Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Дүйсенбай Тұрғанов: Ұлттық құрылтай әрбір талқылау нақты шешімге айналатын институт

Дүйсенбай Тұрғанов: Ұлттық құрылтай әрбір талқылау нақты шешімге айналатын институт

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов Ұлттық құрылтай қоғамдық және мемлекеттік диалогтың жаңа формасына айналғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Депутаттың айтуынша, өткен төрт құрылтайдың бірде-бірі жай идея деңгейінде қалмаған. 

– Ұлттық құрылтай қоғамдық және мемлекеттік диалогтың жаңа формасына айналды. Мұнда кез келген талқылау міндетті түрде нақты іс-қимылмен аяқталады. Ең бастысы — өткен төрт құрылтайдың бірде-бірі жай идея деңгейінде қалған жоқ: олардың әрқайсысы заңдарда, жарлықтарда және мемлекеттік бағдарламаларда айқын көрініс тапқан нақты нәтижелер берді. Бүгінде бұл көрсеткіштермен дәлелденіп отыр. 26 заң қабылданды, ондаған нормативтік құқықтық актілер, тұжырымдамалар мен кешенді жоспарлар бекітілді, сондай-ақ тағы 10 заң жобасы әзірлеу сатысында.

Мәселен, алғашқы құрылтай идеялық әрі құндылықтық негізді қалыптастырды. Оның басты нәтижесі — 25 қазанда аталып өтетін Республика күніне ұлттық мереке мәртебесінің берілуі. Бұл шешім тәуелсіздіктің базалық құндылық ретіндегі маңызын қоғамдық санада қайта орнықтырып, кейінгі реформалар күн тәртібінің тірек нүктесіне айналды, – деді Дүйсенбай Тұрғанов.

Оның айтуынша, Түркістанда өткен II Құрылтай гуманитарлық және әлеуметтік бағытқа арналды. Қабылданған шешімдер жүйелі заңдар түрінде іске асқанын тізбектеп берді. Атап айтсақ,  «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң қабылданды. «Қазақстанның халық жазушысы» атағы қайта жаңғыртылып, бұқаралық ақпарат құралдары мен кинематография туралы заңнама өзгерді.  «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң қабылданып, вейптер мен темекі шекпейтін темекі өнімдеріне тыйым салынды. Ономастика жұмысы ретке келтірілді, ойын бизнесі мен лотерея салалары заңнамалық тұрғыда реттелді. Осылайша құрылтай шешімдері мәдениетке, білімге, ақпараттық ортаға және еңбек саласына тікелей әсер еткенін жеткізді.

– Үшінші құрылтай «Заң және тәртіп» қағидатын күшейту кезеңі болды. Атап айтқанда, вандализм мен табиғи нысандарға қол сұғушылық үшін жауапкершілік қатаңдатылды, заңсыз археологиялық қазбаларға бақылау мен жауапкершілік енгізілді.  Есірткі қылмысы бойынша жауапкершілік сараланып, тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Балалардың құқықтарын қорғау едәуір күшейтілді. Сондай-ақ, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң жаңартылып, креативті индустрияны қолдауға арналған шаралар пакеті қабылданды. Оған қоса, өңірлік рәміздердің бірыңғай стандарты бекітілді. Бұл шешімдер қауіпсіздікке, әділеттілікке және адам қадір-қасиетін қорғауға деген қоғамдық сұранысқа жауап болды, – дейді депутат. 

Сонымен қатар, Дүйсенбай Тұрғанов Бурабайда өткен IV Құрылтай жаңа тәуекелдерді реттеуге және қоғамдық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған дейді. «Қоғамдық орындарда бет-әлпетті бүркейтін киім киюге әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Құқыққа қайшы контентті, соның ішінде ұлт араздыған қоздыратын материалдарды таратқаны үшін жауапкершілік күшейтіліп, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау шаралары кеңейтілді. Соған сай  қамқоршылық органдарының жұмысы нығайтылды" – деді ол.

Депуттаттың айтуынша, Құрылтай нәтижелері заңдармен ғана емес, Президенттің жарлықтарымен, ұлттық тұжырымдамалар мен бағдарламалармен де бекітілді. Олардың қатарында: 2025–2030 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының өңірлік даму тұжырымдамасы, 2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылымдық жоспар, «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасы, есірткі бизнесі мен лудоманияға қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар, еңбек, мәдениет, тіл саясаты, ғылым және спортты қолдау бағдарламалары бар.

– Практикалық тұрғыда бұл – аудандарды қалпына келтіру, өңірлерді газдандыру, жаңа тұрғын үй бағдарламаларын іске қосу, ғылым қалашықтарын дамыту, еңбек адамын қолдау, оқуды насихаттау, мәдени мұраны қорғау және әлеуметтік әділеттілікті нығайту деген сөз. Сондықтан Ұлттық құрылтай –әрбір талқылау нақты шешімге айналатын институт. Төрт құрылтай — дамудың төрт кезеңі. Құндылықтар. Заңдар. Бағдарламалар. Ел өміріндегі нақты өзгерістер. Бүгінде Әділетті Қазақстан қағидаттары дәл осылай іс жүзінде жүзеге асуда, – деді «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қаңтар 2026 16:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары