Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Балаларға қамқорлық: іргелі іс шаралардың нәтижесі

Балаларға қамқорлық: іргелі іс шаралардың нәтижесі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Ел халқының 34 пайызы балалар әрі бұл көрсеткіш жыл сайын тұрақты өсіп келеді. Мұндай демографиялық серпін олардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекеттің міндетін күшейте түседі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда бұл мәселені әлеуметтік тақырып аясынан ұлттық жауапкершілік деңгейіне көтерді. Мемлекет басшысы жергілікті билік өкілдері мен қоғам белсенділерінің бірлесіп, тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін «Қазақстан балалары» атты бірыңғай бағдарлама қабылдау қажеттігін айтты.

Бала құқығын қорғау сала­сындағы басты халықаралық құжат – БҰҰ-ның бала құқық­тары туралы конвенциясын еліміз 1994 жылы ратификациялады. Сондай-ақ Қазақстан осы сала бойынша тағы 16 халықаралық құжатты, оның ішінде конвенцияның барлық Факультативтік хаттамаларын да қабылдаған.

Ал ұлттық деңгейде бала құқығы Конституциямен, «Бала құқықтары туралы» заң­мен, сондай-ақ «Неке (ерлі-зайып­тылық) және отбасы туралы» кодексімен, «Білім туралы» және басқа да нормативтік акті­лермен қорғалады. Екі жыл бұрын күшіне енген «Әйелдердің құқықтарын қорғау және балалар қауіпсіздігі қамтамасыз ету» туралы заң аясында балалар тарапына жасалған қатыгездік­тің кез келген түріне төзбеуші­лік күшейтіліп, буллинг үшін әкімшілік жауапкершілік сынды арнайы нормалар енгізіл­ді. Тіпті балаларды автобустан түсіріп кетуге тыйым салу секілді нақты қауіпсіздік шаралары заңнамалық деңгейде бекітілген еді. Ал Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы балалардың қауіпсіздігі, құқығын қорғау, білім мен тәрбиеге басым­дық беру және ерекше қажет­тіліктері бар балаларды қолдау мәселелеріне қатысты тапсырма­лар берді, соның негізінде бір­қа­тар нақты шара жүзеге асты.

– Осыдан бірнеше жыл бұрын егер біреу: мұғалімдердің жала­қы­сы екі есе өседі, бастауыш сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беріледі, Ұлттық қордың қаражаты әр балаға аударылады десе, көпшілік сенбес еді. Бірақ бүгінде бұл – қалыпты жағдай, бәріне түсінікті ережеге айналды. Біз бұл бастамалардың қалай басталғанын, қандай кедергілер болғанын жақсы білеміз. Ешкім жоққа шығара алмайтын факт – бұл өзгерістер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізген жүйелі реформалардың нәтижесі. Осы күнге дейін талантты балаларды қолдау, білімге тең қол­жетімділік, мектептер мен бала­бақшалардағы қауіпсіздік, әлеу­меттік әділдік пен сапаны арттыра түсу үшін бірқатар заңдар мен нормалар, түзетулер қабыл­дан­ды, – дей келе Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов атқарылған жұмыстарды ашып айтып берді.

Оның айтуынша, 100 мыңнан аса аз қамтылған отбасыдан шық­қан балаға балабақшадағы та­мақ үшін төлем жасаудың қа­жеті жоқ, өйткені мемлекет бұл шығынды өз мойнына алды. Халықаралық олимпиадалар мен шығар­машылық конкурстардың жеңім­паздарына қаржылай қол­дау енгізілді. Яғни 6 млн теңгеге дейінгі сыйақы және ЖОО-ға ҰБТ тапсырмай-ақ грант беріледі.

– Кейде өзімізге үйреншікті болып кеткен, қалыпты нәрсе деп қабылдайтын бастамаларды шетелдік ғалымдар мен сарапшылар жақсырақ бағалайтын сияқты. Осындай сәттерде сырт көздің бағасы пайдалы – ол өзімізге де кей нәрсеге жаңаша қарауға мүмкіндік береді. Мысалы, Вашингтон университетінің профессорлары Майкл Шерраден мен Ли Зоу біздің осыдан екі жыл бұрын іске қосылған Балаларға арналған Ұлттық қор жобасын «әлемде алғаш рет егеменді қор табысының 50%-ын тікелей бала­лар­дың болашағына бағыттаған революциялық инновация» деп атады. Біздің жобаның бас­ты айыр­ма­шылығы – бұл жай ғана тұтынуға немесе күнделікті шығындарға емес – мүмкіндікті арттыруға, тәуелділікке емес – дербестікке, жәрдемге емес – қабілетке инвестиция жасайтын жүйе. Сондықтан да бұған өте қуатты әрі алдыңғы қатарлы бас­тама деген баға берілді. Бала­ның жоғары біліміне қаржы жинауға бағытталған «Келешек» бағдарламасы да – ауыз толтырып айтарлық бастама. Мұнда ата-аналарға мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысушы банктен шот ашуға мүмкіндік берілді. Мемлекет бюджеттен 5 жасқа толған балалардың шотына 60 АЕК, жетім балаларға 120 АЕК мөлшерінде біржолғы бастапқы білім беру капиталын төлейді. Ал жыл сайынғы ең төменгі жарнаны ата-аналар баланың шотына салып отыруы қажет. Қаражатты шетелде оқуға пайдалануға, білім грантын иеленген жағдайда басқа білім деңгейін алуға, тұрғын үй сатып алуға қолдануға болады. Ерекше қажеттілігі бар балаларға да айрықша зейін қойылып отыр. Ондаған жаңа коррекциялық кабинеттер ашылды. ПМПК мен оңалту орталықтарының саны артты. Арнайы бағдарламалар мен жаңа қолдау шаралары іске қо­сылды. Онкологиялық аурулар­мен ауы­ратын науқастарға ар­нал­ған қымбат таргеттік дәрі­лер­дің тізімі кеңейтілді. Бұрын бұл дәрілерге қолжетімділік шектеулі болса, енді олардың тізімі 2 есе, ал оны ала алатын пациенттер саны 3 есе артты. Бұл – жай ғана сандар емес, науқастардың жақын­да­ры­мен өткізетін қосымша уақыты. Құлағында ақауы бар, бірақ мүге­дек­тік тобы жоқ балалар да назардан тыс қалмады. Енді микротия мен атрезия диагнозы бар балалар бес жылда бір рет жергілікті бюджет есебінен есту аппаратын ала алады. Тағы бір ілкімді бас­тамамыз – туабітті бет-жүз ақаулары бар балалар – ірі гемангиомалармен, тамырлық мальформациялармен, ерін мен таңдай жырығымен және басқа да айқын аномалиялармен туған балаларға реконструктивті-косметикалық операция­­лар мемлекет есебінен қаржы­лан­ды­ры­ла­ды. Халықаралық тәжірибе де мұндай шешімдердің маңызы әлдеқашан дәлелденген, – деді мәжілісмен.

Оған қоса, енді мектеп ғима­рат­тары апатты жағдайға түспес үшін әкімдіктер білім ошақта­ры­ның күрделі жөндеуіне және реконструкциясына қар­жы бөлуге міндеттелді. Оқушы­лар­­дың қолайлы, қауіпсіз орта қа­лыптастыру мақсатындағы «Жайлы мектеп» жобасының аясында да ең заманауи білім ошақ­тары шалғай ауылдарда салынып жатыр. Сондай-ақ әлеуметтік осал топ­тарды қолдау мақсатында жеке­меншік мектептердегі балалар да «Всеобуч» қоры арқылы мектеп формасын, оқу құралдарын және басқа да қажеттіліктерге көмек ала алатын болды. Балалар­ды зорлық-зомбылықтан қорғау және суицидтің алдын алу бағы­тын­да да құрылымдық шешімдер қабылданды.

Демек жоғарыда айтылған­­дар­ды ескерсек, елімізде бала­лар­дың құқығын қорғау саласында заңнамалық және инсти­туционалдық негіздер қалып­тас­қан. Оның үстіне Президент тапсырмасымен алғаш рет бала­лар­дың білім алуы, денсау­лығы, қауіпсіздігі мен дамуына бағыт­талған жұмыстарды бір жерге жинақтауды көздеген «Қазақ­­стан балалары» атты біртұтас бағ­дар­­­ламасы әзірленіп жатыр.

– Бағдарламаға ұсыныстарды жинақтау үшін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева жетекшілік ететін «Amanat» пар­тиясының Отбасы және ха­лық­ты әлеуметтік қорғау жөнін­де­гі республикалық комиссиясы арнайы отырыстар өткізіп, өңір­лер­ден ұсыныстар қабылдады. Кешенді құжат балалардың қауіп­сіз­дігін, психологиялық қолдауды, зорлық-зомбылықтың алдын алуды және әлеуметтік тәуекел топтарымен жұмысты бір жүйеге біріктіреді. Білім мен тәрбие саласында Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын елдегі барлық бі­лім ұйымдарына енгізу үдерісі бас­талды. Бағдарлама «Адал азамат» тұжырымдамасы негізінде жаңар­тылып, оның мазмұнына аза­маттық жауапкершілік, құқық­тық мәдениет, отансүйгіштік, отбасылық құндылықтар мен еңбек тәрбиесі енгізілді. Мұны мемлекеттік мектептермен қатар, жекеменшік білім ұйымдары да басшылыққа алуға тиіс. Бала­лар­дың құқығын қорғаудағы гума­низация саясаты аясында кәме­летке толмаған балалары бар әйелдерге қатысты қылмыстық жауапкершілік тетіктерін қайта қарау бойынша құқықтық бастамалар көтерілді. Қылмыстық-атқару жүйесінде «жазалау емес, түзету» қағидатын күшейту, аналарымен бірге жазасын өтеп жатқан балалардың құқықтарын қорғау, баланың түрмеде өсуіне жол бермеу мәселелері Үкімет пен тиісті органдардың қарауына енгізілді, – деді Ұлттық құрылтай мүшесі, «Қазақстан балалары» бірыңғай ұлттық бағдарламасының жұмыс тобы мүшесі Ляззат Қожахметова.

Спикердің айтуынша, Прези­денттің тапсырмасымен бала­лар­дың дене тәрбиесі мен бос уақытын ұйымдастыру бағытында өңірлерде спорт инфрақұрылымын кеңейту, әр ауданда футбол алаңқайларын салу, бұқаралық спортты қол­­же­тімді ету бағытында жұмыстар бас­талып кеткен.

– Балалардың шығармашылық, спорттық дамуына бөлінетін бюджет қаражатының тиімділігін арттыру, ауыл мен қала арасындағы қолжетімділік теңсіздігін жою мәсе­лелері Ұлттық құрылтай алаңында көтеріліп, Артспорт бағ­дарламасын жетілдіру бойын­ша нақты ұсыныстар Үкіметке жолданды. Бұл қадам мемлекет саясатының балалар мәселе­сін­де декларациямен шектелмей, жүйелі реформаларға бет бұрғанын көрсетеді. Ұлттық құрылтайдың басты нәтижесі де осы – өңірлерден көтерілген нақты мәселелер мемлекеттік шешімдерге айналып, балалардың құқығы мен қауіпсіздігін қор­ғау­ға бағыт­талған шаралар жү­зе­­ге асы­ры­лып жатыр, – деді Л.Қожахметова.

Қоры­тындылай келе, қабыл­данған заңдар мен бастамалар – жай ғана қағаз жүзіндегі өзгерістер емес, нақты азаматтардың, отба­сылардың және балалардың өмі­ріне тікелей әсер ететін жүйелі қадамдар. Талантты балаларды қолдау, білімге тең қолжетімділік, мектептер мен балабақшалардағы қауіпсіздік, әлеуметтік әділдік пен сапаны арттыру – жүргізіліп жатқан реформаның негізгі өзегі. Яғни қазір мемлекет қолдаушы және алдын алушы моделіне көшіп, білім мен баланың мүддесін басты орынға қойып отыр. Алда әлі де шешілуге тиіс мәселелер бар, бірақ таңдалған бағыт айқын: бала қауіпсіздігі, сапалы білім және тең мүмкіндік мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы болып қала береді.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында оқу полигонында сарбазға оқ тиіп, жарақат алды

Әскер • Бүгін, 00:27

40 градус аяз: Ертең елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы • Кеше

БҰҰ: 2026 жылы әлемде 186 млн адам жұмыссыз қалады

Әлем • Кеше

Әкесін ұрып өлтірген азаматқа прокурор 6 жыл 2 ай жаза сұрады

Қылмыс • Кеше

Балалар әдебиетіне қатысты панельдік сессия өтті

Әдебиет • Кеше

Қазақстанда биыл шамамен 2,6 ГВт жаңа электр қуат көзі іске қосылады

Үкімет • Кеше

АҚШ 75 елдің азаматына виза беруді тоқтатады

Әлем • Кеше

Атырау мектептерінде ертең сабақ онлайн форматта өтеді

Ауа райы • Кеше

Алматы облысының колледждері Қытай, Еуропа және Азия елдерімен ынтымақтастық орнатты

Білім • Кеше

Қайтарылған қаржы аурухана құрылысына жұмсалды

Қаржы • Кеше

Атыраудағы кешенде бір жылда 375 мың тонна полипропилен шығарылды

Өндіріс • Кеше

Бағаны негізсіз өсірген сауда орындарына 481 030 теңге айыппұл салынды

Сауда • Кеше

Арқалық әуежайы бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді

Жұмыс • Кеше

Алматы облысында оқушы өліміне қатысты тергеу жұмыстары басталды

Қылмыс • Кеше

Абзал Нарымбетов: Мұнай экспорттайтын балама бағыттарды дамытпағанымыз тарихи қателік болды

Экономика • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:126
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қаңтар 2026 07:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see165

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see157

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see150

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see148

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see147

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see146

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see144

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see142

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see140

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see139

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see138

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see135

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see120

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see119

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see117

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see116

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see116

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see114

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see111

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары