Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

Ауқымды фестиваль өтеді

15 миллион қазақстандықтың төлқұжаттарының жылыстауы : министрлік даркнеттегі файлдарды тексерді

Құрылтай сайлауы 2026: теледебатта көрермен даусының аралық нәтижесі белгілі болды

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

Дипломатиялық сәтті шешімдер кезеңі

Дипломатиялық сәтті шешімдер кезеңі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

«Ер азығы – жолда» дейді қазақ. Расында, ер азаматтың өз ризығын түзден теретіні асыл дінімізбен астасқан тәмсілдерімізде көп айтылады. Азыққа қатысты мақалымыз халқымыз етігімен су кешкен жаугершілік заманнан қалған шығар, бәлкім. Дегенмен бүгінгі шақтың да геосаяси ахуалы, әр жерден тұтанып жатқан қақтығыс өрті ертеректегі жаугершілік кезеңнің елесін сездіретіндей. «Сақтықта қорлық жоқ» деген бар. Мемлекет басшысының ел аралап, саяси да экономикалық серіктестермен маңызды келіссөздер жүргізіп, мүддемізге сай тиімді шешімдерге қол жеткізгені қашанда керек-ақ. Осы тұрғыдан алсақ, әр сапарына елдің абыройы мен қауіпсіздігін ту еткен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл да шет мемлекеттерге аз шықпапты.

Коллажды жасаған – Амангелді Қияс, «ЕQ»

Еліміздің көпвекторлы сыртқы сая­саты мемлекетіміздің халықаралық беделін нығайтып, ұлттық мүдделерді ілгерілетудің негізгі құралына айналғалы қашан. Осы бағытта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шетелдік сапарлары мен халықаралық деңгей­дегі белсенді дипломатиялық алыс-берісі ерекше маңызға ие. Биыл да Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ, Қытай, Жапония, Ресей сынды алпауыттар мен Еуропалық одақ елдері, Орталық Азия мемлекеттері мен Таяу Шығыс өңіріне ресми және жұмыс сапарларымен ат ізін салып, өзара тиімді келісімдерге қол жеткізді. Сонымен қатар БҰҰ Бас Ассамблеясы, ШЫҰ, ЕАЭО, АӨСШК, COP климаттық саммиттері сынды аса маңызды халықаралық жиындарда да Қазақстан атты әлемдегі тоғызыншы территорияның ұстанымын айқын білдіріп, жаһанға ой салатын үндеулері мен ұсыныстарын айтты.

Жалпы, Ақорданың мәліметіне сүйенсек, Президент биыл шетелге 23 рет түрлі бағыттағы сапармен шығып, 186 кездесу өткізген екен. Ал бізге өзге елдің басшылары 30 рет ат басын бұрыпты. Осы цифрлардан-ақ Мемлекет басшысының сыртқы саясаттағы қызметінің тым қауырт болғанын аңғарамыз. 

Жалпы, төңірекке көз салып, сын-қатерлерге сергек қарайтын болсақ, жаһандағы қырық құбылған күр­делі ахуалды көреміз. Заман күрделе­ніп, болашақтың бұлыңғыр тарта бас­тағаны алаңдатпай қоймайды. Мұны Президент те жуырда Жамбыл жұртшылығымен өткен кездесуінде ашық айтты. Соған қарамастан, еліміз бейтарап ұстаныммен байсалды сыртқы саясатын жүргізіп келеді. Бұл еліміздің дамуына қолайлы жағдай жасап отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев жамбыл­дықтар алдында сөйлеген сөзінде еліміз шығыс пен батыстың арасындағы алтын көпір екенін атап өтіп, біз бұл мүмкіндікті ұтымды пайдалануымыз қажеттігіне баса мән берді.

«Әуе қатынасын дамыту ісіне де баса мән беріледі. Әлемнің ірі қалаларымен тікелей қатынас орнатылып жатыр, 36 жаңа әуе рейсі ашылды. Осылайша, Қазақстан Еуразия құрлығындағы транзит хабы ретінде қалыптасуы әбден мүмкін. Бұл – стратегиялық маңызы бар мақсат», деген Мемлекет басшысының сырт елдерге бекерден-бекер ат терлетіп жүрмегінін аңғарамыз.

Бүгінде бүкіл әлем сыртқы инвести­цияға зәру. Тіпті алпауыттар көшінің басындағы АҚШ, Қытай, Жапония сынды державалар да бір-біріне шашетектен қарыз (инвестициялық келісім­дер – автор). Сондықтан жаһанда инвес­тиция үшін қызу бәсекенің жүріп жатқаны жасырын емес.

Тараздағы кездесуде «Бізге бұдан қалыс қалуға болмайды. Орталық Азия­дағы және Кавказ аймағындағы эконо­­микасы ең ірі ел саналамыз. Алайда Үкіметке сапалы өсімді қамта­ма­сыз ету міндеті жүктелді», деген Президент әр сапарында инвести­ция­лық келісімдерге барынша басым­дық беріп келеді.

Тек биылдың өзінде халықара­лық кездесулердің нәтижесінде жалпы құны 70 млрд доллардан асатын коммерциялық келісімдерге қол қойылыпты. Соның арқасында елімізде заманауи кәсіпорындар ашылып, сапалы жұмыс орындары құрылып жатыр.

Осы ретте мұхиттың арғы бетіне барған қос сапарынан да Мемлекет басшысының құр қол қайтпағаны анық. Ел Президентінің Вашингтонға сапары мен оның Дональд Трамппен кездесуі әлемдегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының жаңалықтар күн тәртібіндегі басты оқиғалардың біріне айналды. Әсіресе АҚШ-тың ең танымал газеттерінің бірі «The Washington Post» бастаған беделді басылымдар Қазақстанның Ибраһим келісіміне қосылуына айрықша мән берді. «Associated Press» агенттігі Дональд Трамптың еліміздің аталған келісімге қосылуын «бүкіл әлемде көпір орнатудағы маңызды қадам» деп бағалаған сөзін келтірді.

Ал Мемлекет басшысының Ресейге сапарын сарапшылар қос ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңіне балады.

«Менің ойымша, Президент Тоқаевтың Ресейге сапары тек дипло­ма­­тиялық оқиға емес, сонымен қатар стра­тегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі болды. Бұл сапар элита арасын­дағы сенімді нығайтты және жаһан­дық тұрақсыздық жағдайын­да екі ел ара­сын­дағы мүдделердің синх­рон­дылы­ғын растады. Кездесу­дің нәтижесі алдағы жыл­дардағы мем­ле­кеттік саясат пен инвес­тициялық ынты­мақтастық­тың басымдықтарында көрі­ніс табады, Еуразиядағы интегра­ция­ның қарқы­нын белгілейді», деді Ресей­дің «Аналитика және стратегия­лық коммуникациялар орталығы» директоры Александр Дроговоз «Kazinform» агенттігіне берген сұхбатында.

Қытаймен байланысқа да барынша мән берген жөн. Қазақстан-Қытай қатынастары кейінгі жылдары жүйелі түрде дамып, жаңа сапалық деңгейге көтеріліп келеді. Былтыр екіжақты сау­да айналымы 44 млрд долларға же­тіп, рекордтық көрсеткіш орнатса, биыл да оң динамика сақталған. Прези­дент жанындағы ҚСЗИ аға сарап­шысы Бауыржан Әукеннің айтуынша, бұл серіктестіктің тұрақты әрі ұзақмерзімді сипатын дәлелдейді.

– Бүгінде ынтымақтастық тек та­уар айналымымен шектелмей, энер­ге­ти­ка, көлік-логистика, өнеркәсіп және цифрландыру бағыттарын қамтып отыр. Қазақстан-Қытай іскерлік ке­ңесі сияқты алаңдар ірі жобаларды іл­гері­летуге және инвестиция тартуға мүмкін­дік беріп келеді. Осы тұрғыдан алғанда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тяньцзинь қаласына сапары мен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуі ерекше маңызға ие. Бұл келіссөздер стратегиялық серіктестіктің мәнін нақ­тылап қана қоймай, алдағы жыл­дарға бағыт-бағдар берді. Жалпы, Қазақ­стан мен Қытай қатынастары­ның қазіргі қарқыны әріптестіктің біртін­деп әр­тараптанып, жаңа кезеңге аяқ басқа­нын айқын көрсетіп отыр. Бұл үрдіс өңір­лік тұрақтылық пен даму үшін шешу­ші факторға айналып отыр, – дейді Б.Әукен.

Президенттің Жапонияға алғашқы сапарын да айтпай кетуге болмас. Осы сапар аясында сомасы 3,7 млрд доллардан асатын 60-тан аса екіжақты құжат­қа қол қойылды. Күншығыс еліне бар­ған Қасым-Жомарт Тоқаевты алдымен Жапония императоры Нарухито Императорлық сарайда қабылдады. Кейін ел Премьер-министрі Санаэ Такаичимен кездесіп, келіссөздер жүргізді. Сарапшылардың айтуынша, Жапония хаттамасы бойынша өздеріне сапармен келген өзге мемлекет басшысын Император мен Үкімет басшысының қатар қабылдауы өте сирек жағдай екен.

Қысқасы, Президенттің шетелдік сапарларында сауда-экономи­ка­лық, көлік-логистикалық және инвес­ти­циялық ықпалдастықты нығайтуға айрықша мән берілді. 

Соңғы жаңалықтар

Дипломатиялық сәтті шешімдер кезеңі

Саясат • Бүгін, 09:20

Әділеттілік тегеурінді заңға сүйенеді

Саясат • Бүгін, 09:15

Азық-түлік қауіпсіздігі – жіті бақылауда

Саясат • Бүгін, 09:10

Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваны жеңісімен құттықтады

Президент • Бүгін, 09:07

Жастар саясатындағы бетбұрыс

Саясат • Бүгін, 09:05

Қаржыны тиімді басқару – даму кепілі

Қаржы • Бүгін, 09:00

Ел игілігі үшін: 2025 жылы газ саласы қандай жетістіктерге қол жеткізді?

Экономика • Бүгін, 08:55

Еңбек адамы – қоғамның қуаты

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:50

Игі қадам

Пікір • Бүгін, 08:48

Әлеуметтік бағдарламалар мүмкіндігі

Қоғам • Бүгін, 08:45

Жас параспортшы-боччистермен кездесті

Қоғам • Бүгін, 08:43

Маман даярлау сапаланды

Білім • Бүгін, 08:40

Парламенттік реформа жайы талқыланды

Саясат • Бүгін, 08:38

Ұлттық ЖИ орталығы – ұлы мұраттар бастауы

Digital • Бүгін, 08:35

Түркі тұтастығы тұғырланған тұс

Саясат • Бүгін, 08:33

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Желтоқсан 2025 09:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

13 Тамыз 2026 22:53see141

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

12 Тамыз 2026 16:23see117

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

12 Тамыз 2026 13:53see117

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

12 Тамыз 2026 22:15see117

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

12 Тамыз 2026 15:13see116

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

12 Тамыз 2026 16:27see116

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

12 Тамыз 2026 19:42see116

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

12 Тамыз 2026 23:00see113

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

13 Тамыз 2026 01:01see113

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

13 Тамыз 2026 04:41see110

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

13 Тамыз 2026 10:29see110

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

13 Тамыз 2026 22:24see109

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

13 Тамыз 2026 10:13see109

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

13 Тамыз 2026 17:41see108

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

13 Тамыз 2026 13:44see108

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

14 Тамыз 2026 10:09see107

Ауқымды фестиваль өтеді

13 Тамыз 2026 03:23see107

15 миллион қазақстандықтың төлқұжаттарының жылыстауы : министрлік даркнеттегі файлдарды тексерді

12 Тамыз 2026 18:35see106

Құрылтай сайлауы 2026: теледебатта көрермен даусының аралық нәтижесі белгілі болды

12 Тамыз 2026 21:59see106

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

13 Тамыз 2026 13:12see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары