Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Павлодарда алаяқтардың айтқанын орындаған зейнеткерлер банкке петарда салынған торт әкеліп, өртеп жіберді

Нұрлыбек Нәлібаев: Шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жұмысы Үкіметтің ерекше бақылауында

“Бұл көшірме болатын“ түлек диплом тапсыру рәсіміндегі даулы әрекетін түсіндірді

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

Астана Балет Атырау мен Ақтауда өнерсүйер қауымға ерекше тарту жасады

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

Ел бюджетіне 730 млрд теңге көлемінде салық толығымен түспеген: себебі белгілі болды

БҚО да 20 тонналық жүк көлігі аударылып, шашылған жемісті жергілікті тұрғындар бір сағатта жоқ қылған

Ақтөбедегі қоқыс жәшіктерінің жанынан табылған күдікті сөмке хикаясы үкіммен аяқталды

Жылдам жүктерге арналған кеден декларациясына өзгеріс енгізілді

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

Кепілдендірілген жоғары табыс: қаржы пирамидасын қалай тануға болады

Өскеменде 8 млн теңгеден астам қарызы бар екі борышкер анықталды

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

Еліміздегі алғашқы ЖИ университетіндегі дау: Талапкерлер неге наразы?

ОСК Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну қорытындыларын шығарды

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жайы қаралды

Сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалады

Қазақстанда жолдың нашар тазалануына байланысты алғаш рет адам сотталды

Ел күткен LRT

Ел күткен LRT

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Елордада тағы бір тарихи сәттің ақ парағы ашылғалы тұр: күллі қазақ жұрты көптен бері үздіге күткен әйгілі «Астана LRT» жобасы әне-міне мәресіне жетпек. Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярмен бірге жеңіл рельсті көлік депосының ғимаратына барып, Бірыңғай диспетчерлік орталықтың жұмысымен танысқан елорда әкімі Жеңіс Қасымбек ел елеңдеп күтіп отырған LRT осы көктем айында іске қосылатынын жария етті. Жүрдек көліктер былтыр қыркүйек айынан бері сынақтан өтіп жатыр. Әзірше жоба жұмысында ақау жоқ көрінеді.

Суреттерді түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Қымбатқа түскен жоба

Жалпы, Астана бас қала бол­ғалы шаһардың мәртебесін биіктететін бірегей жобалар қолға алынғаны белгілі. Олардың бәрі де еш кедергісіз бой көтеріп, әп-сәтте ел игілігіне берілді. Бірақ қай жобаның да бағы жанатын бас қалада «Астана LRT» (LightRailTransport – жеңіл рельсті көлік – авт.) желісінің жолы «ауыр» болды. Басталмай жатып басына «бұлт үйірілді». Әупірімдеп құрылысы әрең  көтеріліп еді, орта жолдан тоқтап қалды. Бөлінген қыруар қаржы «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында» кетті. Мемлекет миллиардтаған шығынға батты. Түбі тұңғиыққа батқан жобаны не істерін білмей басы қатқан билік «аш құлақтан тыныш құлақ» деп бетон тіректерді сүріп тастамақшы да болды. Одан гөрі арзандау балама нұсқасын да қарастырып көрді. Ақыр соңында Мемлекет басшысы араласып, құрылыс саласын­дағы білікті мамандардың ұсы­ныс-пікірін ескере келе, LRT әрі қарай жалғасатын болып шешілді.

Бас жоспарды әзірлеуге қатысқан архитекторлар көлік желісі Есілдің сол жағалауы мен оң жағалауын байланыстыратын ерек жоба ретінде ұсынылғанын айтады. Әу бастағы нобай бойынша жүрдек көлік жердің үстіндегі аспалы жолмен емес, жердің бетімен пойыз сияқты сырғып жүруге тиіс болған. Аяқ асты эстакадалы көлік желісіне айналған жобаның құны да аспандап кеткен.

Оның үстіне бұрын-соңды еліміз­де болмаған бітімі бөлек жобаны аяқтауды мойнына алған шенеуніктер бөлінген қаржыны таран-таражға салып,  соңында өздері шетелдерге бой тасалап үлгерді. Былтыр халықаралық іздеуде болған Астана LRT компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан Түркияда ұс­талды. Осы іске қатысты басқа да лауа­зым­ды тұлғалар елорда әкімдігіне қым­бат үйлері мен жерін тапсырып, мем­лекет алдындағы миллиондаған қары­зын қайтарғаны кейін белгілі болды.

Құрылысы ұзаққа созылған Астана LRT жобасын аяқтаймын деп талай әкім уәде бергені есімізде. Бұл өзі бір әкімнен екінші әкімнің қолы­на өт­кен, бірі бастап, екіншісі тас­таған «қиян-кескі» жоба болғанын жоға­ры­­да айттық. Әгәрәки, биыл жүрдек кө­лік желісі шынымен көктем айында аяқ­талып, жолаушылар игілігіне беріл­­се, онда қазіргі Астана әкімі Жеңіс Қасымбек дау-дамайы өте көп бол­­ған атышулы LRT-ның нүктесін қой­­ған әкім ретінде тарихта қалары анық.

Экологиялық таза әрі жылдам көлік

Жеңіл рельсті жүрдек көліктер заманауи тасымал құралы саналады. Бұл –  қауіпсіз әрі экологиялық таза көлік түрі. Халықаралық қоғамдық көлік одағының дерегінше, мұндай көліктердің қоршаған ортаға еш зияны жоқ. Қауіпсіздік деңгейі де жоғары. Бүгінге дейін осындай көлік желісін әлемнің 60-қа жуық елі салған екен.

Мамандардың болжамынша, LRT – өзін-өзі ақтайтын жоба. Мұндай технология бүгінде Сингапур, БАӘ, Қытай, Франция мен Дания елдерінде қолданылады. Сонымен қатар елордада сынақтан өтіп жатқан вагондардың жылжымалы құрамы Орталық Азияның климаттық жағдайына бейімделген, оның ішінде төмен температура мен қатты аяздарға төзімді түрінен жасақталған.

Жобаның бастапқы кезеңінде елорданың Тұран, Қабанбай батыр, Мәңгілік ел даңғылдары мен Сығанақ көшесіндегі көлік жүктемесі шамамен 15%-ға төмендейді деген болжам бар. «Кейінгі бес жылда автокөлік саны жыл сайын орта есеппен 10%-ға өсіп отырғанын ескерсек, LRT жүйесі ең алдымен көше-жол қозғалысына түсетін жүктемені азайтуға, көлік кептелісінің одан әрі күрделенуін тежеуге мүмкіндік береді», дейді газетімізге берген сұхбатында «City Transportation Systems» ЖШС қоғаммен байланыс департаментінің директоры Оксана Әубәкірова.

Астана қаласындағы жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасының тапсырыс берушісі әрі болашақ операторы – осы «City Transportation Systems» ЖШС. Компания жобаны іске асыруды үйлестіреді әрі жүйенің іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Жоба талай мердігердің қолынан өткені белгілі. Қазір көлік желісі құрылысын салып жатқан бас мердігер – қытайлық «China Railway Asia – Europe Construction» (CRAEC) компаниясы. Бұл компания рельсті көлік инфрақұрылымын салу саласында әжептәуір тәжірибесі бар халықаралық инжинирингтік ұйымдардың бірі көрінеді.

Астана LRT желісінде 18 станса болады. Оның ішінде: 11 жер үстінде болса, 7-еуі эстакадада орналасады. «Жеңіл рельсті пойыздар қаланың жолын әжептәуір қысқартады. Жылдамдығы сағатына 50–60 км болатын көліктер маршруты әуежай мен «Нұрлы жол» вокзалы арасына қатынап, жолаушыларды діттеген жеріне әп-сәтте жеткізеді. Станса атаулары да ресми түрде бекітілді. Олар локациялық ерекшеліктеріне, қаланың басты нысандарына байланысты аталады. Мысалы, «Әуежай», «Атамекен», «Мәңгілік ел», «Астана Арена», «Жекпе-жек сарайы», «Ұлы дала», «Бәйтерек», «Сығанақ», «Министрліктер үйі», т.б. Пойыздар Қабанбай батыры даңғылынан бас­тап, қаланың оңтүстік-шығысын жағалай Сығанақ көшесі бағытына бет алады. Ш.Қалдаяқов көшесінен М.Тынышбаев көшесіне қарай жүретін маршурт та бар», дейді департамент директоры.

Маманның айтуынша, барлық стансада билет сатып алу аймақтары мен автоматтандырылған жүйелер, күту залдары, санитарлық-гигиеналық тораптар, қауіпсіздік желілері қарастырылған. Жолаушылардың платформаларға ыңғайлы көтерілуі­не эскалаторлар мен жеделсатылар орнатылған. «2025 жылғы 29 қыркүйектен бастап LRT жобасы сынақ режімінде жүру кезеңіне өтті. Қазір тестілеу бүкіл желі бойынша: №101 стансадан №118 стансаға дейін жүргізіліп жатыр. Стансалардың ішкі әрлеу жұмысы, жаяу жүргіншілер өткелдері мен инфрақұрылымдық элементтер аяқталып келеді», дейді О.Әубәкірова.

Жылжымалы құрамдардың арасындағы қозғалыс интервалы 5–10 минут шамасында болады. Ал бір стансадан екінші стансаға жету құны  200 теңге көлемінде белгіленді.

Мамандардың сөзінше, LRT желісі заманауи автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықталған. Пилотсыз басқарылады. Стансалар арасында бағдаршамдар бар. Бірақ бұл қондырғылар негізінен қауіпсіздіктің резервтік функциясы ретінде қолданылады, яғни жүйе штаттан тыс режімде жұмыс істеген кезде немесе техникалық жұмыс кезінде ғана іске қосылады.

«Пойыздар негізінен стансадан стансаға дейін тоқтап қозғалады, бұл жолаушылардың қауіпсіздігі мен оларды тасымалдауды үздіксіз жүргізу мақсатында ойластырылған», дейді департамент басшысы.

LRT пойызы төрт вагоннан тұрады. Бір құрамның жалпы сыйымдылығы 600-ден астам жолау­шыны құрайды.

«LRT желісінің жұмысын басқаратын бірыңғай диспетчерлік орталық құрылды. Бұл орталық бірнеше қызмет атқарады. Атап айтқанда, көлік қозғалысын басқару, қауіпсіздік мониторингі, төтенше жағдайларға жедел әрекет ету, қалалық қызметтердің өзара үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету сияқты функциялар кіреді. Жалпы LRT жүйесі GOA-4 автоматтандыру деңгейіне сәйкес келеді. Бұл – теміржол көлігін автоматтандырудың ең жоғары деңгейі. GOA-4 жүйесінде пойыздар машиниссіз толық автоматты режімде жұмыс істейді. Жүйе қозғалысты, тежегішті, есіктер­дің ашылып-жабылуын, қауіпсіз­дік жүйелерін автоматты түрде рет­тейді, ал операторлар диспетчерлік орта­лықтан тұрақты мониторинг жүргізіп отырады», дейді О.Әубәкірова.

LRT желісі мен тұрғын үй нарығы

Астанада LRT желісі сынақ режі­мінде іске қосылғалы астана­лықтарда маза жоқ. Жұртшылық жаңа көлік түрі­нің тұрғындарға қолайлылығын емес, оның жылжымайтын мүлік на­рығына тигізер әсерін талқылап әлек.

Сарапшылардың бір бөлігі LRT желісі маңайындағы тұрғын үйлердің нарықтағы құны арзандайды десе, енді бірі керісінше коммерциялық нысандардың бағасы күрт қымбаттайды деген пікірде. Белгілі урбанист-сарапшы Ерлан Әукеновтің сөзінше, елді мекендер көп орналасқан немесе табиғи кедергілер болған жағдайда биік эстакадалы көлік желісі салынады. Әрі эстакаданың маңайындағы кемі 50–100 метр радиустағы жер индус­триялық аймақ болып саналады. Ал осы радиусқа кіретін үйлердің бағасы бірден 1,4 есеге арзандайды.

Жылжымайтын мүлік жөніндегі сарапшы Лев Тетин LRT-ның тұрғын үй нарығына қатты ықпал ете қоймайтынын айтады. «Әрине, кез келген рельсті көлік шу ғана емес, жақын орналасқан ғимараттарға діріл де туғызатынын ешкім жоққа шығара алмайды. Пойыз болғаннан кейін белгілі бір деңгейде діріл болады. Ол құрылыс конструкциялары мен жер арқылы көршілес ғимараттарға таралып, қолайсыздық туғызуы мүмкін. Бұл, айналып келгенде, маңайдағы тұрғын үйлердің бағасына да кері әсерін тигізеді. Иә, баға сәл төмендейді, бірақ айтар­лық­тай құлдырау болмайды», дейді ол.

Лев Тетиннің болжамынша, LRT стансаларына жақын орналасқан бизнес нысандары, керісінше, адам ағынының көбеюіне байланысты қомақты пайдаға кенелуі мүмкін.

«LRT аялдамаларына жақын коммерциялық жылжымайтын мүлік бағасы өсуі ықтимал. Себебі жаяу жүргіншілер көбейеді, жан-жақтан адам ағылады, бұл – бизнестің табысына тікелей әсер ететін басты фактор», дейді ол.

Ал сарапшы Садықжан Рахым­бер­диев болса, LRT маңындағы тұрғын үйлердің бағасы жөнінде дүрлігу­ге негіз жоқ екенін айтады. Оның пікірінше. LRT-ның сынақ режі­мінде жүргеніне бір жылға жуық­тады, жұртшылықтың құлағы пойыз шуына үйреніп қалды. Енді бұл шуылдан болып, маңайдағы үйлердің бағасы арзандамайды. Баға қалыпты деңгейде болады.

Соңғы жаңалықтар

Несие – несібе емес

Несие • Бүгін, 08:10

Жолаушы қауіпсіздігі – жауапты міндет

Қоғам • Бүгін, 08:05

Анас Баққожаев: Заң жобасы жауапкершілікке негізделген

Сұхбат • Бүгін, 08:00

Қаржы ұйымымен келелі келіссөз

Саясат • Бүгін, 07:55

Бейбітшілікке үндеген жаһандық саммит

Саясат • Бүгін, 07:50

Кекілбаев тұлғасына арналған кітап

Қоғам • Бүгін, 07:48

Халықаралық шарт пен келісім мақұлданды

Саясат • Бүгін, 07:45

Штутгарттағы сәтті старт: Елена Рыбакина келесі кезеңге өтті

Теннис • Кеше

Күшті үйлестіру – озық тәжірибе

Аймақтар • Кеше

Бір кәуап – 950 мың теңге: Бразилияда туристерді алдаған топ ұсталды

Әлем • Кеше

Ұландықтар баланы ажалдан аман алып қалды

Қоғам • Кеше

Бекзат Алмаханның UFC-дегі қарсыласы анықталды

Спорт • Кеше

«Әділет» партиясын құруға ресми қадам жасалды

Саясат • Кеше

Президент «Ялла» ансамблінің көркемдік жетекшісі Фаррух Закировке құттықтау жеделхатын жолдады

Президент • Кеше

Бибісара Асаубаева көш басына шықты

Шахмат • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Сәуір 2026 08:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Павлодарда алаяқтардың айтқанын орындаған зейнеткерлер банкке петарда салынған торт әкеліп, өртеп жіберді

15 Шілде 2026 23:20see139

Нұрлыбек Нәлібаев: Шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жұмысы Үкіметтің ерекше бақылауында

15 Шілде 2026 14:23see115

“Бұл көшірме болатын“ түлек диплом тапсыру рәсіміндегі даулы әрекетін түсіндірді

15 Шілде 2026 15:36see114

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

14 Шілде 2026 14:34see114

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

14 Шілде 2026 20:34see114

Астана Балет Атырау мен Ақтауда өнерсүйер қауымға ерекше тарту жасады

15 Шілде 2026 17:44see112

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

14 Шілде 2026 19:22see112

Ел бюджетіне 730 млрд теңге көлемінде салық толығымен түспеген: себебі белгілі болды

15 Шілде 2026 13:44see111

БҚО да 20 тонналық жүк көлігі аударылып, шашылған жемісті жергілікті тұрғындар бір сағатта жоқ қылған

15 Шілде 2026 21:04see111

Ақтөбедегі қоқыс жәшіктерінің жанынан табылған күдікті сөмке хикаясы үкіммен аяқталды

14 Шілде 2026 18:55see111

Жылдам жүктерге арналған кеден декларациясына өзгеріс енгізілді

15 Шілде 2026 16:13see111

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

15 Шілде 2026 00:18see111

Кепілдендірілген жоғары табыс: қаржы пирамидасын қалай тануға болады

15 Шілде 2026 14:58see110

Өскеменде 8 млн теңгеден астам қарызы бар екі борышкер анықталды

15 Шілде 2026 16:19see110

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

14 Шілде 2026 17:32see110

Еліміздегі алғашқы ЖИ университетіндегі дау: Талапкерлер неге наразы?

15 Шілде 2026 13:14see110

ОСК Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну қорытындыларын шығарды

14 Шілде 2026 16:38see109

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жайы қаралды

15 Шілде 2026 12:32see108

Сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалады

14 Шілде 2026 17:04see108

Қазақстанда жолдың нашар тазалануына байланысты алғаш рет адам сотталды

15 Шілде 2026 19:30see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары