Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджетке түскен батпан

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Экспорт пен импорт: Бәсекелестік әділ болуы керек

Экспорт пен импорт: Бәсекелестік әділ болуы керек

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Газетімізде жақында «Шаруа­ларды алаңдатқан ахуал» тақы­рыбында (14 қаңтар, 2026 жыл) мақала жарық көріп, онда өңір­лердегі шаруалардың тап болып отырған қиындықтары мен өнімдерін өткізудегі кедергілері жөнінде жазған болатынбыз. Экспортқа байланысты кейбір шектеулер отандық фермерлердің «қолын байлап», олар орасан зор шығынға бататынын да жеткіздік. Ұлттық құрылтайда Президент осы мәселеге де ерекше ден қойып, еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы орынсыз қысымға ұшырап отыр­ғанын қалыпты жағдай деу­ге болмайтынын атап айтты.

Коллажды жасаған – Зәуреш Смағұл, «ЕQ»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың фермерлер мен кәсіпкерлердің мәселесіне үн қосып, алаңдауының жөні бар. Бұл мәселені өткен жылғы халыққа Жолдауында да айқын жеткізген. Кейінгі жылдары экспорт пен импорт мәселесіндегі таразы басы отандық өндірушілердің пайдасына түсе бермейді. Көршілес елдерден келетін арзан өнімнің сапасы онша дұрыс болмаса да кейбір жеткізушілер мен ірі сауда желі­лері басымдықты соларға жасайды. Ал шаруаларымыз өздері өндірген тамақ өнімдерін, картоп пен көкөніс түрлерін сыртқа шығару тұрмақ, ішкі нарықта өткізу барысында кедергілерге ұрынып, шырылдап жатады.

«Тағы бір өзекті мәселе – халықара­лық ахуал шиеленісіп тұрған заманда стратегиялық экономикалық серік­тес­те­рімізбен тиімді байланыс орнату. Біздің ұстанымымыз айқын: Қазақстан эко­но­ми­калық интеграцияны қолдайды, осы үдеріске белсене атсалысады. Бірақ бұл ықпалдастық біздің мүддеміз тұрғысынан қарағанда әділ болуы керек. Мәселен, еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы орынсыз қысымға ұшырап отырғанын қалыпты жағдай деуге болмайды. Еуразиялық экономикалық одақ құрамындағы мемлекеттердің субсидия берілетін өнімдері көбейіп кеткендіктен отандық тағам өнеркәсібінің өкілдері өнім өндіруді азайтуға мәжбүр. Ал бұл – біз үшін азық-түлік қауіпсіздігінің мәселесі. Сондықтан интеграцияның әділ жүргізілуі қажет екенін айтып отырмын», деді Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы.

Бұл мәселе тек коммерциялық қаты­­нас­­­­тар аясынан шығып, мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігімен тікелей байланысты екені анық.

Осы орайда отандық тауар өндіруші­лер­дің, соның ішінде өңірлердегі фер­мер­лердің кейінгі жылдары тап болған мәселелерін айтсақ та жеткілікті. Былтыр Павлодардан Өзбекстанға өткелі тұрған қыруар картоп шекарада бөгеліп, аязда үсіп кетті. Содан соң Ертіс-Баян өңірінде 200 мың тоннадай сәбіз жиналып, ол қыс аяғында сатылмай текке бүліне бастады. Бұл көлем еліміздің барлық өңірін қамтуға жеткілікті болғанымен, отандық ірі жеткізушілер әлі күнге көрші елдерден сәбіз тасиды. Картоп бойынша да жағдай солай. Былтыр Сауда және интеграция министрлігі картоп экспортын тоқтатып тастамақ болып еді, қоймалары картоп түйнегіне толып тұрған көкөніс өсірушілер шу ете қалды. Одан соң жа­уапты министрлік сәбізге «ауыз салды». Бір ғана Павлодар облысындағы қоймаларда 64 мың тонна сәбіз сақталып тұрғанына қарамастан, экспортты шектеп тастамақ оймен Үкімет басшылығына жүгінді. Абырой болғанда бұл мәселеге Мәжіліс депутаттары араласып, үлкен дүмпу туындаған.  Осындай себепті жағдайлар әсер етті ме, Үкіметте өткен ведомствоаралық кеңесте министрліктің әлгі тиімсіз шешімі қабылданбағаны мәлім болды.

– Отандық көкөніс өсірушілерге, соның ішін­де Ертіс-Баян өңірінің фермерлеріне қуанышты жаңалығымыз бар. Сәбіз экспортына шектеу қойылмайтын болды. Сауда және интеграция министрлігі бұған дейін ел ішінде сәбіз тапшылығы туындап, баға көтеріліп кетуі мүмкін деген болжам жасаған. Бірақ біз шынайы цифрларды дәйекті түрде келтіріп, шаруалардың құқығын қорғап қалдық. Қоймаларда тонналаған сәбіз үйіліп жатыр. Енді фермерлер өз өнімдерін еш алаңсыз сыртқа экспорттай береді. Бұл мәселенің оң шешілуіне Мемлекет басшысының тапсырмалары да түрткі болып отыр, – дейді Мәжіліс депутаты Нұржан Әшімбетов.

Негізі отандық азық өнеркәсібіндегі кәсіпкерлердің ахуалы мәз емес екенін ашық айтуымыз керек. Әсіресе қайта өңдеу саласының кәсіпорындары кейінгі жылдары көрсеткіштерінің құл­дырап бара жатқанына алаңдап, мәсе­лені биік мінберлерден көтере бастады. Сарапшы мамандардың сөзіне сүйен­сек, еліміздің ішкі нарығында отан­дық өнімді сөреден ысырып тастау деректері көбейген. Азық-түлік өндірісі өкілдері ірі сауда желілеріне қойы­латын азық-түлік тауарларының 70 па­йызы – өзге елдердікі, ал 30 пайызы ғана өзі­міздің өнім екенін алға тартады.

Нұржан Әшімбетовтің айтуынша, отандық өндірушілердің жанайқайы нақты деректерге негізделген. Сауда және интеграция министрлігі ұсынатын статис­тикалық деректер, әсіресе, отан­дық өнімнің үлесіне қатысты цифрлар сәйкес келе бермейді. Сондықтан нарық­тағы адал бәсекелестікті құру үшін елімізге ха­лық­аралық сараптамалық компания­лар­ды тартуымыз керек.

«Отандық өндірушілер импортпен әділетсіз бәсекелестік жағдайына тап болып отыр, әрі мәселе ушыға түсуде. Сондықтан біз «Бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына салалық одақтармен пысықталған түзетулер блогін қосу мүмкіндігін таптық. Қазір бұл ұсы­ныстар пакеті мемлекеттік орган­дар­мен белсенді талқыланып жатыр. Заң жобасы біздің түзетулерімізбен бірге жақын арада Мәжілісте бірінші оқылымға шығарылады деп сенеміз. Онда елдегі тамақ секторының салалық одақтары әзір­леген, отандық тамақ өнімдерін өндіруші­­лерді қолдауға бағытталған бірқатар ұсы­ныс бар. Бұл ұсыныстар ішкі нарыққа импорттың күшейіп келе жатқан қысымы жағдайында әділ бәсекелестік ортаны қалыптастырудың маңызды құралы болуға тиіс. Өндірушілеріміз ЕАЭО елдері­нен, ең алдымен Ресей мен Беларусь елде­рінен жеткізілетін өнімдердің им­портымен тең емес жағдайда тұр. Мұның себептері толып жатыр. Аталған мем­ле­кет­тердегі тамақ өнеркәсібі тарихи тұрғыдан кеңестік кезеңде, дамыған шикізат базасы, логистика және қуат­ты қайта өңдеу кәсіпорындары бар ауқымды жүйе ретінде қалыптасты. Бұл экономикалық мұра әлі күнге дейін ауқымды үнемдеуді және жоғары рента­бель­ділікті қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ресейлік және белоруссиялық өндіру­шілер өз елдерінде ауқымды мемле­кеттік қол­дау мен субсидияларға, префе­рен­ция­ларға ие, шығындары өтеледі. Біздің ұсыныстарымыздың қатарында ірі сауда желілеріндегі «ретробонустарға» толық тыйым салу, отандық өнімдер үшін басым сөре кеңістігін ұсыну, сондай-ақ отандық өнімдерді ұлттық бөлшек саудада өткізуді қиындататын кедергілерді жою жөніндегі шаралар бар», деп жалғастырды сөзін депутат.

Түсініктірек болуы үшін айтып өтейік, «ретробонус» дегеніміз – ірі алыпсатарлар ойлап тапқан, өндірушілерді өз еңбегінің жемісін елеусіз ақыға беруге мәжбүрлейтін амал. Яғни сауда желісіне өнімін әкелгендер жарнама, қой­малау, аумақты жинау, тауарды жи­нау, оны қаптарға салу сияқты толып жатқан қосымша қызметтер үшін төлейді. Ондай шығын өнімнің бастапқы құнынан асып түсуі ықтимал. Бір қызығы, сауда желілері ретробонусты ресейлік және белоруссиялық азық өнімдеріне қол­данбайтыны белгілі болып отыр. Сал­да­рынан сөредегі өзге елдің өнімі арзан, ал өзіміздікі анағұрлым қымбат болып шыға келеді. Мұндай қитұрқы әрекет­тер отандық азық өнеркәсібінің дамуына тұсау болып отырғанын айтуымыз керек.

Елімізде өндірілетін азық-түліктің қымбат болуының екінші себебі – шекарамыздан бері өтетін азық-түлік өнімдерінің дұрыс бақыланбайтыны. Импорт азық өнімдері шекарада тексе­ріл­генімен, оның түрлері, құрамы көр­се­тілмейді. Мұндай бақылаусыздық сал­дарынан отандық нарыққа сапасыз, модификацияланған өнімдер тонналап келіп жатыр. Әрі табиғи өнім болмаған соң оның бағасы да арзан. Мәселен, іргеміздегі Ресейде тұтынушылардың құқығын қор­ғауға арналған «Роспотребсоюз» ұйым­дары жұмыс істейді. Олардың мөрі соғыл­маған кез келген тауарды ішкі нарықта сатуға рұқсат жоқ. Мұндай сапа бақылау жүйесін бізде де құрудың уақыты жетті.

Сұр импорттың салдарынан өзіміздің өнім өтпей, қоймаларда жатады. Оның үстіне қазір көрші елден темір­жол арқылы елімізге өтісімен қапталып, авто­­­кө­ліктерге тиелетін картоп көбейіп кет­кен. Ол картоп Өзбекстанға экспорт­та­лады. Экономист мамандардың сөзіне сүйенсек, теріскейдегі көршіміз егер картопты теміржол арқылы бірден Өзбекстанға жеткізетін болса, жеткізу шы­ғыны 3 есе қымбатқа түседі екен. Сондықтан жеткізушілер әлгіндей айлаға барып отыр. Оған Қазақстанда өніп шыққан деген анықтама беріледі.

Салалық одақтар альянсының өкіл­дері осы орайда ЕАЭО елдеріне мүше өзге мемлекеттермен салыстырғанда біз­дің елде өндірушілерімізді қорғау жүйесі дұрыс жұмыс істемей отырғанына назар аудартқысы келеді. Альянстың дерегінше, Белоруссияда сауда кәсіпорындары өз өндірушілерінің өнімдері үшін орындардың 85%-ына дейін қамтамасыз етуге міндетті. Ресей кейінгі жылдары ішкі нарықты импорттық өнімдерден, оның ішінде ЕАЭО елдерінен қорғау жүйесін дәйекті түрде құрып отыр. Бұл ретте негізгі басымдық шетелдік тауарлардың бөлшек сауда желілеріне қол­жетімділігін іс жүзінде шектейтін тіке­лей реттеуші кедергілер мен жанама әкім­шілік тетіктердің үйлесіміне беріледі.

«Еуропа елдері өздерінің ішкі нарығын импорттық өнімдерден реттеу, субсидия­лар мен стандарттар жүйесі арқылы қорғайды. Сондай-ақ онда азық-түлік патриотизмі мен оны насихаттау дамыған. Ал Германия өзін 80 пайызға отандық өніммен қамтамасыз етеді. Айталық, Мажарстанда 10 ірі желісінің сөрелерінде өнімнің шамамен 70 пайызы отандық компаниялар арқылы қамтылған. Еліміздің сауда сөрелерінде отандық өнімнің тұрақты болуын қамтамасыз ететін осындай құралдар қажет», дейді салалық одақтар альянсының өкілдері.

Отандық азық-түлік нарығындағы теңгерімсіздік бүгінде әбден шегіне жетіп отырғанын мойындауымыз керек. Көптеген сауда желілерінің құрыл­тай­шы­лары – өзге елдің компаниялары. Олардың бір бүйрегі сыртқа тартып тұруы содан болар. Бірақ бұл қитұрқылықтың барлығын заңды түрде реттеп, шешуге болады. Қазір бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына берілген ұсыныстарды Сауда және интеграция министрлігі зерделеп жатыр. Егер олар шешуші ұсыныстарға келіспейтін болса, Мәжіліс депутаттары оны дауысқа салып, қабылдауға шешім жасаған.

«Біздің мемлекеттегі тамақ өнеркә­­сі­біне, түптеп келгенде азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан жасап отырған фак­торларға тосқауыл құрылуы міндет­ті. Бір мысал, Ертіс бойында «Павлодармолоко» деген сүт зауыты бар. Кәсіпорын басшылығы қуатының небәрі 70 пайызын пайдалануға мәжбүр екенін айтады. Сауда желілерінде самсап тұрған импорт өнім әрі қарай дамуына ерік бермейді. Құрғақ сүт шығару, балаларға арналған сүт өнім­дерін шығару нарығында да сондай жағдай. Отандық нарықтағы құрғақ сүттің 5 пайызы ғана жергілікті өндірушілердікі. Жоғарыда атаған министрлік бұған дейін «ірі сауда орындары логистикалық жүйелер салады, соған төмен пайызбен несие береміз» деп бюджеттен 100 млрд теңгедей қаражат бөлгізген. Өкінішке қарай, қазір министрлік ол қаражатты шын мәнінде кімдер алды, ол қандай нәтиже берді деген сауалдарымызға жа­уап қатпай отыр. Бұл жерде де шикілік бар деп ойлаймыз», деп қосты Мәжіліс депутаты Н.Әшімбетов.

Түйіндей айтқанда, еліміз үшін азық-түлік қауіпсіздігі мемлекет сая­­са­тының басым бағыттарының бірі. Азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық индексі бо­йынша еліміз 113 мемлекеттің ішінде 32-орында тұр. Ендігі мәселе өзіміздің өнімді өгейсітпей, өз нарығымызды қорғап, отандық өндірушілердің тұрақты дамуына мүмкіндік беру үшін дұрыс шешімдер қабылдау маңызды.

Павлодар облысы 

Соңғы жаңалықтар

Сыртқы істер министрлігінің жаңа ресми өкілі тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 12:31

Әлем мойындаған кинолар неге көрерменсіз қалады?

Кино • Бүгін, 12:25

Аралда адасқан жолаушы аман-есен табылды

Аймақтар • Бүгін, 12:17

Қостанайда жыл басынан бері 20 адамды үсік шалған

Оқиға • Бүгін, 12:03

Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды

Спорт • Бүгін, 11:54

Ұлыбританияда отандық жоғары білім бастамалары таныстырылды

Ғылым • Бүгін, 11:48

АҚШ-тан көшкендер саны келушілерден асып түсті: Трамп эмиграция мәселесін қалай шешті?

Қоғам • Бүгін, 11:36

Енді автокөлік жуу орындары жаңа талап бойынша жұмыс істейді

Қоғам • Бүгін, 11:27

Әскери қызметшілер мен отбасы мүшелері пойызбен тегін қатынайды

Әскер • Бүгін, 11:17

Жаңа 4 фармацевтикалық зауыт салынады: Елімізде қандай дәрі-дәрмектер өндіріледі?

Президент • Бүгін, 11:02

Қазақстан өнерпаздары Нью-Делиде өнер көрсетті

Әлем • Бүгін, 10:54

Еңбек министрлігі Оңтүстік Кореяда жүрген Қазақстан азаматтарына үндеу жасады

Қоғам • Бүгін, 10:43

«Shymkent Open»: Каратэ турнирінде 900-ге жуық спортшы бақ сынап жатыр

Спорт • Бүгін, 10:37

«Қайрат» – «Брюгге» матчына Борат стилінде киініп келген шетелдіктер жауапқа тартылды

Оқиға • Бүгін, 10:25

ChatGPT кәмелетке толмағандарды автоматты түрде анықтай бастайды

Digital • Бүгін, 10:13

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:204
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қаңтар 2026 13:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see144

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see143

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see141

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see140

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see139

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see138

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see138

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see136

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see136

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see134

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see133

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see131

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see126

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see122

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see119

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see118

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары