Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Əділдік тең мүмкіндіктерден басталады: Əділет партиясы Жан Шуақ сыйлығының лауреаттарына қолдау көрсетті

Əділдік тең мүмкіндіктерден басталады: Əділет партиясы Жан Шуақ сыйлығының лауреаттарына қолдау көрсетті

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Астанада «Əділет» партиясының қолдауымен Қазақстан мүгедектер конфедерациясы ұйымдастырған XIX «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығын табыстау рəсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жиырма жылға жуық уақыт аралығында бұл сыйлық ерен еңбегімен, жетістігімен жəне өз өнегесімен инклюзия, адамның қадір-қасиетін құрметтеу жəне тең мүмкіндіктер идеяларын ілгерілетіп жүрген азаматтарды біріктіретін беделді қоғамдық алаңға айналды. Салтанатты рəсімді ашқан «Əділет» партиясының Төрағасы Айбек Дəдебай бүгінде «Жан Шуақ» сыйлығы лауреаттардың еңбегін мойындаудың ғана емес, инклюзивті қоғамды дамыту мəселелері жөніндегі қоғамдық диалогтың маңызды алаңы екенін атап өтті.

«Бүгін біз мамандығы да, тағдыры да əртүрлі адамдарға құрмет көрсетіп отырмыз. Сіздерді біріктіретін ортақ қасиет – нəтижеге қол жеткізе білу жəне өз мақсаттарыңызға адал болу. Сіздер өз еңбектеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз арқылы өмірімізді жақсартып келесіздер. Көпшілік сіздерге қарап бой түзейді. Əрқайсыңызға қосқан үлестеріңіз бен өзгелерге көрсетіп жүрген өнегелеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін», – деді Айбек Дəдебай.

Биыл халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, қоғам қайраткерлері, кəсіпкерлер, мəдениет жəне ақпараттық технологиялар саласының өкілдері марапат иегерлері атанды. Олардың қатарында 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов, 2024 жылғы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Дастан Мұқашбеков, Future-IT робототехника мектебінің негізін қалаушы Дамир Нуркежанов, ITмаман əрі паралимпиада спортшысы Айсұлу Сүлейменова, музыкант Кенжебек Нұрдолдай жəне кəсіпкер Динара Кұтжолова бар. Ал халықаралық лауреаттар ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген жапон скрипкашысы Манами Ито мен əлемде алғаш болып Эльбрус пен Эверест шыңдарын тек білек күшімен бағындырған ресейлік параальпинист Рустам Набиев марапатталды. Лауреаттар атынан 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов сөз сөйледі.

«Азаматтардың шынайы қолдауы, атсалысуы жəне бірбіріне деген құрметі адамдардың өз күшіне сенім артып, алға ұмтылуына көмектеседі. Дəл осы əрекеттер қоғамды нығайта түседі», – деді ол.

Осындай бастамалардың маңызына тоқталған Айбек Дəдебай инклюзивті қоғамды дамыту «Əділет» партиясы үшін жаңа Конституция қағидаттарын іс жүзінде жүзеге асырудың нақты көрінісі екенін атап өтті. Ол Мемлекет басшысының «Əділдік қағидаты бас құжаттың өзегіне айналды. Сондықтан жаңа Ата заңды Əділетті Қазақстанның төлқұжаты десек, қателеспейміз», деген сөзін еске салып, партия міндеті осы қағидаттарды нақты шешімдер мен қоғамдық бастамалар арқылы дəйекті түрде жүзеге асыру екенін атап өтті. 

Партия Төрағасы адамның қадір-қасиетін қорғау жəне тең мүмкіндіктер қалыптастыру мəселелеріне ерекше назар аударды.

«Əділет» партиясы үшін тең мүмкіндіктер қалыптастыру – басты құндылықтардың бірі. Бұл тақырып маған да таңсық емес, сондықтан ешкім назардан тыс қалмайтын қоғам құрудың қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінемін. Бүгінгі лауреаттар өз өнегесімен инклюзия ерекше қажеттілігі бар адамдарды қолдаумен ғана шектелмейтінін дəлелдеп отыр. Бұл – əрбір адамның өз əлеуетін ашуына, қабілетін жүзеге асыруына жəне қоғам өміріне толыққанды қатысуына жағдай жасау. Əділетті Қазақстан дəл осындай қағидаттар негізінде құрылады», – деді Айбек Дəдебай.

Осындай қоғамдық бастамаларға қолдау көрсету əділдік пен тең мүмкіндіктер қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған «Əділет» партиясы қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып қала береді. 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Маусым 2026 23:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары