Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Егемендікпен ертеңімізге деп аталған рухани кеш өтті

Егемендікпен ертеңімізге деп аталған рухани кеш өтті

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Республика күні қарсаңында Алматыдағы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне» қарасты №31 кітапхананың ұйытқы болуымен «Егемендікпен – ертеңімізге» деп аталған рухани-танымдық кеш өтті. Мазмұнды басқосу қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Марат Тоқашбаевтың шығармашылығына арналып, қабырғалы қаламгердің бестомдық шығармалар жинағы таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Уақыт жебесі» атты бестомдық ел өмірінің соңғы отыз жылдағы маңызды тұстарын қамтиды. Оның алғашқы томы мемлекеттегі қоғамдық-саяси өзгерістерді екшеуге, саяси баға беруге бағытталса, «Тұғыры биік тұлғалар» деп аталған екінші томдыққа автордың баспасөз беттерінде ұлт тарихынан ойып орын алатын тарихи тұлғалармен өрбіген сұхбаттары мен мақалалары енген. «Алапат соғыс ақиқаты» деп аталған үшінші кітап сұрапыл соғыс кезеңінің қазақ оқырманына бұрын беймәлім, құпия тұстарын ашып, қайсар жауынгерлердің ерлігі мен өмір өрнегінен сыр шертеді. Ал, «Диалогтар дүбірі», «Отбасылық өрнек» деп аталған келесі кітаптардың да оқырманға берері мол.

Жылы жүздесуде кеш қонағы көрермендер сұрағына жауап беріп, тәуелсіздіктің қадір қасиеті, Егемендік декларациясы қабылданған тұстағы тарихи оқиғалар туралы баяндап, ұлт мұраты, ұрпақ тәрбиесіне қатысты орамды ойларын ортаға салды.

Бүгінде кең қолданысқа енген  «Ақорда», «Елтаңба» (герб), «Әнұран» (гимн), «Елорда» (столица), «Доғарыс» (отставка), «Кәдесый» (сувенир),  «Пікіртерім» (опрос),  «Оқтұмсық» (боеголовка), «Тосынсый» (сюрприз), «Нөпір шақ» (час пик), «Айлабұйым» (приспособление), «Заңастар құжаттар» (подзаконные акты) т.б. ондаған сөздер мен тіркестердің авторы Марат Байділдәұлы ұлттық баспасөз бен телевизияда жетекші қызметтер атқарып, ұлт руханияты мен мәдениетіміздің дамуына сүбелі үлес қосып келеді.

Іс-шараны  жүргізген «Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне» қарасты №31 кітапхананың меңгерушісі Гүлмира Бағытқызы, мұндай тағылымды тұлғалармен жүздесу жастардың бойына жігер беріп, олардың бойындағы мемлекетшілдік рухын асқақтатуға серпін беретінін атап өтті.

«Марат Байділдәұлының ұлттық-демократиялық көзқарастары, әсіресе, көрнекті қаламгер Ақселеу Сейдімбек басқарған «Білім және еңбек» журналында  қызмет істеген  1982 - 1989 жылдары қалыптасты. Зиялы қауымның азаттықты аңсаған Мұрат Әуезов, Сәбетқазы Ақатаев, Мақаш Тәтімов, Марат Сенбин сияқты алғыр ойлы өкілдерімен танысу, пікірлесу оның ұлт азаттығы, қазақ халқының өзін өзі билеуі, ұлттық демократиялық өзгерістер жөніндегі ой-тұжырымдарын нығайта түсті. Әлкей Марғұлан, Нұртас Оңдасынов, Орынбек Жәутіков, Рахманқұл Бердібаев, Мардан Бәйділдаев, Жағда Бабалық сияқты ғұлама ғалымдармен кездесу ұлттық құндылықтарға деген құрметін тереңдетті. Жасы 75-ке келсе де ұлт руханиятына қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан қаламгер кеш қонақтарының көкейінде жүрген маңызды сауалдарға жауап беріп, көрерменге жігер сыйлады»,- дейді Гүлмира Бағытқызы.

Әсерлі кеште Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы воколдық өнері  кафедрасының  профессоры Сауле  Нұрғалиова, Кемел ықшам ауданындағы  «Белсенді өмір сүру» орталығының  мүшелерінен құралған  «Беу, айдай» әжелер ансамблі өнер көрсетті. Жиналғандар сондай-ақ, Марат Байділдәұлының шығармашылығы мен өмір жолынан сыр шертетін фотосуреттер көрмесін тамашалады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:194
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2025 20:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары