Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Франция құрамасы Сенегалды 3 1 есебімен тізе бүктірді

Шаққалиев жанармай мен электр энергиясы бағасының өсуі азық түлік құнына қалай әсер ететінін түсіндірді

Атырауда жаңа судьялар тағайындалды

Неміс алыбы Volkswagen нің өмір сүруіне қауіп төніп тұр БАҚ

Депутат: Неге әр өңірде жылдамдық режиміне әртүрлі тәсіл қолданылады?

Қос асылдың ізі

Қарыз психологиясы: мұқтаждық па, әдет пе?

Қазақстандықтар шекті деңгей көтерілгенге дейін БЖЗҚ дан тұрғын үйге 55 миллиард теңге алды

Мемлекеттік қызмет: тәжірибе мен талап

Жамбыл облысында 17 бас жылқыны жымқырды деген күдікпен жылқышы ұсталды

Майымбет туралы миф

Қазақстан 2029 жылға қарай 150 млрд доллар инвестиция тартуды көздейді

Тас жолдарда оң рульді көліктерге бақылау күшейтіледі

“Ақшаның қайда кеткенін көрсетіңіздер“ депутаттарда “шетелдік агенттер тізіміне“ қатысты сұрақтар туындады

АҚШ та арнайы операция барысында қазақстандық азамат ұсталды

Өндіріске өріс ашатын бастама

Қазақстан Орта Азия бойынша қарызы ең көп мемлекет болып отыр

Банктер үшін бірыңғай QR код 2026 жылдың шілдесінде іске қосылады Ұлттық банк

Алматылық әйел арықтауға арналған препараттың кесірінен қан доноры бола алмады

Жеті вагонды сүйреген жігіт

Ел бюджетін еселейді

Ел бюджетін еселейді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Сондай-ақ ішкі нарықты ұнмен қамтамасыз етуге 9 млн тонна жұмсалса, 12-13 млн тонна экспортқа шығарылады. Соның 20 млн тоннасы бидай, арпа мен сұлы 4,2 млн тонна, жүгері 830 мың және майлы дақылдар 4 млн тонна, ал күріш 470 мың тонна жиналды. Астық мол болса да, елде азық-түлік бағасы тұрақтанбай, агроөнеркәсіп бірізділенбей тұр.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдау­ын­да агроөнеркәсіпті барынша қолдап, өндірушіден өңдеуші өнеркәсіпке көңіл бөлуді тапсырды.

– Бірақ агроөнеркәсіптің орасан зор әлеуетін толық ашуға бұл шаралардың әзір­ге жеткіліксіз екені анық. Мәселе қара­жат­т­ың көлемінде емес, ең бастысы, оны тиімді пайдалану қажет. Озық агроэко­но­микаға көшу үшін Үкіметтің нақты жос­пары болуы керек... Үздік агрокәсіпорындар ауыл шаруашылығы өнімін шығарудан бастап, оны терең өңдеуге дейін тұтас өн­дірісті толығымен жолға қойып, зор табыс­қа жетіп отыр. Сондықтан осындай агро­холдингтердің тәжірибесін тарату үшін барынша жағдай жасаған жөн. Бұл – құ­зыр­лы министрліктің және қоғамдық ұйым­дардың міндеті. Мұндай қадам инновациялар мен ғылыми жаңалықтарды ауыл шаруашылығында кеңінен қолдануға мүмкіндік береді, – деді Президент.

Біздің елде делдалдарға тұсау болмай тұр. Делдалдар «жұмыртқадан жүн қырқу» әдісінің неше түрлісіне машықтанған. Бидай, күріш, арпа сияқты дақылдардың үстіне ақша қосып сатып өздері оңай пайдаға кенелгенімен, қарапайым халық зиян шегуде. Соның салдарынан, дүкен мен базардағы баға шарықтап барады. Сау­да және интеграция министрлігі мәлімет­інше, «Қазақтелекоммен» бірлесіп, өндіру­ші­лерді, сауда желілерін және ӘКК-ні тіке­лей байланыстыратын, делдалдарды алып тастайтын агромаркетплейсті іске қосу қарастырылып жатыр екен. Дәп осын­дай кешенді іс-шара қолға алынбаса, астық экспорты ұлғайып, агроөнеркәсіп күш алып кетуі екіталай.

Өңдеп сатсақ, ұтарымыз көп

Астық өндіруді қолға алу – күн тәрті­бінде тұрған мәселе. Өзімізде арпа, би­дай, күріш т.б. дәнді-дақылдар болса да, азық-түлік өнімдері қалтаны қағады. Бірақ Қа­зақстан фермерлер қауымдастығы басқар­ма төрағасының орынбасары Акпар Мәу­леновтің пайымдауынша, астықты өңдеймін деген адамға ешқандай кедергі жоқ көрінеді. Маман саладағы мәселелерге тоқталды. 

– Астыққа кім қалай баға ұсынады, шаруа солай сатады. Егер диірменшілер жақсы баға берсе диірменге, басқа сатып алушы жақсы баға берсе, соған сатады. Оның ешқандай әбестігі жоқ. Әрине, қайта өңдеп сатқан, жәй бидай ретінде сатқаннан кө­бірек. Шетелдің астықты өңдеп экспорттауға мүмкіндігі жоғары болатын болса, сол елде қолдау жоғары деген сөз. Іргедегі Ресейден ұн, макарон өнімдері Қазақстан нарығына кіріп жатыр. Өйткені Ресейде астықты өң­дейтін кәсіп­орындар көп, қолдау зор. Сон­дықтан біз­дің нарықта Қазақстан өніміне қарағанда арзан сатылады. Ал қарапайым халық азық-түліктің қайсысы арзан, соған ұм­тылады. Бізде астықты өңдеймін деген кәсіп­керді ешкім тұсап тұрған жоқ. Соны­мен қатар кейбіреулер «астық сақтайтын қойма жоқ» дейді. Қойма жеткілікті, ең бастысы, ескілерін жөндеуден өткізу керек. Осы аталған мәселелерге көңіл бөлінсе, ұтарымыз көп, – деді ҚФҚ өкілі.

Ашық дереккөздерге сенсек, елде сыйымдылығы 29,3 млн тонна болатын астық сақтау қоймалары бар. Демек, рас­ын­да да, қойма жағынан аса бір қажеттілік байқалмайды. 

ҚТЖ ұлттық компаниясының мәліме­т­інше, биылғы қыркүйек-қазан айлары аралығында Қазақстаннан жаңа өнімді астықтың 2 миллион тоннасы экспорт­талды. Салыстырмалы түрде қарасақ, өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 1,8 миллион тонна болған. Бұл – экспорт көлемінің тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді. Нақтырақ, Өзбекстанға экспорт көлемі 42%-ға артып, 738 мың тоннадан 1 049 мың тоннаға дейін артты. Қырғызстанға жеткізілім көлемі 2,6 есеге, 24 мыңнан 64 мың тоннаға дейін, Әзербайжанға 3,1 есеге (18 мыңнан 56 мың тоннаға дейін), Ауғанстанға 42,5%-ға (73 мыңнан 104 мың тоннаға дейін), ал Түрікменстанға 2,3 есеге (3 мыңнан 7 мың тоннаға дейін) өсті. 

Премьер-министрдің сайтында, агро­өнеркәсіптік кешенге инвестиция тарту мақ­сатында АӨК-тің инвестициялық жоба­ларын іске асыру жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған жалпы сомасы 3,4 трлн теңге болатын жол картасы әзірленді. 2025 жылы жалпы сомасы 614,3 млрд теңге бола­тын 285 жоба қарастырылған. Бұдан бөлек, Үкімет тарапынан астық өндіруші­лер мен экспорттаушыларға мемлекеттік қол­дау шаралары 2026 жылдың қыркүйек айына дейін ұзартты. Бұл жобалар агро­өнеркәсіптің дамуына, астықты өңдеп, азық-түлік өнімдерін сыртқа шығаруға септігін тигізері анық. Бірақ мемлекеттен қыруар қаржы бөлінсе де, нарықтағы ұн, макарон, нан өнімдерінің бағасы күн санап артуда. Сондықтан әлі де мәселеге терең үңілу қажет-ақ. 

АШМ дерегінше, Алматы облысында құны 15 млрд теңгеге «Қапшағай Бидай Өнімдері» атты дәнді және майлы дақыл­дарды терең өңдеуге маманданған жаңа агро­кокешен іске қосылды. ҰСБ мәлімет­ін­ше, Ақмола, Қарағанды өңірлерінде де Өңдеу өнеркәсібінің құрылымындағы басты бағыттар – астық өңдеу 28 пайыз, нан-тоқаш өнімдері өндірісі 20,1 пайыздан асып астық өңдеу, ішкі нарықты отандық өнімдермен қамту бағытына ден қоя бастаған. Сондай-ақ Қызылорда облысында бірнеше күріш өңдеу зауыты жұмыс істеп тұр. Бұл көрсеткіштерге тоқмейілсімей, бұдан әрі қозғалу – басты міндет. 

Жерден өнім өндіретін – ол диқан

Мемлекет басшысы Жолдауда 13,5 миллион гектардан астам жер қайтарылып, соның 6 миллион гектарын ғана жаңа жер игерушілерге берілгендігін, жермен айна­лы­сатын өз маманына беру керек екенін атап өткен болатын. Игі бастаманы эконо­мист Са­парбай Жұбаев та қоштап, байыптайды.

– Біз дербестік алған шақта жерді оңды-солды тараттық. Бүгінде құнарлы, шұрайлы жерді иемденіп отырған шаруа емес, қалта­лы­лар. Латифундистерден жерді алып, ди­қан­ның игеруіне бермей, іс өнбейді. Жерді аукционға шығарып сатып жіберу әбестік. Сонымен қатар 99 жыл, 49 жыл сияқ­ты ұзақ мерзімге беру тиімсіз. Бұл – ең­бек істеймін деген адамның бір ғұмырына бара-бар мерзім. Әрі кетсе 20-25 жыл уақыт жеткілікті. Егер ол нағыз жерге жаны ашып, құнарын арттырып, өнім алатын адам бол­са, осы уақыт аралығында игереді. Мони­то­р­инг жасау арқасында шын кәсіпкерге айналса, уақытын тағы созуға мүмкіндік берейік. Біз жерді атқамінерлерге бергеннен гөрі, диқанға тапсырып, қолдау білдірейік. Сонда астық өндірісі артып, арпа, бидай, күрішті өңдейтін, зауыт-фабрикалар пайда болады. Өз нарығымызды бірінші қамты­май, астықты шетелге экспорттау әбестік, – деді экономист.

Тоқетері, агроөнеркәсіптік кешенде аса мол әлеуетке ие біздің елдің 27,1 млн гектар егістік жерді құрайды. Қазақ халқының да­налығында «арпа, бидай ас екен, алтын күміс тас екен» деп текке тәмсілдемеген. Қа­­­зақстанға астықты өңдеп сататын кез келді. Сондықтан халық та, билік те ас­тық­ты өңдеп сатуға мүдделі болып тұр. Ал өң­де­у­ші өнеркәсіпті қолға алу – уақыт талабы!

Олжас ЖОЛДЫБАЙ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:160
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қараша 2025 07:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Франция құрамасы Сенегалды 3 1 есебімен тізе бүктірді

17 Маусым 2026 02:35see118

Шаққалиев жанармай мен электр энергиясы бағасының өсуі азық түлік құнына қалай әсер ететінін түсіндірді

17 Маусым 2026 15:07see116

Атырауда жаңа судьялар тағайындалды

18 Маусым 2026 03:06see114

Неміс алыбы Volkswagen нің өмір сүруіне қауіп төніп тұр БАҚ

17 Маусым 2026 14:44see113

Депутат: Неге әр өңірде жылдамдық режиміне әртүрлі тәсіл қолданылады?

17 Маусым 2026 12:53see113

Қос асылдың ізі

17 Маусым 2026 08:52see113

Қарыз психологиясы: мұқтаждық па, әдет пе?

17 Маусым 2026 08:15see111

Қазақстандықтар шекті деңгей көтерілгенге дейін БЖЗҚ дан тұрғын үйге 55 миллиард теңге алды

17 Маусым 2026 14:31see111

Мемлекеттік қызмет: тәжірибе мен талап

17 Маусым 2026 08:15see111

Жамбыл облысында 17 бас жылқыны жымқырды деген күдікпен жылқышы ұсталды

17 Маусым 2026 15:13see109

Майымбет туралы миф

17 Маусым 2026 08:52see108

Қазақстан 2029 жылға қарай 150 млрд доллар инвестиция тартуды көздейді

17 Маусым 2026 17:04see107

Тас жолдарда оң рульді көліктерге бақылау күшейтіледі

17 Маусым 2026 00:04see107

“Ақшаның қайда кеткенін көрсетіңіздер“ депутаттарда “шетелдік агенттер тізіміне“ қатысты сұрақтар туындады

17 Маусым 2026 13:21see106

АҚШ та арнайы операция барысында қазақстандық азамат ұсталды

17 Маусым 2026 11:53see106

Өндіріске өріс ашатын бастама

17 Маусым 2026 08:14see105

Қазақстан Орта Азия бойынша қарызы ең көп мемлекет болып отыр

18 Маусым 2026 22:19see105

Банктер үшін бірыңғай QR код 2026 жылдың шілдесінде іске қосылады Ұлттық банк

18 Маусым 2026 22:20see105

Алматылық әйел арықтауға арналған препараттың кесірінен қан доноры бола алмады

17 Маусым 2026 17:12see104

Жеті вагонды сүйреген жігіт

17 Маусым 2026 09:05see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары