Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Елде электромобиль құрастырылуы мүмкін

Елде электромобиль құрастырылуы мүмкін

24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Елде биыл 10 мыңға жуық электромобиль құрастырылуға тиіс. Жоспардың іске асуы ішкі сұранысқа байланысты.

Қазірдің өзінде қазақстандықтар экологиялық таза және гибридті көлікке көше бастаған. Бұл көлікті сырттан әкелуге болады. Алайда ескеретін жайт бар.

Алматы мен Қостанайда электромобиль құрастырылады. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады. Биыл қос зауытта 10 мыңға жуық экологиялық таза көлік шығарылады. Ал артылғанын Орталық Азия нарығына жеткізу жоспары бар. Былтыр елге жеңілдетілген тарифпен 15 мың электромобиль әкелінген. Алайда квотамен жеткізілген көліктің басым бөлігі есепке қойылмаған. Көбі өзге елдерге қайта сатылды. Осы себепті Үкімет биыл электромобиль тасымалына жеңілдік алмады. Дегенмен электрлі көліктер импортына шектеу жоқ. Жеке тұлға темір тұлпарды өзіне сатып алса, дүниежүзілік сауда ұйымының жеңілдігі бойынша кедендік рәсімдеуден босатылады, бірақ 16% ҚҚС төлеуге міндетті болады. Кейін оны ел аумағында ғана сата аласыз. Ал утиль алым 0 пайыз күйінде қалады. 

Әділбек Орымбаев, Импорттаушылар қауымдастығының Мемлекеттік реттеу жөніндегі директоры:

- Электромобильдер тез тұтанатын көлік саналады. Сондықтан кейінгі жылдары өндірушілер оның қауіпсіздігін арттыруға басымдық беріп жатыр. Нормативтік құжаттарын ауыстырылуда. Өкінішке қарай елдегі электромобильдердің көбі жанама импорт арқылы келген. Яғни бұрынырақ шығарылған көліктер де жеткізілуі мүмкін. Сол себепті біз ресми автокөліктерді өндірушіден ғана әкелуге кеңес береміз.

Мамандар елде электрлі көліктің көбеюіне тарифтік жеңілдіктер әсер еткенін жасырмайды. Осыдан 4 жыл бұрын импорт мыңнан сәл асса, былтыр он мыңнан артты. Инфрақұрылым да жақсарды. Қуаттау стансаларының саны 1200-ден асқан.

Авто өндіріс өркен жайды

2025 – отандық авто өндірушілер үшін сәтті жыл болды. Елде 150 мыңға тарта жеңіл көлік құрастырылды. Өзге де техникалар өндірісі көңіл көншітерліктей. Бас-аяғы 2 трлн теңгенің өнімі шығарылған. Бұл алдыңғы жылдан 25 пайыз артық. Нарықтағы темір тұлпарлардың жартысынан көбі Қостанай мен Алматы зауыттарына тиесілі. Жалпы былтыр саладағы инвестициялық жобалар қарқынды дамыды. Қолданыстағы өндіріс ошақтары жаңғыртылып, жаңа нысандар бой көтерді. Заманауи технологиялар енгізілді. Қазір салада 12 мың адам еңбек етеді. Өндіріс көлемін еселеу үшін білікті мамандар санын арттыру қажет.

Жаңа көліктер көбейді

Расында, былтыр жеңіл көлік саудасы қызды. Бас-аяғы 200 мыңнан аса темір тұлпар сатылған. Оның басым бөлігі «Қазақстанда жасалған». Нарықтың жандануына авто несиелеу бағдарламасы да сүбелі үлес қосты. Мамандар өтінім 48 пайызға артқанын хабарлады. Ал несиеге сатылған көлік саны екі есе артқан.

Жаңа зауыттар бой көтеріп жатыр

Иә, елде автокөлік өндіретін кәсіпорындар көбейіп жатыр. Бір қарағанда, ұлттық брендті қалыптастыратын кез келген сыңайлы. Алайда құзырлы одақ президенті кәсіпорындар мұндай мүддені көздемейтінін жеткізді.

Анар Мақашева, Автокөлік одағының президенті:

- Қазақстанда 11 заңды тұлға жеңіл, жүк көліктері және автобус шығарумен айналысады. Олар лицензия бойынша жұмыс істейді. Негізгі міндеті – технологиялық операцияларды игеру, оларды біртіндеп тереңдету, компоненттер өндірісін дамыту, сондай-ақ Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің талаптарына сәйкес, жергілікті қосылған құн үлесін арттыру. Әзірге кәсіпорындарымыз ұлттық бренд құруға көңіл бөліп жатқан жоқ. Олар технологиялық процестерді дамытып, компоненттік базаны кеңейтуге басымдық береді.

Анар Мақашева жаңа жылда импорттық көлік құны 4-5 пайызға өсуі мүмкін дейді. Бастысы темір тұлпарды ресми жеткізушіден алу керек. Ал отандық көліктердің кейбірі арзандайды. Мәселен, Алматыдағы мультибренд зауыттың ашылуы нарықтағы бағаны 2-17 пайыз аралығында төмендеткен. Бәсеке бар, демек көктемге дейін тиімді бағада көлік сатып алуларыңызға әбден болады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:197
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қаңтар 2026 12:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see142

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see138

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see137

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see135

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see133

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see133

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see131

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see127

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see126

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see125

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see125

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see125

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see123

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see123

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see122

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see121

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see120

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see119

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see118

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары