Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Астанада дипломатиялық корпусқа арналған Наурыз балы өтті

Астанада дипломатиялық корпусқа арналған Наурыз балы өтті

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Астанада Қазақстандағы дипломатиялық корпус өкілдері, халықаралық ұйымдар мен шетелдік серіктес құрылымдар қатысқан «Наурыз балы» өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мерекелік іс-шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеді. Аталмыш бал Мемлекет басшысының бастамасымен 2024 жылы бекітілген «Наурызнама» онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай ұйымдастырылды.

Іс-шара мәдени және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға ықпал етіп, Қазақстанның бай тарихи-мәдени мұрасы мен ұлттық дәстүріне, қазіргі қоғамдық дамуына ерекше назар аударылды. Дипломаттар үшін жәрмеңке ұйымдастырылды. Бұл іс-шара табиғат жаңарып, молшылық артатын, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің мәні мен мағынасын терең түсінуге сеп болды. Қонақтар арқан тартыс, асық ату және басқа да ұлттық ойындарға қатысып, қазақ мәдениетін жақынырақ тани түсті.

Іс-шарада Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева биылғы Наурыз мерекесі ел үшін маңызды кезеңмен тұспа-тұс келгенін атап өтті.

«Биылғы Наурыз еліміз үшін маңызды тарихи кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Күні кеше өткен республикалық референдумда халқымыз жаңа Ата заң үшін таңдау жасап, ел дамуының жаңа бағытын айқындады. Халқымыз әділетті, прогрессивті, білім мен ғылымға, инновацияға негізделген болашақ үшін дауыс берді. Заң мен тәртіп сақталатын, баршаға тең мүмкіндік беретін әділетті қоғам қалыптастыру жолында тарихи шешім қабылдадық. Референдумға белсенді қатысқан халық ел тағдырына бейжай қарамайтынын, ертеңге деген жауапкершілікті терең сезінетінін көрсетті. Бұл – бірлігі бекем, болашағына сенімді қоғамының айқын көрінісі. Еліміз үшін уақыт талабына сай жасалған бұл тарихи қадам мемлекеттік жүйені институционалдық тұрғыдан жаңғыртуға жол ашады. Бұл – Қазақстанның демократиялық даму жолындағы тағы бір маңызды белесі. Осылайша, Қазақстан жаңа дәуірге, жаңа кезеңге нық қадам басты. Бұл Наурыз мейрамының жаңару мен жаңғыруды білдіретін терең символдық мәнімен үндесіп жатыр», – деді Аида Балаева.

Сонымен қатар, Премьер-министрдің орынбасары жаңа Конституцияда қоғам дамуының жаңа құндылықтары бекітілгенін атап өтті. Алғаш рет тарихи-мәдени мұраны сақтау және төл мәдениетті ұлықтау мемлекет дамуының негізгі қағидаттарының бірі ретінде айқындалды.

«Ұлттық бірегейлікті сақтау, тарихи сабақтастықты үзбеу және мәдени кодты келер ұрпаққа аман жеткізу – конституциялық нормалардың түпкі мәні. Өйткені мәдени мұра – өткеннің естелігі ғана емес, елдің рухани тірегі, қоғамды біріктіретін құндылықтардың негізі.

Азаматтардың тарихи және мәдени мұраға қамқорлық жасау міндетінің бекітілуі де қоғамның мәдени жауапкершілігін күшейтеді.
Сонымен қатар, еліміздің даму жолы «бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық қағидаттарына сүйенетіні» Жаңа Конституцияның Преамбуласында анық бекітілді. Бұл қағидаттар Қазақстан қоғамының басты тіректерінің бірі болып қала береді және көпэтносты, көпконфессиялы еліміздің тұрақты дамуының берік негізін қалыптастырады.

Еліміз қай кезде де халықтар арасындағы достық пен өркениеттер диалогын дамытуға басымдық беріп келеді. Осы ретте достық пен татулықтың алтын көпіріне айналған дипломатиялық корпус өкілдеріне ерекше алғыс білдіргім келеді.

Қазақстанда қызмет атқарып жүрген шетелдік елшілер біздің мәдениетімізге, дәстүрімізге, тілімізге зор қызығушылық танытып қана қоймай, оларды халықаралық аренада насихаттауға да үлкен үлес қосып келеді.
Сондықтан бірлігімізді бекемдеуде баршаңыздың еселі еңбектеріңіз айрықша зор деп білемін», – деп атап өтті Үкімет басшысының орынбасары.

Іс-шарада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Наурыз мерекесінің мәдени дипломатиядағы маңызды рөлін атап өтіп, бұл мейрам халықтарды жақындастырып, мемлекеттер арасындағы өзара түсіністікті нығайтатынын айтты. Оның пікірінше, жаңару мен жасампаздықты білдіретін бұл мереке – халықаралық ынтымақтастық пен татулықтың жарқын көрінісі.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:128
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Наурыз 2026 10:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see119

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see116

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see116

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see115

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see114

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see113

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see112

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see112

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see112

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see111

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see111

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see111

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see110

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see109

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see109

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see108

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see108

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see108

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары