Электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге бөлінді
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында биыл электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Жылыту маусымына дайындық жұмыстары үзіліссіз жалғасып жатыр.
"Қаржыландыру көлемі қайтадан ұлғайтылды – биыл тек электр стансаларын жөндеуге нысан иелері 384 млрд теңге бөліп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға көп", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетері, бұл қаражат электр энергиясының тарифі есебінен қалыптасады. Әрбір станса жөндеу жұмыстарын бірінші кезекте жүргізуді қажет ететін ең тозған учаскелерді өз бетінше айқындайды.
Қазіргі уақытта ерекше бақылауда тәуекелдің "қызыл" аймағында тұрған 5 жылу энергетикалық нысан бар: Семей, Орал, Тараз қалаларындағы ЖЭО, Ақтау қаласындағы ЖЭО-2 және Теміртаудағы ГРЭС-1.
Жыл қорытындысы бойынша электр стансаларындағы жабдықтардың орташа тозу деңгейін 52%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:40
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Шілде 2026 08:30 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















