Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Олжас Бектенов кәсіпкерлермен қандай мәселелерді талқылады?

Олжас Бектенов кәсіпкерлермен қандай мәселелерді талқылады?

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Премьер-министр Олжас Бектенов «Атамекен» ҰКП алаңында мұнай-газ және энергетика саласы, тау-кен және металлургия өнеркәсібі, АӨК бизнес өкілдері, салалық қауымдастықтар мүшелері мен барлық өңір сарапшыларының қатысуымен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Салық реформалары, бизнесті қолдау, ақпараттық жүйелерді цифрландыру сынды басқа да өзекті мәселелерге назар аударылды, деп жазады Egemen.kz.

Жиынды ашқан Премьер-министр кәсіпкерлікті дамыту Мемлекет басшысы айқындаған басым бағыттардың бірі екенін ерекше атап өтті. Бизнес – экономикалық реформалар жүргізуде басты серіктес, бұл жұмыста «Атамекен» ҰКП маңызды рөл атқарады.

«Біз бүгін сіздермен еліміз үшін өте маңызды, тарихи маңызы бар сәтте кездесіп отырмыз. Жарты жыл бойы қоғамда конституциялық реформаны белсенді талқылау жүріп жатыр. Азаматтардан мыңдаған ұсыныс келіп жатыр және олардың барлығы терең зерделеніп, ескеріліп жатыр. Бұл – еліміздегі демократиялық процестердің айқын дәлелі. Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы халыққа ұсынылды, басты мақсат – егемендігімізді, Тәуелсіздікті нығайту. Барлығыңызды Президентімізді және жаңа Конституцияны қолдауға шақырамын. Сіздердің қарамақтарыңызда мыңдаған азамат жұмыс істейді. Олардың әрқайсысына реформа міндеттерін дұрыс жеткізу маңызды», деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жаңа Конституция жобасында Мемлекет басшысының Заң және Тәртіп жаппай үстемдік құрған Әділетті Қазақстанды құру туралы бағдары кәсіпкерлер қауымына үлкен жауапкершілік жүктеп, адал еңбек, кәсіпке деген құрмет, елге жанашыр болу сияқты құндылықтардың маңызын арттыра түседі. Әділдік пен заңдылық қағидаттарын конституциялық деңгейде бекіту сенім мен ұзақмерзімді әріптестік орта қалыптастырады.

Мемлекет басшысы бизнес өкілдерін волонтерлік қызметке қолдау көрсетуге шақырды

Кеңес барысында Президенттің жаңа салық ережелерін біртіндеп енгізуге қатысты тапсырмасының орындалуына назар аударылды. Қатысушылар салық төлеушілер үшін өтпелі кезең мен салықтық әкімшілендіру мәселелерін талқылады.

Қазақстанда кәсіпкерлердің салықтық әкімшілендірудің жаңа шарттарына қолайлы көшуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. Осылайша, Үкіметтің шешімімен шағын және микробизнес жекелеген жағдайды қоспағанда, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тексерулерден, камералдық бақылаудан және әкімшілік жауапкершіліктен босатылды. Биылғы 1 сәуірге дейін берешекті төлеу кезінде өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару ережесі қолданылады, қызметті жою және тоқтату рәсімдері қайта қаралды. 2026 жылдың соңына дейін шағын және микробизнес үшін өтпелі кезең енгізілді, қателер үшін өсімпұлдар мен айыппұлдар алынбайды.

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бір мезгілде 250 мыңға дейін салық төлеушіге қызмет көрсету мүмкіндігі бар Жобалық кеңсенің жұмысы туралы баяндады. Жұмыс өтініштерді жедел қараумен «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша құрылған. Соңғы үш аптада сұраныстар ағынының 19,5 мыңнан 7,1 мыңға дейін төмендеуі байқалады, бұл техникалық процестердің тұрақтанғанын көрсетеді. «Халық бухгалтері» акциясына 17 мыңнан астам салық төлеуші қатысты. Сондай-ақ салық жүйесінде азаматтар мен бизнесті тіркеудің өсуі байқалғаны атап өтілді. Жылдың басынан бері 41,2 мыңнан астам адам қайтадан есепке алынды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жаңа режим бұрын есепке алынбаған 187,2 мыңнан астам адамды заңды ортаға шығарды. 

1 миллионнан 13 миллионға дейін: Тауарлардың ұлттық каталогі бизнеске қалай әсер етеді?

Бизнесті қаржылық қолдау шаралары күшейтіліп жатыр. 2025 жылы қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде жалпы құны 365 млрд теңге болатын 3,4 мыңға жуық ШОБ жобасы субсидияланды.

«Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Қанат Шарлапаев мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Мемлекет басшысы қойған міндеттер шеңберінде «Атамекен» ҰКП орта және ірі бизнес арасынан ішкі инвесторларды дамытуға назар аударады, кеңейтуге және жаңғыртуға дайын жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың инвестициялық жобаларының пулын қалыптастырумен айналысады.

«Атамекен» ҰКП басқарма мүшесі – басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов арнайы салық режимін қолдануға және денсаулық сақтау секторына салық салу тәсілдерін қайта қарауға байланысты мәселелерді шешу жолдарын ұсына отырып, жаңа Салық кодексінің ережелері бойынша бизнес-қоғамдастықтың ұстанымын айтты.

Сондай-ақ отандық тауар өндірушілердің тізілімін іске қосу барысы қаралды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев бүгінгі таңда жүйеге 5 608 компания авторизацияланғанын, 13 533 өтінім берілгенін баяндады. Басқарма мүшесі – «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Шоқанов өз кезегінде жаңа цифрлық жүйеге үздіксіз көшу үшін қолданыстағы индустриялық сертификаттардың 1 924 иесі автоматты түрде тізілімге көшірілгенін атап өтті. Оған күн сайын 100-ге тарта өндіруші кіреді.

Бизнестің дамуын тежейтін кедергілер қандай?

Бизнес-қоғамдастық атынан «Алматы бояулары» ЖШС директоры Римма Салықова, «Қазэлектромаш» ЖШС директоры Виталий Распопин ұсыныстар мен сұрақтар қойды. Атап айтқанда, ШОБ-пен өзара іс-қимылды, мемлекеттік сатып алу практикасын және салалық талаптарды ескере отырып, салықтық әкімшілендірудің жекелеген аспектілерін реттеу қажеттілігі айтылды. Сондай-ақ кәсіпорындарды өндірістік цикл деңгейі мен ауқымы бойынша санаттарға бөлуді енгізу, мемлекеттік қолдау шаралары мен мемлекеттік тапсырысты локализациялау және инвестициялау деңгейіне байланыстыру, сондай-ақ тізілімнен өнімдерді пайдалануды нақты әрі әділ цифрлық бақылауды қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның тауар өндірушілер тізілімін жетілдіруге қатысты одан әрі жұмыс бойынша ұсыныс айтылды.

Премьер-министр бизнестің айтылған бастамаларына пікір білдіріп, мемлекеттік органдарға «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп ұсыныстарды жан-жақты пысықтауды және нақты нәтижені қамтамасыз етуді тапсырды. Шешімдер тұрақты өсуді қолдау, нақты секторды нығайту, экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту және жұмыс орындарын ашу бойынша оң экономикалық нәтиже беруі керектігі атап өтілді.

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады

Президент • Бүгін, 14:37

Олимпиада басталды: Елдегі қысқы ойындардың даму деңгейі қандай?

Олимпиада • Бүгін, 14:10

Қазақстан мен Үндістан бірлескен білім беру бағдарламасын іске қосуы мүмкін

Қазақстан • Бүгін, 13:50

Банктер кәсіпкерлерге 20 трлн теңге несие берді

Банк • Бүгін, 13:00

Бірінші сынып оқушыларына қосымша қысқы демалыс беріледі

Мектеп • Бүгін, 12:55

Бүгін XXV қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді

Спорт • Бүгін, 12:49

Қазақстан 60 маңызды минералдың 20-сын экспортқа шығаруға дайын

Қазақстан • Бүгін, 12:22

Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді

Аймақтар • Бүгін, 12:15

Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады

Ата заң • Бүгін, 12:06

Петропавлда бір ғана шағын ауданнан 15 наркограффити жойылды

Аймақтар • Бүгін, 11:58

Құлсарыда мектепке балтамен келген 10-сынып оқушысы қамауға алынды

Оқиға • Бүгін, 11:48

Халық тұтынатын көмір 9%-ға қымбаттады

Қоғам • Бүгін, 11:35

Бадам өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына не себеп болды?

Экология • Бүгін, 11:28

Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 11:18

Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?

Қоғам • Бүгін, 11:08

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:169
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Ақпан 2026 16:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see141

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see138

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see136

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see135

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see135

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see134

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see133

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see133

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see131

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see131

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see131

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see131

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see131

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see130

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see129

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see129

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see129

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see128

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see128

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары