Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Сауда серіктестігіне серпін

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Әлемде деректер орталығы көбейеді

Әлемде деректер орталығы көбейеді

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Технология көз ілеспес жылдамдықпен дамып келеді. Бір кездері, тіпті, қиялымызда елестете алмаған дүниелер қазір оп-оңай іске асырылып жатыр.

Көп ұзамай гуманоидты роботтар күнделікті тіршілігіміздің ажырамас бөлігі болмақ. Ал деректер орталықтары одан әрі көбейеді. Былтыр олардың саны 12 мыңға жуықтаған. АҚШ пен Қытай ғана емес, қазір өзге елдер де жасанды интеллект саласын дамытуға ұмтылып жатыр. 

Технологиялық алпауыт компаниялар деректер орталықтарына инвестиция құюдан жарысып жатыр. Деректер орталығы жасанды инттеллектінің жұмысына аса қажет есептеу ресурстарын қамтамасыз етеді.

Қазір мұндай орталықтардың саны бойынша, сөзсіз, АҚШ көш басында. Әлемдегі деректер орталықтарының тең жартысы Құрама штаттарда орналасқан. Одан кейін Германия, Ұлыбритания, Қытай мен Канаданы атап өтуге болады.

Қазір Индонезия, Малайзия, Вьетнам, Сингапур, Австралия мұндай орталықтарды көптеп салуға ұмтылып жатыр. Биыл Microsoft Үндістанда деректер орталығын салу үшін $17,5 млрд жұмсайды. Google да дәл осындай мақсатта екі үндістандық конгломератпен келісім орнатып қойған.

Matt Landek, Jones Lang Lasalle компаниясы Деректер орталығы бөлімінің жетекшісі:

- Біз деректер орталығы инфрақұрылымы ауқымды өзгеріске ұшырап жатқанын байқаймыз. Оларға сұраныс күн санап артып келеді. Алпауыт компаниялардың 2024-2026 жылдар аралығында деректер орталықтарының шығындарына бөлген қаржысы 1 трлн долларға жетеді. Ал ұсыныстағы шектеулер мен желілерге қосылудың кешігуі саланың дамуына, энергиямен жабдықтау және нарықтық стратегияға көзқарасты түбегейлі өзгертеді.

Былтыр технологиялық компаниялардың деректер орталықтарына жұмсаған инвестиция көлемі шамамен 580 млрд долларға жетіп, алғаш рет мұнай сатып алуға жұмсалатын жаһандық шығындардан асып түсті. Мұнайға аса тәуелді Сауд Арабиясы да экономиканы әртараптандыру үшін жасанды интеллектіні дамытуды қолға алды.

2026 жылы Эр‑Рияд пен Даммам қаласында қуаты 100 МВт болатын нысандар бой көтереді. Алайда деректер орталығын салу бір күндік, тіпті, бір жылдық шаруа емес. Оны электр желілеріне қосып, тиісті қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 4 жылға дейін уақыт кетеді. Өйткені бұл орталықтар энергияны судай сіміретіні белгілі. Ал кей мемлекеттерде энергетикалық ресурс тапшы. Мысалы, Бразилия мен Үндістан деректер орталығының хабына айналуға талпынғанымен, олардың энергетикалық желісі цифрлық инфрақұрылымның қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жаңартылған жоқ. Сол себепті Бразилияда былтыр электр қуаты жиі ажыратылды.

Алекс Де Врис-Гао, Digiconomist компаниясының негізін қалаушы:

- Деректер орталығы қазбалы отынға тәуелді және олар тұтынатын энергия мөлшері барған сайын көбейіп жатыр. Егер бұл процесс бақылауға алынбаса, энергия тапшылығы туындайды әрі жаһандық климаттық мақсаттарға қауіп төнеді. 2025 жылы жасанды интеллекті атмосфераға бөлген көмірқышқыл газы күллі Нью-Йорк бір жыл бойы бөлген зиянды газ мөлшерімен теңесті.

Бір ескеретіні, деректер орталығы жоғары температураға сезімтал келеді. Олардың қалыпты жұмыс істеп тұруы үшін ауа температурасы 18-27 градус аралығында болуы тиіс. Ал климаты ыстық аймақтар орталықтарды салқындату мақсатында электр энергиясын көбірек жұмсауға мәжбүр.

Технологиялық компаниялар мол олжаға кенеледі

Жасанды интеллектіге сұраныс артқан сайын компаниялар да мол олжаға кенеліп жатыр. Financial Times газетінің хабарлауынша, былтыр технологиялық индустрияның ең ауқатты он басшысы табыстарын 550 миллиард долларға арттырған. Гардиан баспасы биыл байлардың бюджеті одан әрі ұлғая түсетінін жазады. Былтыр OpenAI мен SpaceX компаниялары 830 және 800 млрд долларға бағаланса, бұл жылы екеуінің де құны 1 трлн долларға жетуі мүмкін. Форбс деректеріне сүйенсек, қазір әлемдегі ең бай адам – Илон Масктің капиталы - 600 млрд доллар. Желтоқсан айында оған тиесілі SpaceX компаниясы алғаш рет биржаға шықты. Демек, Маск тағы ондаған миллиардтарға қол жеткізеді.

Роботтар үй қызметін атқарады

Жасанды интеллект енгізілген автономды көліктер мен роботтар 2026 жылдың сәніне айналады. Google компаниясы шығарған роботаксилерге қазір Сан-Франциско, Лос-Анджелесте сұраныс жоғары. Биыл олар Вашингтон, Нью-Йорк, Лондонда пайда болады.

Қытайлық жетекші компаниялардың автономды көліктері Біріккен Араб әмірліктері және Сингапурда таныстырылды. Алдағы уақытта Еуропа нарығына шықпақ. Ал ChatGPT роботтарға енгізіле бастайды. Құлтемірлерге жан бітіп, әңгіме-дүкен құра аласыз. Олар болса сұрақтарыңызға жауап беріп, айтқаныңызды бұлжытпай орындайды. Күнделікті тіршілігімізге дендеп енетіні соншалық, үй қызметшісі ретінде де пайдаланылады. 

Дэн Айвз, Wedbush Securities инвестициялық компаниясының акциялар жөніндегі сарапшысы:

- Робототехника инвесторлар мен осы салада жүрген адамдар ойлағаннан да әлдеқайда жылдам дамып келе жатыр. Менің ойымша, роботтар бүкіл әлем бойынша әр үйдің ажырамас бөлігіне айналады. АҚШ-та адам тектес роботтар алдағы 12-18 айда кең таралуы мүмкін.

Иә, гуманоидты роботтар мен жүргізушіні қажет етпейтін машиналар енді болашақтың жоспары ғана емес. Сондықтан такси шақырған соң өздігімен басқарылатын көлік келсе, ал дүкендерде кеңесші орнына роботтар қызмет көрсетіп жатса, еш таңғалмаңыз. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:157
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қаңтар 2026 08:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see139

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see131

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see129

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see128

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see127
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары