Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Жаһандық үндестікке бастар жол

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

Елде ауылшаруашылық кооперативтері көбейеді

Елде ауылшаруашылық кооперативтері көбейеді

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Алдағы он жылда әлемде мал етін тұтыну көлемі 233 миллион тоннаға дейін артады. Демек аграрлық елдер үшін экспорт әлеуетін арттыруға мүмкіндік мол. Соның ішінде Қазақстан Азия елдеріне ет шығаратын ең ірі экспорттаушыға айнала алады. Ол үшін бірқатар шара қабылданып жатыр. 

Елде ауылшаруашылық кооперативтері көбейеді. Мұны Мемлекет басшысы «Түркістан» газетіне берген сұхбатында да атап өтті. 

Шаруалар кооператив құрады

2035 жылға қарай әлемде мал етін тұтыну көлемі 233 миллион тоннаға дейін өсуі мүмкін. Ал оның импорты 27 миллион тоннаға дейін артады. Экономикасының күре тамыры – ауыл шаруашылығы болып тұрған Қазақстан үшін ет экспортын одан әрі ұлғайтуға мүмкіндік мол. Салаға жыл сайын ел қазынасынан қыруар қаражат жұмсалады. 2024 жылы шаруаларға 580 миллиард теңге, ал былтыр 1 триллион теңге жеңілдетілген несие берілді. Сонымен қатар субсидия қарастырылған. Дегенмен бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына қатысты күмәнді тұстар бар. «Пысықайлар» масылдық пиғыл туғызып, агросектордың дамуына қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан Үкімет кооперативтерге, яғни шаруалар бірлестігін құру мәселесін қайта қарастырып жатыр. Кооперативтер еңбек өнімділігін және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Дамыған елдердегі кооперация жақсы қырынан көрінді. Тіпті ірі корпорация деңгейіне жеткен бірлестіктер бар. Қазақстанның барлық ауылында табысты кооперация құруға негіз болатын алғышарттар жеткілікті. Шаруалар жазда малын бағып, сүт, ет, тері, жүн жинап, оны өңдеу үшін күш біріктіре алады. Солай етуге тиіс те. Күнкөрістен өсіп-өркендеуге бастайтын жол – осы.

Ет пен сүт экспорты ұлғаяды

Былтыр Қазақстан агросектор өнімдерін экспорттайтын жаңа нарыққа шықты. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне қарағанда, 16 ветеринарлық сертификат бойынша жеті мемлекетпен келісім жасалған. Соның ішінде Әзербайжанға сүт, ірі қара мен ұсақ мал еті, құс еті, бал және балық өнімдері, Моңғолияға тірі ұсақ мал, Мароккоға жем-шөп, Иранға былғары мен жүн экспортталады. Былтыр 10 ай ішінде шетелге сатылған сиыр еті 30 мың тоннадан асты. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,7 есе көп. Ал қой еті шамамен екі есе артып, 25 мың тоннадан асып жығылды. Ветеринарлық қауіпсіздік – экспорт кепілі. Елде бұған қажетті материалдық-техникалық базаны жаңғырту жұмыстары аясында 400 ветеринарлық бекет салынды. Сонымен қатар 890 арнайы техника мен жабдық сатып алынған. Осы ретте Шығыс Қазақстан облысындағы заманауи ветеринарлық зертхананың ашылуы маңызды рөл атқарады. Жоба негізінде Қытайға ірі қара терісін, құс еті мен қосымша өнімдерін жөнелту жоспарланып жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі экспорт әлеуетін арттыру үшін тағы 12 мемлекетпен келіссөз жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Цитата: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Негізгі серіктестер қатарында Жапония, Малайзия, Оңтүстік Корея, БАӘ, Иордания және Пәкістан бар. Олармен ет және қосымша өнімдер, сүт өнімдерін жеткізу мәселелері талқылануда. Сауд Арабиясы, Қатар, Ұлыбритания, Канада және Гонконгпен сүт өнімдері, жем-шөп, бал экспортын дамыту мәселелері қарастырылуда.

Ет экспортына квоталар бекітілді

Ірі қараның етін экспорттауға арналған квоталар бекітілді. Өткен аптадан бастап Қазақстан аумағынан Еуразиялық экономикалық Одақ елдеріне және үшінші мемлекеттерге сиыр етін жөнелту үшін квоталарды бөлу қағидалары қолданысқа енгізіліп отыр. Бұл норма келер жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Әрбір фермерге берілетін квота көлемі оның мал бордақылау алаңының сыйымдылығына тікелей байланысты. Бес мың бас ірі қара бордақылайтын шаруа мың тонна ет экспорттай алады. Он мыңнан 20 мың басқа дейін мал бордақылайтын шаруалардың квотасы екіден төрт есеге дейін ұлғаяды. Ал 50 мың бас үшін 10 мың тонна ет сатуға мүмкіндік бар.

Асыл тұқымды мал алуға несие беріледі

Елде қазір 8 млннан астам ірі қара, 21 млннан астам ұсақ мал, 4,5 млнға жуық жылқы бар. Биылдан бастап саланы дамытуға арналған бесжылдық кешенді жоспар жүзеге асырылады. Соның аясында шаруалардың айналым қаражатын толықтыруға, асыл тұқымды мал сатып алуына және инфрақұрылымды жақсартуға жеңілдетілген несие беріледі. Ол үшін ел қазынасынан кемінде 200 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:144
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қаңтар 2026 08:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see142

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see138

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see137

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see136

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see134

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see129

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see128

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see127

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see124

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see122

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see121

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see119

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see118

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see117

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see117

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see115

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see114

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see113

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see110

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

06 Қазан 2026 11:33see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары