Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Ұлттық құрылтай: іргелі бастамалардың нақты нәтижесі

Ұлттық құрылтай: іргелі бастамалардың нақты нәтижесі

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Елордада Ұлттық құрылтай секцияларының отырысы өтті. Алқалы жиында Мемлекеттік кеңесші президенттік реформалардың маңыздылығы мен нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық құрылтай мүшелері қатысқан басқосуда Мемлекеттік кеңесші жылдың негізгі қорытындыларына шолу жасап, экономика тұрақты өсім көрсеткенін, жаңа кәсіпорындар іске қосылып, тұрақты жұмыс орындары құрылғанын, әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алып, көлік инфрақұрылымын жаңғырту ісі жалғасып жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші Президент бастамашылық еткен парламенттік реформа «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» мемлекеттік құрылыстың базалық формуласы аясындағы ауқымды саяси жаңғырудың логикалық жалғасы екенін айтты.

«Ұсынылып отырған реформа заң шығарушы билікті қайта жаңғыртуға әрі оның тиімділігін арттыруға бағытталған. Бұл ретте саяси бастама Парламент қызметін өзгертумен ғана шектелмейді, елдің конституциялық құрылымының іргелі негіздерін де қамтиды. Негізгі заңның кемінде 40 бабына өзгерістер енгізіледі деп күтіліп отыр. Аталған реформа 2022 жылғы конституциялық өзгерістермен кешенді түрде бірге жүзеге асырылады және мүлде жаңа саяси модельге көшуге жол ашады», деді Мемлекеттік кеңесші.

Ерлан Қарин Мемлекет басшысының тапсырмалары мен Бурабайда өткен IV отырыста Ұлттық құрылтай мүшелері тарапынан айтылған бастамаларға тоқталды.

Оларды жүйелі түрде іске асыру үшін 53 тармақтан тұратын арнайы жоспар қабылданды. Онда түрлі бағыт бойынша 10 заң жобасын әзірлеу көзделген.

Ұлттық құрылтай бастамалары аясында бірқатар маңызды тұжырымдамалық құжат әзірленді. Мәселен, ішкі саясаттың негізгі қағидаттары мен бағыттарын айқындайтын тұжырымдамалық құжат дайындалды. 2026-2028 жылдарға арналған Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар бекітілді. 2025-2030 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының өңірлік даму тұжырымдамасы қабылданды.

«100 кітап» жалпыұлттық сауалнамасы, «Асыл мұра» аудио жинағы секілді маңызды мәдени-гуманитарлық жобалар жүзеге асырылды. Сондай-ақ «Хандар шежіресі» қолжазбасы ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» халықаралық тізіліміне енгізілді.

Мемлекеттік кеңесші Ұлттық құрылтай бастамаларын іске асыру жұмысы жалғасып жатқанын атап өтті. Дәлірек айтқанда, балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған шаралардың барлығын біріктіретін «Қазақстан балалары» біртұтас бағдарламасы әзірленуде, ғылыми қалашықтар құру, үкіметтік емес ұйымдардың қызметін реттеу, ерекше қажеттіліктері бар балаларды кешенді қолдау және басқа да бағыттар бойынша заңнамалық нормалар дайындалуда.

Бастамалар мен ұсыныстарды іске асыру мәселелері Ұлттық құрылтайдың «Азаматтық қоғам», «Әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму», «Білім және ғылым» атты жұмыс секцияларында талқыланды.

Секцияларға Президент көмекшісі Арман Қырықбаев, Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова модераторлық етті.

Секциялар аясында Ұлттық құрылтай мүшелері Президент бастамаларының жүзеге асырылуын қолдап, жекелеген бағыттарға қатысты ұсыныстарымен бөлісті.

Ұлттық құрылтай мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстар Хатшылықта жинақталып, Ұлттық құрылтайдың келесі отырысында қарастыру үшін мүдделі мемлекеттік органдармен талқыланатын болады.

Ұлттық құрылтайдың V отырысын келесі жылы Қызылорда қаласында өткізу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Екі облыстағы жолдарда көлік қозғалысы шектелді

Ауа райы • Бүгін, 00:34

Боран мен көктайғақ: Қазақстанның барлық өңіріне ескерту жарияланды

Ауа райы • Кеше

Абай шығармаларының академиялық толық жинағы жарық көрді

Руханият • Кеше

Лондонның Ресейге санкциясы: Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?

Санкция • Кеше

Ақтөбе облысында елді мекендерді газдандыру жобасы артығымен орындалды

Инфрақұрылым • Кеше

Жоғары жалақы байлықтың көрсеткіші ме?

Қаржы • Кеше

Келер жылы тұрғын үй бағасы қандай болады?

Қоғам • Кеше

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорданың ескі автовокзалына қатысты қауесеттерге жауап берді

Қоғам • Кеше

Қызылорда әуежайы вьетнамдық компанияның басқаруына берілмейді

Қоғам • Кеше

Қызылорда облысының әкімі желідегі тапсырыспен қойылған лайк пен пікірлер туралы айтты

Аймақтар • Кеше

Дәрігерлер тапшылығы 19 пайызға, орта буын медицина қызметкерлері 7 пайызға азайды

Медицина • Кеше

Жекпе-жек айтыстың финалы: алтын қамшы мен автокөлік иесі кім?

Айтыс • Кеше

Ұлттық құрылтай: іргелі бастамалардың нақты нәтижесі

Құрылтай • Кеше

Алматыда «Уақыт жаңғырығы» атты көрме ашылды

Мәдениет • Кеше

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентімен кездесті

Президент • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:326
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Желтоқсан 2025 03:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see141

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see138

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see136

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see135

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see135

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see134

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see133

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see133

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see131

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see131

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see131

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see131

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see131

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see130

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see129

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see129

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see129

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see128

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see128

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары