Егін жинау науқаны өнімді басталды
Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепованың айтуынша, еліміздің көп өңірінде егін жинау жұмысы жүргізілуде. Жиын-терін науқаны тамыздың үшінші он күндігінде басталады.
Биыл жалпы жиналатын егіс алқабы 24,2 млн гектар болса, оның 15,6 млн гектары – дәнді және бұршақты дақыл. Бүгінде 1,9 млн гектар немесе 12,5% алқаптан дәнді дақыл жиналды. Егін жинаудың ертерек басталуы жаздың әдеттен тыс ыстық болып, дақылдың тез пісуіне байланысты. 3,4 мың гектардан майлы дақыл жиналып, орташа өнімділік былтырғы жылғы сәйкес кезеңге қарағанда, 7,4 ц/га-дан 10,5 ц/га-ны көрсетті. 3,5 мың тонна жиналды. Ұйымдасқан шаруашылықтарда 214 мың тонна картоп жиналған. Сондай-ақ 628,6 мың тонна көкөніс пен 506,9 мың тонна бақша дақылы терілді. Жиын-терінге арналған техника дайындау жұмыстары аяқталған. Оның өңірлердегі дайындығы шамамен 97% болса, науқан басталғанда 100%-ға жетуге тиіс. Жинауға барлығы 130,8 мың трактор, 29 мың астық комбайны, 17 мың орақ пен 130 мың бірлік басқа да техника жұмылдырылады.
Серік Жұманғарин әкімдіктерге Азық-түлік корпорациясымен бірлесіп, қоймаларды босату жұмысын тездетуді тапсырды.
М.ТӨЛЕУ
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:82
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Тамыз 2026 03:22 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















