Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

Бурабай курортында халықаралық технологиялық қалашық құрылуы мүмкін

Қазақстанда бір реттік декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2,5 миллион теңгеге жетті

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

Қазақстанда ет, көкөніс және сүт өнімдерін тұтыну артты

Еліміздің оңтүстігіндегі тауларда ер адам досының көз алдында бақилық болды: ТЖМ арнайы операция жүргізді

Болашақ ойындарына 30 дан астам мемлекеттен 800 ге жуық спортшы келді

Сотталған қазақстандықтар шетелден қалай қайтарылады

Шығыс жауһарлары жәрмеңкесі

Алып колонна ​ Силлено зауытының құрылыс алаңына жеткізілді

Өтіп кете алмады: алматылық тұрғын 84 жастағы әжені тонаған адамның соңынан тұра ұмтылды

Бір шаңырақтан бір сапқа: Гвардейск гарнизонында алты жұп егіз әскери борышын бірге өтеп жүр

Долларда Біз Құдайға сенеміз деп жазылған, дұрысы Біз үкіметке сенеміз деп жазу керек еді

Долларда Біз Құдайға сенеміз деп жазылған, дұрысы Біз үкіметке сенеміз деп жазу керек еді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

CNBC тілшісінің атақты Уоррен Баффеттен алған сұхбатының негізінде Aikyn.kz миллиардер алтынды неге тиімді актив санамайтынын түсіндіреді.

Биыл алтын 2008 жылғы қаржы дағдарысынан бергі ең жоғары нәтиже көрсетті. Бұл кезеңнің ерекшелігі – алтын бұған дейін тек ірі экономикалық күйзелістер кезінде ғана өсіп келген. Уолл-стрит сарапшыларының кейбірі алтынды инвестициялық портфельдің тұрақты бөлігіне айналдыру қажет деген пікір білдіруде.

CNBC мәліметінше, көптеген инвесторлар үшін дәстүрлі 60% акция және 40% облигация үлгісі өзектілігін жоғалтып келеді. Оның орнына жаңа формула ұсынылуда – 60/20/20. Облигацияның үлесі 20%-ға қысқарып, оның орнына алтын мен биткоинге 20% бөлінеді.

Неліктен бұлай? Қаржы стратегтерінің айтуынша, акция мен облигация көбіне бір бағытта қозғалады. Ал инфляция, геосаяси тәуекелдер, мемлекеттік шығындар мен жоғары қарыз жүктемесі облигацияны бұрынғыдай сенімді қорғаныс құралы қасиетінен айырды.

Соңғы кездері 95 жастағы Уоррен Баффеттің дәстүрлі көзқарасы сынала бастады. Баффет әрдайым алтынды ұзақмерзімді инвестиция үшін тиімсіз актив деп атаған. 2011 жылы өткен Berkshire Hathaway акционерлер жиналысында ол CNBC журналисі Эндрю Росс Соркиннің сұрағына жауап бере отырып, өз ұстанымын егжей-тегжейлі түсіндірген. 

Уоррен Баффетт: «Инвестицияның үш негізгі санаты бар. Алдымен қайсысына жатқыңыз келетінін анықтап алу керек. Бірінші категория – валютаға байланған активтер. Бұл – облигациялар, банктегі депозиттер, ақша нарығы қорлары немесе қалтаңыздағы қолма-қол ақша.

Енді қалтаңыздағы әмияныңызды шығарыңыз. Мен бұлай істеуді ұнатпаймын, бірақ әмиянымды шығарайын. Қазір сіз тарихи сәттің куәсі болып отырсыз. Мынау – бір долларлық купюра. Ал Чарли [Мангер, Баффетің өмірден өткен серіктесі] 100 долларлық купюра ұстап отыр. Артқы бетінде «Біз Құдайға сенеміз» деп жазылған. Бұл – жалған жарнама.

Егер Элизабет Уоррен осында болса, ол былай дер еді: «Долларда «Біз үкіметке сенеміз» деп жазылуы керек. Өйткені Құдай бұл купюраға ештеңе істей алмайды. Егер үкімет дұрыс әрекет етпесе, оның құнын сақтай алмаса, онда сіз сол ақшаны облигацияға салғанда немесе банкке қойған сәттегі құндылығынан айырыласыз. Сондықтан валютамен байланысты кез келген инвестиция – бұл үкіметтің қазіргі және болашақтағы саясатына сенім арту деген сөз».

Баффет өзінің ойын былай жалғайды: «Уақыт өте келе барлық валюталар құнсызданады. Көптеген экономикалық жүйелерде үнемі құнсызданатын валютамен жұмыс істеу – өсіп отыратын валютамен жұмыс істеуден жеңіл. Бұны жапон тәжірибесі де дәлелдеп отыр. Осы себепті валютаға негізделген инвестициялар – Ұлыбританияда болсын, АҚШ-та болсын – егер ерекше жоғары табыс ұсынбаса, біз үшін аса тартымды емес».

«Инвестицияның екінші категориясы – ештеңе өндірмейтін, бірақ болашақта қымбаттайды деген үмітпен сатып алынатын активтер. Бұның классикалық мысалы – алтын. Егер жер бетіндегі барлық алтынды бір жерге жинасаңыз, шамамен 20 метрлік куб шығар еді. Бұл – 165-170 мың тонна болатын көлем.

Осы алтынның иесі болсаңыз, сізде 20 метрлік текше болады. Сол текшенің үстіне шығып алып: «Мен әлемнің шыңында отырмын!» деп айқайлауыңызға болады. Оны сипап, жылтыратуға да болады. Бірақ ол ештеңе өндірмейді.

Алтынды сатып алу – тек біреу болашақта оны сізден қымбатқа сатып алады деп үміттену ғана. Бұл үміт басқалардың қағаз ақшаға деген қорқынышына ғана сүйенеді. Сіз тек бүгін ғана емес, адамдардың ертеңгі қорқынышын да сатып алып отырсыз».

Баффеттің үшінші инвестициялық санаты: өндірістік активтер. «Үшінші категория – нақты өнім мен пайда әкелетін активтер. Мысалы, ферма сатып алсаңыз жыл сайын қанша жүгері, соя немесе мақта өсетінін білесіз. Сол кіріске қарап, ферма үшін қанша төлеу керегін есептейсіз. Біз Чарли екеуміз дәл осындай активтерге инвестиция жасауды жөн көреміз».

Баффеттің айтуынша, бұндай активтерге инвестиция салғанда бастысы – нарықтағы баға емес, өндірістік нәтиже.

«Фермаңыз қанша өнім береді, қанша салық төлейсіз, жалға алу құны қандай – осыны есептейсіз. Сонда шешім рационалды болады. Нарықта фермаңыздың бағасы ертең немесе бір жылдан кейін өзгерсе де, ол сіздің нақты табысыңызға әсер етпейді. Біз бизнесті дәл осылай жасаймыз», – дейді Баффет.

Уоррен Баффет өзінің ойын былай қорытады: «Баға өсімі әрдайым қызығушылық тудырады. Бірақ уақыт өте келе, бұл байлыққа жеткізбейді».

Баффет үшін алтын – адамдардың қорқынышын бейнелейтін символ ғана. Нағыз байлық өндіріске және құндылық жасайтын активтерге негізделуі тиіс.

Қазақ еліне алтын ба, доллар тиімді ме?

Әлемдік нарықта алтын мен доллар бағамы үнемі құбылып тұрған сәтте бұл ұлттық экономика үшін де, азаматтар үшін де маңызды сұрақ. Біріншіден, алтын сақтаудың ұлттық экономиканың тұрақтылығы тұрғысынан артықшылықтары мынадай. Алтын инфляциядан қорғайды. Ол – ұзақмерзімді перспективада құнын сақтайтын классикалық актив. Теңге әлсіресе немесе доллар арзандаса да, алтынның бағасы көбінесе өседі.

Алтын физикалық және тәуелсіз актив. Алтын – нақты зат. Ол банктегі немесе цифрлық есепшоттағы сандар емес, сондықтан қаржы жүйесі дағдарысқа ұшыраса да, алтынның өзіндік құны сақталады. Алтынның ұлттық валютамен байланысы бар. Қазақстан Ұлттық банкі резервінің бір бөлігі алтын түрінде сақталады. Демек, алтын теңгенің тұрақтылығын да жанама түрде қолдайды.

Алтын жинаудың кемшіліктері мынадай. Алтын Уоррен Баффет айтқандай, өнімді емес актив. Ол «ештеңе өндірмейді», сізге табыс әкелмейді, тек бағаның өсуіне сенуге тура келеді. Физикалық алтынды сақтау (мысалы, үйде немесе сейфте) тәуекел тудырады, шығындарды қажет етеді. 

Екіншіден, байлығыңызды долларда сақтау. Өтімділік пен болжамдылық тұрғысынан мынадай артықшылықтары бар. Әзірше, доллар – әлемдегі ең кең таралған резервтік валюта. Кез келген елде оңай айырбасталады. Қазақ елінің негізгі экспорттық табысы (мұнай, металл, уран) доллармен есептеледі, сондықтан ұлттық экономика долларға тәуелді. Банктер доллармен депозит ашуға немесе халықаралық құралдарға (ETF, акциялар) салым жасауға мүмкіндік береді.

Ал осы доллардың кемшіліктері қандай? Инфляциялық тәуекел бар. АҚШ-тағы ақша массасының өсуі мен қарыз көлемі доллардың сатып алу қабілетін әлсіретіп отыр. Геосаяси факторлар да доллар құнына әсер етеді. Егер АҚШ санкциялары мен геосаяси шиеленістер күшейсе, доллардың тұрақтылығына сенім азаяды. Қазірдің өзінде бұл үрдіс айқын біліне бастады.

Сонда қазақстандықтар үшін ең ұтымды стратегия қандай болмақ? Жауап та классикалық болады. Барлық сарапшылар ең тиімді стратегия – диверсификацияланған портфель екенін айтады. Барлық қаражатты бір активке жинамау керек.

Қарапайым пропорция мынадай: байлығыңыздың 50%-ы долларда (немесе долларлық депозит, шетелдік ETF), 30% алтын түрінде (физикалық немесе алтын шоты арқылы), 20% теңгеде немесе нақты активтерде (мысалы, жылжымайтын мүлік, бизнес, облигация).

Қаржы нарығының сарапшылары бұл тәсіл сізді инфляциядан да, девальвациядан да, күтпеген нарық күйзелістерінен де қорғайды деп сендіреді.

Бұдан шығатын қысқаша түйін мынадай. Егер сіз үшін қауіпсіздік пен құн сақтау маңызды болса – алтынды таңдаңыз. Икемділік пен өтімділік керек болса – доллар сатып алыңыз. Ақылды инвестиция жасау мақсатыңыз болса – екеуін де тең ұстап, ұзақмерзімді стратегия құрыңыз. Осының бәрін жасау үшін сізде жалғыз нәрсе болуы тиіс – артық ақшаңыз. Бай болыңыз, тәуелсіз болыңыз!

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:159
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2025 12:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ол ұяты жоқ ересек ер адам . Нұрайдың ата анасы сотта сөз сөйледі

28 Шілде 2026 19:09see146

Бурабай курортында халықаралық технологиялық қалашық құрылуы мүмкін

28 Шілде 2026 20:41see137

Қазақстанда бір реттік декреттік төлемнің ең жоғары мөлшері 2,5 миллион теңгеге жетті

28 Шілде 2026 20:52see133

Отандық төрешілер УЕФА Конференция лигасының матчына тағайындалды

28 Шілде 2026 23:18see130

Тарихи жетістік: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

29 Шілде 2026 14:57see124

Нұрлан Әлімжанов Астананың Байқоңыр ауданына әкім болды

29 Шілде 2026 01:53see120

Қашаған мен Теңіз мұнайы Қазақстанның төртінші МӨЗ іне бағытталуы мүмкін

29 Шілде 2026 20:13see120

Алматыда ағаштар жаппай кесіліп жатыр: Әкімдік себебін түсіндірді

29 Шілде 2026 11:11see120

Жарамдылық мерзімі, құны және жеңілдіктер: Қазақстандағы балалар паспорты туралы мәлімет

29 Шілде 2026 09:58see118

Отбасы банк ипотека ережелерін өзгертті бұл нарық пен сатып алушылар үшін нені білдіреді

29 Шілде 2026 13:00see117

Микроқаржы ұйымдары мен коллекторларға 693 млн теңге айыппұл салынды​

29 Шілде 2026 20:13see116

Қырғызстан мен Өзбекстан елдерінің спорт басшылары Астанаға келді

29 Шілде 2026 01:53see114

Қазақстанда ет, көкөніс және сүт өнімдерін тұтыну артты

30 Шілде 2026 11:23see113

Еліміздің оңтүстігіндегі тауларда ер адам досының көз алдында бақилық болды: ТЖМ арнайы операция жүргізді

29 Шілде 2026 20:15see110

Болашақ ойындарына 30 дан астам мемлекеттен 800 ге жуық спортшы келді

29 Шілде 2026 19:32see110

Сотталған қазақстандықтар шетелден қалай қайтарылады

30 Шілде 2026 09:42see110

Шығыс жауһарлары жәрмеңкесі

30 Шілде 2026 09:06see109

Алып колонна ​ Силлено зауытының құрылыс алаңына жеткізілді

29 Шілде 2026 20:13see108

Өтіп кете алмады: алматылық тұрғын 84 жастағы әжені тонаған адамның соңынан тұра ұмтылды

29 Шілде 2026 13:38see106

Бір шаңырақтан бір сапқа: Гвардейск гарнизонында алты жұп егіз әскери борышын бірге өтеп жүр

30 Шілде 2026 10:41see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары