Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Олжас Бектенов кәсіпкерлікті дамыту және салық реформасының нәтижелерін талқылады

Олжас Бектенов кәсіпкерлікті дамыту және салық реформасының нәтижелерін талқылады

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Қаржы, Ұлттық экономика министрліктері және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшылығының қатысуымен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жиында кәсіпкерлік саласындағы қазіргі жағдай, салық реформасының алдын ала нәтижелері және бизнес субъектілерінің қызметін әділ реттеуді қамтамасыз ету шаралары қаралды. Сондай-ақ іскерлік белсенділікке, салалық және өңірлік көрсеткіштерге назар аударылды.

Қаржы министрі Мәди Такиевтің баяндауынша, І жартыжылдық қорытындысы бойынша республикалық бюджетке корпоративтік табыс салығынан түсетін түсімдер 15,7%-ға артқан. Салалар арасында оң серпін, әсіресе қаржы секторында және өңдеу өнеркәсібінде байқалады. 

Сондай-ақ бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің саны шамамен 550 мыңға артты.  Қаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, бұл көрсеткіш өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың қызметін заңдастыру жұмыстарының нәтижесінде қалыптасты. Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтығандар тек әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыра отырып, салық төлеуден босатылады. Сонымен қатар жалданбалы жұмыскерлері жоқ 260 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі өз қызметін тоқтатқан, бұл бизнестің жасанды түрде «бөлшектеу» тәжірибесінің айтарлықтай қысқарғанын көрсетеді.

Сонымен қатар Салық кодексіне енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді төлеу шегі 325 мың АЕК-тен (1,4 млрд теңге) 600 мың АЕК-ке (2,6 млрд теңге) дейін көтерілді. Нәтижесінде, жаңа талаптарға сәйкес келетін кәсіпорындар корпоративтік табыс салығы бойынша түпкілікті есеп айырысуды жылына бір рет жүргізеді. Осыған байланысты 2026 жылдың қорытындысы бойынша түсетін тиісті түсімдер 2027 жылдың бюджетінде көрсетіледі (бұған дейін олар есепті жыл ішінде ай сайын түсіп отырған). Бұл бизнеске есептілік көлемін қысқартуға және айналым қаражатын сақтап қалуға мүмкіндік береді.

«Атамекен» ҰКП төрағасы Қанат Шарлапаев бизнеске қатысты бірқатар мәселені көтеріп, іскер қоғамдастық атынан ұсыныстар айтты. Сондай-ақ Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин пікір білдірді.

Талқылау қорытындысы бойынша, Олжас Бектенов экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету жөніндегі ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында ынтымақтастықты жалғастыруды тапсырды. Қаржы және Ұлттық экономика министрліктеріне «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, кәсіпкерлік сектордың жай-күйіне салалық және өңірлік бөліністе кешенді талдауды ай сайын жүргізіп, оның нәтижелері бойынша тиісті ақпаратты енгізіп отыру тапсырылды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:99
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Шілде 2026 19:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see119

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see116

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see116

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see115

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see114

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see113

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see112

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see112

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see112

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see111

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see111

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see111

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see110

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see109

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see109

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see108

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see108

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see108

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары