Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Жаһандық үндестікке бастар жол

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

Электромобиль бумы бақылаудан шықты , ірі автоөндірушілер миллиардтаған шығынға батты

Электромобиль бумы бақылаудан шықты , ірі автоөндірушілер миллиардтаған шығынға батты

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Aikyn.kz электрлі көліктер нарығындағы шығындардың себебін Telegraph басылымының материалына сүйеніп түсіндіреді.

Бірнеше жыл бұрын саясаткерлер де, компаниялар да EV-ге жаппай көшу тез болады деп ойлаған. Бірақ нарықтың қарқыны баяулап, жоспарлар қайта қаралып жатыр. Ford бас директоры Джим Фарлидің сөзі осы өзгерістің символына айналды:

«Клиенттердің пікірі айтылды деп ойлаймын. Бар мағына – осында»  

Ford өткен аптада EV бағыты бойынша өткен жылда 5 млрд доллар шығын көргенін жариялады. Бұған дейін компания 19,5 млрд доллар көлеміндегі активтерді есептен шығарған. 2025 жылы Mustang Mach-E мен F-150 Lightning сатылымы төмендеп, Model-E EV бөлімшесі 2023 жылдан бері 13 млрд доллардан аса шығынға батты. Нәтижесінде, Ford электр бағытындағы көп жоспардан бас тартып, гибридтерге көбірек ден қоя бастады.

Бұл тек Ford-тың басындағы мәселе емес. Соңғы бір жылда әлемнің жетекші автоконцерндері EV «бумы болмады» деген қорытындымен балансынан 60 млрд доллардан астам қаражатты есептен шығарды. Олардың қатарында Stellantis (22 млрд еуро), General Motors (7,6 млрд доллар), Volkswagen Group (5,1 млрд еуро), Honda (4,5 млрд доллар), Volvo (1,2 млрд доллар) сияқты алпауыттар бар. 

Сарапшы Фелипе Муньос мұны қысқа қайырады: «Қазіргі көріп отырғанымыз – шынайылық».

Бұған саясат та әсер етті. Пандемия кезеңінде EV-ге жомарт субсидиялар беріліп, пайыздық мөлшерлеме төмен болғандықтан, электромобиль алу кей елде ерекше «арзан» көрінді. Бірақ кейін бензин арзандап, мөлшерлеме өсті. Ал үкіметтер электромобиль өндірісін қолдауды қысқартты. АҚШ-та Дональд Трамп әкімшілігі бұл бағытта қатаң бұрылыс жасап, Байден тұсында берілген кең субсидияларды кері қайтарды. «Жасыл энергетикаға» көшу идеясын «алаяқтық» деп сынады. Нарық үшін бұл сигнал маңызды болды. Мемлекет қолдауы әлсіреген кезде, EV стратегиясының құны бірден ауырлай түседі.

Әлемдік нарықта EV сатылымы өсіп келеді, бірақ «жедел төңкеріс» болмай шықты. Біріншіден, бағаның әсері. Еуропада 2024 жылы EV орташа 63 мың еуро, ал іштен жану қозғалтқышы бар көлік 51 мың еуро шамасында болды. Екіншіден, субсидиялардың қысқаруы мен пайыздық мөлшерлеменің өсуі сатылымды тежеді. Үшіншіден, инфрақұрылым мен «жүріс қоры» туралы алаңдаушылық сақталып отыр.

Ал Қытайда көрініс басқаша.  EV бағасы іштен жанатын көлікпен шамалас (орташа 22 мың еуро) және жаңа көлік сатылымының шамамен 50%-ына жетті. Нарыққа мемлекеттік қолдау, өндіріс масштабы және арзанырақ модельдер әсер етуде.

EV саласының ардагері Энди Палмер Батысты сынай отырып: «Негізгі проблема – көліктер тым қымбат. EV тек экология емес, «баға–құндылық» жағынан ұтуы керек», –  дейді.

Батыс үшін қысымның тағы бір көзі – қытайлық бәсекелестердің экспорты. BYD, Geely, SAIC секілді брендтер Еуропада үлесін арттырып келеді. Демек, «электр дәуірі» тоқтаған жоқ, бірақ енді ол романтика емес, қатаң есепке сүйенетін кезеңге өтті. Арзан модель, сенімді инфрақұрылым және тұтынушының нақты сұранысы шешуші рөл атқаруда.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Ақпан 2026 13:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see142

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see137

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see136

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see135

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see132

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see127

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see127

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see127

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see123

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see121

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see120

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see118

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see117

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see116

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see115

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see113

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see112

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see112

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see109

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

06 Қазан 2026 11:33see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары