Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Экологиялық заңнаманы бұзғандар жауапсыз қалмады

Экологиялық заңнаманы бұзғандар жауапсыз қалмады

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы бойынша Экология департаментінің басшысы Ермахан Қозыбаев жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды қорытындылап, экологиялық бақылау, атмосфералық ауа сапасы, қалдықтарды басқару және тұрғындардан келіп түсетін өтініштер бойынша атқарылған жұмыстардың негізгі нәтижелерін таныстырды.

573 қоқыс алаң шары бар

Жыл басынан бері қала аумағындағы рұқсат етілмеген қоқыс орындарын анық­тау және жою мақсатында аудан әкім­дік­терімен бірлесіп бірқатар мониторингтік және рейдтік іс-шара өткізілді. Нәти­же­сінде, төрт ауданнан 20 заңсыз қоқыс үйін­дісі анықталып, сәуір-мамыр айла­рында олардың барлығы толық тазартыл­ған. Заңсыз қоқыс орындарын анықтау жұ­мыстары ғарыштық мониторинг ар­қылы да жүргізілуде. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының маусым айындағы мониторингі нәтижесінде қала аумағынан тағы 30 заңсыз қоқыс орны анықталды. Аудан әкімдіктері мен құқық қорғау орган­дарының бірлескен жұмысы нәтижесінде аталған аумақтар толық тазартылып, атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер арнайы ақпараттық порталға енгізілді.

«Қатты тұрмыстық қалдықтарды бас­қару саласында да бірқатар оң көрсеткіш бар. Жылдың алғашқы алты айында Шым­кент қаласының полигонына 121 мың тоннадан астам қалдық қабылданған. Оның ішінде 43,9 мың тонна қалдық сұ­рыптауға жіберіліп, қайта өңдеуге бағыт­талған қалдықтардың үлесі 36,2 пайызды құрады. Қазір қалада 573 қоқыс алаңшасы және 3 070 контейнер жұмыс істейді. Қал­дықтарды бөлек жинау мәдениетін қалыптастыру мақсатында пилоттық жоба аясында төрт мекенжайда заманауи үлгі­дегі қоқыс алаңшалары іске қосылды. Әр алаңша сегіз контейнермен жабдықталған. Оның бесеуі тұрмыстық қалдықтарға, ал үшеуі қағаз, пластик, шыны және алю­миний секілді қайта өңделетін қалдық­тарды бөлек жинауға арналған», –­­ деп атап өтті департамент басшысы. Ол бұл тәжірибені кеңейту мақсатында алдағы уақытта қала аумағында тағы 100 заманауи қоқыс алаңшасын орнату жоспарланып отырғанын жеткізді.

Брифингте экологиялық мәселелерді шешуде тұрғындармен тұрақты кері байланыс орнатуға да ерекше мән беріліп жатқаны айтылды. Жыл басынан бері Еңбекші және Абай аудандарында ха­лықпен кездесулер өткізіліп, атмосфера­лық ауа сапасы, қалдықтарды басқару, санитарлық тазалық және қоршаған ортаны қорғауға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Тұрғындар тарапынан көте­рілген ұсыныстар мен мәселелер бақы­лауға алынып, оларды шешу бойынша жауапты мемлекеттік органдармен бірлес­кен жұмыстар жүргізілген. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы ағарту жұмыстары да жалғасуда. Жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған «Экологиялық сағаттар» ұйым­дастырылып, болашақ мамандарға табиғатты қорғау, қалдықтарды сұрыптау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және экологиялық заңнама талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар студенттер департамент зертханасында өндірістік тәжірибеден өтіп, ауа, су және топырақ сапасын анықтауға бағытталған зертха­налық жұмыстардың барысымен танысты.

Қалдықтарды басқарудың заманауи жүйесі 

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында эковолонтерлердің қатысуымен бірқатар экологиялық іс-шара ұйымдастырылған. Сондай-ақ Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай балалар үйінің тәрбиелену­шілері арасында «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» тақырыбында сурет байқауы өткізіліп, үздік жұмыстардың авторлары марапатталды. Экология департаментінің мәліметінше, алдағы кезеңде қалдықтарды басқарудың зама­науи жүйесін одан әрі дамыту, заңсыз қоқыс орындарының пайда болуына жол бермеу, қоршаған ортаға жүргізілетін бақылауды күшейту және тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.

Шымкент қаласы бойынша Экология департаментінің баспасөз конферен­ция­сында қоршаған ортаны қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен қатар, экологиялық заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету мәселесіне де ерекше назар аударылды. Брифингте департа­мент­тің мемлекеттік экологиялық бақы­лау нәтижелері таныстырылып, талап­тарды бұзған кәсіпорындарға қатысты қабылданған шаралар жарияланды.

Бірқатар кәсіпорынға шара қолданды

2026 жылдың алғашқы алты айында департамент тарапынан қала аумағында 29 тексеру жүргізілді. Оның ішінде 15 профилактикалық бақылау, 12 жоспардан тыс тексеру және 2 талаптарға сәйкестігін тексеру ұйымдастырылды. Бақылау нәтижесінде 39 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 91,3 миллион теңге көле­мінде айыппұл салынды. Оның 72 мил­лион теңгесі мемлекет кірісіне өндірілді. Сонымен қатар анықталған заңбұзу­шы­лықтарды жою үшін кәсіпкерлік субъек­тілеріне 29 нұсқама берілді. Экологиялық талаптарды сақтамаған бірқатар кәсіп­орындарға қатысты қатаң шаралар қабыл­данды. Атап айтқанда, атмосфералық ауаға рұқсатсыз немесе белгіленген нор­мативтен тыс шығарындылар шығарғаны үшін Rock Minerals ЖШС-ға 17,6 миллион теңге, ал Polymettech ЖШС-ға 63,9 мил­лион теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұдан бөлек, сот шешімі негізінде «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС, «Rock Minerals» ЖШС және Polymettech ЖШС қызметі уақытша тоқтатылды. Экология­лық рұқсатсыз қызмет атқарғаны анық­талған DIP TRANS LOGISTICS ЖШС мен «Тазалық СК» ЖШС-ға да заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қолданылды. Сот қаулысымен аталған кәсіпорындарға айыппұл салынып, қызметі белгілі бір мерзімге тоқтатылған.

«Жалпы есепті кезеңде «Су ресурс­тары-Маркетинг», «Шымкентцемент», AZALA Textile, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» және индустриялық аймақтар­да орналасқан басқа да кәсіпорындардың экологиялық талаптарды сақтауына бақы­лау жүргізілді. Тексерулердің басым бөлігі өндірістік ны­сандарды қамтыды. Қалада­ғы атмосфера­­лық ауа сапасы да тұрақты бақылауда. «Қазгидромет» деректеріне сәйкес, 2026 жылы Шымкенттегі ауа лас­та­нуының дең­гейі көтеріңкі деп баға­лан­ған. Негізгі лас­таушы көздер қатарында өндірістік кә­сіп­орындардың шығарын­дылары, автокөлік құралдары және жы­лыту маусымында жеке тұрғын үйлерден шығатын түтін атала­ды», – деп атап өтті Ермахан Тастанбекұлы.

Атмосфералық ауаның жай күйін бақылау қаладағы жеті бекет арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар «ПКОП», «Стандартцемент», «Шымкентцемент» және «3-Энергоорталық» кәсіпорында­рында автоматтандырылған экологиялық мониторинг жүйесі жұмыс істейді. Бұл жүйелер өндірістік шығарындыларды онлайн режимде бақылауға мүмкіндік береді. Автокөліктерден шығатын зиянды шығарындыларды азайту мақсатында Полиция департаментімен бірлесіп рейд­тік іс-шаралар да ұйымдастырылды. Нә­тижесінде, 49 автокөлік тексеріліп, оның 10-ынан белгіленген нормадан жоғары зиянды шығарындылар анық­талды. Осы фактілер бойынша алты жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.

Кейбір заңбұзушылықтар анықталды

Экологиялық реттеу бағытында да бірқатар жұмыстар атқарылды. Алғашқы алты айда 37 мемлекеттік қызмет көрсеті­ліп, бірінші санаттағы объектілерге эко­ло­гиялық рұқсаттар беріліп, қоршаған ортаға әсерді бағалау бойынша тиісті қорытындылар дайындалды. Қазір қала аумағында 42 кәсіпорын бірінші, 146 кәсіпорын екінші, 477 кәсіпорын үшінші және 368 кәсіпорын төртінші санаттағы нысандардың қатарына кіреді. Қоршаған орта жағдайын бағалау мақсатында департа­мент­тің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімі 43 нысанда зерттеу жүр­гізді. Осы жұмыстар барысында 634 сы­нама алынып, 4 мыңнан астам зертхана­лық талдау жа­сал­ды. Зерттеу нәтижесінде Қошқар ата, Қарасу және Бадам өзендері­нің қала аума­ғынан өткеннен кейінгі бөліктерінде бір­қатар ластаушы заттың мөлшері артатыны анықталды. Маман­дардың алдын ала бағалауынша, бұл ­жағ­дай ирригациялық жүйелерден ағызы­латын төгінділермен және өзен жа­ға­­ла­уындағы тұрғын үйлердің кәріз жүйесіне толық қосылмауымен бай­ланысты болуы мүмкін.

Департамент өкілдері брифинг бары­сында қоршаған ортаға кері әсер ететін факторларды азайту үшін экологиялық бақылау шаралары алдағы уақытта да күшейтілетінін атап өтті. Заң талаптарын бұзған кәсіпорындарға қатысты тиісті әкімшілік және құқықтық шаралар қабылданып, атмосфералық ауа, су ре­сурстары мен қалдықтарды басқару ба­ғыт­тарындағы мониторинг жұмыстары жалғаса береді.

Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:99
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Тамыз 2026 07:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see154

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see151

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see143

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see140

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see138

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see138

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see137

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see136

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see133

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see127

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see123

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see123

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see117

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see114

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see114

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see114

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see113

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары