Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі мемлекет пен бизнес арасындағы тиімді құралға айналуы тиіс Дүйсенбай Тұрғанов

Отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі мемлекет пен бизнес арасындағы тиімді құралға айналуы тиіс Дүйсенбай Тұрғанов

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Депутат, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов Премьер-Министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында отандық тауар өндірушілерді қолдау және өнеркәсіпті дамыту мақсатында әзірленген Қазақстандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізіліміне қатысты бірқатар маңызды мәселені көтерді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Депутаттың айтуынша, былтыр «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары тауарлардың шығу тегін анықтау тетігін жаңғырту және импортқа тәуелділікті төмендету үшін заң жобасына бастамашы болған. Осы нормаларға сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтардан бастап СТ-KZ сертификаттары мен индустриялық сертификаттардың орнына бірыңғай тізілім енгізілуі тиіс.

– Бұл бастама заманауи технологияларды енгізуді, ашықтықты арттыруды және өндірісті жергілікті деңгейде дамытуды көздейді. Бизнес қауымдастығы жүйенің ашық әрі тиімді болу идеясының өзін қолдайды, алайда оның іске қосылуына қатысты бірқатар елеулі тәуекелдер мен жүйенің дайын еместігін атап өтуде. Бүгінде  тізілім толыққанды жұмыс нұсқасы ұсынылмаған, өтінім беру алгоритмі жарияланбаған, ал  Qazindustry  акционерлік қоғамы тарапынан нақты регламент пен іске қосу мерзімдері әлі белгіленбеген. Соның салдарынан қазіргі жүйеге қатысып отырған шағын және орта бизнес субъектілері жаңа форматқа көшу тәртібін түсінбей отыр.

Реестр ережелерінде көзделген техникалық және қаржылық тұрғыдан ауыр талаптар, өндірісте бейнебақылау орнату, онлайн-қолжетімділікті қамтамасыз ету, өндірістік деректерді ашу сияқты шарттар көптеген шағын кәсіпорындар үшін орындалмайтын деңгейде. Сонымен қатар  өндірістік процестер мен технологияларға сыртқы қолжетімділік коммерциялық ақпараттың таралуы мен өнеркәсіптік тыңшылық қаупін арттырады. Бұл, әсіресе инновациялық шешімдерді енгізіп отырған кәсіпорындар үшін үлкен қауіп төндіреді, – деп нақтылады депутат.

Депутаттың сөзінше, аталған талаптар өнеркәсіптік саясаттың негізгі мақсаттарына, шағын және орта бизнестің қатысу үлесін кеңейту мен өндірісті жергіліктендіруді дамыту қағидаттарына қайшы келеді. Бұдан бөлек, жұмыстар мен қызметтердің шығу тегін растау тәртібі де әлі нақты айқындалмаған, бұл құқықтық олқылықтар мен отандық жеткізушілердің мемлекеттік қолдау бағдарламаларынан шеттетілу қаупін туғызады.

Жүйелі сипаттағы негізгі мәселелер мынадай:

ақпараттық жүйенің мемлекеттік сатып алу порталдарымен интеграциясының болмауы; цифрлық верификация критерийлерінің ашық еместігі және комиссиялардың жұмыс алгоритмдері мен мүдделер қақтығысын болдырмау нормаларының жеткіліксіздігі, сонымен бірге міндетті бейнежазба жүргізу кезінде технологиялық деректердің сыртқа таралу қаупі.

– Мемлекет басшысы бірнеше рет атап өткен болатын: «өнеркәсіптік саясат отандық өндірісті дамытуға бағытталуы тиіс, жаңа кедергілер туғызбауы қажет». Алайда бүгінде кәсіпкерлер тарапынан белгісіздік, алаңдаушылық және мемлекеттік органдармен тиімді диалогтың жоқтығы байқалады.

Осыған байланысты ҚТӨ Тізілімінің ақпараттық жүйесін уақытылы іске қосу және толыққанды тестілеуден өткізу; егер жүйе 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін толық дайын болмаса, СТ-KZ және индустриялық сертификаттардың қолданылу мерзімін платформаның толық іске қосылғанына дейін ұзартуды қажет деп санаймыз. Сонымен бірге бизнес және салалық қауымдастықтар үшін ҚТӨ Тізілімінің ашық таныстырылымын өткізу керек.

Соңғысы, Тізілім ережелерін қайта қарап, шағын және орта бизнеске артық әкімшілік және техникалық ауыртпалықтар туғызатын талаптарды алып тастау және  Qazindustry АҚ-на Реестрді енгізудің егжей-тегжейлі жоспар-графигін, интерфейстердің сипаттамасын және өтінім берушілерге қойылатын талаптарды ұсынуды міндеттеу қажет.

Бүгінгі отандық тауар өндірушілер – бұл еліміздің нақты экономикасын қалыптастырып отырған, жұмыс орындарын ашатын және салық төлейтін азаматтар, –  деді депутат.

Депутаттың айтуынша, Қазақстандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі мемлекет пен бизнес арасындағы сенім мен әріптестікті нығайтатын тиімді құралға айналуы тиіс. Және де ол кәсіпкерлердің дамуын тежейтін бюрократиялық кедергі болмауы қажет.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:189
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қараша 2025 15:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see132

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see131

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see130

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see120

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see120

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see117

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары