Депутат Бақытжан Базарбектің қатысуымен болған ЖКО зардап шегушінің жағдайы өте ауыр
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Дәрігерлер Жамбыл облысындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен ер адамның жағдайы туралы хабарлады. Бұған дейін жол апатына себепкер болған көлік тізгінінде, болжам бойынша, Мәжілістің экс-депутаты Бақытжан Базарбек болғаны хабарланған еді, деп жазады Tengrinews.kz.
Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апатынан зардап шеккен 1989 жылғы ер адам 15 тамызда сағат 20:21-де ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта ол анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жатыр.
Науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. Оған бассүйек-миының ауыр жарақаты және мидың соғылуы, қабырғаларының екі жақты көптеген сынығы, екіжақты гемопневмоторакс, оң жақ жіліншік сүйектерінің ашық сынығы және II–III дәрежелі травматикалық шок диагнозы қойылды.
"Жағдайы өте ауыр, бұл политравмамен және ауыр травматикалық шокпен байланысты", - деп хабарлады өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
15 тамызда науқасты облыстық мамандар - нейрохирург, реаниматолог және торакальды хирург тексерді. Олар одан әрі емдеу бойынша ұсыныстарын берді.
"Емдеу шаралары жалғасып жатыр", - деді дәрігерлер.
Айта кетейік, 16 тамызда Telegram-арналардың бірінде Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының аумағында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы жазба жарияланды. Ақпаратқа сәйкес, "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" тасжолында 36 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Көлік тізгінінде болжам бойынша Мәжілістің экс-депутаты Бақытжан Базарбек болғандығы айтылды.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:40
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Тамыз 2026 14:49 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















