Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Қамба астыққа толды: елде егін жинау науқаны аяқталды

Қамба астыққа толды: елде егін жинау науқаны аяқталды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

— Аяқталған ауыл шаруашылығы маусымы өндіріс көлемінің тұрақты өсімін көрсетті. Қатарынан екінші жыл Қазақстан заманауи технологияларды тиімді қолдану және егіс алқаптарын әртараптандыру есебінен оң нәтижелерге қол жеткізіп отыр, — деді ол.

Азат Сұлтановтың айтуынша, биыл дәнді дақылдардан рекордтық өнім алынды — бастапқы салмақта 27,1 млн тонна, оның ішінде бидай — 20,3 млн тонна. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,5 млн тоннаға көп, алайда бидайдың егіс алқабы шамамен 900 мың гектарға қысқарған болатын.

Биыл алғаш рет бұршақ дақылдарының өнімі 1 млн тоннаға жетті.

Майлы дақылдар бойынша да рекорд тіркелді — 4,5 млн тонна, кей өңірлерде жинау жұмыстары әлі де жалғасуда. Бұл дақылдар егіс құрылымында барған сайын табысты әрі сұранысқа ие болып отыр.

Өсімдік шаруашылығының басқа бағыттары бойынша да жақсы нәтижелерге қол жеткізілді: картоп — 2,9 млн тонна, көкөніс — 3,8 млн тонна, бақша дақылдары — 2,6 млн тонна жиналды.

Жалпы егін жинау жұмыстары қалыпты режимде, оңтайлы агротехникалық мерзімде өтті, айтарлықтай қиындықтар болған жоқ. Қазір майлы дақылдар, сүрлемге арналған жүгері және қант қызылшасын жинау аяқталу сатысында.

— Жаңа өнімнен элеваторларға 7,7 млн тонна астық қабылданды — бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі еседен артық. Түскен жұмсақ бидайдың 53%-ы 1–3 кластарға жатады (өткен жылы — 56%), ал 4-класс үлесі 35% құрады (2024 жылы — 28%). Көлемнің жартысынан астамының клейковинасы 20%-дан жоғары, бұл оны тағамдық мақсатта пайдалануға мүмкіндік береді, — деді вице-министр.

Сондықтан астыққа деген сұраныс өткен жылғы деңгейде сақталады.

Өнімнің шамамен 12%-ын кластан тыс бидай құрайды — ол мал азығына және жемдік ұн өндіруге пайдаланылады. Соңғы жылдары мұндай өнімге сұраныс, әсіресе көршілес елдерде, артып келеді.

Болжамдар мен нақты көрсеткіштер

— АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі (USDA) әлемнің негізгі аграрлық елдерінде егіс жағдайы мен өнімділік бойынша жүйелі мониторинг жүргізеді. Бұл жүйе халықаралық эталон болып саналады, алайда барлық ғылыми және технологиялық жетілдірілгендігіне қарамастан, олардың болжамдары толық дәл бола алмайды. Өйткені олар ауа райы, топырақ жағдайы және аймақтық ерекшеліктерге тәуелді ықтимал модельдерге негізделген, — деп атап өтті Азат Сұлтанов.

Оның пікірінше, тіпті ең заманауи спутниктік деректер де жергілікті климаттық ауытқулар мен ылғалдылық деңгейін нақты көрсете бермейді. Сондықтан өсімдік индексі әрдайым нақты өнімділікке тура сәйкес келе бермейді. Сәйкесінше, USDA деректері — бұл бағалау сипатына ие болжамдар, ал нақты көрсеткіштер кейде одан өзгеше болуы мүмкін.

— Ал «жиналған астық қайда?» деген сұраққа келсек: Жалпы өнім — 27,1 млн тонна. Бүгінгі таңда лицензияланған элеваторлардың жүктемесі 48% — бұл шамамен 6,3 млн тонна астық. Жаңа өнімнің 2,2 млн тоннасы (қыркүйек–қазан айларында) экспортқа шығарылды. 17,4 млн тонна фермерлердің өз қоймаларында сақталуда, 700 мың тоннасы өңдеуге жіберілді, ал 500 мың тоннадан астамы мал азығына бағытталды. Сонымен қатар, бір бөлігі диірмендерде, қоймаларда және егіс алқаптарындағы арнайы «рукавтарда» сақталып отыр — мұндай тәсіл соңғы жылдары кеңінен қолданыла бастады. Жалпы сақтаудың бос қуаттары шамамен 7 млн тоннаны құрайды, — деді ол. 

Астық экспорты: жаңа нарықтар және жоспарлар

Экспорттық әлеует сақталады.

— Өткен маусымда экспорт көлемі 13,4 млн тоннаны құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 47%-ға артты. 2024 жылы да кей сарапшылар 12 млн тонна межесіне күмән келтірген болатын, бірақ жоспар артығымен орындалды. Биыл Қазақстан жаңа экспорттық бағыттарды игеріп жатыр: Бельгия, Португалия, Польша, Норвегия, Вьетнам, БАӘ, Марокко, Алжир, Египет елдеріне алғашқы жеткізілімдер басталды. Сонымен қатар, Иран, Әзербайжан, Армения және Грузия бағыттарына тасымал қайта жанданды, — деді вице-министр.

Қазақстандық астыққа сұраныс тұрақты және жоғары деңгейде. Қазіргі таңда жаңа өнімнің 2,2 млн тоннасы экспортталып, өткен жылмен салыстырғанда 21%-ға артты. Жаңа өнімнің экспорттық әлеуеті 13 млн тонна көлемінде бағаланып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның астығы неге Қытай шекарасынан өте алмай тұрғанын жазған едік.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:219
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Қараша 2025 16:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see136

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see133

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see130

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see130

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see130

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see129

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see128

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see128

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see126

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see126

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see126

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see126

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see126

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see125

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see124

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see124

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see124

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see123

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see123

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see123
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары