Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Құлсарыдағы мектепте теміреткі тіркелгеннен кейін сынып онлайн оқуға жіберілді

Шаһар мен шайыр (Бабатайдың бір ұлы)

Қазақстанның мәдени мұрасын халықаралық деңгейде ілгерілету мәселелері талқыланды

Орталық Азия елдері биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі Өңірлік декларацияға қол қойды

Алдағы 4 жылда 5 мың шақырым жаңа теміржол салынады Үкімет басшысы

Қазақстан елшілігі Мәскеудегі мектепке Бауыржан Момышұлының фотосуретін табыстады

Орталық Азияда Біртұтас денсаулық бағдарламасы іске асырылып жатыр

Ұлыбританияда 2008 жылдан кейін туған азаматтарға темекі сатып алуға тыйым салынады

Қазақ дәстүрін ойын арқылы танытқан оқушы финалға жолдама алды

Әскерге барып келген жастарға оқуға грант табысталды

Қытайда гуманоид роботтардың жаппай коммерцияландыру дәуірі басталмақ

Базарларда 80 нен астам делдал анықталды Сауда комитеті

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды

Президент халықаралық конвенция жетекшілерімен кездесу өткізді

Ақтөбе облысындағы резиденция неге балалар игілігіне берілмеді?

Футбол: FIFA биылғы ӘЧ матчтары билеттерінің жаңа партиясын сатылымға шығарды

Жасыл мектептер платформасы Орталық Азия елдеріне не береді

Ресей СІМ өкілі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру идеясы үшін алғыс білдірді

Ақмола облысында кафедегі жарылыс: тағы екі адам күдікке ілінді

Астанада жазушы этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды

Олжас Бектенов: Салық төлеу әділ әрі түсінікті болуы керек

Олжас Бектенов: Салық төлеу әділ әрі түсінікті болуы керек

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жиынға құзырлы ведомстволар мен өңірлік мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшылары қатысты. 2025 жылға арналған мемлекеттік бюджет кірісінің орындалу қорытындылары қаралды.

Қаржы министрі Мәди Такиевтің айтуынша, кірістер жоспары 100,1%-ға орындалып, өткен жылдың қорытындысы бойынша бюджетке 24,6 трлн теңге түсті. 2026 жылғы 1 қаңтардан бері жаңа Салық кодексінің күшіне енуімен 454 мың салық төлеуші оңайлатылған салық декларациясы бойынша өз қызметін растады; өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ретінде 138 мың жеке тұлға тіркелген (оның 122 мыңы бұрын тіркелмеген). 7 мыңнан астам бизнес субъектісі жаңа ҚҚС төлеушілер ретінде есепке алынды. Премьер-министр мемлекеттік органдардың басым міндеті қызмет көрсету ісін дамыту, салық төлеушілерге ашықтық пен әділ көзқарас қалыптастыру екенін баса айтты. Осыған байланысты мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшыларына негізгі жұмыс қағидаттары белгіленді.

Фото: Үкімет

— Әділ, ыңғайлы әрі түсінікті. Салық төлеу үдерісі дәл осылай болуы керек. Ішкі кірістер қызметінің қызметкерлері бизнестің серіктестері әрі кеңесшілері болуы керек. Жауапқа тарту шаралары тек кірісін қасақана жасырғандар үшін қарастырылған. Сондықтан 2026 жыл бүкіл ШОБ үшін өтпелі жыл болады; төлеудегі қателіктер үшін өсімпұлдар мен айыппұлдардың өндірілмейді. Сонда кәсіпкерлер бұл жылды өзгерістерге байсалды түрде бейімделу үшін пайдалана алады, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) жаңа цифрлық архитектурасын енгізу, салықтық және кедендік әкімшілендіруді микросервистік модельге көшіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. МКК-нің фискалдық процестерін оңтайландыру мақсатында бұған дейінгі 12 ескірген ақпараттық жүйенің орнына 5 заманауи цифрлық платформа қолданысқа енгізілді. Бұл салық салу рәсімдерін жеңілдетуге, адал бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасауға және заң бұзушылықтарды бақылауды күшейтуге мүмкіндік берді. Осы жылдың басынан бері салық салудың оңайлатылған режиміне көшу бойынша 500 мыңға жуық өтініш өңделді.

Қазірдің өзінде мемлекеттік кірістер органдарының жаңа ақпараттық жүйелерінде салық есептілігінің 800 мың нысаны бар. Цифрлық сервистер шамамен 1,7 млн бизнес субъектісі қызмет көрсетеді. Күніне жүйеге орта есеппен 87 мыңнан астам салық төлеуші кіреді. Оңтайландырудың басты артықшылығы — салық құжаттарын жылдам өңдеу, яғни 1 сағаттан 1 минутқа дейін қысқарту, онлайн төлемдер жүргізу, жүйенің қол жетімділігін арттыру және бір мезгілде кірген пайдаланушылар санын (100 мыңнан 250 мыңға дейін) көбейту. Кәсіпкерлерді қолдау және олардың тарапынан қателерді болдырмау үшін форматты-логикалық бақылау енгізілді. Биылдан бастап ҚҚС бойынша декларацияларды автоматты түрде толтыру жүзеге асырылды, бұл бизнес үшін міндеттемелерін орындауды жеңілдетеді. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін мәртебе автоматты түрде e-Saluq Business мобильді қосымшасы арқылы беріледі. Бұл ретте жаңа цифрлық құралдар тек салықтық және кедендік әкімшілендіру үшін ғана емес, сонымен қатар статистиканы қалыптастыру, өңірлер бойынша азық-түлік және әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының, ЖЖМ қажеттіліктерінің мониторингі, жәрдемақыларды есептеу, субсидиялар беру, квазимемлекеттік сектордың заңсыз сатып алуларын болдырмау, құқық қорғау органдарының қызметі және тағы да басқалар үшін пайдаланылады.

Фото: Үкімет

Big Data бірыңғай аналитикалық платформасы 74 дереккөзден алынған мәліметтерді біріктіреді. Онда салық төлеушілер туралы барлық негізгі ақпарат, соның ішінде жылжымайтын мүлік, көлік, жер учаскелері, қаржылық операциялар және валюталық бақылау шеңберіндегі халықаралық мәмілелер және тағы да басқалары бар. Аналитикалық құралдар 2025 жылы 700 млрд теңгеден астам салық пен төлемдердің қосымша түсімдерін қамтамасыз етті және бақылаудың нақтылығын арттырды. Тапсырылған салық декларациялары мен берілген шот-фактуралар ашықтыққа жол ашып, заңсыз схемаларды қолдану белгілерін анықтауға қосымша мүмкіндік береді. Мысалы, Астанада кассалық тәртіпті бұзған салық төлеушілерді іріктеу жөніндегі жаңа сервисті пилоттық жоба ретінде енгізу нәтижесінде 121 мың салық төлеушінің 55,9 мыңы заң бұзғаны анықталды. 

Қаржы министрлігінің басшылығы нақты мысалдар келтірді: Астанада қоғамдық тамақтану орындарының бірінің иесі берілген чектердің жүзеге асырылған тапсырыстар санына сәйкес келмеуіне байланысты тәуекелді салық төлеушілер тізіміне енді. Қорытындысы бойынша кәсіпкер заң бұзушылықтарды мойындап, қосымша декларация тапсырды.

Фото: Үкімет

Маңғыстау облысындағы энергетикалық компанияның қызметін талдау барысында сатып алынған құбырлар құнының алдын ала 16,9 млрд теңгеге артқанын көрсетті. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Дәл осы өңірде ЖШС-да салық төлеуден жалтару схемасын құруды куәландыратын бірқатар елеулі сәйкессіздік анықталды. Атап айтқанда, ЖК жеткізуші-контрагенттердің басым бөлігі ЖШС-ның IP-мекен жайынан есеп берген, кейбір ЖК бас тапсырыс берушінің қызметкерлері болып саналады және тағы басқалар. 

Алматыда жайлы мектептер салуға мемлекеттік келісімшарттар алу барысында жалақыны едәуір көтеру анықталды. Мәселен, нысандардың бірін салу кезінде ЖШС басшысының жалақысы 131,5 млн-ға дейін өскен, бұл құрылыс шығындарының әдейі ұлғаюы мүмкін екенін көрсетеді. Аталған факт бойынша тексеру жүргізіледі. Жалған электрондық шот-фактураларды жазып беру белгілері бар салық төлеушілерге қатысты биометриялық сәйкестендіру модулін енгізу нәтижесінде 17,4 мың тәуекелді кәсіпорын анықталды. 30 млрд теңгеге ЭШФ заңсыз шығару мүмкіндігі тоқтатылды.

Цифрлық теңге бойынша ҚҚС-ны ашық және бақыланатын қайтаруды қамтамасыз ететін «Цифрлық ҚҚС» модулін іске қосу маңызды қадам болып отыр. «Валюталық бақылау» екінші деңгейдегі уәкілетті банктер жүргізетін төлемдер туралы мәліметтерді алу үшін Ұлттық банктің ақпараттық жүйесімен интеграцияланған. Халықаралық ұшуларды модельдеу жолаушылар ағынына алдын ала талдау жүргізуге және жеке тұлғалар мен тауарлардың қозғалыс заңдылықтарын белгілеуге мүмкіндік береді.

Фото: Үкімет

Бұдан бөлек, бүгінгі таңда ЭЫДҰ (CRS) шеңберінде 80 елмен, АҚШ-пен (FATCA) және ТМД-мен (5 ел) резиденттердің кірістері мен шетелдегі мүліктері туралы мәліметтерді автоматты түрде алмасу бойынша халықаралық интеграциялар бар. Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша шамамен 6 млрд теңге көлемінде салық түсімі қамтамасыз етілді.

Процестерді автоматтандыруға, ашық әрі тиімді бақылау жүйесіне көшуге мүмкіндік беретін Keden ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды. Бүгінгі таңда жүйеде 12 мың пайдаланушы тіркелген, 1,4 млн транзиттік, 460 мың кедендік және шамамен 1,1 млн жолаушылар декларациясы шығарылған. Keden жүйесінің іске қосылуы транзиттік декларацияларды рәсімдеу уақытын 30 минуттан 10 минутқа дейін қысқартуға, сондай-ақ іргелес бақылаушы қызметтермен өзара іс-қимылды автоматтандыруға мүмкіндік берді. Жалпы цифрландырылған дерекқор мен жүргізілген талдау нәтижесінде 2025 жылы бюджетке қосымша 115 млрд теңге сомасында кедендік төлемдер түсті.

Фото: Үкімет

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдарға ауқымды цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. 

Қаржы министрлігіне нақты ұсыныстар енгізе отырып, қоғам мен сарапшылардың сындарлы ұсыныстарын сапалы қарауды қамтамасыз ету; Аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттеріне — қабылданған реформалардың жергілікті жерлерде тиісті деңгейде жүзеге асырылуын, сондай-ақ бизнес пен халық арасында жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету; Жасанды интеллект министрлігіне — Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерін жоғары жылдамдықтағы байланыс арналары және серверлік қуаттармен қамтамасыз ету; Қаржы министрлігі Жасанды интеллект министрлігімен бірлесіп — Мемлекеттік кірістер комитетін қажетті есептеу қуаттарымен қамтамасыз ету мәселесін пысықтау; Сауда, Қаржы және Жасанды интеллект министрліктеріне осы жылдың 1 шілдесіне дейін электрондық сауда алаңдары мен маркетплейстерде Ұлттық тауарлар каталогін қолдану аясын кеңейтіп, кейіннен тауарлардың бағасы туралы ақпарат алуды қамтамасыз ету тапсырылды.

Бұдан бұрын Олжас Бектенов салық реформасы бойынша түсіндіру жұмыстарының барысымен танысқанын жаздық.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:95
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қаңтар 2026 13:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Құлсарыдағы мектепте теміреткі тіркелгеннен кейін сынып онлайн оқуға жіберілді

22 Сәуір 2026 20:36see112

Шаһар мен шайыр (Бабатайдың бір ұлы)

23 Сәуір 2026 09:35see112

Қазақстанның мәдени мұрасын халықаралық деңгейде ілгерілету мәселелері талқыланды

23 Сәуір 2026 00:25see112

Орталық Азия елдері биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі Өңірлік декларацияға қол қойды

22 Сәуір 2026 21:46see112

Алдағы 4 жылда 5 мың шақырым жаңа теміржол салынады Үкімет басшысы

23 Сәуір 2026 10:53see111

Қазақстан елшілігі Мәскеудегі мектепке Бауыржан Момышұлының фотосуретін табыстады

23 Сәуір 2026 10:29see110

Орталық Азияда Біртұтас денсаулық бағдарламасы іске асырылып жатыр

23 Сәуір 2026 15:17see110

Ұлыбританияда 2008 жылдан кейін туған азаматтарға темекі сатып алуға тыйым салынады

22 Сәуір 2026 22:31see109

Қазақ дәстүрін ойын арқылы танытқан оқушы финалға жолдама алды

22 Сәуір 2026 23:53see109

Әскерге барып келген жастарға оқуға грант табысталды

23 Сәуір 2026 15:43see109

Қытайда гуманоид роботтардың жаппай коммерцияландыру дәуірі басталмақ

22 Сәуір 2026 23:13see107

Базарларда 80 нен астам делдал анықталды Сауда комитеті

23 Сәуір 2026 11:46see107

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды

23 Сәуір 2026 23:56see107

Президент халықаралық конвенция жетекшілерімен кездесу өткізді

23 Сәуір 2026 15:06see106

Ақтөбе облысындағы резиденция неге балалар игілігіне берілмеді?

23 Сәуір 2026 09:36see106

Футбол: FIFA биылғы ӘЧ матчтары билеттерінің жаңа партиясын сатылымға шығарды

23 Сәуір 2026 07:24see105

Жасыл мектептер платформасы Орталық Азия елдеріне не береді

23 Сәуір 2026 17:28see105

Ресей СІМ өкілі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру идеясы үшін алғыс білдірді

23 Сәуір 2026 15:43see105

Ақмола облысында кафедегі жарылыс: тағы екі адам күдікке ілінді

23 Сәуір 2026 11:46see105

Астанада жазушы этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды

22 Сәуір 2026 21:04see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары