Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Дипломатиялық корпусқа арналған Наурыз балы өтті

Дипломатиялық корпусқа арналған Наурыз балы өтті

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Астанада Қазақстандағы дипломатиялық корпус өкілдері, халықаралық ұйымдар мен шетелдік серіктес құрылымдар қатысқан «Наурыз балы» өтті. Мерекелік іс-шараны Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігі дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аталмыш бал Мемлекет басшысының бастамасымен 2024 жылы бекітілген «Наурызнама» онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай ұйымдастырылды. Іс-шара мәдени және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға ықпал етіп, Қазақстанның бай тарихи-мәдени мұрасы мен ұлттық дәстүріне, қазіргі қоғамдық дамуына ерекше назар аударылды. 

Дипломаттар үшін жәрмеңке ұйымдастырылды. Бұл іс-шара табиғат жаңарып, молшылық артатын, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің мәні мен мағынасын терең түсінуге сеп болды. 

Қонақтар арқан тартыс, асық ату және басқа да ұлттық ойындарға қатысып, қазақ мәдениетін жақынырақ тани түсті. 

Іс-шарада Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева биылғы Наурыз мерекесі ел үшін маңызды кезеңмен тұспа-тұс келгенін атап өтті. 

«Биылғы Наурыз еліміз үшін маңызды тарихи кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Күні кеше өткен республикалық референдумда халқымыз жаңа Ата заң үшін таңдау жасап, ел дамуының жаңа бағытын айқындады. Халқымыз әділетті, прогрессивті, білім мен ғылымға, инновацияға негізделген болашақ үшін дауыс берді. Заң мен тәртіп сақталатын, баршаға тең мүмкіндік беретін әділетті қоғам қалыптастыру жолында тарихи шешім қабылдадық. Референдумға белсенді қатысқан халық ел тағдырына бейжай қарамайтынын, ертеңге деген жауапкершілікті терең сезінетінін көрсетті. Бұл – бірлігі бекем, болашағына сенімді қоғамының айқын көрінісі. Еліміз үшін уақыт талабына сай жасалған бұл тарихи қадам мемлекеттік жүйені институционалдық тұрғыдан жаңғыртуға жол ашады. Бұл – Қазақстанның демократиялық даму жолындағы тағы бір маңызды белесі. Осылайша, Қазақстан жаңа дәуірге, жаңа кезеңге нық қадам басты. Бұл Наурыз мейрамының жаңару мен жаңғыруды білдіретін терең символдық мәнімен үндесіп жатыр», – деді Аида Балаева.

Сонымен қатар Премьер-министрдің орынбасары жаңа Конституцияда қоғам дамуының жаңа құндылықтары бекітілгенін атап өтті. Алғаш рет тарихи-мәдени мұраны сақтау және төл мәдениетті ұлықтау мемлекет дамуының негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалды. 

«Ұлттық бірегейлікті сақтау, тарихи сабақтастықты үзбеу және мәдени кодты келер ұрпаққа аман жеткізу – конституциялық нормалардың түпкі мәні. Өйткені мәдени мұра – өткеннің естелігі ғана емес, елдің рухани тірегі, қоғамды біріктіретін құндылықтардың негізі. Азаматтардың тарихи және мәдени мұраға қамқорлық жасау міндетінің бекітілуі де қоғамның мәдени жауапкершілігін күшейтеді. Сонымен қатар еліміздің даму жолы «бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық қағидаттарына сүйенетіні» Жаңа Конституцияның Преамбуласында анық бекітілді. Бұл қағидаттар Қазақстан қоғамының басты тіректерінің бірі болып қала береді және көпэтносты, көпконфессиялы еліміздің тұрақты дамуының берік негізін қалыптастырады. Еліміз қай кезде де халықтар арасындағы достық пен өркениеттер диалогын дамытуға басымдық беріп келеді. Осы ретте достық пен татулықтың алтын көпіріне айналған дипломатиялық корпус өкілдеріне ерекше алғыс білдіргім келеді. Қазақстанда қызмет атқарып жүрген шетелдік елшілер біздің мәдениетімізге, дәстүрімізге, тілімізге зор қызығушылық танытып қана қоймай, оларды халықаралық аренада насихаттауға да үлкен үлес қосып келеді. Сондықтан бірлігімізді бекемдеуде баршаңыздың еселі еңбектеріңіз айрықша зор деп білемін», – деп атап өтті Үкімет басшысының орынбасары.

Іс-шарада Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Наурыз мерекесінің мәдени дипломатиядағы маңызды рөлін атап өтіп, бұл мейрам халықтарды жақындастырып, мемлекеттер арасындағы өзара түсіністікті нығайтатынын айтты. Оның пікірінше, жаңару мен жасампаздықты білдіретін бұл мереке – халықаралық ынтымақтастық пен татулықтың жарқын көрінісі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:167
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Наурыз 2026 23:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары