Елдің экспорттық әлеуеті артып, 15,5 миллион тонна астық пен ұн жөнелтілді
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Қазақстан әлемдік нарықта азық-түліктің сенімді жеткізушісі ретіндегі ұстанымын тұрақты түрде нығайтып келеді. 2025-2026 маркетингтік жылдың қорытындысы бойынша астық пен ұн экспорты астық баламасында 15,5 млн тоннаны құрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстандық астық өнімдерінің сыртқы нарықтардағы ауқымы кеңейіп келеді. Экспорттық жеткізілімдер Орталық Азия, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Еуропа елдеріне жүзеге асырылады.
Биыл да экспорт қарқынды дамуда.
«ҚТЖ» ҰК» акционерлік қоғамының мәліметінше, 2026 жылғы қыркүйектің алғашқы 20 күнінде 852 мың тонна астық тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға артық.
Астық экспорты 10%-ға өсіп, 674 мың тоннаға жетті. Өсім негізгі экспорттық бағыттарға жеткізілім көлемінің артуы есебінен қамтамасыз етілді.
Атап айтқанда, Өзбекстанға 319 мың тонна астық экспортталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 20%-ға жоғары. Тәжікстанға 116 мың тонна астық жеткізіліп, өсім 21%-ды құрады. Қытайға экспортталған астық көлемі 101 мың тоннаға жетіп, 2,5 есеге артты.
Сонымен қатар астықты қайта өңдеу өнімдерінің экспорты да өсіп келеді. Қыркүйектің алғашқы 20 күнінде ұн тарту өнімдерін тасымалдау көлемі 134 мың тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24%-ға артты.
Экспорттық жеткізілімдер көлемінің өсуі қазақстандық өнімдердің халықаралық нарықтардағы ауқымының кеңейіп келе жатқанын көрсетеді. Бұл ретте астықпен қатар оны қайта өңдеу өнімдерінің де экспорт көлемі артып отыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:107
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қыркүйек 2026 12:24 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















