Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Бірыңғай тізілім: Отандық өндірушілердің ісі оңға басады

Бірыңғай тізілім: Отандық өндірушілердің ісі оңға басады

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Жаңа жүйе не үшін қажет?

Жаңа жүйе арқылы ел аума­ғында нақты өнім шығаратын кәсіп­орындарды импорттық та-уарды қайта сатумен айналысатын ұйымдардан ажыратуға болады. Бұл, ең алдымен, мемлекеттік қол­дау шараларының нақты өнді­ру­шілерге бағытталуына әрі рет­те­летін сатып алулардағы әділ бәсе­кенің қалыптасуына жол ашады.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Елішілік құндылықты дамыту департаментінің директоры Айдын Рақымжанның айтуынша, тізілімді енгізудің басты мақсаты – отандық өндірушілердің бірыңғай әрі сенімді базасын қалыптастыру.

«Тізілімнің негізгі міндеті – ел аумағында нақты өндіріс жүр­гізетін кәсіпорындарды анықтап, оларды мемлекеттік қолдау шараларымен қамту және реттелетін сатып алулардағы ашықтықты қам­тамасыз ету. Бұған дейін өнді­рісті жүзеге асырмай-ақ өзін отандық өндіруші ретінде көрсе­тетін жағдайлар кездесетін. Жаңа жүйе мұндай тәуекелдерді азай­тып, нақты өнім шығаратын кәсіп­орын­­­­­дарға атаулы қолдау көрсетуге мүм­­­кіндік береді. Сонымен қатар алда­­ғы уақытта өндірістік қызметті рас­тау рәсімдерін толық цифр­ландырып, тексеру тетіктерін автоматтандыру, кәсіпкерлердің жүйемен жұмыс істеуін жеңілдету жоспарланып отыр. Нәтижесінде, нарықтың ашықтығы артып, жергілікті қамту үлесі өседі», дейді департамент директоры.

Тізілімге енгізілген кәсіпорын­­дар мемлекеттік қолдаудың қар­жы­лық және қаржылық емес құрал­дарын пайдалана алады. Соны­­мен қатар олардың отандық тауар өндіруші мәртебесі автоматты түрде расталып, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы реттелетін сатып алуларға қатысу мүмкіндігі кеңейеді.

Бүгінде тізілім «Электрондық мем­лекеттік сатып алу» порталымен, «Самұрық-Қазына» акцио­нерлік қоғамының сатып алу жүйесімен, сондай-ақ Sam­ruk Store, Omarket, Mitwork элек­трондық сауда алаңдарымен ықпал­дас­тырылған. Соның арқасында сатып алушы ұйымдар кәсіп­орынның мәртебесін қосымша анықтамай-ақ автоматты түрде тексере алады.

Айдын Рақымжанның сөзін­ше, өндірушілер туралы бар­лық мәлімет e-ondiris.gov.kz ақпараттық жүйесінде жинақ­тал­ған. Кәсіпорын жеке кабинеті арқылы тізілімнен үзінді көшірме алып, отандық өндіруші мәртебесін растайтын арнайы QR-коды бар құжатты пайдалана алады.

Сенімді цифрлық сүзгі

Жаңа жүйенің басты ерек­ше­лігінің бірі – өндірушінің мәр­тебесін растаудың көпсатылы тексеру тетігі.

Министрлік мәліметінше, бірінші кезеңде кәсіпорынның өндірістік қызметі автоматты түрде бағаланады. Бұл кезде шикізат айналымы, өндірістік активтердің болуы, жұмысшылар саны, электр энергиясын тұтыну көлемі сияқты тікелей көрсеткіштермен қатар, салық есептілігі, экспортқа қатысуы, өнім өткізу мен импорт айналымы тәрізді жанама көрсеткіштер де сараланады. Осы деректердің барлығы машиналық оқыту технологиясына негізделген модель арқылы талданады.

Екінші кезеңде кәсіпорын өндірістік үдерісті растайтын құжат­­тарды, технологиялық опе­ра­­циялардың орындалуын дәлел­­дейтін бейнематериалдар мен өндірістік базаға қатысты мәліметтерді ұсынады. Бұдан бөлек, әрбір өнім түріне арналған міндетті технологиялық операция­­лар толық орындалуға тиіс.

«Өндіруші мәртебесін беру құжаттарға ғана сүйенбейді. Кәсіпорын өндірістің нақты бар екенін дәлелдеуі қажет. Сондықтан жүйеде автоматтандырылған цифрлық верификация, салалық сарапшылардың бағалауы және тоқсан сайынғы мониторинг қарастырылған. Мұндай көп­­са­тылы тәсіл тізілімге тек шын мәнінде өндіріс жүргізіп отыр­­ған кәсіпорындардың енуіне мүмкіндік береді», дейді Айдын Рақымжан.

Қазіргі өндірістік және техно­ло­гиялық операциялар шарт­тарының тізбесі Өнеркәсіп және құры­лыс министрінің 2025 жылғы 25 қыркүйектегі №392 бұйры­ғымен бекітілген. Бүгінде бұл құжат сыртқы экономикалық қыз­­­мет­тің тауар номенклатурасы тауар­­­ларының 5 790-нан астам тобын қамтиды. 

Мемлекетке де, бизнеске де тиімді

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамының қазақ­стан­дық тауар өндірушілерді қол­дау дирекциясының басшысы Жансая Жақыпованың айтуынша, бірыңғай тізілім тек анықтамалық база емес, өнеркәсіптік саясатты нақты деректер негізінде жүргізуге жағдай жасайтын маңызды цифр­лық құрал.

«Бірыңғай тізілім отандық өнді­рісті қолдаудың жаңа институтына айналып келеді. Оның көмегімен мемлекет қай салаларда өндіріс жеткілікті дамығанын, қай бағыттарда импортқа тәуелділік сақталып отырғанын нақты көре алады. Бұл жаңа өндірістерді жоспарлауға, импортты алмас­тыру саясатын тиімді жүргізуге және өңдеу өнеркәсібінің тұрақты дамуы­­на негіз қалайды», дейді Жансая Жақыпова.

Қазір e-ondiris.gov.kz ақпарат­тық жүйесінде 6 574 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның ішінде 4 552 кәсіпорын ел аумағында толық өндірілген өнім шығарады. Ал 2 022-сі өңделген өнеркәсіп өнімдерін өндіреді. Жалпы алған­да, 49 мыңнан астам тауардың қазақ­стандық шығу тегі расталған. Бұл деректер елдің өндірістік әлеуе­тінің едәуір бөлігін бірыңғай цифрлық алаңға біріктіруге мүм­кін­дік тудырып отыр. 

Тың мүмкіндікке жол ашады

Бірыңғай тізілімге енгізілу кәсіпкерлерге ең алдымен ішкі нарыққа жол ашады. Өйткені тізілімге енген кәсіпорындар мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, «Самұрық-Қазына» қорының, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларына қатыса алады.

Сонымен қатар олар «Даму» кә­сіп­керлікті дамыту қоры, Қазақ­станның Даму банкі, Өнеркәсіпті дамыту қоры секілді қаржы институттарының құралдарын, сон­дай-ақ QazIndustry, QazTrade және басқа да даму инсти­тут­та­рының мемлекеттік қолдау бағдар­­­ламаларын пайдалану мүм­­кін­дігіне ие болады.

Жансая Жақыпованың айтуын­ша, тізілімге енгізілу ерікті негіз­де жүзеге асырылғанымен, мем­ле­кеттік қолдау құралдарын пай­да­ла­ну немесе реттелетін сатып алуларға қатысу үшін кәсіп­орын­ның осы тізілімде болуы міндетті.

«Бұл жүйе кәсіпкерлердің мәр­тебесін растайтын құжат қана емес. Ол жаңа тапсырыстарға жол ашатын, ұзақмерзімді әріптестікке бастайтын әрі мемлекеттік қол­дау тетіктеріне қол жеткізуді жеңілдететін маңызды құралға айналып отыр», дейді ол.

Оның пікірінше, тізілімнің тиімді жұмыс істеуі үшін ең басты шарт – ақпараттың дұрыстығы мен үнемі жаңартылып отыруы. Сонымен бірге жүйе мемлекеттік сатып алу платформаларымен және басқа да мемлекеттік ақпа­раттық жүйелермен толық ықпал­дасқанда ғана өзінің негізгі міндетін толық орындай алады.

Қазір тізілімде өңдеу өнеркә­­сібінің барлық негізгі салалары қамтылған. Ең көп кәсіпорын машина жасау, құрылыс индустрия­сы, агроөнеркәсіп, жеңіл және химия өнеркәсібінде тіркелген. Ал өңірлерге келсек, Астана, Алматы, Шымкент қалалары, сондай-ақ Қарағанды, Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар облыс­тары көш бастап тұр.

Бірыңғай тізілімнің енгізілуі мемлекеттік қолдау жүйесін де жаңа сапалық деңгейге көтеру­ге бағытталған. Ең бастысы, өнді­ріс­­­­­пен шынайы айналысатын кәсіпорын­дарға жақсы мүмкін­дік­тер туады. Осы тұрғыдан алғанда, бұл жүйе өнеркәсіптің ашық­­­­тығын күшейтіп, отандық өнім­нің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қызмет ететін маңызды эконо­ми­ка­лық құрал болмақ.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:102
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Шілде 2026 19:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары