Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Дәстүр мен жасампаздықты тұтастандырған Түркістан

Дәстүр мен жасампаздықты тұтастандырған Түркістан

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Еліміздің басты туризм бағыттарының бірі саналатын әулиелі, әмбиелі Түркістан топырағына шет мемлекеттерден, еліміздің басқа өңірлерінен келушілер қатары жылдың қай мезгілінде де толастаған емес. Өңірде туризм саласын дамыту бағытында ауқымды іс атқарылып жатыр.

Айталық, салаға тар­тыл­ған инвестиция 133 млрд теңгеге жетіп, 67,9%-ға, орналастыру орын­да­ры­ның қызмет көрсету көлемі 8 млрд теңге болып, 24,5%-ға өсті. Бүгінде облыста 265 орналастыру орны жұмыс істейді. 11 туроператор, 45 турагенттік компания, 66 гид-экскурсия өкілі қызмет етіп жатыр. Облыс әкімдігінің дерегінше, өңірдегі тарихи нысандарға келушілер саны 1 млн адамға жетіп, 13%-ға артты. Табиғи аумақтарға саяхаттаушылар саны 151,9 мың адамды құрап, 18,1%-ға өсті. Өткен жылдың қорытындысында өңірге келген туристер саны 500 мың адамнан асып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 15,9%-ға артты. Яғни 2023–2024 жылдармен салыстырғанда тұрақты өсім бар. E-qonaq жүйесінде 48 400 шетелдік турист тіркеліп, бұл көрсеткіш бір жылда екі есеге көбейген. Шетелдік қонақтардың басым бөлігі Өзбекстан, Түркия, Ресей, Қытай, Қырғызстан мемле­кет­терінен келген.

Саяхатшыларға қолжетім­ді­лікті қамтамасыз ету мақ­са­тын­да Түркістан, Шымкент қала­ла­рының әуежайлары арқылы әуе қатынасы көбейген. Қазір аптасына 147 рейс орындалады. Негізгі әуе компаниялары қатарында «Air Astana», «SCAT Airlines», «FlyArystan», «Turkish Airlines», өзге де халықаралық тасымалдаушылар бар. Өңірдің туристік өнімдерін халықаралық деңгейде ілгерілету мақсатында Қытай, Түркия, Өзбекстан, Ресей, Әзербайжан, Моңғолия, араб елдері, Еуропа мемлекеттері мен Малайзия нарығына шығу жоспарланған. Әсіресе Қытай нарығына бағытталған WeChat платформасында арнайы контент әзірленіп, алғашқы кезеңде кемінде 50 мың аудиторияны қамту көзделіп отыр.

Іскерлік туризмді дамытуға да айрықша мән беріліп келеді. Жыл сайын 20-30 іскерлік іс-шара, инвестициялық туризм, ITжобалар форумдары мен халықаралық конференциялар өткізу жос­пар­ланған. Халықаралық ынты­мақ­тастық аясында былтыр 113 шетелдік туркомпанияға, 23 тревел-блогерге, 11 шетелдік БАҚ өкіліне ақпараттық тур ұйымдастырылды. Қытайдың танымал Hunan TV телеарнасымен бірлесіп, әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің қатысуымен «Voice Beyond Horizon» тележобасы өңірде түсіріліп, халықаралық аудиторияға ұсынылды.

Әлбетте, өңірге келген қонақ­тар алдымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне ат басын бұрады. Бұл орайда күні кеше Түркістанда «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы ұжымымен кездесу өткізген Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 2023 жылдан бері «Қазреставрация» РМК нысанға ғылыми зерттеу жүргізіп, олардың нәтижесінде бірқатар практикалық шаралар жүзеге асырылғанын атап өтті. Премьер-министрдің орынбасары қазіргі кезеңдегі басты басымдық сыртқы жаңарту емес, бірегей ескерткіштің тарихи келбетін сақтау екеніне назар аударды. Сондай-ақ кездесуде «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы тек мәдени мекеме емес, ұлттың тарихи жадын сақтайтын, рухани тұтастығын бекітетін ір­гелі орталық екені айтылды. «Мұнда тек бірегей мәдени мұра ғана сақталмай, сонымен бірге дәуірлердің байланысы көрініс табады. Бұл байланыс мемлекеттілігіміздің, дәс­түріміздің, рухани құнды­лығымыздың бастауын те­ре­ңірек түсінуге мүмкіндік бе­реді. Біздің міндетіміз – осы мұраны сақтап қана қоймай, оны бүгінгі ұрпаққа жаңа мазмұнда жеткізу», деді А.Балаева.

Сондай-ақ қайта қалпына кел­тірілген Хан мешітіне келу­шілер қатары да көбейіп келеді. Қо­нақтар тарихи нысанның сәу­леттік ерекшеліктерімен таны­сып, оның рухани-мәдени маңызы жөнінде кеңінен мағ­лұмат алады. Хан мешіті – қазақ хандарының, олардың туыстары мен нөкерлерінің, сондай-ақ мәртебелі қонақтардың намаз оқитын қасиетті орны болған. Хандар бес уақыт намазын арнайы «Мақсура» бөлмесінде оқыған. Бұл бөлмеге Хан ордасына бағытталған жеке есік арқылы кірген. Мешіт кешені өз дәуірінде орам халқына арналған Жәми мешітін, жоғары лауазымды тұлғаларға арналған «Мақсура» бөлмесін, ауласын, жеке тахаратханасын қамтыған. «Мақсураның» жеке михрабы мен имамының болуы оның ерекше мәртебесін айқындайды. Хан мешіті Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен батысқа қарай 300 метр қашықтықта, Жеті ата көшесінің бойында орналасқан. Мешіт ауласы тік төртбұрышты пішінде салынған, өлшемдері – 25,1х18,4 метр. Ауланың шығыс бөлігінде жабыс­тыра тұрғызылған тахаратхана құрылысымен қоса есептегенде, қас бетінің ұзындығы 30,7 метр болады. Мешіт аумағында жамағат имамына арналған екі бөлмелі тұрғын үй, бастырмалар, құдық орналасқан. Сондай-ақ аула сыртында қосымша тахаратхана орны қарастырылған.

Облыстық сәулет және қа­ла құры­лысы басқармасы мен туризм басқармасының бір­лесе ат­қарған жұмысы нәтижесінде өңірде 100 туристік орын анықталған. Олардың қатарында Бәйдібек ауданындағы «Ақмешіт» жерас­ты үңгірі, Қазығұрт ауда­нын­дағы «Кеме қалған» монументі, Түлкібас ауданында «Ақсу Жаба­ғылы» мемлекеттік табиғи қорығы, Отырар ауданында Арыстанбаб кесенесі бар. Облыстық сәулет және қала құрылысы басқар­ма­сы­ның мәліметінше, өткен жылы 108 эскиздік жоба қаралып, оның ішінде 19 жоба Түркістан қала­сының әкімдігі тарапынан, 57 жоба басқарма тарапынан зерде­ленген.

Өңірдің туризм саласын дамы­ту­ға инвесторлар да қызығу­шы­лық танытып отыр. Мысалы, инвестор Отырар ауданынан шөлдегі қонақүй, қабылдау орталығы, шығыс моншасы мен ежелгі Отырар кітапханасы аңызын жандандырып, кітапхана мен мұражай салып, арнайы туристік орталық ұйымдастыру жобасын жүзеге асыруға ниет білдірді. Отырар мен Сауран арасында саяхатшыларға түйе керуенін үйлестіру жоспары да бар. Бұл жоба зерделеніп, жүзеге асыруға қатысты жұмыс жүр­гізілмекші. Сонымен қатар Түр­кістандағы «Жаңа қала» аума­ғын­да салынатын мейрамхана, кеңсе ғимараттары, қонақүй жобалары, медициналық туризм нысаны, «қала ішіндегі қала» ұсынысы сәу­леттік жобалар жөніндегі кеңес­тің назарына алынды.

Жалпы, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде облыс туризм саласын экономиканың драй­веріне айналдыруды көздеп отыр. Туристік ағынды ұлғайту, ин­вестиция тарту, қызмет сапасын арттыру, халықаралық имиджді нығайту бағытындағы жү­йелі жұмыстар алдағы кезеңде де жүйелі жалғасады.

Түркістан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 09:15

Мәдениеттер тоғысындағы «Forte trio»

Өнер • Бүгін, 09:13

Сарқылмас ойдың кені

Қоғам • Бүгін, 09:10

Ырыздықты молайтуға ұмтылыс

Шаруашылық • Бүгін, 09:07

Саяхат табысын еселеуге не кедергі?

Туризм • Бүгін, 09:05

Өрт сөндіру техникасымен толықты

Аймақтар • Бүгін, 09:02

Астанада халықаралық кітап жәрмеңкесі өтеді

Көрме • Бүгін, 09:00

Көктем шуағын еселеген саябақ

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Дәстүр мен жасампаздықты тұтастандырған Түркістан

Туризм • Бүгін, 08:55

Әмбебап медиаменеджер

Руханият • Бүгін, 08:53

Әдеби сынның бәсі қандай?

Әдебиет • Бүгін, 08:50

Оқитын ұлттың ойы озық

Пікір • Бүгін, 08:48

Шикізаттан композитті өнімге дейін...

Ғылым • Бүгін, 08:45

Сахна тынысы сарапталды

Театр • Бүгін, 08:43

Жаңарған музей – жаңғырған тарих

Мәдениет • Бүгін, 08:40

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Сәуір 2026 09:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары