Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Референдум Қазақстан үшін жаңа тарихи кезеңді ашады Өзбекстан ОСК төрағасы

Референдум Қазақстан үшін жаңа тарихи кезеңді ашады Өзбекстан ОСК төрағасы

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

— Біз кеше келдік. Келгеннен кейін бірден референдум өткізу жөніндегі Орталық комиссияның төрағасымен және мүшелерімен екіжақты кездесу өткіздік. Дайындық барысына қатысты барлық сұрағымызға жан-жақты жауап алдық, — деді ол.

Байқаушы өзбекстандық тарап науқанды ұйымдастырудың барлық кезеңіне, сондай-ақ қысқа уақыт ішінде атқарылған жұмыстарға ерекше назар аударғанын атап өтті. Оның сөзінше, осы кездесудің өзінде делегация ұйымдастырушылардың дайындық деңгейі туралы нақты түсінік қалыптастырған.

— Әріптестеріміз барлық сұраққа толық жауап берді. Сол себепті референдумды өткізуге жауапты топтың толық дайын екеніне көз жеткіздік, — деп атап өтті ол.

Сонымен қатар Зайниддин Низамходжаев бүгінгі дауыс берудің ел үшін маңызы зор екенін айтты. Оның пікірінше, бұл референдум — Қазақстанның саяси өміріндегі маңызды оқиға.

— Бүгін өтіп жатқан референдум — Қазақстан үшін жаңа тарихи белес, елдің жаңа болашағының бастауы, — деді ол.

Көп жылдан бері сайлау жүйесінде еңбек етіп келе жатқан маман ретінде ол жүргізілген дайындық жұмыстарының ауқымы мен сапасының айқын көрініп тұрғанын ерекше атап өтті.

— Сайлау комиссиясының басшысы ретінде әріптестеріміздің өте ауқымды дайындық жұмыстарын жүргізгені мені қуантады. Бұл бүгін анық көрініп тұр, ал біз соның куәсі болып отырмыз, — деді Зайниддин Низамходжаев.

Байқаушының айтуынша, учаскелерді аралау барысында делегация комиссиялардың ұйымдасқан жұмысын ғана емес, азаматтардың белсенді қатысуын да байқаған. Оның сөзінше, учаскелердегі жалпы ахуал да назар аудартқан.

— Сайлау комиссияларындағы жас мүшелер мен қоғамдық бақылаушылар бізді қуантады. Олардың белсенділігі жағымды әсер қалдырды, — деді ол.

Өзбекстан өкілінің бағалауынша, күннің алғашқы жартысында-ақ сайлаушылардың белсенділігі айқын байқалған.

— Бізді қуантатыны — сағат 12-ге дейін бірнеше учаскені аралап үлгердік, сол уақытқа дейін сайлаушылардың 40 пайыздан астамы келіп, өз дауысын беріп үлгерген, — деді ол.

Байқаушы делегация тек сайлаушылардың келу көрсеткішіне ғана емес, барлық рәсімнің сақталуына да ерекше назар аударғанын айтты. Оның сөзінше, учаскелерде халықаралық байқаушылар комиссия өкілдеріне сайлаушылар саны, халықты хабардар ету тәртібі, сондай-ақ учаскеге өздері келе алмайтын азаматтар үшін дауыс беру қалай ұйымдастырылғаны жөнінде нақты сұрақтар қойған.

— Біз үшін қанша сайлаушы бар екені, оларды қалай хабардар еткені, мүгедектігі бар азаматтар мен сырқаттанып, үйінен шыға алмайтын адамдар үшін қандай жағдай жасалғаны маңызды, — деп түсіндірді Зайниддин Низамходжаев.

Байқаушы дауыс берудің қолжетімділігі мәселесіне де арнайы тоқталды. Оның айтуынша, комиссия өкілдері алдын ала өтініш берген азаматтар үшін үйде дауыс беру қалай ұйымдастырылғаны туралы да мәлімет берген.

— Мысалы, бір учаскеде үш адам үйден дауыс беріп үлгерген — олар алдын ала өтініш тапсырған, бұл заңнамада қарастырылған. Ал кейбір учаскеде жеті адам. Тағы бір учаскеде 12 азамат үйде дауыс беру үшін өтініш бергенін өз көзімізбен көрдік, — деді Зайниддин Низамходжаев.

Оның пікірінше, бұл дауыс беру рәсімі әртүрлі санаттағы азаматтардың жағдайы ескеріліп ұйымдастырылғанын көрсетеді.

— Референдумды Қазақстан заңнамасының талаптарына сай өткізу үшін барлық жағдай жасалған, — деп атады спикер.

Жалпы дауыс беру барысына тоқталған Өзбекстан өкілі делегация бақылауы барысында ешқандай заңбұзушылық тіркелмегенін айтты.

— Біздің байқауымызша, ешқандай заң бұзу болған жоқ, — деді ол.

Сонымен қатар ол комиссия мүшелерінің бақылаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға ашық әрі толық жауап бергенін ерекше атап өтті.

— Айта кету керек, комиссия төрағасы, хатшылар және барлық комиссия мүшелері біз қойған сұрақтардың бәріне толық жауап берді, — деді бақылаушы.

Сөз соңында ол Қазақстан азаматтарына өз тілегін білдірді.

— Ақылды, парасатты қазақ халқына өз таңдауын жасауын тілеймін, — деді Зайниддин Низамходжаев. 

Айта кетелік анхай Ынтымақтастық Ұйымы бас хатшысының орынбасары Олег Копылов Қазақстандағы референдум ашық, әділ және инклюзивті өтіп жатқанын айтты.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:191
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Наурыз 2026 16:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары