Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Елді мекендерге ауызсу жетті

Елді мекендерге ауызсу жетті

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Суретті түсірген – Жұмабай Мұсабек

Президент тапсырмасына сәйкес бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде ­ауылдарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл бағыттағы оң өзге­рістердің айқын көрінісі Жетісу облы­сында анық байқалады. Таза ауызсу – жай ғана коммуналдық қызмет емес, тұрмыс сапасының өлшемі, ауылдың болашағына деген сенімнің негізі. Бір кездері құдықтан су тасып, ұңғыма қазып күнелткен тұрғындар үшін үйдің табалдырығына дейін жеткен су – ондаған жылдық арманның орындалуы іспетті. Бүгінде Ақтұма мен Лепсі елді мекеніндегі игі істер соның нақты дәлелі.

Ескелді ауданына қарасты Ақтұма ауылы ұзақ жылдар бойы таза ауыз- су тап­шылығын сезініп келді. Жүзден астам тұрғыны бар шағын ауылдың хал­қы ескі ұңғымадан алынатын суды көше­дегі құдықтар арқылы пайдаланды. Су сапасының төмендігі мен қысымы­ның әлсіздігі тұрғындарға талай қиындық туғызды. Әсіресе қыстың аязында, жаздың аптап күндерінде су тасудың машақаты ауыл өмірінің ажырамас көрінісіне айнал­ған еді. Уақыт өте келе бұл мәселені уақыт­ша жөндеумен шешу мүмкін еместігі белгілі болды. Осыған байланысты 2021 жылы жаңа орталықтандырылған су жүйесінің құрылысы басталды. Жоба мер­дігер мекеменің жауапсыздығынан бір­неше жылға созылғанымен, облыс бас­шылығының тікелей бақылауы мен араласуы нәтижесінде құрылыс толық аяқталды. Жаңа су желісіне алғашқылардың бірі болып қосылған Ақмарал Немелбаева бұл өзгерістің ауыл үшін маңызын ерекше тебіреніспен жеткізді.

«Бұрын суды сырттан тасып ішетінбіз. Қыста құдықтан су алу да қиын болатын. Қазір үйімізге су кран арқылы келіп тұр. Бұл – біз үшін үлкен қуаныш. Әсіресе әйелдер үшін тұрмыс жеңілдеді. Кір жуу, үй тазалау, ыдыс жуу секілді күнделікті жұмыстар әлдеқайда оңай болды. Қазір әр үйде тұрмыстық техника бар, енді соның игілігін толық көріп отырмыз. Ең бастысы – судың сапасы жақсы. Осындай жағдай жасалғанына ауыл тұрғындары дән риза», дейді ол.

Қазіргі таңда ауылдағы 37 тұрғын үйдің 35-і жаңа орталық су жүйесіне қосылған. Бұл тұрғындардың күнделікті тұрмысын жеңілдетіп қана қоймай, олардың өмір сүру сапасын жаңа деңгейге көтерді.

Осындай оң өзгерістер Алакөл ауда­нындағы Лепсі ауылында да жалғасып жатыр. Бұған дейін ауыл тұрғындары ауызсуды құдықтан тасып немесе өз ­аулаларында ұңғыма қазып пайдаланып келген. Көп жылдан бері қордаланған мәселе енді түбегейлі шешімін табуға жақын. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашы­лық басқармасының мәліметінше, Лепсі ауылының сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау және жаңадан салу жобасы 2025 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Құрылыс жұмыстары бүгінде аяқталуға жақын. Мердігер ұйым директорының орынбасары Дәурен Жүнісовтің айтуынша, құрылыс алаңында 50-ге жуық маман мен 8 арнайы техника жұмыс істеп жатыр.

 «Бұл өңірдің климаты ерекше. Мұн­да суық ерте түсіп, көктем кеш келеді. Сондықтан негізгі құрылыс жұмыстары мамыр мен қыркүйек аралығындағы қысқа мерзімде жүргізіледі. Қазір абоненттік желілерді тарту қатар атқарылып жатыр. Жоспарланған 15 шақырым тарату желісінің 7 шақырымы төселді. Жалпы 420 тұрғын үйді орталықтандырылған су жүйесіне қосу көзделген. Бүгінде су құбыры 210 үйге дейін жеткізіліп, оның ішінде 70-ке жуық тұрғын жаңа жүйеге қосылды. Сонымен бірге 135 өрт гидрантын орнату жоспарланған болса, оның 100-і қойылды. Барлық құрылыс-монтаж жұмыстарын осы жылдың күзінде аяқтап, нысанды пайдалануға беруді жос­парлап отырмыз», дейді ол.

Қазіргі таңда 708 су құбыры құдығының 628-і орнатылып, 35 шақырым магистралды су құбыры төселген. Тереңдігі 226 метр болатын екі су алу ұңғымасы бұрғыла­нып, таза су резервуары мен сорғы стансасы салынған. Электр желілері тартылып, өндірістік базаның барлық қосалқы нысандары толық аяқталған. Бұл жаңалықты Лепсі жұртшылығы ерекше қуанышпен қабылдап отыр. Өйткені ауыл тұрғындары бұл күнді ондаған жыл бойы күткен.

«Мен осы ауылда туып-өстім. Ес білгелі орталық ауызсу жүйесінің болғанын армандадық. Міне, енді, сол көптен күткен күнге де жеттік. Ауылымыздың болашағы зор. Туризм қарқынды дамып келеді, спорт нысандары бар, табиғаты ерекше көркем. Сондықтан ауызсу мәселесі біз үшін әрдайым ең өзекті мәселелердің бірі болды. Ауылдың бір бөлігі 1980-жылдары салынған ескі су құбырын пайдаланды, ал екінші бөлігі суды ауылдың арғы шетінен шелекпен таситын. Енді әрбір үйге орталық су жүйесі тартылады. Біз бұған өте қуаныштымыз», дейді ауылдық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ирина Абдухаликова.

Лепсі – бүгінде туризмі қарқынды дамып келе жатқан елді мекендердің бірі. Былтыр елді мекен «Үздік туристік ауыл – 2025» ұлттық байқауының қорытындысы бойынша еліміздегі үздік бес туристік ауылдың қатарына енді. Осыған орай ауылдың инженерлік инфрақұрылымын дамыту ерекше маңызға ие. Қазіргі таңда облыстық маңызы бар «Қабанбай – Лепсі» автомобиль жолының 20 шақырымдық бөлігі де жаңартылып жатыр. Бұл тек тұрғындардың қатынасын жеңілдетіп қана қоймай, өңірдің туристік әлеуетін де арттыра түседі.

Жалпы, Жетісу облысында ауызсумен қамту бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасып келеді. Бүгінде өңірдегі 329 елді мекен орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етілген. Халық саны бойынша таза ауызсумен қамту деңгейі 99,9 пайызға жеткен. Бұл – Мемлекет басшысының ауылдарды дамыту, өңірлер арасындағы өмір сүру сапа­сындағы алшақтықты азайту жөніндегі тапсырмаларының нақты нәтижесі.

Ақтұмадағы краннан аққан мөлдір су мен Лепсіде аяқталуға жақын құрылыс – еліміздегі инженерлік жобаның жемісі. Сондай-ақ ауыл адамдарының тұрмысын жеңілдетіп, туған жерге деген сенімін нығайтады. Өйткені ауылға барған таза су – тек құбырмен келген тіршілік нәрі емес, мемлекеттің жанашырлығын сезіндіреді.

Жетісу облысы 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:140
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Шілде 2026 09:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары