Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Ecoculture Eurasia жылыжай кешені жылына 27 000 тонна өнім алуды жоспарлап отыр

Ecoculture Eurasia жылыжай кешені жылына 27 000 тонна өнім алуды жоспарлап отыр

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екінші Ауыл шаруашылығы қызметкерлері форумында ауыл шаруашылығын дамыту – ауылдардың, өңірлердің, тұтас елдің өркендеуінің негізі екенін атап өтті. Қазақстанның бұл салада бар әлеуетін толық іске асыру үшін барлық мүмкіндік бар екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осы орайда Түркістан облысы, Келес ауданы Абай ауылдық округі аумағында өз жұмысын бастаған «Ecoculture–Eurasia» өндірістік жылыжай кешені өнім өндіру бойынша жасалған барлық мүмкіндіктерді іске асырып, ауыл шаруашылығы өнімдері көлемін ұлғайтуды мақсат етіп отыр. «Ecoculture–Eurasia» ЖШС-ның жылыжай кешеніне арналған баспасөз-туры барысында жылыжайда жабық топырақта жыл бойы көкөніс өсіруге арналған заманауи агротехнологиялар қолданылатыны айтылды. Жылдың кез келген уақытында жаңа, дәмді және пайдалы көкөністер беретін жылыжайдың нарықтағы сұранысқа сай өнім түрін және көлемін өзгерту мүмкіндігі бар. Заманауи жылыжай кешендері жылыту жүйесі мен салқындатуды реттейтін, жарық режимін, тамшылатып суаруды, атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшерін басқаратын заманауи автоматтандырылған климаттық бақылау жүйесімен жабдықталған. Жылыжай бір мезетте әртүрлі сорттағы 12 гибридке дейінгі қызанақ пен басқа да дақылдарды өсіруге мүмкіндік береді. Жоба өңір үшін маңызды әлеуметтік маңызға ие – өндірісте тұрақты жұмыс орындары ашылады. Сондай-ақ ішкі нарықты қамтамасыз ету арқылы бағаны тұрақтандыруға септігін тигізбек. Сонымен қатар жылыжай кешені Қазақстан мен Ресей арасындағы агросектордағы әріптестікті нығайта түседі. Жылдық қуаты 27 мың тонна көкөніске дейін жететін өнім көлемінің бір бөлігі Қазақстан нарығына, сондай-ақ Ресейдің шекаралас өңірлері – Сібір мен Қиыр Шығыс аймақтарына жөнелтіледі.

Өнеркәсіптік жылыжай кешені Абай ауылдық округі аумағынан жалпы ауданы 500,0 гектар жер учаскесіне жоспарланған болатын. Жоба 6 кезеңмен жүзеге аспақ. Серіктестік басшыларының айтуынша, бұл жерді, яғни Абай ауылдық округі аумағын таңдаудың да өз ерекшелігі бар. Мамандар мұнда еліміз бойынша күн ерте шығып, жәндіктер ерте оянатынын, елдегі ең ыстық нүкте саналатынын ескерген. Бұл өз кезегінде жылыжайға жұмсалатын шығынды азайтады. Кешеннің жанындағы «Қызыл әскер» постанстансасы жарықпен қамтамасыз ете алады. Газ тартылған және осы жерден үлкен айналма жолы түседі, яғни транспорттық-логистикалық мәселе шешіледі. Жобаның жалпы құны 64,1 млрд теңге, оның ішінде «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) қаржыландыруы 50,8 млрд теңгені құрайды. Банк қаражаты материалдар сатып алуға, негізгі құрал-жабдықты монтаждауға, құрылыс-монтаж және іске қосу-реттеу жұмыстарына бағытталған. Жобаның бірінші кезеңі бойынша 51,88 гектарға жалпы құны 42,0 млрд теңгені құрайтын өнеркәсіптік жылыжай кешенін салынып, 800 жұмыс орны құрылды. Жұмысқа негізінен Сарыағаш, Келес және Жетісай ауданының тұрғындары алынып отыр. Аудан тұрғындарынан тәжірибе алмасуға және біліктілігін арттыруға Ресей Федерациясының – Санкт-Петербург, Тула, Солнечная Долина қалаларында 90 күн оқуға жіберуге жалпы саны 100 жұмысшы іріктеліп жіберілген.

Екінші ауыл шаруашылығы қызметкерлері форумында Президент ауыл шаруашылығында жаңа технологиялар мен цифрландыруды қолданудың маңыздылығын атап өтті. Бұл орайда «Экокультура Евразия» жылыжай кешенінде процестерді автоматтандыруға басымдық беріліп, бұл қызметкерлердің жұмысын айтарлықтай жеңілдеткен. Осылайша еңбек өнімділігін арттыруға ықпал етуде. Серіктестік басшылығы қазірдің өзінде процестерге енгізілген және жаңа қызметтермен жетілдіріліп жатқан кейбір жобалар барын айтады. Оның бірі – EcoVision персоналды басқару қосымшасы. Бұл қосымша қызметкерлерге өсіру технологияларын сақтау мен жұмыс уақытын тиімді жоспарлауға көмектеседі. Тағы бір автоматтандыруға бағытталған жобалардың бірі – «ЭКО-жүйе» ақпараттық-аналитикалық порталы. Дегенмен цифрландыру деңгейі жоғары болғанымен, қол еңбегін қажет ететін және роботтар мен автоматтар жақын болашақта алмастыра алмайтын бірнеше операция бар.

Жалпы жылыжай кешені 8 блоктан тұрады. Қуаттылығы 14 МВттық 9 жылыту қазандығы орнатылған. 50,0 гектарына 1 250 000 дана қызанақ көшеті отырғызылмақ. Ал 1,26 гектар жер учаскесіне жылыжай блоктары арасындағы жұмысшылардың демалатын орны мен техникалар жүретін жолақтар орналастырылған. Кешенде қызанақ өнімін алудың голландиялық технологиясын ендіру арқылы жылына 27 000 тонна өнім алу жоспарланып отыр. Қазан айында 6,25 гектарға «Климон F1» сұрыпты қызанақ көшеттері отырғызылыпты.

«Біздің жылыжай кешенінде көшет 60-90 күнде толықтай пісіп жетіледі. Әрбір көшет арнайы минералды мақтада өсіріледі. Ол көшетті бүкіл қажетті дәрумендермен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ мұнда тамшылатып суару әдісі қолданылады. Көшет өнім бергенде олар белгіленген температурада күтіп-бапталады. Жақсы өскен көшеттің биіктігі 10-15 метрге дейін жететін кездері болады. Халық арасында жылыжайда өсірілген көкөністер – дәмсіз, химикатқа толы деген түсінік қалыптасқан. Бірақ бұл қате. Керісінше, жылыжайда өсірілген көкөністер өте сапалы. Біз көкөністің ауырмай өсуі үшін оны күтіп-баптауда балансты сақтаймыз. Мысалы, адамға түрлі дәрі-дәрмекті бере-берсе оның иммунитеті әлсіреп, қатты ауруға ұшырауы да мүмкін. Көкөніс те дәл адам секілді тіршілік иесі. Оларға да дәрі-дермек көп берсе, көгермей солып қалады. Сондықтан да жылыжайдағы көкөністер қоректі өзіне қажетті нормада алады», дейді агроном-технолог Қадыр Марбанов.

Айта кетелік, «ЭКО-культура» – 15 жылға жуық уақыт бойы тұрақты дамып келе жатқан, жабық топырақта экологиялық таза көкөніс өсіретін ірі агроөнеркәсіптік холдингтің бірі. Әлемде азық-түлікке деген қажеттілік тұрақты түрде артып келеді. Бұл орайда елімізде, оның ішінде оңтүстік өңірде ішкі нарықты қамтамасыз етіп, өнімді экспорттауға толық мүмкіндік бар. Өндірістік жылыжай кешені басшылығы ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етуге үлес қоса отырып, экспорт көлемін одан әрі арттыруды мақсат етіп отыр.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:189
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Желтоқсан 2025 11:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары