Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Дональд Трамп: Менің 6 қаңтардағы өте жақсы (МІНСІЗ!) сөзімді бұрмалағаны үшін олардың бәрі отставкаға кетіп жатыр

Дональд Трамп: Менің 6 қаңтардағы өте жақсы (МІНСІЗ!) сөзімді бұрмалағаны үшін олардың бәрі отставкаға кетіп жатыр

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Aikyn.kz тұманды аралдан шыққан даудың себебін BBC News сайтына сүйеніп талдайды.

Өткен аптада (3 қараша) The Telegraph басылымы BBC Panorama бағдарламасы Дональд Трамптың сөздерін өңдегенін жазды. Ақпараттық дау осыдан басталып, саяси дәліздерді аралап, Ақ Үйге жеткен. Осыдан кейін британдық хабар тарату корпорациясының бас директоры Тим Дэйви және BBC News жаңалықтар қызметінің жетекшісі Дебора Тернесс отставкаға кететіндерін мәлімдеді.

«BBC мінсіз емес, сондықтан біз әрдайым ашық, айқын және есеп беруге дайын болуымыз керек. Бұл шешіміме осы жағдай ғана әсер еткен жоқ. BBC News төңірегіндегі қазіргі пікірталас менің шешіміме ықпал етті. Жалпы BBC жақсы жұмыс істеп келеді, дегенмен кейбір қателіктерге жол берілді. Бас директор ретінде соңғы жауапкершілік менің мойнымда», – деп жазды Дэйви өзінің хатында.

Ол директорлар кеңесімен қызметтен кету мерзімін келісіп жатқанын, алдағы бірнеше айда өкілеттілікті жаңа басшыға біртіндеп тапсыратынын айтқан.

«Президент Трамп туралы Panorama бағдарламасы төңірегіндегі жалғасқан дау мен аса қадірлейтін мекеме BBC-ге зиян келтіре бастады. Иә, қателіктер болды. Бірақ BBC News ұйымы тарапынан жүйелі көзқарастық бұрмалау бар деген айыптаулар шындыққа жанаспайды», – деді Тернесс өз мәлімдемесінде. 

Ол жауапкершілікті толық мойнына алып, сенбі күні (8 қараша) Тим Дэйвиді өзінің қызметтен кететіні жөнінде хабардар еткенін.

Мына скриншотта BBC төрағасы Самир Шах қызметтік дауға байланысты Парламенттің Қауымдар палатасының (House of Commons) мүшелері алдында жауап беретіні айтылған. Скриншот bbc.com сайтынан алынды

Тим Дэйви BBC бас директоры қызметін 2020 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келді. Бұған дейін ол жеті жыл бойы BBC Studios коммерциялық бөлімшесін басқарып, корпорацияда жалпы 20 жыл еңбек еткен.

Дебора Тернесс 2022 жылдан бері BBC News-ті басқарады. Әлемнің 40-тан астам тілінде хабар тарататын, құрамында 5000-нан астам қызметкері бар редакциялық құрылымға жетекшілік етті. BBC News аудиториясы 500 миллионнан асады.

BBC төрағасы Самир Шах оның отставкасын «қайғылы күн» деп атап, Дэйвидің ұйымды табандылықпен және көрегендікпен басқарғанын айтқан. Үздіксіз қысым оны осындай шешімге әкелгенін түсінетінін жеткізген.

BBC-дің бас директоры Тим Дэйви мен BBC News жаңалықтар қызметінің жетекшісі Дебора Тернесс отставкаға кетті. Фото deccanchronicle.com сайтынан алынды. Авторлығы: X (Twitter) әлеуметтік желісі

Трамп болса, TruthSocial желісінде: «Олар менің 6 қаңтардағы өте жақсы (ТАҢҒАЛАРЛЫҚ!) сөзімді «бұрмалағаны» үшін бәрі отставкаға кетіп жатыр» деп жазды. Америка президенті BBC-ді «сайлауға араласуға әрекет жасады» деп айыптады.

The Telegraph басылымы Panorama бағдарламасында Трамптың 2021 жылы 6 қаңтарда Қапитолийдегі оқиғалар күні айтқан сөзін монтаж жасап, екі бөлігін қиып, біріктіргенін хабарлаған. Бұл көрермендерге Трамп тәртіпсіздік пен шабуылды қолдағандай әсер қалдырылған. 

«Бұзылған» кадрлар туралы BBC-дің бейтараптығына қатысты 19 беттен тұратын қызметтік тексеру нәтижесінде айтылған. Бұл жазбаны корпорацияның редакциялық стандарттар комитетінің жақында қызмет еткен мүшесі құрастырған. Қызметтік құжат қазір Британ үкіметінің мекемелерінде қаралуда. Құжатта айтылғандай, Panorama бағдарламасы АҚШ президентін «ол шын мәнінде ешқашан айтпаған сөздерді айтқандай» етіп көрсеткен. Бұған оның сөзінің басындағы кадрларды бір сағаттан кейін айтылған бөлігімен біріктіріп монтаждау себеп болған.

Сондай-ақ құжатта BBC-дің жоғары басшылығы мен төрағасы корпорацияның өзінің редакциялық стандарттарды қадағалау органынан түскен бірқатар маңызды шағымдарды елемегені және кері қайтарғаны айтылған. Осылайша Трамптың сөздерін бұрмалауға BBC-дің жоғары басшылығы келісім берген. 

Оқиға BBC сияқты ірі қоғамдық медианың ақпараттық бейтараптық пен жауапкершілік принциптеріне қатысты сенімнің қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Жаңалықтар әдейі бұрмаланды ма әлде техникалық қате болды ма? Қалай болғанда да бұл дау медиаға деген қоғамдық сенімнің әлсіреу қаупін күшейтті. Дэйви мен Тернесс отставкасы BBC-дің осы сенімді қайта қалпына келтіруге жасалған талпынысы сияқты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:192
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қараша 2025 13:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары