Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысы ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Қазақстан мен Ресей ядролық және радиациялық қауіпсіздік бойынша жол картасына қол қойды

Дастан Сатпаевтың жейдесі Будапешттегі арнайы көрмеге қойылды

Қазақстан мен Ресей Қытайға мұнай жеткізуді арттыруға келісті

Қазақстан бақылау тарихындағы ең ыстық жылды бастан өткерді

Олимпиада чемпиондары Михаил Шайдоров төңірегіндегі дауға байланысты пікір білдірді

Жангелдин ісі: Сәрсемалиев әкесі сөйлегенде жылап жіберді, ал анасы бекем болуға шақырды

Қазақстанға 40 градусқа дейінгі аптап ыстық келеді

Алматы әуежайында мысық чемодандармен бірге берілді полиция тексерісті бастады

Ақмола облысында тоғыз шетелдік турист тауда жоғалып кетіп, құтқарушылар аяғынан тік тұрды

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

​Депутаттар Атыраудың өзі қаржыдан тарығып отырғанын мәлімдеді

Қазақстанда жаңа туған сәбилерге негізгі жауапкершілік педиатрларға қайта жүктеледі

Павлодар облысында 1500 ден астам жүргізуші рөлде телефонмен ұсталды

“Мұндай ерлікке кез келген адамның батылы бара бермейді” БҚО да мектеп оқушысы екі інісін өрттен құтқарып қалды

Көкшетауда пәтер ішінде жалғыз қалып кеткен бала құтқарылды

Президент: Қазақстан технологияны нетто экспорттаушы мәртебесін дәлелдеді

Цифрлық трансформация Еуразиялық ықпалдастықтың басым бағыты

Ресейден ел аумағына 200 тоннадан астам бүлінген астықты алып кірмек болған

Лондондағы Мисс Кәусар

Дәстүр мен дизайнды үйлестірген

Дәстүр мен дизайнды үйлестірген

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

«Саусақ бірікпей, ине ілікпей­ді». Бұл – атадан балаға мирас болған қолөнердің алпыс екі тамырына қан жүгіртіп, заманға сай түрлендіре дамытып отырған Бекдайыр әулетінің берік ұстанымы. Бүгінде Қарасай ауданында тіршілік етіп отырған өнерлі отбасының есімі өңір жұрт­шылығына кеңінен таныс.

Ақындар мен батырлар елі – Жам­был ауданы Қастек ауылында дүниеге келген Қоңыр Бекдайыр­дың атакәсіпке келуіне табиғи дарынымен қатар, өмірлік серігі Анар­гүл Нұрботановамен бірге тірші­лік етуі – шабытын шарықтатып қана қоймай, балаларының қолөнерге қызы­ғушылығын арттырып, ұлт­тық өнердің өрістеуіне зор септігін тигізген.

«Отбасымызда 11 бала өстік. Әке­міз мұғалім болып, бала оқытты. Барлығымызды еңбекке баулыды. Оқушы кезден өнерге бейім болып, Алматы суретшілер училищесіне оқуға түстім. Оны аяқтаған соң Алматыдағы кәдесыйлар жасайтын фабрикаға жолдамамен келіп, суретші боп еңбек еттім. Өнерімді бағалаған басшылық Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына оқуға жіберді. Диплом алып, фабрикаға бас суретші ретінде қайта оралдым. Сол аралықта жұбайым Анаргүлмен танысып, отау құрдық. Содан бері тұп-тура 40 жыл толыпты. Кеңес өкіметі ыдырап, жұмыссыздық жайлап, абдырап қалғанда, қолымыздан келетін зергерлік, ісмерлік өнерді дамытуға ден қойдық. Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізге төрткүл дүниенің есігі ашылып, шетелдіктер келе бастады. Соларға арнап ұлттық нақыштағы кәдесыйлар, атап айтсақ, қазақ үйлер, қобдиша, жануарлар мүсіні мен күмістен соғылған әшекейлер, басқа да бұйымдар жасап сату арқылы, табыстың жолын тапқан болдық. Бұл бекзада өнерге бала-шағамыз да әуес болып өсіп, бүгінде ұлттық өнерді дамытуға өз үлестерін қосып келеді», дейді әулеттің бас иесі, Суретшілер одағының мүшесі, зергер Қоңыр Егенұлы.

Халқымыз «Ұяда не көрсең, ұш­қанда соны ілерсің» деп бекер айтпаса керек, он саусағынан өнер тамған ата-ананың ерекше қасиеті төрт баласына түгел дарып, олар да әке жолын қуып, Алматыдағы суретшілер колледжін тәмамдаған. Ұлдарының үлкені Айдос пен Бақытжан білім­дерін шың­дап, Т.Жүргенов атын­дағы өнер акаде­миясын аяқтаса, Ғалымжан Астанадағы өнер академиясының түлегі. Ал қыз­дары Еркежан да Сымбат өнер академия­сын тәмамдап, бисерден көз­тар­тарлық бұйымдар тізіп, гобелен тоқудың да шебері атанып жүргенін мақтанышпен айтуға болады.

«Отбасы мүшелерінің барлығы халықтық өнерге өте жақын. Төлбасы Айдосымыздың қолынан шық­қан жан-жануарлар мүсіні қала көше­леріне көрік беріп тұр. Шағын цехта жұмысын жандандырып отыр. Бақытжан болса ер-тұрман, ат әбзел­дерін жасаудың хас шеберіне айналды. Үшінші ұлымыз Ғалымжанның жеке өнер мектебі бар, онда өнерге бейім балаларды зергерлікке, сурет салуға баулиды. Келінім Биназира да саздан құмыралар мен сазсыр­най шығарумен айналысады. Не­мерелер де осы өнерді жиектеп, атасы мен әкелеріне қолғабыс жасайды. Отбасымызбен түрлі деңгей­дегі көрмелерге қатысып келеміз. Мәселен, 2017 жылы халықаралық «EXPO-2017» көрмесіне қатыстық. Одан бөлек, Алматы облысының аты­нан алыс-жақын шетелдің көр­ме­леріне қатысып, жасаған бұйым­да­рымыз жоғары бағаланады», дей­­ді қолөнер шебері Анаргүл Нұрботанова.

Тұлымшағы желбіреген бала жас­тан нағашы апасы Сәндінің жүн тү­тіп, ұршық иіретін өнерін қызық­тап, үйренсем деген ұмтылысы Анар­гүл Нарботанованы ісмерлікке жете­леген. Құрақ құрап, кесте тігу сын­ды ұлттық өнерден анасы да құрала­қан еместіктен қағілез жас қолөнер­дің қыр-сырына қанығады. Әрі оны мектептен соң іліп әкетіп, шеберлік теориясын оқиды, көңілге тоқиды. Майдангердің отбасында дүниеге келген зерек қыз тоғыз баланың ортасынан оза туғанын аңғартады. Апасының «айналайынымның қолынан келмей­тіні жоқ» деп мейірлене сіңіретін сеніміне селкеу түсірмей, киіз басып, кесте тігуге бейімделеді. Сөйтіп, анасы тігін машинасын сатып алып берген екен. Алғаш рет апасына арнап аппақ матадан кимешек тігіп, оның жақтауын зермен өрнектей көмкергендегі шеберлігі тәнті етіп, болашағынан зор үміт күттірген.

«Апам мен анам өте еңбекқор жандар еді. Екеуі бірлесіп, талай іс тындыратын. Жүн түтіп, киіз басуға көмектесетінбіз. Соның арқа­сын­да киелі өнерді игердім. Отағасы Қоңырмен бас қосқалы бері бір мақсатта жұдырықтай жұмыла еңбек етіп келеміз. Ол – ұлттық өнерді әс­петтеп, қадір-қасиетін насихат­­тау», дейді Қазақстан дизайнерлер ода­­­ғы­ның мүшесі Анаргүл Нұрботанова.

Киіз басудың шебері атанып жүрген ісмердің қолынан шыққан ер мен әйелдерге, балаларға арнап тігілген етек-жеңі ұзын, келісті етіп ою-өрнекпен безендірілген шапандары көрген жанның таңдайын қақтырып тамсандырады. Биылғы республикалық байқауға арнап отбасы мүшелеріне киізден басқан шапандарын даярлауға екі ай мерзім уақытын шығындайды. Ерекше мазмұнға ие киіз шапандардың құны да арзан емес, соған сай жұмысы да шыдамдылық пен табандылықты қажет етеді.

«Киізден жасалған өнімнің адам денсаулығына пайдасы зор. Ол – экологиялық таза әрі өте жылы. Шапаннан бөлек әйелдерге арнап орамалдар, жамылғылар, сәнді бас киімдер жасаймын. Сондай-ақ бүгінде дәстүр мен дизайнның үйлесімді бірлігі интерьерге ұлттық реңк беріп, көркемдік мән беретін декоративті панноларға да сұраныс артқан. Табиғат пен өмірді, махаббат пен сүйіспеншілікті бейнелейтін сан алуан тақырыпта құрылған туындыларым аз емес. Оған негізінен қойдың жүні мен түрлі бояулар пайдаланылады. Бір өкініштісі, жүн өңдейтін өнеркәсіп тапшы. Соған қарамастан қажетті шикізатты тауып, өз ісімізді ілгерілетіп келеміз», – дейді ісмер.

Ұлттық өнердің өрісін кеңейтіп отырған Бекдайыр отбасы белгілі қолөнер шебері Дәркембай Шоқпарұлының 75 жылдығына орай жасалған көрмелер байқауында 1-орын иеленсе, «Born Nomad Power Awards-2022» жобасына қатысып, 1-орын жеңімпазы атанған. Сонымен қатар Алматы облыстық «Мерейлі отбасы» бай­қауының бас жүл­дегері атануы шабыттарын ша­рық­тата түскен.

Содан бері де ізденістерін ірікпе­ген өнерлі отбасы биыл да облыстық байқаудан топ жарып, Аста­­на төрінде өткен «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының сал­та­­натты марапаттауына қатысып қайтты.

«Бұл байқау ерекше әсер қалдыр­ды. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев отбасының мемлекет дамуына қосар үлесін айрықша атап, оның әлеуметтік жағдайының жақсаруына, әл-ауқатының артуына аса мән беруде. Оған қоса ұлттық қол­өнерімізді дамытуға да қолдау біл­діруі – бізді қанаттандырып келеді. Алда­ғы уақытта өнерімізді өрістетіп, бұ­дан да үлкен жетістіктерге жетсек деген жос­парымыз бар», дейді Қоңыр Егенұлы.

Қолөнердің қыр-сырын ата-баба­­­сынан мирас етіп жалғастырып келе жатқан Бекдайыр әулетінің бұл жетістіктері – ұлттық өнерді дәріп­­тей­тін өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болары анық.

Алматы облысы 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:144
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қараша 2025 09:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысы ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

29 Мамыр 2026 17:01see116

Қазақстан мен Ресей ядролық және радиациялық қауіпсіздік бойынша жол картасына қол қойды

29 Мамыр 2026 11:54see114

Дастан Сатпаевтың жейдесі Будапешттегі арнайы көрмеге қойылды

29 Мамыр 2026 11:50see114

Қазақстан мен Ресей Қытайға мұнай жеткізуді арттыруға келісті

29 Мамыр 2026 20:39see112

Қазақстан бақылау тарихындағы ең ыстық жылды бастан өткерді

29 Мамыр 2026 11:29see112

Олимпиада чемпиондары Михаил Шайдоров төңірегіндегі дауға байланысты пікір білдірді

29 Мамыр 2026 11:51see110

Жангелдин ісі: Сәрсемалиев әкесі сөйлегенде жылап жіберді, ал анасы бекем болуға шақырды

29 Мамыр 2026 20:39see110

Қазақстанға 40 градусқа дейінгі аптап ыстық келеді

29 Мамыр 2026 16:03see110

Алматы әуежайында мысық чемодандармен бірге берілді полиция тексерісті бастады

29 Мамыр 2026 19:42see109

Ақмола облысында тоғыз шетелдік турист тауда жоғалып кетіп, құтқарушылар аяғынан тік тұрды

30 Мамыр 2026 15:58see109

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

30 Мамыр 2026 12:16see107

​Депутаттар Атыраудың өзі қаржыдан тарығып отырғанын мәлімдеді

29 Мамыр 2026 20:38see106

Қазақстанда жаңа туған сәбилерге негізгі жауапкершілік педиатрларға қайта жүктеледі

30 Мамыр 2026 13:30see106

Павлодар облысында 1500 ден астам жүргізуші рөлде телефонмен ұсталды

29 Мамыр 2026 16:32see105

“Мұндай ерлікке кез келген адамның батылы бара бермейді” БҚО да мектеп оқушысы екі інісін өрттен құтқарып қалды

29 Мамыр 2026 11:31see102

Көкшетауда пәтер ішінде жалғыз қалып кеткен бала құтқарылды

30 Мамыр 2026 09:44see102

Президент: Қазақстан технологияны нетто экспорттаушы мәртебесін дәлелдеді

29 Мамыр 2026 17:33see102

Цифрлық трансформация Еуразиялық ықпалдастықтың басым бағыты

30 Мамыр 2026 13:45see102

Ресейден ел аумағына 200 тоннадан астам бүлінген астықты алып кірмек болған

30 Мамыр 2026 12:00see102

Лондондағы Мисс Кәусар

30 Мамыр 2026 13:48see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары