазақ топырағында бокстан, фристайлдан Әлем кубогі кезеңдері, дзюдодан «Grand Slam» турнирі, бірқатар олимпиадалық спорт түрінен халықаралық жарыстар өткізілді. Бұған қоса, елімізде алғаш рет Азия Паралимпиялық комитетінің конференциясы мен Бас ассамблеясы ұйымдастырылып, еліміздің Азиядағы инклюзивті спорт орталықтарының бірі ретіндегі мәртебесін нығайта түсті.

2025 жылы елімізде 135 спорт нысаны пайдалануға берілді, олардың басым бөлігі ауылды аймақтарда салынды. Туризм және спорт министрі Е.Мырзабосынов осы жылды қорытындылау барысында бірқатар ірі спорт нысанының бой көтергенін атап өтті. Бұл игі іс алдағы уақытта да жалғасын табады. Оның ішінде Түркістандағы ескек есу арнасы мен Қызылордадағы «Қай­сар Арена» стадионы бар. Аста­надағы Ұлттық спорт уни­вер­ситетінің құрылысы жалғасып жатыр.

Паралимпиадалық, сурдлимпиадалық қоз­ғалыс жүйелі түрде дамып келеді. Алғаш рет «мүгедектігі бар спортшыны сүйемелдейтін адам» ұғымы заң­мен бекітіліп, ерекше қажеттілігі бар спорт­шылардың қатысу мүмкіндігі кеңейді.

Биылғы маңызды бағыттардың бірі – халықаралық спорт ұйымдарымен өзара іс-қимылды күшейтуге баса назар аударылды. Бүгінде еліміздің 81 өкілі халықаралық, құрлықтық спорт федерацияларында жұмыс істейді. Бұдан бөлек, биыл елімізге 22 халықаралық спорт ұйымнан басшылар келді. Бұл еліміздің ұйымдастырушылық әрі инфрақұрылымдық әлеуетінің халық­аралық деңгейде мойындалғанын дәлелдейді. Тұрақты түрдегі халықаралық ынтымақтастықтың нәтижесінде 2027 жылы елімізде үстел теннисі, дзюдо, стенд ату, бокс пен джиу-джитсудан бес әлем чемпионатын өткізу туралы келісімдер жасалды. Бұл еліміздің халықаралық спорт алаңы ретіндегі сенімді әрі бәсекеге қабілетті мәртебесін одан әрі нығайтуда маңызды болмақшы.

Спорттағы жетістіктерді тарту еткен саңлақтардың ізін басып, жолын жалғар жас буынның бабын келтіріп, бағын асыра даярлау да уақыт талабы. Енді Туризм және спорт министрлігі олимпиадалық резервті даярлауға қойы­латын талаптарды күшейтеді. Сапалы спорт резервін қалыптастыруда мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің жұмысын кешенді түрде қайта қарау қажеттігі туындап отыр. Елімізде 16 облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжі, 1 республикалық спорт колледжі, 3 республикалық маман­данды­рылған олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжі жұмыс істейді. Аталған ұйымдарда спорттың 41 түрінен 6 381 тәрбиеленуші білім алып жатыр. Бұдан былай ұйым басшылары үшін негізгі тиімділік көрсеткіштері (KPI) жүйесін енгізу ұсынылды. Негізгі өлшемдердің бірі ретінде облыстық интернаттарда өңірлік құрамаға, республикалық интернаттарда ұлттық құрамаға енген спортшылардың үлесін арттыру көзделіп отыр. Сонымен қатар жаттықтырушы-педагогикалық құрамның қызметін жан-жақты бағалау міндеттеледі.

Спорттағы шыққан биігімізге баға берілген салтанатты іс-шарада «Үздік–2025» лауреаттары құрметке бөленді. Үздік спортшылар, жаттықтыру­шылар, мамандар, спорттық ұйым жетекшілері мен саланың өзге де өкілдерінің үздіктері өз аталымдарында марапатталды. Арнайы құрылған комиссияның ұйғарымымен «Жылдың үздік спортшысы» аталымында грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали үздік шықты. 1998 жылдан бері ересектер арасындағы әлем чемпионатында қазақ балуандарына жалынан ұстатпай келген алтын медальді отандасымыз олжалады. Осы аталымда қыздар арасында бокс­тан екі дүркін әлем чемпионы Алуа Балқыбекованың да мерейі үстем болды.

«Жылдың үздік жаттық­тырушысы» Райымбек Ғаби­ден, Долкунжан Камеков (әйелдер бокс­ы) атанса, «Жылдың үздік балалар жат­тықтырушысы» аталымы жасөс­пірімдер арасындағы (U17) әлем чемпионы Мадхия Усманованы баптаған білікті бапкер Хислат Мамметовке берілді.

«Ауылдық жердегі үздік дене шынық­тыру және спорт әдіскері» аталымымен Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде қызмет ететін Алтынбек Сарбулин марапатталды. Ол күрес түрін дамытуға, сонымен қатар әдістемелік жұмысқа бірнеше жылдан бері үлесін қосып келеді.

Еліміздің бокс федерациясы «Жылдың үздік аккредиттелген спорт федерациясы» атағына ие болды. Федерация ұлттық құраманың 2025 жылғы әлем чемпионатындағы жоғары нәтижелері мен спортшыларды жүйелі түрде қолдағаны үшін марапатталды.

Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Ұлттық және ат спорты түрлері бойынша спортты дамыту дирекциясы «Жылдың үздік спорт ұйымы» атанды. Жыл қорытындысында ұйым 12 ұлттық, сонымен қатар ат спорты түрінен 837 спортшыны дайындап, 53 ресми жарыста 85 медаль жеңіп алған. Оның 28-і – алтын.

«Жылдың үздік спорт өңірі» аталымында Қызылорда облысы жеңімпаз деп танылды. Қазірде өңірде 377 мың адам, яғни тұрғындардың 44,6%-ы спортпен жүйелі түрде айналысады. Кейінгі жылдары облыста спорт инфрақұрылымы қарқынды дамып, өңір спортшылары республикалық, халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр.

«Ауылдық жердегі үздік дене шынық­тыру және спорт нұсқаушысы» аталымы Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Құмарық ауылдық округінің спорт нұсқаушысы Сержан Баденовке бұйырды. Білікті маман бұқаралық спортты дамытуға, жарыстар ұйымдастыруға, ауыл жастарын жүйелі түрде спортқа тартуға елеулі үлесін қосып келеді.

«Аудандық үздік дене шынықтыру және спорт бөлімі» аталымында Қара­ғанды облысы, Қарқаралы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі үздік деп танылды. Қарқаралы ауданында республикалық, облыстық деңгейдегі спорттық іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп, спортпен тұрақты айналысатын тұрғындардың үлесі 41,3%-ға жеткен.

«Жылдың үздік ауыл жаттықты­рушысы» аталымында Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шаңғы жарысы жаттықтырушысы Владимир Шалыгин жеңімпаз атанды. Тәжірибелі маман спортшыларды ұлттық, облыстық құрамаларға, сондай-ақ ел біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған.

«Дене шынықтыру және спорт саласының үздік маманы» марапаты Астана қаласының «Спортты дамыту дирекциясы» РМК инспекторлық-талдамалық бөлімінің әдіскері Мейрам Нұртазинге табысталды. Ол халықаралық жарыстарда, соның ішінде Азия ойындарында көрсеткен талдамалық қолдауы үшін үздік деп танылды.

«Спорттағы жыл серпіні» аталымы «Қайрат» футбол клубының ойыншысы Дастан Сәтпаевқа бұйырды.

«Жасөспірімдер және жастар құра­масының спортшысы» аталымында көркем гимнастикадан еліміздің абсолютті чемпионы, Азия, әлем чемпионы Ақмарал Ерекешова, фристайл-акробатикадан әлем чемпионы Дінмұхаммед Райымқұлов, ауыр атлетикадан әлем чемпионы Ксения Прозорова лауреат атанды.

«Жылдың үздік спорт меценаты» аталымы FREEDOM компаниясына берілді. Компания спорт инфрақұрылымын дамытуға, соның ішінде Павлодар қала­сында «Бірлік» күрес орталығын салуға үлес қосып, орасан қолдау танытты.

Сонымен қатар Сейдахмет Бердіқұлов атындағы «Үздік спорт журналисі» байқауының жеңімпаздары анықталды. Ел спортындағы қадау-қадау оқиғаларды бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттап, көпшілікке әйгілеген әріптестеріміздің де еңбегі бағаланды. «Үздік тележоба» аталымымен Qazsport телеарнасының бас редакторы Азат Смағұлов марапатталса, «Үздік спорттық жарияланым» аталамында Қанат Байұзақов (Elordainfo.kz) пен Әсел Әбілбек (Baq.kz) үздік деп танылды. «Үздік фоторепортаж» аталымы Тұрар Қазанғапқа бұйырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес министрлік жыл бойы бұқаралық спортты дамытуға, спортшыларды даярлаудың ұлттық жүйесін енгізуге, жоғары жетістіктер спортын жетілдіруге бағытталған кешенді шараларды жүйелі түрде іске асырды. Маңызды қадамдардың бірі – «Дене шынықтыру және спорт туралы» жаңартылған заң күшіне енді. Жаңа заң саладағы басқарудың жаңа қағидаларын енгізіп, басым спорт түрлерін айқындап, бюджет қаражатын неғұрлым нысаналы пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Жаңа заңға сәйкес спорттың 65 түрі жоғары жетістіктер спортына енгізіліп, оның 46-сы басым бағыт ретінде айқындалды. Алда да асқаралы асулар бар. Келесі жылқы жылында да спортшыларымыз ел мәртебесін асырады деп сенеміз.

Соңғы жаңалықтар

Міндетті таңбалауға тағы бір өнім қосылды

Экономика • Бүгін, 09:23

ӘКК кәсіпкерлерге қорған бола алмай тұр...

ЖОЛДАУ • Бүгін, 09:20

Көлік нарығы көңіл көншіте ме?

Сараптама • Бүгін, 09:18

Саламатты қоғам құрудың түп негізі

Денсаулық • Бүгін, 09:15

Ауылға қамқор азамат

Еңбек • Бүгін, 09:12

Білікті жандарға ел риза

Қоғам • Бүгін, 09:10

Су қауіпсіздігі өзара сенімге тәуелді

Мәселе • Бүгін, 09:08

Алғаш рет жүрек алмастырды

Медицина • Бүгін, 09:05

Халықаралық рейтингте мәртебеміз айқындалды

Экономика • Бүгін, 09:00

Жастарды жасқаған баспана

Пікір • Бүгін, 08:55

Құмарпаз болма әрнеге...

Қоғам • Бүгін, 08:50

Дархан Ахмед-Заки: Президент реформасы жоғары білімге тың серпін береді

Сұхбат • Бүгін, 08:45

Микология майталманы

Тұлға • Бүгін, 08:40

Дәрігерлерге алғыс айтамын

Қоғам • Бүгін, 08:38

Ізденіс өндірісті қуаттандырады

Инфографика • Бүгін, 08:35

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Желтоқсан 2025 09:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Екі финал, екі рекорд: Қазақстан жеңіл атлетикадан U20 әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

10 Тамыз 2026 17:14see119

Жаңа салынған үйлердің бағасы өзгеріссіз қалды, бірақ Алматыдағы вторичка арзандап жатыр пәтер бағасына талдау

10 Тамыз 2026 17:07see119

Тоқаев Заң және тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі комиссияның құрамын бекітті

10 Тамыз 2026 09:13see117

Әлеуметтік сауалнама Қазақстан Президентіне деген сенім деңгейінің жоғары екенін көрсетті

10 Тамыз 2026 14:07see116

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауында дауыс беретін учаскесін қалай біле алады

10 Тамыз 2026 14:47see116

Шанхайға рекордтық нөсер жауын жауды желіде тайфун зардаптарының кадрлары пайда болды

10 Тамыз 2026 15:41see116

Ақтау тұрғыны чатта жанжалдасып қалып, бүкіл қаланы дүрліктірген кек дайындады

10 Тамыз 2026 11:35see115

73 жасында арманын орындауды ұйғарды қазақстандық әйелдің ерекше хоббиі Қазнеттің назарын аударды

10 Тамыз 2026 18:14see114

Ауыл партиясы: отандық ғылымды өндіріспен ұштастыру басты міндет

11 Тамыз 2026 01:54see114

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

11 Тамыз 2026 14:28see112

Татарстанда дрон шабуылынан жеті өзбекстандық қаза тапты

11 Тамыз 2026 02:38see112

Алматыда қарбызды қалай сату керек полиция жаңа сауда ережелерін түсіндірді

10 Тамыз 2026 14:24see112

Әміре Қашаубаев Париж баспасөзінде: 1925 жылғы үш француз басылымының түпнұсқа деректері

10 Тамыз 2026 08:09see111

Түрік лоукостері Қазақстаннан екі жаңа бағыт қосты, бірақ маңызды мәселе бар

10 Тамыз 2026 17:44see111

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

11 Тамыз 2026 15:05see111

Баспана берекелі отбасының басты тірегі

11 Тамыз 2026 04:13see110

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

11 Тамыз 2026 15:05see110

Су добының үздіктері

11 Тамыз 2026 03:57see109

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

11 Тамыз 2026 16:40see109

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

11 Тамыз 2026 22:12see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары