Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджетке түскен батпан

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Әлеуметтік саясаттың нақты нәтижесі

Әлеуметтік саясаттың нақты нәтижесі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Ел азаматтарына әлеуметтік қолдау танытуда еліміз Орталық Азияда алдыңғы қатарда. Мемлекет қазынасынан осы салаға бөлінетін қаржы көлемінің жыл сайын артуы, халықты қолдау механизмдерінің жүйелілігі де көңіл қуантады. Орталық Азия елдерінде бала өмірге келгенде, азаматтардың жасы жетіп, зейнет демалысына шыққанда, мүгедектікке ұшырағанда, асыраушысынан айырылғанда, жұмыссыз қалған жағдайда да әлеуметтік төлемдер аударылады. Бірақ мемлекет тарапынан көрсетілетін демеу мен қаржылай қолдаудың мөлшері әртүрлі. Осы жағынан салмақтағанда, таразының басы бізге қарай ауырлай түседі. Мұның өзіндік себебі де бар. Зейнетақының орташа мөлшері бойынша да Орталық Азия елдерінде алдыңғы орындамыз – 157 843 теңге. Ал жүктілік мерзімі мен босанған аналарға тағайындалатын төлем мөлшері де қомақты: 164 350 – 1 158 107 теңге аралығында беріледі.

Бұдан бөлек те әлеуметтік қолдау түрлері жеткілікті. Мы­салы, бас қалада көп­бала­лы аналар мен мектеп оқу­­шылары қоғамдық көлікте тегін қатынай алады. Орталық Азия елдерінің әлеуметтік-экономикалық көр­сеткіштерін салыстырғанда да десіміз басым. Мәселен, Қыр­ғызстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 30 мың теңгеден асады, орташа жалақы 247 мың тең­ге мөлшерінде болса, ең тө­мен­гі еңбекақы 18 мың теңге­ге таяу. Өзбекстанда ең төмен­гі күнкөріс деңгейі 27 мың тең­геден асады, орташа жалақы мөлшері 247 мың теңге, ал ең төменгі жалақы 49 мың теңгеден астам. Тәжікстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге, орташа жалақы – 131 708 теңге, ең төменгі жалақы – 63 415 теңге. Біздің елде күнкөріс деңгейінің ең төменгі шегі де осы елмен бірдей – 50 851 теңге. Орташа жалақы мөлшері 473 158 теңге болса, ең төменгі жалақы 85 мың теңгеге жетті.

Елімізде жас босанған ана­­ларға және бала күтіміне бе­рілетін жәрдемақы көлемі де жыл сайын арта түседі. Жұ­мыс істеп, декреттік демалыс­қа шыққан әйелдерге мін­дет­­ті әлеуметтік сақтандыру қо­ры­нан жүк­тілік пен босану­ға бай­ланысты 1 миллион 158 107 теңгеге дейін төлем бері­ле­ді. Оның мөлшері әлеумет­тік аударым сомасына қарай есептеледі. Сондай-ақ бала 1,5 жасқа толғанша оның күтімі­не де жәрдемақы аударылады. Бірінші балаға 24 912 теңге, екінші балаға 29 454 теңге, үшінші балаға 33 952 теңге берілсе, төрт және одан көп бала үшін мемлекеттен 38 493 теңге жәрдемақы аударылады.

Көпбалалы отбасылар мен көпбалалы аналардың мәр­тебесіне де ерекше көңіл бө­лінеді. Отбасында бірге тұ­ра­тын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақыт­қа дейін (бірақ 23 жасқа толған­ға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білім­нен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алатын балалары бар отбасылар көпбалалы отбасылар санатына жатады. Алты бала туған және тәрбиелеген көп­балалы аналарға «Күміс алқа» алқасы беріледі, ал жеті не одан көп бала туған және тәр­бие­леген көпбалалы аналар «Алтын алқамен» марапатталады.

Кәмелетке толмаған төрт және одан көп балала­ры бар ­не­месе 23 жасқа де­йін күндізгі оқу нысанында оқи­тын студент­тері бар көп­балалы отбасылар­ға жанұя та­бысына қарамас­­тан жәр­дем­ақы тағайындала­ды. Төрт баласы бар анаға ай сайын 69 330 теңге түссе, бес балаға – 86 673 теңге, алты баласы бар «Күміс алқа» алған анаға 104 016 теңге, жеті баласы бар «Алтын алқалы» анаға
121 359 теңге, сегіз және одан да көп балаға қосымша 17 300 теңге­ден қосылады. Бұған қоса, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даң­­қы» ордендерімен марапаттал­­­­ған көпбалалы аналарға ай ­са­йын 6,4 айлық есептік көрсет­кіш көлемінде жәрдемақы да бе­ріледі. Мұндай құрметке ие көп­балалы аналар тұрғын үйді мемлекеттік тұрғын үй қо­ры­нан алуға немесе жергілікті атқарушы органнан баспана алуға бірінші кезекте құқы­лы. Сондай-ақ «Алтын алқа», «Күміс алқа» алған көпбала­лы аналар өзіне тір­келген бір автокөліктің салығынан босатылады. «Батыр ана» атағын алған, «Алтын алқа» иесі атан­ған аналар жер учаскесі мен ғима­раттардың салығын төлеуге міндетті емес.

Әлеуметтік қорғау сала­сын­дағы ұлттық ­сарапшы Айгүл Табергенова еліміздің Орта­­лық Азиядағы мемле­кет­тер­ден артықшы­лығы жекелеген әлеуметтік төлемдер­дің мөл­шерінде ғана емес, қор­ғау жүйесінің кешенді құры­лымы мен жүйелілігінен де аңғарыла­тынын айтады.

«Қазақстан Орталық Азия­дағы әлеу­мет­тік қорғау жү­йесі кешенді дамыған мемле­кеттердің бірі саналады. Мұны тек әлеу­меттік төлемдер­дің мөлшері ғана емес, ең алды­­мен олардың саны, қамту ауқымы мен әлеу­меттік тәуекелдер­дің барлық негізгі кезең­де­рін қамтитын кешенді жүйе дәлелдейді. Бүгінде азаматтарды қолдау республикалық бюджет есебінен төленетін мемлекеттік жәрдемақылар мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер арқылы жүзеге асырылады. Бұл екі дең­гейлі модель көптеген көрші мемлекеттерден ерек­шеленеді әрі адамның өмі­ріндегі түрлі әлеуметтік тәуе­келдерді кешенді түрде қам­тиды. Қазақстан бала тууы­на байланысты берілетін бір­жолғы мемлекеттік жәрдем­ақы көлемі жөнінен Орталық Азия­дағы көшбасшылар­дың бірі. 2026 жылы бірінші, екінші және үшінші бала туған жағдайда 164 350 теңге, ал төртінші және одан кейінгі балаларға 272 475 теңге тө­ле­неді. Бұл көрсеткіш Қыр­ғызстан мен Тәжікстандағы ұқсас төлемдерден бірнеше есе жоғары. Тағы бір ерек­шелік – көпбалалы отбасы­ларға арнал­ған мемлекеттік жәрдемақы. Қазақ­станда төрт және одан көп баласы бар от­басыларға жәрдемақы отба­сының табысына қарамастан төленеді. 2026 жылғы есепті кезеңде мұндай жәрдемақыны 634,6 мың отбасы алып отыр, ал орташа мөлшері 79,5 мың тең­геге жетті. Бұл өңірдегі көптеген ­мемлекет­­тен ерек­­шеленетін маңыз­ды әлеу­мет­тік кепілдік. Өйткені бірқатар елдерде мұндай қол­дау тек аз қамтылған отбасы­ла­рға ғана көрсетіледі», дейді сарапшы.

Сонымен қатар елімізде мү­гедектігі бар баланы тәр­бие­леп отырған отбасыларды қол­дау жүйесі де дамыған. 2026 жылы мұндай жәрдем­ақы­­­ның ор­таша мөлшері 83,4 мың теңгені құрады, ал оны алу­­шылар саны 117 мыңнан асты.

Осының барлығы еліміз­дің әлеуметтік саясатындағы бас­ты ерекшелік – тек жекеле­ген төлемдердің көлемінде емес, адамның өмірлік жағдайла­рын кешенді түрде қамтитын әлеуметтік қорғау жүйесі­­нің қалыптасқанын айқындай
түседі.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:107
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Шілде 2026 10:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see144

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see143

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see141

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see140

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see139

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see138

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see138

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see136

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see136

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see134

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see133

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see131

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see126

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see122

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see119

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see118

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары