Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

Астана көші қон қызметінің бұрынғы басшысы Ербол Махметов ұсталды: ҰҚК түсініктемесі

Қазақстанда ирригация каналдарын механикалық тәсілмен тазалау қарқыны артып келеді

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен Мемориалы өтеді

Құрылтайда фракцияның негізгі бағыттары талқыланды

Қазақстанда жұмыссыздарға төлем мерзімі қысқартылады: 1 қазаннан бастап не өзгереді

Қазақстаннан Сингапурға әуе рейсі ашылады

Депутат Болашақ бағдарламасын тексеруді ұсынды

Депутат Болашақ бағдарламасын тексеруді ұсынды

Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Оның айтуынша, "Болашақ" бағдарламасына қатысты тәсілдер мен саясатты қайта қарау қажет.

"Бағдарлама аясында кадр даярлау кезінде жіберілген заңбұзушылықтарды естісең, жағаңды ұстайсың. "Болашақ" бағдарламасы бойынша конкурсқа талаптарға мүлде сәйкес келмейтін 881 үміткер жіберілген. Соның ішінде 340 адам 7 млрд 659 млн теңге көлемінде стипендия алып, шетелде оқып жүр. 15 үміткер бойынша республикалық комиссияның шешімі мүлде жоқ, бірақ олар білім алуда. 151 стипендия жоспардан тыс берілген, ал лимиттен тыс тағайындалған қаржы көлемі – 2 млрд 519 млн теңге. 71 үміткер жасырын түрде бір-біріне кепіл болған. Келтірілген шығын – 876 млн теңге. Жалпы, шынын айтқанда, жаңалықтарды қарап отырсаң, кезекті бір әкім тағайындалады да, 3-4 жылдан кейін "Болашақ" түлегі ретінде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығына байланысты жауапқа тартылады. Сонда біз жалпы "Болашақ" арқылы кімдерді дайындап жатырмыз деген сұрақ туындайды", – деді депутат.

Оның айтуынша, сондай-ақ министрліктің жекелеген лауазымды тұлғаларына қатысты кейбір эпизодтарды қылмыстық іс қозғауға негіз болатын жағдайлар ретінде бағалауға болады. Осыған байланысты ол мынадай ұсыныстарын айтты:

"Біріншіден – Жоғары аудиторлық палатаның (ЖАП) есебі қорытындысы бойынша "Болашақ" бағдарламасы аясында мамандар даярлауға жұмсалған қаражатты қайтару жөнінде талап-арыздар беру қажет. Менің бағалауымша, шамамен 10 млрд теңге туралы сөз болып отыр. Бұл – шетелде негізінен тегін білім алып жатқан кейбір тұлғалардың балалары мен туыстарына жұмсалған қаражат. Министрлік олардың тізімін ашық әрі нақты жариялауы тиіс. Екіншіден – Бас прокуратура мен құқық қорғау органдарының қатысуымен комиссиялар құрып, ЖАП анықтаған шамамен 10 млрд теңге көлеміндегі заңбұзушылықтарға қатысы бар барлық лауазымды тұлғаларды анықтау қажет. Үшіншіден – жоғары оқу орындарында цифрлық курстарды енгізуіміз керек. Атап айтқанда, цифрландыру негіздері, жасанды интеллект, ақпараттық ресурстарды басқару, электрондық үдерістер мен құжат айналымы. Яғни, білім беру стандарттарын толық қайта қарау қажет", – деп толықтырды мәжілісмен.

Сондай-ақ ол ғылым саласында лобби бар екенін, ал "Скопус" пен "Томсон Рейтерс" базаларындағы жарияланымдар бизнеске айналып кеткенін атап өтті. Осыған байланысты, оның пікірінше, мұндай жарияланымдардың міндеттілігін алып тастап, ғылыми еңбектерді Жоғары аудиторлық палата мен Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынған ұлттық журналдар арқылы бағалау қажет.

Бұған дейін Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Тлеген Қасқын мемлекеттік аудит қорытындыларын жариялап, жоғары білім беру жүйесінде жүйелі мәселелер барын және бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалып жатқанын мәлімдеген болатын.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:112
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Сәуір 2026 17:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see166

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see163

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see161

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see161

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see159

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see154

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see148

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see144

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see142

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see141

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see140

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see134

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

09 Қыркүйек 2026 10:31see133

Астана көші қон қызметінің бұрынғы басшысы Ербол Махметов ұсталды: ҰҚК түсініктемесі

09 Қыркүйек 2026 12:35see128

Қазақстанда ирригация каналдарын механикалық тәсілмен тазалау қарқыны артып келеді

09 Қыркүйек 2026 11:44see126

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды

09 Қыркүйек 2026 23:44see123

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен Мемориалы өтеді

09 Қыркүйек 2026 23:06see119

Құрылтайда фракцияның негізгі бағыттары талқыланды

10 Қыркүйек 2026 04:11see116

Қазақстанда жұмыссыздарға төлем мерзімі қысқартылады: 1 қазаннан бастап не өзгереді

09 Қыркүйек 2026 12:41see112

Қазақстаннан Сингапурға әуе рейсі ашылады

08 Қыркүйек 2026 14:34see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары